Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫ НАРЫТАРЫ.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
27.43 Кб
Скачать

Өндіріс факторларының нарықтары

1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс

«Микроэкономика» курсының бірінші тақырыптары микроэкономика негізгі субъектілерінің бірі – тұтынушының (үй шаруашылығының) қызмет талдауына арналған. Тұтынушы қызметінің 2 жағын – дайын өнім тауарлар мен қызмет көрсету нарығында, сатып алушы ретінде және өндіріс факторларының нарығында сатушы ретінде зерделедік. Өндіріс факторларының нарығы: еңбек нарығы мен капитал нарығы. Ары қарай біз экономикалық қызметтің 2-ші субъектісі – өндірушінің талдауына көштік. Біз оның дайын өнім нарығындағы сатушы ретіндегі қызметін зерделегенбіз, енді өндіріс факторы нарығындағы сатып алушы ретіндегі оның қызметін қарайық. Сонымен, өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс фирмалардан шығады. Өндіріс факторларының нарықтарын құрылымы бойынша айырады. Оларға қатысты нарықтық құрылымдардың 3 түрі бар:

  1. Өндіріс фактораларының нағыз бәсекелес нарығы

  2. Факторларды сатып алушылар монопсоникалық билікке ие өндіріс факторларының нарығы

  3. Факторлардың сатушылары монополиялық билікке ие болған өндіріс факторларының нарығы

Дайын өнім нарығында сияқты, өндіріс факторларының баға белгілеуі нарық түріне байланысты ерекшеленеді. Алдында факторлардың нағыз бәсекелес нарығын қарайық. Бұл нарықта сатушылар мен сатып алушылар көп, бірақ олардың біреуінде де нарық билігі жоқ. Бәсекелес нарық сатушылар мен сатып алушылардың толық ақпаратталғандығымен сипатталады. Өндіріс факторы нарығының ерекшілігі: нарықтық және салалық сұраныс деген сөздер – синонимдер емес. Факторлар нарығында жеке сұранысты (өндіріс факторларына жеке фирманың сұранысы), салалық сұранысты (осы саладағы әр фирманың жеке сұраныстарын сомалау әдісімен алынады) және нарық сұранысты (факторлар нарығының біреуіндегі сұраныс – еңбек нарығында немесе капитал нарығында, оны салалық сұраныстарды қосу жолымен алады) айырады. Факторларға деген сұраныстың екінші ерекшілігі – ол туынды, яғни тұтынушы сұранысына байланысты. Фирма өндіретін тауарға сұраныс неғұрлым жоғары болса, факторларға деген сұраныс соғұрлым үлкен. Осыған байланысты нағыз бәсекелес өндіріс факторларының нарығы 2 түрге бөлінеді:

  1. Өндіріс факторларының нағыз бәсекелес нарығы, дайын өнімнің нағыз бәсекелес нарығынан туынды.

  2. Өндіріс факторларының нағыз бәсекелес нарығы, дайын өнімнің монополиялық нарығының туындысы

Факторлар нарығында тепе-теңдік үлгісін салу үшін фактордың шекті табыстылығы мен ресурстарға шекті шығындар сияқты категориялардың талдауы қажет. Өндіріс факторының шекті табыстылығы фактордың қосымша бірлігін (шекті өнімді) пайдаланудан алынған өнім өсімінің (шекті табысты) өткізуден алынған қосымша табысқа деген көбейтіндісі ретінде өлшенеді. Ол MRP (marginal revenue product).

MRP = MP·MR; MRPL = MPL·MR; MRPK = MPK·MR

Тиісті мағыналарды қойғаннан кейін, аламыз:

MRPL = MPL·MR = (ΔQ/ΔL)·( ΔR/ΔQ) = ΔR/ΔL

MRPК = MPК·MR = (ΔQ/ΔK)·( ΔR/ΔQ) = ΔR/ΔK

Ресурстарға сұранысты анықтайтын негізгі фактор – өндіріс факторлар шекті табыстылығының шамасы екендігі айқын көрініп тұр. Бұдан басқа, оған ықпал жасайтын ауыстырушы ресурстардың, комплементарий – ресурстардың бағалары және өндіріс технологиясының ерекшілігі. Дайын өнімнің нағыз бәсекелес нарығында фирма өз өнімін Р нарық бағасымен сатады дейік. Онда факторлардың шекті табыстылығы өнім бағасына көбейтілген фактордың шекті өнімі ретінде анықталады. Нағыз бәсекелестік жағдайларда MR = P болғандықтан:

MRP = MP·P; MRPL = MPL·P; MRPK = MPK·P

Өндіріс факторына деген сұранысты талдағанда, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыттың кезеңдерін айырады.Өндіріс факторына деген сұраныстың қысқа мерзімді қисық сызығын салу шарты болып тек бір ғана ауыспалы фактордың бары саналады. Осы фактор ретінде еңбекті алып, оған деген жеке сұраныстың қисық сызығын салайық. Ол үшін алдымен еңбек табыстылығының қисық сызығын сызайық. 82 суретте дайын өнімдер нарығындағы фирма үшін MRPL қисық сызығы көрсетілген (жоғары қисық сызығы). Жұмыс уақыты көбейген сайын кемушілік қайтарым заңының әрекеті салдарынан шекті өнімнің шамасы түседі. Сондықтан MRPL қисық сызығының жағымсыз еңкіштігі бар, өнімге деген баға тұрақты болса да. 82 суреттегі төменгі қисық сызығы – MRPL қисық сызығы дайын өнімдер нарығындағы монополиялық билікке ие фирма үшін. Монополистің бағасы шекті табыстан асады (MR<P), ол өндіріс көлемі үлкейген сайын төмендейді. Шекті табыс қисық сызығымен шекті өнім қисық сызығының жағымсыз еңкіштігі болғандықтан, шекті табыстылық қисық сызығында да жағымсыз еңкіштік бар. Монополист – фирманың MRPL қисық сызығы бәсекелес фирмаға қарағанда тіктеу және төмендеу жатыр. Монополиялық билігі бар фирма жұмыскерлерді аздау жалдайды.

Жалақы MRPL=P•MPL

MRPL=MR•MPL

Жұмыс уақыты

82 сурет. Дайын өнімнің бәсекелес және монополиялық нарықтары үшін еңбектің шекті табыстылығы.

Фактордың шекті табыстылығы фактордың көлемімен бірге оның бағасын да анықтайды. Қосымша алынатын түсім фактордың қосымша бірліктерін тартуы бойынша шығындарды жапқанша, фирма өндіріс факторларының қосымша бірліктерін пайдаланады. Жалақы немесе пайыз еңбектің немесе капиталдың шекті табыстылығына тең болған сәтте фирма өндіріс факторлар қосымша бірліктерін тартуын тоқтатады. Нағыз бәсекелес жағдайларда фирма өндіріс факторлардың шекті табыстылығы шекті шығындарға тең болуына ұмтылады:

MRPL = W; MRPK = I

83 сурет Еңбек нарығында жеке фирманың тепе-теңдігін көрсетеді

w

w' SL

MRPL=DL

L' L

83 сурет. Еңбек нарығындағы фирманың тепе-теңдігі

Еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы MRPL қисық сызығымен беттеседі, бірдей келеді, өйткені осы қисық сызықтың әр нүктесі жалақы ставкасының (қосымша ақшаның) мүмкін болуында жалдайтын қызметкерлер санын көрсетеді. Сонымен, дайын өнімге деген сұраныстың қисық сызығы сияқты өндіріс факторларына сұраныс қисық сызығының еңкіштігі бар, бірақ оның себебі басқада. Еңбектің жеке ұсыныс қисық сызығының түрі – көлденен жалпақ тура сызық, яғни жалақының бұл ставкасы (мөлшері) (W1) бойынша фирма қанша қызметкерлер жалдағысы келсе, сонша жалдайды. Барлық қызметкерлер бірдей жалақы алып, бірдей шекті табыс әкеледі.