Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мемлекет тарихы

.pdf
Скачиваний:
79
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

Булгакова Д. А. Истаев А. Ж.

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы

Оқу-əдістемелік құрал

Алматы

2004

ББК 66.1+67.3я73 Б 83

Экономика жəне құқық академиясының Ғылыми Кеңесі ұсынған

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

з.ғ.д., профессор З. Ж. Кенжалиев з.ғ.д., профессор Б. Ж. Қуандықов

Б 83 Булгакова Д. А., Истаев А. Ж.

Жалпы тарих (оқу-əдістемелік құрал).— Алматы: Заң

əдебиеті, 2004.— 222 бет.

ISBN 9965-620-34-2

Оқу-əдістемелік құрал «Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы» курсының оқу бағдарламасына сəйкес дайындалған жəне Ежелгі əлемнің, орта ғасырлардың, Жаңа жəне қазіргі заманның мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің пайда болу, даму, қызмет етуінің кезектілігін сақтай отырып жазылған.

Құрал заң білімдерін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттерінің сырттай бөлімдерінің жəне заң колледждерінің студенттеріне арналған.

ББК 66.1+67.3я73

1202000000

Б 00(05)-04 © Булгакова Д. А., 2004. © Истаев А. Ж., 2004.

© Заң əдебиеті, 2004.

ISBN 9965-620-34-2

2

КІРІСПЕ

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі болып табылады. Мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым əрі тарихи, əрі заңдық болып табылады. Алайда, егер тарих ғылымы жалпы қоғамның даму жəне қызмет ету үрдісін зерттесе, мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқықты олардың пайда болу сəтінен бастап қана зерттейді.

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихының пəні болып белгілі бір хронологиялық кезектіліктегі нақты тарихи жағдайлардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы, əрі арнайы заңдылықтары табылады. Бұл пəнді зерттеуде төмендегідей əдістер қолданылады:

тарихи əдіс, мемлекет жəне құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді;

салыстырмалы — тарихи əдіс, анықталған тарихи фактілерді басқа да ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;

жүйелік-құрылымдық əдіс, элементтердің құрылымдарын, оларға тəн ішкі байланыстарды зерттеуді жəне жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды білдіреді;

статистикалық əдіс, тарихи үдерістің сандық жақтарын зерттеуде, зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тəн болған кезде қолданылады.

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоғары кəсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет жəне құқық тарихын зерттеу студенттерде мемле- кеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми əдістемелік түрде тануына мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кезкелген құбылысын олардың қалыптасу, даму алғышарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны, қалыптасу бары-

3

сында қандай кезеңдерден өткені жəне қандай бағытта дамып келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.

Бұл оқу құралы негізінен сырттай білім беру бөлімдерінің студенттеріне арналған. Мұнда негізгі төрт кезеңнің шегіндегі жекеленген елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарының хронологиялық тəртіптегі тарихы қысқаша берілген, ол кезеңдер: Ежелгі əлем, орта ғасырлар, жаңа дəуір жəне қазіргі заман.

Бұл оқу құралының шеңберінде зерттеліп отырған мемлекеттердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамтып өту мүмкін емес, сондықтан «қоғамдық құрылым», «мемлекеттік құрылым» түсініктері арқылы ашылатын мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, билік пен басқарудың орталық жəне жергілікті органдарының құрылымы, өкілеттіктері, олардың өзара қарым-қатынастары) мен «құқық» түсінігінің негізгі аспектілері (құқықтың қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, отбасылық-некелік құқық жəне мұрагерлік құқық, қылмыс пен жаза, сот процесі) қарастырылып өтті.

Бұл оқу құралын дайындауда К.И.Батыр, П.Н.Галанза, Н.А.Крашенникова сияқты ірі мемлекеттанушылардың еңбектері жəне төмендегідей əдебиеттер қолданылды: «Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы», К.И.Батырдың редакциясы (1998 ж.); «Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы» Н.А.Крашенникова мен О.А.Жидковтың редакциясы (1998 ж. 1,2 томдар); «Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы», О.А.Омельченко (1998 ж. 1,2 томдар); «Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы» З.М.Черниловский (1996 ж.); «Мемлекет жəне құқықтың тарихы» П.Н.Галанза мен Б.С.Громаковтың редакциясы (1990 ж.); «Орта ғасырлардың тарихы» Н.Ф.Колесницкийдің жалпы редакциялығымен (1980).

1, 2-тараудың В-бөлігінің 1, 2-бөлімдері жəне 2-пунктін Булгакова Д.А. дайындаған. 2-тараудың В-бөлігінің 3, 4, 5, 6- бөлімдері мен 1, 3, 4-пункттерін Истаев А.Ж. дайындаған. Түсіндірмелік сөздікті, барлық тарауларға арналған кестелерді жəне негізгі заң құжаттарының хронологиялық кестесін Истаев А.Ж. дайындады.

4

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Ежелгі Египет

Кенбет — 30 судьядан құралған Жаңа патшалық кезеңіндегі орталық сот.

Ном — əкімшілік-аумақтық бірлік.

Номарх — номның басшысы, перғауынға тəуелді лауазымды тұлға.

Патша-перғауын — Египеттегі мемлекет басшысы.

Ежелгі Вавилон

Авилум — тура мағынада «күйеу», «адам» — еркін халықтың жоғарғы тобы.

Мушкенум — еркін халықтың төменгі бөлігі.

Нубанда — жоғарғы патша шенеунігі — патша сарайын басқарушы.

Рабианум — қауымдық кеңестің басшысы. Энси — қала-мемлекеттің билеушісі.

Ежелгі Үндістан

Ахармадъякша — сот істері бойынша жоғарғы шенеунік. Веда — діни кітап.

Вишас — селолық қауымдастық.

Варна — каста — қоғамның жабық əлеуметтік бөлігі. Брахмандар варнасы — абыздар.

Кшатрийлер варнасы — əскерилер мен билеушілер. Вайшалар варнасы — жер өңдеушілер.

Шудралар варнасы — қаналушы батырақтар. Гана — төменгі аумақтық бірлік, қауымдастық..

Дхармашастра — діни-құқықтық ережелердің жиынтығы. Пурохита — патшаның басты кеңесшісі жəне абызы. Сенапати — əскер қолбасшысы.

Чандал — шудра мен брахман əйелдің некесінен туған, қоғамнан аластатылған тұлға.

5

Ежелгі Қытай

Ван — билеуші, артықшылықтарды иеленген топ. Гун — патшаның басты кеңесшісі.

Тайвэй — империяның қарулы күштерінің қолбасшысы. Чжухоу — көсем-билеуші.

Юйши дафу — бүкіл мемлекеттік аппараттың басшысы.

Ежелгі Греция

Спарта

Апелла — халық жиналысы. Базилевс (Архагеттер) — патша. Герусия — ақсақалдар кеңесі.

Илот — жаулап алынған аумақтардың бағындырылған тұрғыны.

Оба — спартиаттардың рулық бөлімшесі.

Периэк — жеке бас бостандығы бар, алайда, саяси құқықтарды иеленбеген тұрғын.

Ретра — заң актісінің атауы. Спартиат — толық құқылы азамат.

Фила — спартиаттардың ірі рулық бөлімшесі.

Эфорат — герусия мен архагеттерге бақылау жасайтын, бес адамнан құралған комиссия.

Афины

Архонт — сайланбалы лауазымды тұлға.

Архонт — эпоним — архонттар алқасын басқарушы. Архонт-базилевс — абыздық функцияларды жүзеге асырған

лауазымды тұлға.

Архонт-полемарх — əскери басшылықты жүзеге асырған архонт.

Архонт-фесмофет — сот əділдігін жүзеге асырған архонт. Ареопаг — жоғарғы сот жəне бақылаушылық орган (кеңе-

сулер өткен Арес тауының атауы бойынша). Геомор — жер өңдеуші.

Гелиэя — жоғарғы сот органы. Демиург — қолөнерші.

Демос — қолөнершілер жəне шаруалар.

6

Метэктер — Афиныда өмір сүруші шетелдіктер. Навкрарий — округ, елдің округтық бөлінісі бойынша. Остракизм — адамды мемлекеттен қуу.

Сисахфия — қарыздық құлдықты жою бойынша реформа. Фет — кедей.

Эвпатрид — Афиныдың еркін халқы.

Ежелгі Рим

Авгурлар — жануарлардың əрекеттері, табиғат құбылыстары негізінде адамдардың жүріс-тұрыстары туралы өз қорытындыларын беретін дін қызметкерлері.

Диоцез — империялық кезеңдегі ірі əкімшілік-аумақтық бірлік.

Доминат — шексіз монархия режимі. Деликт — құқықбұзушылық.

Курия — Курион басқарған, 10 рудан құрылған əскери жəне діни бірлік.

Квестор — консулдың арнайы өкілеттіктерге ие емес көмекшісі.

Конкубинат — некеден тыс бірге өмір сүру. Магистратура — басқару мен сот өндіріс органы. Төменгі магистрат — қылмыстарды тергеумен айналысты.

Патрицийлер — римдік қалалық қауымның толыққұқылы азаматтары.

Понтификтер — халықтық дəстүрлерді түсіндіруші жəне сақтаушы.

Претор — консулдың көмекшісі, лауазымды тұлға. Плебейлік трибуналар — плебейлердің мүдделерін қорға-

ған трибун.

Принцепс — өмір бойғы жəне төтенше билікке ие жоғарғы республикалық магистрат.

Префектура — диоцезамен салыстырғанда империялық кезеңдегі кішкентай əкімшілік-аумақтық бірлік.

Сенат — əртүрлі кезеңдерде Ақсақалдар кеңесі, заңшығарушы жəне кеңесуші орган.

Триба — 10 куриядан құрылған тайпа.

Фециалдар — соғыс жариялау əрекеттерін жүзеге асырды.

7

Центуриаттық комициялар — халық жиналыстарының түрі. Цензорлар — азаматтарды трибаларға, разрядтарға, центурияларға бөлу мақсатында олар үшін ценздер орнықтыратын

лауазымды тұлғалар.

Эдил — полициялық міндеттерді жүзеге асырушы лауазымды тұлға.

Франктардың мемлекеті жəне құқығы

Аллод — мұрагерлік бойынша берілетін жерге жеке меншік құқығы.

Бенефиций — жерді əскери қызметі үшін шартты түрде өмір бойғы иелену, кейін жер иелену мұрагерлікке берілетін болды, ол феод деген атқа ие болды.

Коммендация — өзін феодалдың қамқоршылығына беру. Майордом — патша сарайын басқарушы.

Маршал — атты əскердің қолбасшысы.

Министериал — патша сарайын басқарушы лауазымды тұлға. Прекарий — шаруаға белгілі бір міндеттерді орындағаны

үшін жерді пайдалануға беру. Пага — округтың атауы.

Патронат — ақсүйектердің шаруаларға қамқоршылығы. Пфальцграф — алғашқыда құлдарға қараушы, кейін патша

сотын басқарушы.

Тезаурарий — қазына мен байлықтарды сақтаушы.

Францияның мемлекеті мен құқығы

Бальяж — патша доменінің əкімшілік бірлігі, оны балья басқаратын.

Вилландар — жеке бас бостандыққа ие, өз парцеллаларын сатуға құқығы бар шаруалар, олар феодалдық міндеттерден босатылды.

Домен — патша иеліктері.

Канцлер — басқа лауазымды тұлғалардың жұмысын бақылап отырған лауазымды тұлға.

Коннетабль — патша əскерінің қолбасышысы. Кутюмдар — əдет-ғұрыптар.

8

Камерарий — патша қазынасын басқарушы. Легисттер — рим құқығын білетін заңгерлер.

Сюзеренитет — вассалитет қатынастары — сеньор мен вассалдың арасында қалыптасқан қатынастар (қожайын — құл сипатындағы).

Ордонанс, эдикт — патша билігінің актілері.

Парцелла — шаруалардың иелігіндегі немесе пайдалануындағы қожайын жерінің бөлігі.

Превотаж — прево басқаратын округтар, олар патша доменін құрады.

Палатиндар — патша кеңесшілері.

Сервалар — жеке жəне мұрагерлік тəуелді шарулар (жағдайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсады).

Цензива — мұрагерлік жер үлесі. Цензитарий — цензиваның иесі.

Англияның мемлекеті мен құқығы

Ассиздер — патшаның нормативтік актілері.

Витанагемот (Уитанагемот) — Кемеңгерлер кеңесі, ертефеодалдық монархия кезеңіндегі атқарушы орган.

Джентри — ұсақ жəне орта феодалдардан құралған жаңа дворяндар (жағдайы бойынша буржуазияға ұқсас болып келді).

Керлдар — шаруалар-қауым мүшелері.

Камерарий — мүлік пен қаржы үшін жауап беретін лауазымды тұлға.

Капеллан — патша кеңсесін меңгеруші.

Копигольдерлер — басыбайлы шаруалардың ұрпақтары, ақшалай жəне заттай сипаттағы міндеттерді иеленді.

Лэттер — бағындырылған кельт тайпаларының жартылай тəуелді халқы.

Маршал — атты əскердің қолбасшысы. Мисдиминор — теріс қылық.

«Жалпы құқық» — Вестминстерлік патша соттарының сот тəжірибесінен туындаған құқық.

«Əділдік құқығы» — канцлерлік сот қызметінің нəтижесінде туындаған сот.

Тэндар — қызмет етуші ақсүйектер.

9

Тризна — мемлекетке немесе патшаға сатқындық (аса ауыр қылмыс).

Фригольдерлер — жерлердің еркін иелері. Фелония — ауыр қылмыс.

Эрлдар— ағылшын-саксондардыңрулық-тайпалықақсүйектері. Юстициарий — патшаның көмекшісі.

Ортағасырлық Германияның мемлекеті жəне құқығы

Курфюрст — ірі князь.

Рейхстаг — империялық сейм, өкілдік орган.

Чиншевик — ол үшін чинш (оброк) төлейтін бөтен жерді пайдаланушы.

Византия

Квестор — Мемлекеттік Кеңестің төрағасы.

Консисторий — Мемлекеттік кеңес, мемлекеттік басқарудың орталық органы.

Колонат — белгілі бір салықтарды төлегені үшін жəне міндеттерді атқарғаны үшін шартты жер пайдалану жүйесі.

Колон — өзінің жер учаскесі бар жер өңдеуші.

Преторий префекті — Византияның екі бөлігінің бірінің билеушісі.

Протовестиарий — лауазымды тұлғалардың бірі, сарай қызметкерлері туралы істерді қарастыратын.

Параталассит — саудагерлер мен кеме иелеріне қатысты сот функцияларын атқаратын қаржылық ведомство шенеунігі.

Сенаторлар — ірі жер иеленушілер.

Болгарияның мемлекеті жəне құқығы

Ұлы логофет — болгар патшасының бірінші министрі. Дука — облыс басшысы.

Отроктар — басыбайлы шаруалардың төменгі санаты. Париктар — феодалдарға жеке тəуелді шаруалар (жағдайы

бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді). Протовестиарий — қаржы министрі.

10