Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силл ПТГП каз 2015-2016 Шапак У.Ш..docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
53.81 Кб
Скачать

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ

ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Құқық жоғары

мектебінің директоры

з.ғ.д., профессор

У.Ш. Шапақ

«____» _____________2015 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(Syllabus)

Пәннің атауы: «Мемлекет және құқық теориясының мәселелері»

Мамандық: 5в030100 «Құқықтану»

Кредиттердің саны

3 кредит

Курс:

4

Дәріс

30 с.

Тәжірибелік, семинар сабақтары

15 с.

СОӨЖ

23 с.

СӨЖ

67 с.

Бақылау нысаны:

Жазбаша емтихан

Еңбек сыймдылығы

135 с.

Оқытушы туралы мәлімет

з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш.

Тел.

+7 (7172) 70-30-26

Пререквезиттері:

- Мемлекет және құқық теориясы;

- Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы;

- Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы;

- т.б.

Постреквизиттері:

- магистратура деңгейінде оқытылатын пәндер;

Курстың академиялық саясаты

Жоғары квалификацияланған заңгерлерді дайындау жалпы жүйеде мемлекет және құқық теориясының мәселелерін зерттеу ерекше мәнге ие. Бұл мемлекет және құқық туралы білімнің барлық саласы үшін әдістемелік және мемлекеттік құрылыс, сонымен қатар құқықтық жүйенің жетілуіне тікелей әсерін тигізеді.

Оқу пәнінің сипаттамасы

Жоғары квалификацияланған заңгерлерді дайындау жалпы жүйеде мемлекет және құқық теориясы мәселелерін зерттеу ерекше мәнге ие. Бұл мемлекет және құқық туралы білімнің барлық саласы үшін әдістемелік және мемлекеттік құрылыс, сонымен қатар құқықтық жүйенің жетілуіне тікелей әсерін тигізеді.

Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпы теориалық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдлығы мен пән қарқынан ашатын сипаты әдістемелік жалпы заңдық пән, ол барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ құқық тиімділігіне және құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқытудың мақсаты студенттерге мемлекет және құқық мәніне, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқып-үйрену барысында студенттер сонымен бірге құқық салалары бойынша білімдерді игереді, заң шығармашылықпен танысады, заңнаманың даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.

Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, мемлекеттік-құқықтық практика шығармашылықпен пайдаланылады.

Мемлекет және құқық теориясы мәлелелерін оқып үйренген соң студенттің меңгеретін білімі:

  • Мемлекет, бұқаралық (жариялық) билік, егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары, унитарлық және федералдық, мемлекет механизмі, құқықтық мемлекет, объективтік құқық және субъективтік құқық, құқықтық норма, құқықшығармашылық, құқыққа сай мінез құлық, құқықбұзушылық, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, заңдық дерек сияқты ұғымдардың мазмұнын білуі керек:

  • Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан адамдардың әрекеттері мен қимылдарын талдай білуі керек.

  • Келесі дағдыларды игеруі қажет: мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеу; курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.