Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

3тапсырма КТП ИТ

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
433.18 Кб
Скачать
    1. HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.

HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.

Барлық тегтер «кіші» () символынан басталады да «үлкен» () символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да ашылатын және жабылатынжұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.

HTML құжатының құрылымы:

1)барлық құжат <HTML> тегімен басталады да, </HTML> сәйкес тегімен аяқталады. Бұл тегтер жұбы – броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды;

2)HTML құжаты тақырыптар бөлімінен және құжаттың денесінен тұрады. Тақырыптар бөлімі <HEAD> және </HEAD> - тегтерінен тұрады, мұнда құжат туралы мәлімет көрстеіледі;

3)<TITLE> және </TITLE> тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады;

4)Негізгі мәтін құжаттың денесінде көрсетіледі және ол <BODY>, </BODY> тегтерінің аралығында орналасады.

Осы төрт тег – HTML құжатының негізгі құрылымын білдіреді және бұл тегтер HTML тіліндегі барлық құжатта міндетті түрде көрсетіледі.

Мысалы:

1)Блокнот программасын жүктеңіз;

2)Шыққан сұхбаттық терезеде мына қатарларды теріңіз (1-сурет):

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Моя первая Web – страница </TITLE>

<HEAD>

<BODY>

Это – моя первая Web-страница

</BODY>

</HTML>

1-сурет. Блокнот программасының терезесі.

3)құрылған құжатты сақтаңыз (файл аты көрсетілетін қатарда 1.htm деп жазамыз) (2-сурет);

2-сурет. Құжатты сақтау терезесі.

4)сақталған файлды Internet Explorer броузерінің көмегімен ашатын болсақ 3-суреттегідей сұхбаттық терезе ашылады.

3-сурет. Internet Explorer броузерінің көмегімен ашылған Web-құжат.

5)HTML тілінде құжаттың ішкі тақырыбын алты түрлі тәсілмен беруге болады және олар <H1>, </H1>, <H6>, </H6> тегтерінің көмегімен жазылады;

6)<P> , </P> тегтері абзацтың басы және соңы екендігін білдіреді;

7)<HR> - тегі көлденең сызық сызады және ол парсыз тег болып табылады;

8)<BR /> - қатардың аяқталуы. Келесі қатар жаңа азат жолдан басталады;

9)<I>, </I> - мәтін курсивпен жазылады;

10)<STRONG>, </STRONG> немесе <B>, </B> - жартылай қалыңдатыла жазылған шрифт;

11)<SUB>, </SUB> - төменгі индекс;

12)<SUP>, </SUP> - жоғарғы индекс;

13)егер абзацсыз жаңа қатарға өту қажет болса <BR> тегі қолданылады;

14)<A HREF= “...”>, </A> тегтері гиперсілтеме орнату үшін қажет. Гиперсілтеме орнату барысында сілтеме жасалатын URL адрес көрсетіледі. Егер сілтеме көрсетілген құжат басқа Web-бетте болса, атрибуттағы тырнақша ішінде міндетті түрде құжаттың URL адресі толық көрсетілуі керек. Мұндай сілтеме сыртқы сілтеме деп аталады.

Егер сілтеме осы құжаттың басқа бетінде болса, бұл кезде сілтеме ішкі сілтеме құрылады;

15)Гипермәтіндік сілтемелер бет ішінде арнаулы орынды да көрсетеді. Ол үшін алдын-ала якорь енгізу керек. Бұл кезде <A NAME= «...» ID= “…”>, </A> тегтері қолданылады. Берілген якорға сілтеме жасау үшін URL адрестің соңында якордың атын құжат атынан «#» символы арқылы ажырата отырып көрсету керек.

Мысалы: Блокнот терезесінде сілтемелерді қолданып мына қатарларды терейік (4-сурет):

4-сурет. Сілтемені қолдану терезесі.

Ал осы терезені электрондық құжат ретінде ашайық (5-сурет):

5-сурет.Internet Explorer броузерінің көмегімен файлды ашу.

16)<DL>, </DL> - көпсатылы тізім құратын дескриптор;

17)<LI>, </LI> - тізім элементі. Бұл дескриптор <ol> және <ul> дескрипторларының аралығында жүреді;

18)<dt>, </dt> - бірінші деңгейлік тізім элементі және бұл <dl> дескрипторының аралығында жүреді;

19)<dd>, </dd> - екінші деңгейлік тізім элементі және бұл <dl> дескрипторының аралығында жүреді;

20)<ol>, </ol> - нөмірленген (ретке келтірілген) тізім;

21)<ul>, </ul> - маркіленген тізім:

Мысалы:

6-сурет. Тізім құру қатары.

7-сурет. Тізім құрылған файлды Internet Explorer

броузерінің көмегімен ашу.

22)HTML де кесте құру <table>, </table> - дескрипторларының көмегімен орындалады. Кесте ішіндегі мәлімет арнаулы тегтер көмегімен белгіленеді (тақырыбы, қатар және ұяшықтар саны). Осы тегтер арасында бір рет қана <CAPTION>, </CAPTION> – кестенің тақырыбын білдіретін тегтер кездесуі мүмкін;

23)<td>, </td> - қатардағы ұяшық мәндерін анықтайтын дескриптор;

24)<th>, </th> - кестедегі баған мен қатар тақырыптарын анықтайтын дескриптор;

25)<tr>, </tr> - кестенің қатар санын анықтайтын дескриптор (<td>-бірнеше ұяшықты) , (<th>-кестенің тақырыбын білдіреді).

Мысалы: Үш қатар және екі бағаннан тұратын HTML кестесін тұрғызу кодын қарастырайық (8-сурет):

8-сурет. Үш қатар және екі бағаннан тұратын HTML кестесі.

26)HTML-кестесінің стилін өзгертетін атрибуттар тізімі:

Атрибуттар

Үнсіздік бойынша

Қолданылуы

Мағынасы

align

left

Кестенің барлық дескрипторларына қолданылады

Ұяшық ішіндегі мәліметті көлденең туралау. Мүмкін мәндері: Left, right, center және char (арнаулы символ бойынша туралау)

bdcolor

Кестенің барлық дескрипторларына қолданылады

Кесте фонының түсін білдіреді

border

0

<table>

Пиксел бойынша кесте шекарасы

cellpadding

0

<td>, <th>

Ұяшықтағы мән мен шекара арасындағы ара қашықтық

Cellspace

0

<td>, <th>

Пиксел бойынша ұяшықтар ара қашықтығы

colspan

1

<td>, <th>

Бір бағанға біріктірілетін бағандар саны

rowspan

1

<td>, <th>

Бір қатарға біріктірілетін қатарлар саны

rules

none

<table>

Кесте ұяшықтары арасындағы сызықтар. Мүмкін мәндері: rows, cols және all

valign

center

<tr>, <td>, <th>

Ұяшық ішіндегі мәнді тік бағытта туралау. Мүмкін мәндері: top, bottom және baseline

width

Бет ені бойынша

Кестенің барлық дескрипторларына қолданылады

Анықталған ұяшықтар немесе кесте ені (бет еніне байланысты пикселмен немесе пайызбен беріледі)

Осы атрибуттарды қолдана отырып 8-суреттегі кестені өзгертетін болсақ төмендегі 9-суреттегідей өзгерістер орындалады::

9-сурет. Атрибуттары өзгертілген кесте.

Егер кесте құру барысында қатарларды немесе бағаналарды біріктіретін болсақ, онда rowspan және colspan атрибуттарын қолданамыз. Осы екі атрибутты қолдана отырып 10-суреттегідей кесте алуымызға болады:

10-сурет. Rowspan және Colspan атрибуттарын

қолданғаннан кейінгі күрделі кесте.

HTML тілін қолдана отырып төмендегі іс-әрекеттерді орындауға болады:

1)тақырып көрінісін әр түрлі деңгейлерде көрсету және экранда тақырыптарды өз қалауымызша орналастыруға;

2)мәтінді абзацтарға бөлуге;

3)мәтінде басқа Web-құжатқа немесе осы құжаттың басқа бөлімдеріне гиперсілтеме құруға;

4)мәтінге суреттер, алтернативті суреттер кірістіруге;

5)шрифтің түрін, түсін және гарнитурасын өзгертуге;

6)берілген мәтінде қажетті белгілеулер орнатуға;

7)әр түрлі деңгейдегі тізімдер құруға;

8)кестелер, күрделі кестелер құруға;

9)бірнеше құжатты бір Web-бетті орналастыруға;

10)мәтінге мультимедиялық объектіні кірістіруге және т,б, әрекеттерді орындауға болады.

Web-құжатты ұйымдастыру – бұл қолданушынының талабын, мүмкіндігін және іс-тәжірибе деңгейін анықтайтын шығармашылық еңбек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Интернеттің негізгі түсініктері.

  2. Желі компоненттерін атаңыз.

  3. URL адрес деген не?

  4. URLадрес қадай бөліктерден тұрады?

  5. Web-сервер дегеніміз не?

  6. Web – тораптар (Веб-сайт) деген не?

  7. HTML тілі деген не?

  8. Гиперсілтеме деген не?

  9. Браузер деген не?

  10. Браузерлердің негізгі атқаратын қызметі қандай?

  11. Гиперкеңістік деген не?

  12. Интернеттің қызмет түрлері қандай?

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.

2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.

3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.

4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.

5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и вычислительной техники», «Феникс», 2002г.

6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.

7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.

9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.

10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.

11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.

12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]