Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
S_1_Sillabus.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
30.62 Кб
Скачать

Практикалық сабақтардың тақырыптық және күнтізбелік жоспары

Модуль пәнінің атауы: Қазақ тілі С1 деңгей

Тақырып атаулары

Сағат саны

Оқылым

Жазылым

Айтылым

Тыңдалым

Пайдаланылатын әдебиет

1)Лексикалық тақырып:Ресми-іскерлік қарым-қатынас тілі

Грамматика: Есімдік. Сұрау есімдіктері. Изафет. Изафеттік құрылымдар. Жай сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. –шы/-ші сыпайылық формалары

2 сағат

Қазақстан Республикасы министрліктері, агенттіктері, ведомстволары атауларын қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын сақтай отырып, дауыстап оқу

Номенклатуралық атаулар мен біріккен, қысқарған сөздердің емлесін үйрену

Қазақ тіліндегі аббревиатураларды дұрыс айтып үйрену

«Мәртебелі сөз» электрондық оқу құралынан «Қазақ тілі – ресми қарым-қатынас тілі» мәтінін тыңдау, мазмұндау

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 122-157 беттер

2)Лексикалық тақырып:Жұмыс орны

Грамматика: Сұраулық шылаулар мен сұрау есімдіктері. Болымсыздық шылаулары. Ауыспалы осы шақ. Күрделі етістіктер. Ырықсыз етіс

2 сағат

«Жаңа толқын» оқу құралынан «Бүгін жұмыста жақсы жаңалықтар болды» мәтінін сөздердің айтылу заңдылығын сақтай отырып, дауыстап оқу

Жұмыс іздеу, туралы хабарландыру-лар, өмірбаян, түйіндеме жазу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №293 (139б.), 296 (141б), жаттығулардағы сұхбаттар бойынша диалог құра білу  

«Жаңа толқын» электрондық оқу құралынан «Бүгін жұмыста жақсы жаңалықтар болды» мәтінін тыңдау, мазмұндау

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 159-184 беттер

3)Лексикалық тақырып:Жұмыс уақыты

Грамматика: Ақпаратты ұлғайту: септік жалғаулары, ырықсыз етіс, шартты рай тұлғалары. Өткен шақ есімшенің анықтауыштық қызметі.

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №392 жаттығуды мәнерлеп оқу, түсіну (187 б.)

«Уақыт – алтыннан қымбат» тақырыбына эссе жазу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №573 (271б.) мәтін бойынша ситуацияға сәйкес екі диалог (бірінші абзац бойынша телефонмен әңгіме, екінші абзац бойынша әріптестер арасында) құрып, айту. Бірлесіп орындалатын әрекет туралы айта білу, сұрай білу. Іс-әрекетке өзінің қатысын білдіре алу.

«Жаңа толқын» электрондық оқу құралынан «Жұмыс уақыты» мәтінін тыңдау, мазмұндау

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 186-215 беттер

4)Лексикалық тақырып:Әріптестер арасында

Грамматика: Тұйық етістік. -у керек формасы. Ауыспалы осы шақ. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге, сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыру.

Кейс: «Әріптестер арасында»

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №573 (271 б.) мәтінді екі минут ішінде мәнерлеп оқу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №601-604 (280 б.) жаттығуларды орындау, іскерхат жазу

«Әріптестер» атты оқу кейсіндегі проблемалық ситуацияны шешу, өз ойын дәлелдеу. Пікірталасқа қатысу

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» электрондық оқу құралынан «Менің ұжымым» мәтінін тыңдау, сұрақтарға жауап беру

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 270-290 беттер

5)Лексикалық тақырып: Талапты басшы

Грамматика: Көмекші есімдер. Қалау рай формасы. Қалау райдың болымсыз түрі. Қалып етістіктер қолданысы

Кейс: «Талапты басшы»

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №823 жаттығуды мәнерлеп оқу, түсіну (370 б.)

«Егер мен басшы болсам» тақырыбына эссе жазу

«Талапты басшы» оқу кейсіндегі проблемалық ситуацияны шешу, өз ойын дәлелдеу. Пікірталасқа қатысу

«Маманды қалай таңдайсыз?» тақырыбына қатысты өзге студенттің ойын тыңдап, өз ойын айту. Іс-әрекеттің бірінен соң бірі болғанын баяндай алу.

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 215, 230,370 беттер

6)Лексикалық тақырып: Мекемедегі жиналыс

Грамматика: Қалып етістіктер. Ырықсыз етіс. Бұйрық райдың қолданысы.

Кейс: «Жиналыста»

2 сағат

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» негізгі оқу құралынан «Жиналыста» мәтінін мәнерлеп оқу, түсіну

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №538 (244 б.) жаттығуды үлгіге ала отырып, «Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» негізгі оқу құралынан «Жиналыста» мәтіні бойынша қаулы жобасын жазу

«Жиналыста» оқу кейсіндегі проблемалық ситуацияны шешу, өз ойын дәлелдеу. Пікірталасқа қатысу

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» электрондық оқу құралынан «Жиналыста» мәтінін тыңдап, сұрақтарға жауап беру

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 320-351 беттер

7)Лексикалық тақырып: Шағын кәсіпорын

Грамматика: Ауыспалы осы шақ. Шартты райлы сөйлемдер. Анықтауышты сөз тіркесі. Модаль сөздер

Кейс: «Шағын кәсіпорын»

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №480 (219 б.) мәтін және №461 (208б) диалогті мәнерлеп оқу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №490 (223 б.) жаттығуды үлгіге алып, №496 (225б) жұмысқа шақыру туралы хабарландырулар жазу

«Шағын кәсіпорын» оқу кейсіндегі ситуацияны шешу жолдарын көрсету. Пікірталасқа қатысу

«Өз шағын кәсіпорнымды ашсам деп едім» тақырыбына қатысты өзге студенттің ойын тыңдап, өз ойын айту. Іс-әрекеттің мақсатын көрсете білу.

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 218-238 беттер

8)Лексикалық тақырып: Іскер топтарға арналған семинар

Грамматика: Жер-су атаулары. Мезгіл үстеулері. Синоним қатарлар. Есім негізді күрделі етістік. Бұйрық райдың ІІІ жағы

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №530 (241 б.) «Іскер топтарға арналған семинар» мәтінін екі минут ішінде мәнерлеп оқу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №538 (244 б.) жаттығуды үлгіге ала отырып, оқылым мәтініндегі ситуация бойынша жиналыс хаттамасын жазу

«Іскер топтарға арналған семинар» мәтіні бойынша рөлдерді бөліп, семинар жұмысын жүргізу

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 240-259 беттер

9)Лексикалық тақырып: Іссапар

Грамматика: Анықтауыштық тұлға –дағы/-дегі, -тағы/-тегі, Көмекші сөз еді. Күрделі етістік. Көмекші сөздер туралы, арқылы, бұрын, сәйкес.

2 сағат

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» негізгі оқу құралынан «Іссапар» мәтінін мәнерлеп оқу, түсіну

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» электрондық оқу дәптерінен іссапар куәлігін толтыру

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан 281-283 беттердегі сенімхат үлгілерін басшылыққа ала отырып, №614 (285б) тапсырма бойынша сенімхат жазу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №626 (294б) мәтін бойынша менеджердің іссапар есебін айту

«Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» электрондық оқу құралынан «Іссапар» мәтінін тыңдау, диалогтегі сұрақтарға жауап беру

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 270-290 беттер

10) Лексикалық тақырып:Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу

Грамматика: Ырықсыз етіс. Көмекші сөздер. Біріккен сөздер. Қысқарған сөздер

Кейс: «Дер кезінде хабардар болудың маңызы»

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №626 (294б) мәтінді мәнерлеп, екі минут ішінде оқу, сөздікпен жұмыс

«Көрмеден қандай ақпарат алдым?» тақырыбына шағын әңгіме жазу

«Дер кезінде хабардар болудың маңызы» атты оқу кейсіндегі проблемалық ситуацияны шешу, өз ойын дәлелдеу. Пікірталасқа қатысу

Теледидардан немесе радиодан хабар тыңдап, «Мені таңқалдырған жаңалық» тақырыбына әңгіме әзірлеу

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 292-317 беттер

11)Лексикалық тақырып:Іскерлік кездесу

Грамматика: Есімшелердің тәуелденуі және септелуі. Шартты рай. Сабақтас құрмалас сөйлем. Шылаулар.

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №706 (321 б) мәтінді мәнерлеп, екі минут ішінде оқу, сөздікпен жұмыс

«Жаңа толқын» электрондық оқу құралынан «Қызмет бабындағы кездесулер» мәтінінің жаңа сөздерін тыңдай отырып, жазбаша аударып жазу

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №706 (321 б) мәтінді диалогке айналдыру

«Жаңа толқын» электрондық оқу құралынан «Қызмет бабындағы кездесулер» мәтінін тыңдау, мазмұндау

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 320-351 беттер

12)Лексикалық тақырып: Жарнама жариялай білесіз бе?

Грамматика: Есімшелердің тәуелденуі және септелуі –атын/-етін/-йтін/йтын. Шартты рай. Сөзжасам. Шартты мағыналы құрмалас сөйлемдер.

2 сағат

«Астана қаласы бойынша көше жарнамасындағы қателіктер» тақырыбына жоба жұмысын әзірлеу (3-4 студенттен)

Қызмет көрсету түрінің және тауардың жарнамасын жазып келу, жарнаманың қайда жарияланатынына назар аудару

«Жарнама – прогрестің қозғаушы күші» тақырыбына пікір алысу

Теледидар, радиодан жарнама тыңдау, мазмұндау

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 330-337 беттер

13)Лексикалық тақырып: Акционерлік қоғам. Құнды қағаздар

Грамматика Есімше. –ып келеді тұлғасы. Күрделі терминдік тіркестер. Есім баяндауышты жай сөйлем.

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №783 (355 б) мәтінді мәнерлеп, екі минут ішінде оқу, сөздікпен жұмыс

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №804 (362 б) жаттығуды орындау

«ҚР-дағы құнды қағаздар жүйесі» тақырыбына презентация әзірлеп, әңгімелеу

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 355-363 беттер

14)Лексикалық тақырып: Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Грамматика: Етістіктің –уде/-уда тұлғасы. Жер-су атаулары. Күрделі етістік –а түсу/-е түсу: жандандыра түсу.

Кейс: «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары»

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №545 (248 б) және №760 (340б) мәтіндерді оқу, сөздікпен жұмыс

«Сыбайлас жемқорлық – өркениетті мемлекетке жат құбылыс» тақырыбына мақала жазу

«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары» атты оқу кейсіндегі проблемалық ситуацияны шешу, өз ойын дәлелдеу. Пікірталасқа қатысу

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан жемқорлықпен күрес туралы үзіндіні тыңдау, мазмұндау

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 248-249, 340-347 беттер

15)Лексикалық тақырып: Көпшілік алдында сөйлей аласыз ба?

Грамматика: -п бер,

-ып шық тұлғалары. Күрделі етістіктер. –а ал тұлғалы етістіктер. Есімше тұлғалы анықтауыштық тіркестер.

2 сағат

«Ресми-іскери қазақ тілі» оқулығынан №825 (375-б) мәтінді орфоэпиялық заңдылықтарды сақтай отырып, 2 минут ішінде дауыстап оқу

«Қазақы тілдік этикет» тақырыбына ғылыми жоба әзірлеу (3-4 студент бірлесіп)

Берілген түрлі тақырыптарға байланысты көпшілік алдына шығып, өз пікіріне жұртшылықты иландыру мақсатында сөз сөйлеу

Қазақ би-шешендерінің сөздерін тыңдау, мазмұндау («Қазақ тілінің ресми стилі» аудиосабағынан 1_2_1, 1_2_2. 1_2_3 аудиотректері)

Д.Х.Ақанова және т.б. Ресми-іскери қазақ тілі. –Алматы, 2002. 374-393 беттер

БАРЛЫҒЫ 30 сағат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]