Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кудан жауап алу хаттамасы.docx
Скачиваний:
98
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
36.97 Кб
Скачать

Куәдан жауап алу хаттамасы

« » 01.2015 ж. Алматы қаласы

басталды: « » сағат « »мин

аяқталды: « » сағат « »мин

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты С.Стамкулов ҚР ҚПК-нің 209, 210, 212, 214-баптарының талаптарын сақтай отырып, куә ретінде келесі адамнан жауап алды:

Тегі, аты, әкесінің аты: Алексеев Петр Алекұлы

Туған күні, айы және жылы: 05.03.1988 ж.т.

Туған жері: Астана қаласы

Тұратын жері: Алматы қаласы, Алматы қаласы Бостандық ауданы Темирязева көшесі 22 үй 11-ші пәтерде

Ұлты: Қазақ

Азаматтығы: ҚР.

Білімі: Жоғарғы

Партияда тұруы: тұрмайды

Жұмыс орны, лауазымы: жұмыссыз

Отбасы жағдайы: үйленген

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланды ма: сайланбаған

Паспорты немесе басқа құжаттары: куәлік: №032314741, 22.05.2013 жыл, ӘМ ҚР ЖСН 72314711423142

Қай тілде жауап беруді қалайды: қазақ.

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

Сондай-ақ куә П.А. Алексеев ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін және ҚК-нің 418-бабына сәйкес көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді. Бұл ретте, ол өзінің, зайыбының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін жауаптар беруден бас тартуға құқылы

__________ П.А. Алексеев

Жауап алудың алдында куә П.А. Алексеев ҚР ҚПК-нің 78-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, олар: 1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; 2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;   4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.Куә:анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті

__________ П.А. Алексеев

Бұл ретте, куә өзінің, зайыбының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін жауаптар беруден бас тартуға құқылы

__________ П.А. Алексеев

Құқықтарым және міндеттерім түсінікті, жауапты қазақ тілінде беремін.

__________ П.А. Алексеев

Куә П.А. Алексеев істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы келесідей жауап берді:

11.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта Алматы қ., Бостандық ауд., Темирязева көшесі, 22-үй, 10-пәтерден, менің көрші пәтерден ұрыс дауыстары шықаның естідім. Кейіннен көршіміз Ахметова Айман Болатқызының күйеуін өлтіріп кеткенің байқадық.

Басқа осы оқиға бойынша қосарым жоқ.

Сұрақ: Сіз қылмысты кім жасағанның көрдініз бе ?

Жауап: жоқ

Сұрақ: Сіздің қосатын мәліметтер бар ма?

Жауап: жоқ

Куәгер П.А. Алексеев

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ ТБ-нің тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов