Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

filosofia_test_zhauaby_2

.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
38.02 Кб
Скачать
  1. Философия грек тілінен аудармасы.

Filio – махаббат, құштарлық; Sofia – даналық.

  1. Философия дегеніміз не?

Қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.

  1. Дүниеге көзқарас.

Объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

  1. Дүниетанымның тарихи типтері.

Мифология, дін, философия.

  1. Философияның эволюциялық даму кезеңдері. Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм – қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – ғарыш. Теоцентризм – барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш – құдай. Антропоцентризм – адам мәселесі – негізгі мәселе.

  1. Объективтік идеализм.

Қағидалары: тек идея шынайы өмір сүреді; идея алғашқы, дүние идеядан туындайды.

  1. Субъективтік идеализм.

Қағидалары: бәрі тек танымдағы субъекттің санасында өмір сүреді; идеялар адам парасатында, ақылында өмір сүреді.

  1. Философиялық көзқарас ерекшеліктері. Монизм. Дуализм.

Монизм – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама – идея, сана. Материалистер үшін – материя алғашқы бастама болып табылады. Дуализм – монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.

  1. Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету.

Онтологиялық – болмыстық, мәндік жағы, яғни мұнда дүние, мән туралы айтылады. Гносеологиялық (эпистемология) – танымдық жағы деп аталады.

  1. Алғашқы қауымдық қоғамға тән қиялы ғажайып қоғамдық сана формасы.

Мифология.

  1. Мифология формалары.

Фетишизм, тотемизм, анимизм.

  1. Сенімге негізделген көзқарас.

Дін.

  1. Білімге, ғылымға негізделген көзқарас.

Философия.

  1. Материализм. Идеализм.

Материализм деп алғашқыда материя, болмыс, табиғат, объект, тән болады дейтін философиялық бағытты айтады. Идеализм деп алғашқыда идея, сана, рух, субъект, жан болады дейтін философиялық бағытты айтады.

  1. Құндылық туралы ілім.

Аксиология.

  1. Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім.

Онтология.

  1. Таным мәселесін қарастыратын философиялық бөлім.

Гносеология.

  1. Философиянық методологиялық функциясы.

Философия қоршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.

  1. Философияның эклектикалық әдісі.

Жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын философиялық әдіс.

  1. Философияның диалектикалық әдісі.

Болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы заңдылықтарының өзара байланысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.

  1. Гностицизм дегеніміз не?

Дүниені тануға болады, танымның мүмкіндігі шексіз.

  1. Агностицизм дегеніміз не?

Дүниені тануға болады, танымның мүмкіндігі адам санасының танымдық мүмкіндігімен шектелген.

  1. Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Қытайдың ұлттық ілімдері: даосизм, конфуцийшілдік, легизм.

Даосизм – қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады. Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп. Легизм – заңға сүйенген күшті мемлекеттік билік философиясы.

  1. Ежелгі Қытай философиясындағы У-вей дегеніміз не?

Әлемдік тәртіп, табиғат заңдары, тарих даму барысы тұрақты және адам ерігіне тәуелсіз, сондықтан адам өмірінің негізгі ұстанымы.

  1. «Лун Юй» кімнің шығармасы?

Конфуций (Құндыз).

  1. Ежелгі Қытайдағы адамның ғарыштық энергиялары.

Адам ғарыштың энергияның үш түрінің түйіндісі болды: цзин – барлық тіршіліктің пайда болу энергиясы; ци – барлық тіршіліктің «құрылыс материалы» болып қызмет ететін материалдық-рухани энергиясы; шэнь – адамға тән жойылмайтын, таусылмас рухани идея.

  1. Даосизмдегі «табиғилық» принцип деген не?

Барлығы жерден, топырақтан шығады және жерге, топыраққа енеді.

  1. Даосизм ілімінің негізін салушы.

Лао Цзы (б.з.д. V ғ.).

  1. Конфуцийшілдік ілімінің негізгі идеясы.

Адамдарды қалай басқару, жолға салу? Қоғамда өзін қалай ұстау?

  1. Конфуцийдің алтын ережесі.

Өзін қаламағанды өзгеге істеме.

  1. Легизм. Легизмнің негізгі қағидасы.

Адам өз бітімінде зұлым, жамандыққа бейім; адам іс-әрекетінің қозғаушы күші – жеке эгоистік мүдде; жеке тұлғалардың мүдделері құрағар.

  1. Легизм ілімінің негізін салушылар.

Шан Ян (б.з.д. 390-338 ж.) мен Хань Фей (б.з.д. 288-233 ж.).

  1. Ежелгі Үнді философиясының мектептері.

Астика, настика.

  1. Упанишада.

«Ведалардың аяқталуы» немесе Веданта, ведалар мазмұнын философиялық түсіндіру.

  1. Ведалар дегеніміз не?

Б.з.д. XV ғ. Орта Азия, Волга жағалауы, Ираннан Үндістанға келген арийлер тайпасының жасаған діни-философиялық трактаттары.

  1. Үнді философиясының ежелгі эпос жырлары.

Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атхарваведа.

  1. Жайнизм дегеніміз не?

Адамның екіұдайлығы, қосмағыналылығы туралы, карма, сансарадан құтылу, этика мәселесі туралы ілім.

  1. Үнді философиясындағы адам өмірінің, тағдырының алдын ала мәлім болуы.

Карма.

  1. Үнді философиясындағы материалдық түпнегіз, сана.

Пракрити.

  1. Үнді философисындағы буддизмнің негізін салушы және оның негізгі идеясы.

Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.). «Орта жолды» ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол «ляззат жолы» мен «аскетизм жолының» ортасын қалау, таңдау.

  1. Философиядағы идеалистік бағытының негізін салушы кім?

Платон.

  1. Майевтика – диалектикалық әдіс. Негізін салушы ежелгі грек философы.

Сократ.

  1. Платон ақиқат болмысы деп нені түсіндірді?

  1. Милет мектебінің негізін салушы.

Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.

  1. Милет мектебінің қарастырған ең басты мәселесі.

Материалистік тұрғыдағы көзқараста болу; тек философиямен ғана емес, сонымен бірге өзге жаратылыстану ілімдерімен айналысты; табиғат заңдылықтарын түсіндіруге тырысты; алғашқы бастаманы іздеді.

  1. Дүниенің бастамасы су, ауа, сан деп қарастырған ежелгі грек ойшылдары.

Фалес: су; Анаксимен: ауа; Пифагор: сан.

  1. Антикалық ойшылдарының қайсысы этиканы «жан дәрісі», яғни қасіреттен құтылу және жанның ляззаты деп ұғынған ойшыл.

Эпикур.

  1. Panta rei – барлығы өзгереді, барлығы қозғалыста деп қарастырған ойшыл.

Гераклит.

  1. Элейлік Зенонның апориялары не?

«Дихотомия», «Ахиллес пен тасбақа», «Стадий», «Ұшудағы жебе», т.б.

  1. Ежелгі грее философисының атомисттер мектебі. Өкілдері.

Материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер «атомдар» деп білді. Өкілдері: Левкипп пен Демокрит.

  1. Софисттер деген кімдер?

Даналық ұстаздары.

  1. Өзіңді өзін таны, Мен өзімнің ештене білмейтінімді білемін.

Сократ.

  1. Адам барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі деген ойшыл.

Протогор.

  1. Антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салған грек ойшылы.

Сократ.

  1. Киниктер мектебі.

Қоғамнан тыс, бейқоғами еркіндікті аңсаған философиялық мектеп өкілдері.

  1. Қай философиялық мектепте қозғалысты ойлауға болмайтынын мәселе қойылды?

Элей.

  1. Ортағасырлық арабтілділік философиясында қай бағыты рационализм принципі негізделген?

Қалам.

  1. Ортағасырлық арабтілділік философиясында қай бағыты мистикалық бағытты ұстанды?

Суфизм.

  1. Ортағасырлық батысеуропалық креационизм идеясы.

Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда.

  1. Ортағасырлық батысеуропалық проведенциализм принципі.

Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі.

  1. Ортағасырлық батысеуропалық патристика идеясы.

(лат. patres – әке) II-VIII ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі.

  1. Ортағасырлық батысеуропалық апологетика.

(грек. апологемай – қорғаймын) ІІ-ІІІ ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық, догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім.

  1. Ортағасырлық батысеуропалық тринитарлық мәселесі.

Құдай.

  1. Ортағасырлық батысеуропалық схоластика деген не?

Ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы.

  1. Схоластиканың екі бағыты: реализм және номенализм.

Реализм – нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы универсалийлер дейтін ағым. Номенализм – шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы.

  1. Ортағасырлық араб философиясының теориялық қайнар көзі.

Грек ойшылдарының философиясы.

  1. Әл-Фараби атақты еңбегі.

Қайғылы қала тұрғындары.

  1. Қожа Ахмет Яссауи қай бағыттың өкілі.

Сопылық-мистикалық.

  1. Суфизм ілімі.

(араб., ат-тасаввуф, «суф» - жүн, шаш; грек., «софия» - даналық) VIII-IX ғ. пайда болған исламдағы мистикалық-аскеттік бағыт.

  1. Мұтазалиттер деген кім?

Бостандық еркіндігін, адамның әдептілік дамуын көздеген зиялы қауым өкілдері.

  1. Шығыстық перипатетизм. Өкілдері.

Аристотелизм; Араб философтары Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған түсініктемелер берген. Өкілдері: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина.

  1. «Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ» деген ойшыл.

Аристотель.

  1. Апейрон дүниенің бастамасы деп кім қарастырған.

Анаксимандр.

  1. Мемлекетті философ басқару керек деп кім айтты?

Платон.

  1. Суфизм араб тілінен аудармасы.

Араб., ат-тасаввуф, «суф» - жүн, шаш.

  1. «Неге сенемін, соны танимын» деген кім?

Пьер Абеляр.

  1. Қос ақиқат немесе ақиқаттың екіұдайлығы теориясының авторы.

Фома Аквинский.

  1. Шариғат деген не?

Шариғат – мұсылмандық өмір сүру қағидасы, оның нақты көрінісі.

  1. Суннизм.

(араб., «сунна» - жол, үлгі) Х ғ. пайда болған, Мұхаммед ең соңғы пайғамбар деп ұғынатындар.

  1. Шығыстық перипатетизм бағытының негізін салушы.

Әл-Кинди.

  1. Қалам мектебі.

Мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика.

  1. Антропоцентризм дүниетанымы қай кезеңге тән?

Қайта өрлеу дәуірі.

  1. Т. Мор утопиялық социализм.

Гр., «орны жоқ орын», «жерұйық» дегенді білдіреді. Т. Мор утопиясында: жеке меншік жоқ, барлық азаматтар өндірістік еңбекпен айналысады, еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады, барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі, ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады.

  1. Қайта өрлеу заманы қай ойшылы дүниенің шексіздігі мен әлемнің түрлілігі туралы қағиданы негіздеді?

Николай Кузанский.

  1. Гелиоцентризм теориясының негізін салған.

Николай Коперник.

  1. Гуманистік бағытының негізгі идеясы.

Адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті.

  1. «Құдіретті комедия» еңбегінің авторы.

Данте Алигьери.

  1. Реформациялық бағыттың сипаттамасы.

Католицизмді реформациялау; шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату.

  1. Құдай мен сенушілердің қауымын тікелей өту керек деген реформацилық бағытының өкілі.

Мартин Лютер.

  1. «Күн қаласы» еңбегінің авторы.

Томмазо Кампанелла.

  1. Дуалистік метафизиканың негізін салушы.

Рене Декарт.

  1. Рационализм бағытына сипаттама.

Ақиқи, абсолюттік дәйекті білімді тек парасат, ақылмен ғана тануға болады дейтін философиялық әдіс пен бағыт.

  1. Рационализм бағытының негізін салушы.

Рене Декарт.

  1. Индуктивтік әдісті пайдаланған жаңа заман философы.

Фрэнсис Бэкон.

  1. Декарттың негізгі таным идеясы.

Ойлап тұрған субъект «Меннің» болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі.

  1. Мен ойлап тұрмын, демек мен өмір сүріп тұрмын.

Рене Декарт.

  1. Кумәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырған кім?

Фрэнсис Бэкон.

  1. Жаңа заман философы, табиғи құқық теориясының негізін салған.

Гуго Гроций.

  1. Спиноза философиясының негізгі арқауы.

Біртұтас субстанция ілімі.

  1. Күлме, жылама, тек түсін.

Бенедикт Спиноза.

  1. «Білім – күш» деген кім?

Фрэнсис Бэкон.

  1. Ф. Бэконның негізгі таным әдісі.

Эмпириялық (тәжірибелік) бағыт.

  1. Индуктивтік арқылы болмайтын танымдық әрекет, жолдарын көрсеткен кім?

Фрэнсис Бэкон.

  1. Өрмекші жолы.

Білімді «таза ақылдан» алу, яғни рационалдық жол.

  1. Жаңа заман философиясының негізгі белгісі.

Рационализм мен эмпиризм пайда болды.

  1. Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады.

Джон Локк.

  1. Д. Локктың сенсуализмі.

Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады дейтін принциптің негізін салды.

  1. Лейбниц. Монадология.

Монадология – монада (болмыстың қарапайым, бөлінбейтін рухани бөлігі) туралы ілім.

  1. Географиялық детерменизм.

Шарль Луи Монтескье.

  1. «Адам – машина» деп кім айтты?

Бердяев.

  1. Француз ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері.

Вольтер Франсуа, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо, Этьенн Кондильяк, Жан Мелье, Жюльен Офре де Ламетри, Дени Дидро, Клод Адриан Гельвеций, Поль Анри Гольбах.

  1. Энциклопедияның бас редакторы.

  1. Классикалық Неміс Философисы терминін енгізген.

Ф. Энгельс.

  1. КНФ негізін салған.

Иманнуил Кант.

  1. Гегельдің философиялық жүйесіндегі негізгі қайшылық.

Философия.

  1. КНФ идеалистік бағытының өкілдері.

Иманнуил Кант, Иоганн Фихте, Георг Гегель, Фридрих Шейлинг, Людвиг Фейербах.

  1. Канттың пікірлер теориясы.

Аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, апостериорлық (тәжірибеден кейінгі) синтетикалық пікірлер, априорлық (тәжірибеге дейінгі) синтетикалық пікірлер.

  1. Канттық антиномиялары.

І антиномия: кеңістік пен уақыт. ІІ антиномия: жай және күрделі. ІІІ антиномия: еркіндік пен себептілік. IV антиномия: Құдайдың барлығы.

  1. Канттың тәжірибеге дейінгі білімі қалай аталады?

Априорлық.

  1. Канттың тәжірибеге кейінгі білімі.

Апостериорлық.

  1. Кант білімдер жүйесін бөлді.

Метафизика: «Мен не біле аламын?»; мораль: «Мен не істеуім керек?»; дін: «мен неге, кімге сенуім керек?»; антропология: «адам дегеніміз не, кім?».

  1. Категориялық императив дегеніміз не?

Кант этикасындағы адамгершілік заңын сипаттайтын философиялық термин.

  1. «Таза парасатқа сын» еңбегі.

Иманнуил Кант.

  1. Гегельдің абсолюттік идеясы негізі неден басталады?

Абсолюттік ақиқат.

  1. КНФ жоғарғы жетістігі.

Диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді.

  1. Панлогизм. Рух феноменологиясы.

Панлогизм – Гегель философиясы, яғни ойлаудың өзінді және өзі үшін болмыста болуы. Рух феноменологиясы – рухтың эмбриологиясы мен палеонтологиясының параллелі, онтогенездің филогенезді қайталауы.

  1. Гегель бойынша, дамудағы ішкі қайнар көзді, қозғаушы күшті ашатын заң.

Диалектика.

  1. Гегельдің триадасы.

Тезис, антитезис, синтез.

  1. Шопенгауэр философиясындағы иррационализм бір формасы.

Ерік.

  1. Гегельдің философиялық жүйесі.

  1. Гегель бойынша, дамудың жалпы нәтижесі мен тенденциясын көрсететін заң.

Диалектика.

  1. Гегель философиясын материалистік тұрғыда сынға алған неміс философы.

Людвиг Андреас Фейербах.

  1. Антропологиялық материализм.

Гегельдің объективтік идеализміне тайталас Фейербах антропологиялық материалзмді алға тартты: шындықтағы жалғыз шындық – шындық пен адам, адам – табиғат бөлігі.

  1. Мен және Мен емес принципі.

  1. «Капитал» еңбегі.

Карл Маркс.

  1. Қосымша құн теориясының авторы.

Карл Маркс.

  1. Материалдық экономикалық фактор маңызының басымдылығын айқындаған кім?

Карл Маркс.

  1. Тарихи материализм.

Тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынды; экономикалық қатынастар барлық өзге қоғамдық қатынастарды, яғни құқықтық, саяси, діни, моральдік және т.б. анықтайды.

  1. Диалектикалық материализм.

Марксистік философияның негізі, ғылыми философиялық дүниетаным.

  1. Орыс космизмі көрнекті өкілдері.

Н. Ф. Федоров, Б. С. Соловьев, П. А. Флоренский, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский.

  1. Орыс философиясындағы Соборлық деген не?

«Бірлік көпшілікте» деген мағынаны беретін А.С. Хомяковпен орыс дін философиясына енгізілген ұғым.

  1. Орыс философиясындағы батысшылдар бағыты.

Ресейді «еуропашыландыру» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері: А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. П. Огарев, К. Д. Кавелин, П. В. Анненков, В. П. Боткин, Т. Н. Грановский.

  1. Орыс философиясындағы славянофильшілдер бағыты.

Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Өкілдері: А. С. Хомяков, И. В. Киреевский, Ю. Ф. Самарин, А. Н. Островский.

  1. Бүкілбірлік теориясының авторы.

Владимир Сергеевич Соловьев.

  1. Еркіндік және бостандық туралы идеяны қарастырған орыс экзестенциалист.

Николай Александровия Бердяев.

  1. Шәкәрім бойынша, адамның мәні.

«Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды...»

  1. Формальдық логиканың негізін салушы антика философы.

Аристотель.

  1. Экзистенциализм үшін басты мәселе не болып табылады?

Онтологиялық мәселе.

  1. Агностицизм өкілі.

Томас Генри Хаксли.

  1. Волюнтаризм негізін салған.

Артур Шопенгауэр.

  1. Өмір философиясының өкілдері.

Фридрих Ницше, Вильгельм Дильтей, Освальд Шпенглер, Анри Бергсон.

  1. Неокантшылдық бағытының мектептері.

Марбург пен Бадендік.

  1. Философиядағы инструменталистік әдісті қолданған прагматист.

Джон Дьюи.

  1. Экзистенциализмнің негізін салушы, дат.

Сьерен Кьеркегор.

  1. Прагматизм өкілдері.

Чарлз Сандерс Пирс, Уильям Джемс, Джордж Герберт Мид, Джон Дьюи.

  1. Феноменология дегеніміз не?

Таза сананы талдау және адам тіршілігінің имманенттік, априорлық құрылымын зерттеу әдісі.

  1. Феноменология өкілдері.

Эдмунд Гуссерль.

  1. Герменевтика дегеніміз не?

Ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу философиясын зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

  1. Герменевтикалық шеңбердің авторы.

Хайдеггер.

  1. Материяның өмір сүру тәсілі.

Қозғалыс, тыныштық, кеңістік, уақыт.

  1. Субстанция ілімі.

Бенедикт Спиноза.

  1. Диалектиканың мәні неде?

Болмыс пен танымның жалпылық байланыстары, қалыптасуы, қайшылығы және дамуы туралы ілім, әрі ғылым және осыған негізделген таным методы.

  1. Психоанализ теориясының негізін салушы.

Зигмунд Фрейд.

  1. Фрейд бойынша, жыныстық үнемі немен қақтығыста болады?

Саналық.

  1. Ұжымдық санасыздық теориясының авторы.

Зигмунд Фрейд.

  1. Архетиптер деген не?

Әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «қоды».

  1. Иррационализм өкілдері.

Артур Шопенгауэр, Фридрих Шеллинг, Фридрих Ницше.

  1. Ғылыми таным құрылымы.

Таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.

  1. Бейсаналық дегеніміз не?

Ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар мен әрекеттер жиынтығы.

  1. Қозғалыс деген не?

Материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты.

  1. Материалдық жүйелердің өмір сүру тәсілі.

  1. Диалектикаға қарама-қарсы бағыт.

Метафизика.

  1. Гедонизм түсінігі бойынша, өмірдің мәні неде?

Ләззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды.

  1. Өмірдің мәнінің утилитаристік концепциясы.

  1. О. Шпенглердің атақты шығармасы.

Еуропаның құлдырауы.

  1. Позитивизм бағытының негізін салушы.

Огюст Конт.

  1. Позитивисттер бөліп қарастырған ғылыми таным.

  1. Ойлау қабілеттерін, заңдары мен формалары туралы ілім.

Диалектика.

  1. Гегель философиясындағы әдіс.

Диалектикалық логика.

  1. Санасыздықтың психикалық себептерін ашқан философ.

Зигмунд Фрейд.

  1. Даму сабақтастығы, дамудың бірлігі диалектика заңы қалай аталады?

  1. Даму себебін қарастыратын диалектика заңы.

  1. Диалектика.

  1. Позитивизм бойынша, позитивті ғылымдар мынаған тәуелді.

  1. Қоғамдық экономикалық формация ұғымын енгізген.

К. Маркс пен Ф. Энгельс.

  1. Фальсификация, фаллибализм принциптері.

  1. Камю бойынша, адам үшін абсурдтан шығатын жолы.

Адам тек өлім табалдырығында абсурдтан шығады.

  1. Тіл – болмыс тұрағы.

  1. Сартрдың экзистенциалды философияның пәні.

Еркіндік пен таңдау.

  1. Ақыр заман туралы ілім.

Эсхатология.

  1. Болашақты, келешекті зерттеу ілімі.

Культуралогия.

  1. Гносеология.

Таным мәселесін қарастыратын философия бөлімі.

  1. Онтология.

Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімі.

  1. Структурализм. Структурализм өкілдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]