Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Затты ы - аз.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті азаматтық құқық кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғары

мектебінің Проректор-Директоры з.ғ.д., профессор

У.Шапак _____________

«______»___________________2012 ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы

Пәннің атауы: «Заттық құқық»

Мамандығы: 5В030100-«Құқықтану» (4 жылдық оқу)

Оқу нысаны: күндізгі, сырттай,

Барлығы:

2 кредит

Семестр: 6

Курс:

3

Аралық бақылаулардың

саны

2

Бақылау нысаны: емтихан

6 семестр

Еңбек көлемі 90 с.

Астана, 2012

Жұмыс оқу бағдарламасы бакалавриаттың 5В030100-«Құқықтану» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының негізінде әзірленген.

Жұмыс оқу бағдарламасын азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы, құқықтану магистрі Рахимова Гузаль Худайбергеновна әзірледі.

Пәннің сипаттамасы

«Заттық құқық» пәні студенттерге азаматтық-құқықтық мамандану аясында оқытылады. Заттық құқық азаматтық құқықтың негізгі институты болып табылады. Заттық құқықтың негізгі түрі болып табылатын меншік құқығы мен шектелген заттық құқықтың шеңбері кеңейіп, маңызының артуы заттық құқық пәнінің оқытылуын айшықтай түседі.

Пәнді зерттеу барысында болашақ заңгер үшін қажетті ұғымдар, заңдар және заттық құқық объектілеріне қарай түрлері, оларға ие болу негіздері мен жүзеге асыру қағидалары сондай-ақ, олардың мазмұны жөніндегі ілім меңгерілмек.

Азаматтық айналымдағы заттық құқықты құқықтық қорғау тәсілдері, олардың тоқтатылу негіздері, сондай-ақ, заттық құқықтардың түрлерінің ортақ заңдылықтары, «Заттық құқық» пәнінің зерттеу объектісі болып табылады.

Заттық құқықтардың нысандары, түрлері, түсінігі, пайда болу және тоқтатылу негіздері, қорғау тәсілдері туралы нормалар жинақталған Азаматтық кодекстің тарауы – «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталады. Осы бөлімде заттық құқық түрі ретінде қарастырылмағанымен, бірақ басқа бөлімдерде немесе басқа да құжаттарда қарастырылған заттық құқық түрлеріне де назар аударған жөн болар еді. Соңғыларының ішінен келесілерді атап айтуға болады:

  1. Иелену

  2. Сервитуттар

  3. Меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргiзу құқығы:

а) шаруашылық жүргізу құқығы

ә) оралымды басқару құқығы

б) дербес иелену құқығы

  1. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін құқықтар:

а) кепіл құқығы

ә) ұстап қалу құқығы

  1. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы:

а) жерді пайдалану құқығы

ә) жер қойнауын пайдалану құқығы

б) су ресурстарын пайдалану құқығы

в) табиғи ресурстарды пайдаланудың басқа да түрлері

  1. Тұрғын үйге құқық:

а) тұрғын үйді жалдаушының құқығы

ә) тұрғын үйге меншік иесінің отбасы мүшелерінің құқығы

б) өмір бойы тұратындардың құқығы

в) кооперативтік тұрғын үйдің кооператив мүшелерінің құқықтары

г) басқа да тұрғын үй құқықтары

  1. Шарт негізінде берілген затқа құқық:

а) жалға алынған затқа құқық

ә) сенімгерлікпен басқаруға алынған затқа құқық

б) сақтауға алынған затқа құқық

в) рента негізінде алынған затқа құқық

басқа да шарттар негізінде берілген затқа құқық.