Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Крест жорытары

.doc
Скачиваний:
101
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
43.52 Кб
Скачать

Крест жорықтарының себептері.VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.

Соңғы крест жорықтары.Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла берді. Папалар мен корольдер 1217-1221 жылдары - бесінші, 1228-1229 жылдары - алтыншы, 1248-1254 жылдары жетінші жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер қатары азая берді. Кедейлер де, феодалдар да Шығысқа енді бұрынғыдай үмтыла қоймады. Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екеніне олардың көздері жетті. Папа кезекті крест жорығын ұйымдастыру үшін жаңа салық енгізіп жатты. Бірақ ол салықты жинау үлкен күшке түсті. Халық салық жинаушылардың көзінше қайыршыларға садақа беріп, «Христостан да күшті Мұхаммедтің аруағы үшін ал» деп папаны, кресшілерді мазақтай бастады.1270 жылғы сегізінші крест жорығынан кейін Батыс Еуропа басқыншылары мұсылман елдеріндегі өздерінің барлық иеліктерінен айырылды.

1-ші Крест жорығында мұсылман жа­ғынан да, христиан жағынан да ұйымдастыру ша­ралары нашар болды. Себебі, екі жақтың да армия қолбасшыларының әр қайсысы өзінің жеке мүддесін, мақсатын алға қоюға тырыс­ты. Сонымен қатар, мұсылман жеке христиан жағында да тәуелсіз діни ұйымдардың өкілдері жағаласып, олар да бұл соғыста өз мақсаттарын көздеді. Сол уақыттағы өкімет пен саяси ұйымдардың әрқалай ұстанымдарын қазіргі оқырмандардың түсінуі өте қиын. 2-ші Крест жорығын  (1147–1149 жж) француз королі Людвик VІІ мен неміс королі Конрад ІІІ басқарды. Бұл жорық олар үшін сәтсіз болды. Эдессоны жаулап алған селжүктерге қарсы ұйымдастырылып, өздері ауру, аштық, соғыстан адамдарының көбін қырып алды. 3-ші Крест жорығы  (1189–1192 жж.) египеттік сұлтан Саладдин Иерусалимді қайта жаулап алғаннан кейін басталды. Бұл жорықты герман императоры Фрид­рих І Барборосса, француз королі Филипп ІІ және ағыл­шын королі Ричард І (арыстан жүрек) басқарды. Бірақ олар қанша шабуылдаса да Иерусалимді ержүрек селжүктерден қайтарып ала алмады. 4-шi Крест жорығы (1199–1204 жж) араб мемлекетi Египетке қарсы ұйымдастырылған едi. Алайда олар Венецияның әсе­рiмен Египетке емес, Визан­тияға қарсы соғыс ашты. 1202 жылы крестшiлер Константинопольды жаулап алды. Византия территориясына Латын империясын құрды. Ол гректердiң 1261 жылы Константинопольды қайтарып алғанынша өмiр сүрдi. 5-ші Крест жорығы (1217–1221 жж.) тағы да Египетке қарсы ұйымдастырылды. Бұл жорықты Австрия герцогы Леопольд VІ, Венгрия королі Андраш ІІ басқарды. Бірақ жорық сәтсіз болып, әскері күзеліске ұшырады. 6-шы Крест жорығын (1228–1229 жж.) император Фридрих ІІ Гогенштауфен басқарған. Ол қан төккіз­бей, мұсылмандармен мәмі­легерлік жолмен келісіп, Иерусалимді соғыссыз алды. Себебі мұсылмандарға бұл кезде татар-монғол шап­қын­шылары қатты мазалатты, солармен соғыс алдында Крест жорықшыларна қарсы соғысу тиімсіз еді. Дегенмен 1244 жылы мұсылмандар Иерусалимді олардан қайта жаулап алды. 7-ші Крест жорығына  (1248–1254 жж.) Франция королі Людовик ІХ жетекшілік етті. Оның негізгі мақсаты Египетті жаулап алып, Иерусалимге айырбастамақ болатын. Бірақ оның бұл ойынан ештеңе шықпады. Жорық тағы да сәтсіздікке ұшырады. 8-ші Крест жорығын  (1270 ж.) тағы да Людовик ІХ басқарды. Бірақ оның арам пиғылы бұл жолы да жүзеге аспады. Бұл тарихтағы кресшілдер жорықтарының ең соңғысы еді. 

1212 жылғы балалар жорығы.Кресшілер жорығын жалғастыру мақсатындағы дінбасыларының уағызымен Еуропаның кейбір елдерінде балалар топтары құрылды. Оларды өздерін «құдай елшісі» деп жариялаған балалар басқарды. Олар құдай мүрдесін күнәға батпаған балалар ғана азат ете алады деп жариялады. Жас кресшілердің біразы жолда аштық пен аурудан қаза тапты, аман қалғандары теңіз жағасындағы Генуя және Марсель қалаларына жетті. Ол қалалардағы көпестер балаларды қасиетті жерге жеткіземіз деп алдап, кемелерге отырғызды да, Египетке апарып, құлдыққа сатып жіберді.

Крест жорықтарының салдары.Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті. Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыган мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтардан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауықауық ыстық моншаға түсіп, іш киімдерін, төсек-орындарын ауыстырып тұруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үініншіден, еуропалықтар Шығыстан жанд егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.