Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Істі сота жіберу

.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
26.51 Кб
Скачать

Б.А. Ақматиева

Алматы қаласы, Утепова көш,

54 үй, 1 пәтер

Алматы қаласы адвокаттар

алқасы №7-ші заң кеңесінің төрағасы

А.А. Токенов

Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы

ХАБАРЛАМА

Сізге ҚР ҚПК-нің 294-бабының 1-бөлігіне сәйкес іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлаймыз.

Сонымен бір мезгілде қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығын түсіндіремін.

Сіз қылмыстық істің материалдарымен « ».01.2015 жылы 11 cағат 00 минутта Алматы қалалық Бостандық ауданы ІІБ ТБ № 405 кабинетте таныса алатыныңызды хабарлаймын.

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С. Стамкулов

Жәбірленуші А.Б. Ахметова

Алматы қаласы, Темирязева көш.,

22 үй, 10 пәтер

Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы

ХАБАРЛАМА

Сізге ҚР ҚПК-нің 294-бабының 1-бөлігіне сәйкес іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлаймыз.

Сонымен бір мезгілде қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығын түсіндіремін.

Сіз қылмыстық істің материалдарымен « ».01.2015 жылы 11 cағат 00 минутта Алматы қалалық Бостандық ауданы ІІБ ТБ № 405 кабинетте таныса алатыныңызды хабарлаймын.

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С. Стамкулов

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры

аға әділет кеңесшісі

А.Б. Азаматов

ҚПК 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша 17.05.1987 жылы туған Епенов Асқар Қайратұлы қатысты қылмыстық іс жіберіледі

Қосымша: 1-томдағы __ парақта № 15751503501112 қылмыстық іс, А.Қ.Епенов

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С. Стамкулов

ҚОЛХАТ

№ 15751503501112 қылмыстық іс бойынша прокурор бекіткен 3 парақтағы айыптау актісін алу туралы.

_________ А.Қ.Епенов

(қолы)

(күні, алған күні)

Айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы

ҚАУЛЫ

«__» қаңтар 2015 жыл Алматы қаласы

Алматы қаласының Бостандық ауданы прокуроры аға әділет кеңесшісі А.Б.Азаматов № 15751503501112 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

А.Қ.Епенов жасаған әрекет орын алды және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтиды.

Қылмыстық істі тоқтатуға әкелетін мән-жайлар жоқ.

Күдіктінің әрекеті дұрыс сараланды.

Ж.К.Ділмағанбетова тағылған әрекет істегі дәлелдемелермен расталады.

Барлық анықталған қылмыстық жазаланатын әрекеттер бойынша тұлға күдікті деп танылды.

Күдікті А.Қ.Епеновқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы дұрыс таңдалды және оны өзгерту не күшін жою үшін негіздер жоқ.

Азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлікті тәркілеу ықтималдығы жөнінде шаралар қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзуға жол берілген жоқ.

Қылмыстық қудалау органы процестік шығындар сомасын және оларды соттың өндіруін қамтамасыз ету үшін басқа да сомаларды анықтау жөнінде шаралар қабылдады.

Процестік келісімді жасауға негіз жоқ.

Айыптау актісі ҚР ҚПК-нің 298, 299-баптарының талаптарына сәйкес жасалды, жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 305-бабын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Айыпталушы Епенов Асқар Қайратұлы, 17.05.1987 жылы туған Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа берілсін.

2. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының №2 қалалық cотына жіберілсін.

3. Айыпталушы А.Қ.Епеновқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.

4. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

Алматы қаласы

Бостандық ауданының прокуроры

аға әділет кеңесшісі А.Б. Азаматов