Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

алу хаттамасы

.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
17.44 Кб
Скачать

ХАТТАМАСЫ

алу

« » 01.2015ж. Алматы қаласы

Басталды « » сағат « » минут

Аяқталды « » сағат « » минут

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі, полиция лейтенанты С.Стамкулов, ҚР ҚПК 199, 253 және 254 баптарына сәйкес және куәгерлер қатысуымен:

1) Маратов А.С., 1992 ж.т., Алматы қ., Байсерке көш., 10 үйде тұрады

2) Саматов Б.С. 1990 ж.т.,Алматы қ., Мирзоян көш., 11 үйде тұрады.

Жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға жеке тінту жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.

Оған қоса, куәгерлер А.С. Маратов пен Б.С. Саматовқа ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.

Куәгерлер: 1. _________ А.С.Маратов 2. __________Б. С. Саматов

«Қуат» компаниясында, мекен-жайы: Алматы қаласы Бостандық ауданы Абая көшесі 20 үй, «Асқар» есіміне сәйкес келетін келесі тұлғалардың жеке ісі алынды:

1) Болатов Асқар Айкынұлы, 02.01.1984 ж.т., 15-бетте

2) Епенов Асқар Қайратұлы, 17.05.1987 ж.т., 17-бетте

3) Атенов Асқар Дауренұлы, 12.07.1988 ж.т., 12-бетте

Алу процессуалдық әрекет кезінде, қатысушылардан арыздар мен ескертулер түскен жоқ. Хаттама ауызша оқылды. Дұрыс жазылды.

Куәгерлер: 1. _________ А.С.Маратов 2. __________Б. С. Саматов

Алу процессуалды әрекетті жасалған тұлға:

Пашев Андрей Александрович 07.02.1980 ж.т., кадр бөлімінің қызметкері.

Хаттама көшірмесін алдым « » 01.2015ж. _______________

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі

Полиция лейтенанты С.Стамкулов

Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы

ҚАУЛЫ

« » 01.2015ж. Алматы қаласы

Алматы қаласы, Бостандық ауданының ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты С. Стамкулов азаматша А.Б. Ахметованың сотқа дейінгі тергулерінің бірыңғай тізіліміне 2015 жылдың 11 қаңтарда тіркелген арызын қарап,

АНЫҚТАДЫМ:

11.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта Алматы қ., Бостандық ауд., ІІБ-на 21.08.1981 ж. туылған азаматша Ахметова Айман Болатқызы, Алматы қ., Бостандық ауд., Темирязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер тұрғыныны, оның күйеуін 01.01.1967 ж. туылған Ермеков Арман Асқарұлын, қонаққа келген «Асқар» есімді бұрынғы жолдасы, ас бөлмедегі, үстел үстіндегі пышақты алып, екі-рет сұғу арқылы өлтіргені туралы хабарлама түсті.

Сонымен қатар жәбірленушіден жауап-алу кезінде «Асқар» есімді тұлғаның бұрын «Куат» компаниясында жұмыс істегені анықталды.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, ҚР ҚПК 198, 253 және 254 баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

  1. «Куат» компанясынан, мекен-жайы: Алматы қаласы Бостандық ауданы Абая көшесі 20 үй, «Аскар» есімді тұлғаға қатысты жеке істерін алуға

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ның ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты С. Стамкулов