Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мені есебім nnn.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
248.74 Кб
Скачать

Білім және ғылым министірлігі қазақ технология және бизнес университетінің колледжі

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ

Орындаған: Оспан Нұрсұлу

ТУРИЗМ 401 тобы

Тексерген: Толоубай Маржан

АСТАНА ҚАЛАСЫ 2014 ЖЫЛ

Мазмұны

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ

1.1.«Royal club» туристтік фирмасының тарихы

1.2. «Royal club» туристік фирмасы туралы мәлімет

1.3«Royal club» туристтік фирмасының негізгі қызмет көрсету бағыттары

II БӨЛІМ

2.2«Royal club» туристік фирмасының жұмысы

2.1.Royal club» туристтік фирмасында туристерге көрсететін қызмет түрі

2.3.«Royal club» туристтік фирмасында құжаттандыру түрлері

ІІІ БӨЛІМ

3.1 Кәсіпорынның ұжымдық құрылымы

3.2 Кәсіпорынның персоналы

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Менің «Royal club» туристтік фирмасында өндірістік іс-тәжірибе мақсатым оқу процесінде алған білімді тереңдетіп, нығайтып бекіту және туристтік фирмада көрсететін қызметтер туралы, іс-құжаттар туралы, виза толтыру, тур пакет жасау бойынша тәжірибе жинақтау.

Өндірістік іс-тәжірибенің басталуына үш күн қалғанда Туризм 401 тобының студенттеріне тәжірибе жетекшілерінің міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіліді.

Жиналыста студенттерге оқу жоспарында анықталған тәжірибенің міндеті туралы субъектегі жұмыстың мазмұны мен тәжірибеден өту мерзімі туралы айтылды.

Осы себептен мен 2 қыркүйек– 18 қараша аралығында туризм менеджері ретінде «Royal club» туристтік фирмасында менеджер бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – фирманың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, тур агенттіктердің ұйымдастырылуын, клиенттерді қабылдау, кәсіпорындағы баға саясаты, тауарлық саясаты, сондай-ақ  тур пакет құрудың дұрыс орындалуын зерттеу болды. 

Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды  игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

-фирмадағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

- фирмада белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;

- фирмада болған барлық  іс-шараларға қатысу.

Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:

- Тұтынушылармен сұхбат жүргізу нысанын үйрену;

- Турларды брондау мен ұйымдастыру, танысу;

- Тур пакет құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;

- Туристтік фирмадаға іс-құжаттардың жасалу тәртібі, лицензиялау;

-  Туристік ұйымның құрылу тарих туралы мәліметтерді қарастыру.

Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып менеджер бөлімінің бастығы Жамбаева Жәнерке Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас директор Әсель Есимсеитова болды.

1.1.«Royal club» туристтік фирмасының тарихы

Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек жайды. Олар алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады. Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың діни негізінде шоп-туризммен айналысуда. Соның ішінде еліміздің бас қаласындағы «Royal club» туристік фирмасына тоқталып өтсек.

«Royal club» туристік фирмасы (туристтік қызметпен айналысуға №131 мемлекеттік лицензиясы тіркеу туралы куәлігі ТО-279 №0134153) туристік қызмет нарығында 30 наурыз 2010 жылдан бастап жұмыс істеуде.  Алғашқыда компания штаты 4 адамнан тұрған, негізгі қызмет ету бағыттары –басқа қалаларға шығу туризмі еді. Сонымен қатар осы жылы агенттік клиенттермен жұмыс істеу үшін кеңсе ашты. 

2010 жыл - Агенттік клиенттер жүйесін құрды (жүйені құру кезінде  агенттік клиенттер саны 15 фирма болды).

- Басты жұмыс бағыты –элиталық туризм.

2011 жыл - Жеке клиенттермен жұмыс істеу үшін Алматы қаласында кеңсе ашу. - Корпоративті клиенттер жүйесін құру.

- Басты жұмыс бағыты – бүкіл әлем бойынша туризм.

«Royal club» туристік компания кеңсесінде авиабилеттерді брондаудың «Gallileo» глобалды жүйесін орнату.

2012жыл «Royal club» компания кеңсесінде авиабилеттерді брондаудың «Габриэль» глобалды жүйелерін орнату.

-Қазақстан тарихы,табиғаты, мәдениеті бойынша буклеттер шығару.

2013жыл компанияның жыл сайынғы 13 ақпараттық және бағыттық ұсыныстар шығару.

-Туристтік фирманың қызмет ететін қызметті жеткізушілер (әуекомпаниялар, туроператорлар) санының өсуі.

-Территориялық және сандық қатынаста корпаротивті және агенттік клиенттер жүйесін дамыту. Бекітілген келісім шарттардың саны 156 болды.

2014 жыл «Royal club» туристік компаниясының Мәскеу және Алматы қалаларындағы кәсіби көрмелерге қатысуы.