Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меншик турлери.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
51.86 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе......................................................................................................................2

І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде

1.1 Меншік-экономикалық категория....................................................................4

1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері.....................8

1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны..............................................................11

ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері

2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері......................13

2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні..................................................................19

2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі.......................................................................20

Қорытынды..........................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері.

Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру. Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады: -меншік экономикалық категория ретінде. - меншік түрлері, олардың қызметі. - меншік формалары мен заңдылықтары. Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек: Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар. Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды. Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1915 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен-өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады. Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық, жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық, буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қоғамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбекпен жасалған жаңа құн.

Бұл курстық жұмысымның өзектілігі: меншік - экономикалық категориясы ретінде; меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері; меншіктің экономикалық мазмұны; нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері; мемлекет иелігінен алудың мәні; жекешелендіру мәні, қызметі.

Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.

«Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді.

Меншік – бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс қатынастарының жиынтығы арқылы көрінеді.

Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде көрсетуге болады.

Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.

Меншік объектісі – табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.

Меншік формасы – ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімде меншік формаларына жеке –дара тоқталып қарастырамын.

І бөлім. Меншік – экономикалық категория ретінде