Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Айатарды сол жерде тексеру жне натылау

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
17.82 Кб
Скачать

Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау

ХАТТАМАСЫ

« » қаңтар 2015ж. Алматы қаласы

Айғақтарды сол жерде тексеру « » сағ. « » мин.басталды

Айғақтарды сол жерде тексеру « » сағ. « » мин.аяқталды

Алматы қаласы Бостандық ауданы, ІІБ-нің ТБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты С.Стамкулов, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы 11 қаңтарда №15751503501112 іс бойынша, күдікті А.Қ.Епеновтың айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, ҚР ҚПК 199 және 257 баптарына сәйкес хаттама жүргізілді.

Хаттамада келесі куәгерлердің қатысуымен:

1) Иванов Егор Тимурұлы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Гагарина көш., 32 үй мекенжайы бойынша тұрады,

2) Дауренов Даулет Ануарұлы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Ауезов көш., 80 үй, 72-пәтер мекенжайы бойынша тұрады

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ КПБ маманы полиция капитаны Т.Т.Нурлановтың, қорғаушы Б.А. Ақматиева қатысуымен өткізілді.

Сол жерде тексеруді бастаудың алдында қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, сондай-ақ сол жерде айғақтарды тексеруді жүргізу тәртібі түсіндірілді.Оларға тергеу әрекетін жүргізу кезінде Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ КПБ маманы полиция капитаны Т.Т.Нурлановтың техникалық құрал: «Sony g55» маркалы бейнекамераны қолданатыны туралы ескертілді.

Тергеу әрекеті басталғанға дейін куәгерлерге ҚР ҚПК-нің 82-бабымен көзделген құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді:

Куәгерлер: Е.Т. Иванов ___________ Д.А. Дауренов ______________

Тергеу әрекеті басталғанға дейін маман Т.Т.Нурлановтың ҚР ҚПК-нің 80-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді:

Маман: Т.Т.Нурлановтың ___________

Тергеу әрекеті басталғанға дейін күдікті Епенов Асқар Қайратұлының ҚР ҚПК-нің 64-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, оның ішінде айғақтарды беруден бас тарту құқығы және оның айғақтары қылмыстық процесте дәледмелер ретінде, оның ішінде ол кейін өзінің айғақтарынан бас тартқан кезде де пайдаланылуы мүмкін екені туралы ескертілді.

А.Қ.Епенов _____________

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, күдікті мынаны мәлімдеді:«тексерiлетiн әрекеттер жасалған маршрутты және орынды нақтылау» келісемін.

А.Қ.Епенов _____________

Тергеушінің күдікті А.Қ.Епеновқа ұсынысымен текскрілетін әрекеттер жасалған маршрутты және орынды іс бойынша нақтылауға еркін берілді. Күдікті А.Қ.Епенов, Алматы қаласы Бостандық ауданы, ІІБ-нің 402-кабинетте отыр. Ол келісімі бойынша қылмыс болған жерге, Алматы қаласы, Тимерязева көшесі, 22-үй, 10-пәтерге, жету маршрутты мен қылмыс орнын еркін түрде көрсетуге келісті.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Тимерязева көшесі, 22-үй, 10-пәтерге жету үшін, Бейнежазба уақытша тоқтатылды, Сағат уақыты « » сағ. « » мин.

Қылмыс болған жерге, Алматы қаласы, Тимерязева көшесі, 22-үй, 10-пәтерге, қатысушылардың бәрі жеткізілді.

Бейнежазба қосылды, сағат уақыты « » сағ. « » мин. Келесіде күдікті А.Қ.Епеновқа, жәбірленуші Ермеков Арман Асқарұлыны қалай өлтіргендігін көрсетуге ұсыныс берілді.

Күдікті А.Қ.Епенов ең алдымен ішімдікті қайдан алғанның көрсетті. Көрсетту барысында «Марс» дүкенінен, Алматы қаласы, Тимерязева көшесі, 23-үй орналасқан, алынғандығын көрсетті. Шыға салысымен күдікті А.Қ.Епенов қылмыс орнына бағыт алды. Қылмыс орны, Алматы қаласы, Тимерязева көшесі, 22-үй, 10-пәтерге келдік. Пәтерге кіргенде, күдікті А.Қ.Епенов, қылмыс оқиғасы қалай орын алғанын көрсете бастады. Күдікті А.Қ.Епенов ішімдікті ас болмеде жәбірленушімен бірге дастарханда ішкен орнын көрсетті. Ол қонаққа келген кезде жәбірленуші А.А. Ермековты өлтіру мақсатымен келмегенің айтты. «Путинка» мөлшері 0.7л арағын ішкен орны мен пышақтың үстел үстінде қалай тұрғаның нақты көрсетілді. Содан кейін жәбірленушінің орналасқан орны көрсетілді. Күдікті А.Қ.Епеновтың көрсетуі бойынша, жәбірленуші А.А. Ермековпен арақ ішу барысында, араларында дау туындағанның айтты. Бұған себеп, кезінде жәбірленуші А.А.Ермеков, «Куат» компаниясының прорабы лауазымын атқару барысында, оны жұмыстан шығарғаны екендігін айтты. Содан кейін ішімдікке тойған күдікті А.Қ.Епенов ұрыс барысында, дастарханның үстінде тұрған асханалық пышақты қалай алғаның, және қалай ұстағаның көрсетті. Содан кейін жәбірленуші А.А.Ермековқа қалай өлтіргені нақты, пышақ тыққаның және қалай неше рет тықаның, көрсетті. Жасалған қылмыстан кейін қылмыс орнынан қалайша жалтарғаның көрсетті.

Содан кейін күдікті А.Қ.Епеновтың тексерiлетiн әрекеттер жасалған маршрутты және орынды нақтылау аяқталды. Аяқталу уақытты « » сағ. « » мин.

«Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау» хаттамасын толтыру мен бейне таспаны көру үшін қатысушылардың бәрі, Алматы қаласы Бостандық ауданы, ІІБ-нің 402-кабинетіне жеткізілді.

Бейнежазба бойынша күдікті А.Қ.Епенов пен оның қорғаушысы Б.А.Ақматиевадан ескертулер мен шағым түскен жоқ.

Содан кейін осы хаттама толтырылды.

Айғақтарды сол жерде тексеру ауа-райы ашық, ауа температурасы +20 және табиғи жарық болған кезде жүргізілді.

Хаттамаға мыналар қоса тіркеледі: Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ КПБ маманы, полиция капитаны Т.Т.Нурлановтың жасаған бейнежазба, CD дискіде.

Хаттама бойынша ескертулер мен шағымдар жоқ

Хаттама ауызша оқылды, дұрыс толтырылды.

Куәгерлер: Е.Т. Иванов

Д.А. Дауренов

Маман: Т.Т.Нурланов

Күдікті: А.Қ.Епенов

Қорғаушы: Б.А. Ақматиева

Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау хаттамасын толтырды:

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ң ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов