Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык коргау силлабус.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
151.04 Кб
Скачать

IV. Семинардың тақырыптық жоспары

Таќырып атауы

Семинар

сағаты

Бағалау өлшемі

Тақырып 1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

2%

Тақырып 2. Қазақстан Республикасының сот билігі

1

2%

Тақырып 3. Сот төрелігі және оның принциптері

1

2%

Тақырып 4. Аудандық және оған теңестірілген соттар, Облыстық және оған теңестірілген соттар

1

2%

Тақырып 5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

1

2%

1 аралық бақылау

5

10%

Тақырып 6. Қазақстан Республикасының судьялардың мәртебесі. Қазақстан Республикасы соттардың қызметтерін қамтамасыз ету

1

2%

Тақырып 7. Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметтері мен ұйымдастырылуы

1

2%

Тақырып 8. Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру

1

2%

Тақырып 9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

1

2%

Тақырып 10. Құқықтық көмек көрсету. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

2%

2 аралық бақылау

5

10%

Барлығы

10

20%

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары

Тақырыптардың атауы

Сағат көлемі

Лекция

Семинар

СӨЖ, СОӨЖ

1

«ҚР құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

1

Реферат, баяндама

2

ҚР сот билігі

2

1

Реферат, баяндама

3

ҚР сот жүйесі

2

-

Сот жүйесінің схемасы

4

Сот төрелігі мен оның принциптері

1

1

Реферат, баяндама

5

Аудандық және оған теңестірілген соттар

1

1

Реферат, баяндама

6

Облыстық және оған теңестірілген соттар

1

-

Сот құрылысының схемасы

7

ҚР жоғарғы сот

1

1

Сот құрылысының схемасы

8

ҚР судьялардың мәртебесі

2

1

Реферат, баяндама

9

ҚР соттардық қызметін қамтамасыз ету

2

-

Реферат, баяндама

10

ҚР прокуратураның қызметі мен ұйымдастырылуы

2

1

Схема, реферат, баяндама

11

Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру

2

1

Схема, реферат, баяндама

12

Әділет министрлігі

1

1

Реферат, баяндама

13

Құқықтық көмек көрсету

1

1

Реферат, схема

14

Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

-

Реферат, схема

Барлығы

20

10

30

VIII. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар

Тақырып 1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi

Сұрақтар:

  1. Құқық қорғау қызметiнiң түсiнiгi, белгiлерi, мiндеттерi және негiзгi бағыттары;

  2. Оқу курсының пәнi, оның құқық пәндерi жүйесiндегi орны.

  3. Сот - құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын органдар жүйесiнде орталық буын;

  4. Оқу пәнінің жүйесi;

  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқық қорғау органдары туралы заңнаманың заңды базасы ретiнде.

Тапсырма: Келесі актіні конспектілеу: “Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясатының концепциясы”. 2002 жылы 10 қазан. Заң газетасы, 10 қазан 2002 жылы.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшелінетін бірқатар еңбектерді қатар қолданған жөн.

Тақырып 2. Қазақстан Республикасының сот билiгi мен сот жүйесі

Сұрақтар:

  1. Билiк тармақтарының бөлiну және өзара әрекет ету принципi - құқықтық

мемлекеттiң негiзгi белгiсi.

  1. Сот билiгiнiң түсiнiгi мен белгiлерi.

  2. Қазақстан Республикасының сот билiгiнiң пайда болу тарихы.

  3. Сот төрелігі - сот билiгiн жүзеге асыру негiзгi нысаны ретiнде. Сот төрелiгiнiң түсiнiгi, айрықша белгiлерi.

  4. Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң ұғымы.

  5. Соттылықтың түсiнігі.

  6. 1 сатылы сот, апелляциялық сатылы сот. Қадағалау сатысындағы соттар және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттар.

  7. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесi және судьялардың мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, құрылымы мен мазмұны.

Тапсырмалар: Келесі тақырыптарда баяндама жасау:

    1. Қазақстан Республикасында сот билігінің қалыптасуы мен даму тарихы.

    2. Қазақстан Республикасының сот билігінің маңызы мен мәні.

    3. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

    4. Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпқа дайындалу барысында сот биілігі мен сот жүйесінің елімізде қалыптасу алғышарттарының мәселелерін түсіне отырып, оның қазіргі уақыттағы ерекшеліктерінің өзара салыстырып оқыған дұрыс. Қосымша әдебиеттерді оқыған жөн.

Тақырып 3. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi

Сұрақтар:

  1. Сот төрелігінің түсінігі, мәні мен маңызы.

  2. Сот төрелігі принциптерiнiң түсiнiгi.

2. Қазақстан Республикасының конституциясында бекiтiлген сот төрелігі принциптерiнiң жүйесi.

3. Сот төрелігінің принциптерi.

Тапсырмалар: баяндама жазу:

  1. Сот төрелігінің түсінігі, мақсаттары.

  2. Сот төрелігін жетілдіру мәселелері.

  3. Сот төрелігінің принциптерінің түсінігі мен маңызы.

  4. Сот төрелігі принциптерінің біреуін талдау (мысалы, заңдылық, сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы, судьяларға ешкімнің тиіспеу және т.б.).

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу және баяндама жазу барысында тақырып бойынша берілген (дәріс жоспарында тізімі берілген) негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану қажет. Соның ішінде М.С. Нәрікбаевтың “Дорога к правосудию (запечатленные мгновенья)” Алматы., 1997 жыл.

Тақырып 4. Аудандық және оған теңестiрiлген соттар. Облыстық және оған теңестірілген соттар

Сұрақтар:

1. Аудандық және оған теңестiрiлген соттар - сот жүйесiнiң негiзгi буыны ретiнде.

2. Құрылу тәртiбi, құрамы.

3. Аудандық соттардың соттылығы.

4. Аудандық сот төрағасының өкiлеттiгi.

  1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың Қазақстан Республикасының сот жүйесiндегi орны, құрылу тәртiбi, құзiретi.

  1. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы.

  2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың төменгi тұрған соттардың соттық қызметiне қадағалау жүргiзу.

  3. Облыстық сот төрағасы, оның өкiлеттiгi, тағайындау тәртiбi.

  4. Облыстық сот алқасының төрағасы.

  5. Облыстық соттың жалпы отырысы.

Тапсырмалар: Мына тақырыптарда баяндама жазу:

    1. Аудандық және оған теңестірілген сот еліміздің сот жүйесінің басты буыны.

    2. Аудандық және оған теңестірілген соттар қарайтын істердің соттылығы.

    3. Аудандық және оған теңестірілген соттың аппараты.

    4. Облыстық және оған теңестірілген соттың Қазақстан Республикасы сот жүйесінде алатын орны мен маңызы.

    5. Облыстық және оған теңестірілген соттың бірінші, апелляциялық және қадағалау сатысы ретінде.

    6. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы.

    7. Облыстық және оған теңестірілген соттың органдары.

Тақырып 5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - азаматтық, қылмыстық және басқа да iстер бойынша республиканың жоғарғы сот органы.

  2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот туралы заңнаманың дамуының негiзгi кезеңдерi.

  3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың құрамы, құрылымы мен құзiретi.

  4. Жоғарғы Соттың сот алқалары, оның құрамы, құрылу тәртiбi, өкiлеттiгi.

  5. Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы, оның құрамы, құрылу тәртiбi, өкiлеттiгi.

  6. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы, оның құрамы, құрылу тәртiбi.

  7. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының нормативтiк қаулылары, оның құқықтық табиғаты мен маңызы.

  8. Жоғарғы Сот төрағасы, оның өкiлеттiгi.

  9. Жоғарғы Сот аппараты.

  10. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы. Құрылу тәртiбi, құрамы мен

өкiлеттiгi.

  1. Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультациялық және басқада

органдар.

  1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот жанындағы сот әкiмшiлiгi

комитетi.

Тапсырмалар: мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу:

    1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қалыптасуы мен даму тарихы.

    2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты еліміздегі ең жоғары сот буыны.

    3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты қарайтын істердің соттылығы.

    4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы.

    5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының органдары.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыптарға семинар сұрақтарына дайындалу барысында алдымен ҚР-сы Жоғарғы сотының қалыптасу мәселелеріне тоқталып, одан кейін барып оның қазіргі кездегі жағдайын талдау қажет. ҚР-сы Жоғарғы соты туралы мәліметтерді зерделеу кезінде оның органдарына мұқият көңіл бөлуді талап етеді.

Тақырып 6. Қазақстан Республикасының судьялардың құқықтық мәртебесi. Сот пен судьялардың қызметтерін қамтамасыз ету

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының судьялардың мәртебесi, заңмен реттелуi.

  2. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдіктері.

  3. Судьяларға қойылатын талаптар.

  4. Судьяларға өкiлеттiктер бөлу тәртiбi.

  5. Судьяларды лауазымынан босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi.

  6. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi, оның егiздерi.

  7. Тәртiптiк iстердi қарау органдары және олармен қабылдаатын шешiмдер.

  8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесi, оның құрамы, құрылу тәртiбi мен құзыретi.

  9. Әдiлет бiлiктiк алқасы, оның құрамы, құрылу тәртiбi мен құзыретi.

  10. Судьялардың қауымдастығы, оның органдары.

  11. Судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету.

  12. Сот қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Тапсырмалар: Мына мақаланы конспектілеу: М.С. Нәрікбаевтың “ Судебная система Республики Казахстан: опыт и перспективы // Тура би. – 1999. -№5. 3-бет”

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл семинар сабағының тақырыбына дайындалу барысында аса көңіл бөлуді талап ететін жәйіт, ол осы саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнын талдау қажет. Себебі, осындай күрделі қызметтерді жүзеге асыруда аталған заңдардың маңызы арта түседі.

Тақырып 7. Қазақстан Республикасының Прокуратурасының қызметi мен ұйымдастырылуы

Сұрақтар:

  1. Прокуратура - Қазақстан Республикасының жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган. Прокурорлық қадағалау қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi бағыттары.

  2. Прокуратура қызметi мен ұйымдастырудың принциптерi.

  3. Прокуратураның құрылу кезеңдерi.

  4. Прокуратура органдарының жүйесі.

  5. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, оны лауазымға тағайындау және босату тәртiбi мен өкiлеттiгi.

  6. Облыс прокуратурасы мен оған теңестiрiлген прокуратура. Құрамы, құрылымы, құзыретi.

  7. Аудандық прокуратура мен оған теңестiрiлген прокуратура, оның құрамы, құрылымы, құзыретi.

  8. Әскери прокуратура, органдар жүйесi, мiндеттерi мен өкiлеттiктерi.

  9. Прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға қойылатын талаптар.

  10. Прокуратура органдары қызметiннiң негiзгi бағыттары.

  11. Прокурорлық қадағалау актiлерi, жүйесi.

  12. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн сақтауды қадағалау.

  13. Сотта мемлекет мүддесін білдіру.

  14. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау жүргiзу.

Тапсырмалар: Келесі тақырыптарға баяндама жасау:

    1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қалыптасуы мен даму тарихы.

    2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі орны мен маңызы.

    3. Прокурорлық қадағалаудың мәні мен маңызы.

    4. Мамандандырылған прокуратуралар.

    5. Прокурорлық қадағалау актілері, оның түсінігі мен түрлері.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында прокуратура органдары туралы еңбектер жазған ғалымдардың өзіндік көзқарастарын саралап, оларға талдау жасаған жөн.

Тақырып 8. Қылмысты ашу, жолын кесу мен тергеудi ұйымдастыру

Сұрақтар:

  1. Мемлекеттiк органдар жүйесiнде алдын ала тергеу органдарының орны. Алдын ал тергеу органдарының жүйесi мен мiндеттерi, өкiлеттiктерi.

  2. Тергеушiнiң құқықтық мәртебесi.

  3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеу аппараты, құрылымы мен құзiретi.

  4. Iшкi iстер органдарының тергеу аппараты,құрылымы мен өкiлеттiгi.

  5. Қаржы полициясының тергеу аппараты, құрылымы мен өкiлеттiгi.

  6. Қазақстан Республикасының анықтау органдарының жүйесi, оның мiндетi мен құзiретi. Анықтаушы, оның өкiлеттiгi. Анықтау органының басшысы, оның өкiлеттiгi.

  7. Жедел-iздестiру қызметiнiң ұғымы. Жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыратын органдар, мiндеттерi мен өкiлеттiгi.

  8. Жедел-іздестіру қызметінің мәлiметтерiнiң заңдық маңызы.

Тапсырмалар: Келесі тақырыптарға рефераттар жазу:

    1. Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою мен тергеу құқық қорғау қызметінің бір саласы ретіндегі орны мен маңызы.

    2. Алдын ала тергеудің түсінігі, мәні мен маңызы.

    3. Алдын ала тергеудің нысандары (алдын ала тергеу мен анықтау).

    4. Алдын ала тергеу органдары, олардың қызметтері мен тергеу аппараттары.

    5. Анықтау органдары, олардың қызметтері мен түрлері.

    6. Жедел-іздестіру қызметтері, олардың қызметтері мен түрлері.

Әдістемелік ұсыныстар: Семинар сабағына дайындалу және рефераттар жазу барысында осы тақырып бойынша берілген (лекция жоспарында тізімі берілген) негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану қажет. Соның ішінде, ҚР-сы Президентінің “ҚР-сы құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы №536 Жарлығын талдау қажет.

Тақырып 9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Сұрақтар:

  1. Әдiлет министрлiгiнiң мiндетi, ұйымдастыру мен қызметiнiң принциптерi. Әдiлет министрi, оны лауазымға тағайындау мен босату тәртiбi, өкiлеттiгi.

  2. Әдiлет министрлiгiнiң функциялары.

  3. Әділет министрлігінің міндеттер мен мақсаттары

Тапсырмалар: мына тақырыптарда баяндама жазу:

    1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қызметтерінің басты бағыттары.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобаларын дайындау қызметі.

    3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесі мен оның органдары.

Әдістемелік ұсыныстар: Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге де әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу қажет.

Тақырып 10. Құқықтық көмек көрсетудi ұйымдастыру. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - әр адамның бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы туралы.

  2. Адвокаттардың азаматтар және заңды тұлғаларға көрсететiн заңды көмек түрлерi.

  3. Адвокатура мiндеттерi мен мақсаттары.

  4. Адвокатураның ұйымдастырушылық құрылымы. Адвокаттар алқасы, құрылу тәртiбi.

  5. Адвокаттар алқасының жалпы жиналысы, оның өкiлеттiгi.

  6. Адвокаттар алқасының төралқасы, құрылу тәртiбi, өкiлеттiгi.

  7. Заң консультациясы, оның құрылу тәртiбi.

  8. Адвокаттық контора, құрылу тәртiбi, құқытық жағдайы.

  9. Адвокаттарды адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртiбi. Адвокаттың құқықтары, мiндеттерi, еңбек ақысы. Адвокаттың көмекшiлерi, стажерлары, олардың құқықтық мәртебесi.

  10. Нотариаттың түсінігі, маңызы, міндеттері мен мақсаттары.

  11. Нотариаттың басты функциялары мен өкілеттіктері.

  12. Нотариалдық қызметті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар, олардың жалпы сипаттамалары мен өкілеттіктері.

Тапсырмалар: мына тақырыптарда рефераттар жазу:

    1. Қазақстан Республикасы адвокатурасының қызметтері, оның мәні мен маңызы.

    2. Қазақстан Республикасы адвокатурасының мақсаттары мен міндеттері.

    3. Адвокаттар алқасы, оның органдары.

    4. Адвокаттардың құқықтық жағдайы.

    5. Адвокаттық қызметтің нысандары.

    6. Нотариат қызметінің мәні мен маңызы.

    7. Нотариаттың функциялары мен өкілеттіктерінің ерекшеліктері.

Әдістемелік ұсыныстар: Бұл тақырыпқа дайындалу барысында адвокатураның қалыптасуы мен даму тарихы ерекшеліктерін дұрыс түсіне отырып, оның қазіргі уақыттағы мәселелерімен өзара салыстырып оқыған жөн. Сонымен бірге, адвокатура мен нотариаттың қызметтерін зерттеуіне бағытталған қосымша әдебиеттерді оқыған дұрыс.