Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_baza_1.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз

Жанат сапарға шығар алдында төлқұжатын ... . А) ұмытып кете жаздады

2. Сөйлемді аяқтаңыз.

Азиадаға бөлінген қаражат жуық арада кеткен шығынның орнын .... А) толтыра алмайтын көрінеді

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Оған бар құпиясын .... С) жайып салды

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Үйіңе барып, қалың ... кел. В) киініп

5. Асты сызылған тіркеске қарама-қарсы мәнді тіркесті көрсетіңіз.

Жасы үлкен кісінің алдында беті бүлк етпеді.

А) бет пердесін ашты

В) беті жұмсарды

С) беті ду ете түсті

Д) беті бері қарады

Е) беті қызарып кетті

6. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Көшірмешілер немен шұғылданған?

А) кітаптарды көшірумен, данасын көбейтумен

Әлемнің ең ірі кітапханалары.

Адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалар саналатын әйгілі Александрия кітапханасы мен қазақ жерінде болған Отырар кітапханасы – заманында әлемдік өркениеттің дамуына теңдессіз ұлес қосқан кешенді білім ордалары. Алайда бұл екеуінің де өмрі бүгінгі таңға жетпей, тарихтың бір қойнауымен шектеледі.

Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында ІІ Птолемей қалаған, қорында бес мың том кітап болған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх, Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар жүз мыңнан жеті жүз мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын шығармалар құрағанмен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып, данасын көбейтіп отырған. Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогі жасалынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып тұрған.

Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы. Бұл кітапхананың қоры өте бай болған. Отырар – біздің ұлы бабамыз Әбу насыр әл-Фарабидің отаны. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрімен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирусорама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.

2001 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек жолының батыс пен шығыс әлемдері тоғысар тұсында ғылым мен мәдениет орталығына айналған көне шаһардың бүгінгі орнын шетелдік қонақтар үшін туризм орнына айналдыру көзделіп отыр. Әйгілі Отыраркітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер екені баршаға аян.

7. Қажетті сөзді қойыңыз.

Қап! Іздеп келген адамымыз жоқ екен,.... келіппіз. A) бекер

8. «Қарға адым» деген тіркес қандай ұғымға тән?

С) қашықтық

9. Асты сызылған тіркестің сәйкес мағынасын табыңыз.

Бата беру – қазақ халқының ең бір тамаша дәстүрі. Е) жақсылық, оң тілек тілеу

10. Дұрыс жауабын табыңыз.

Жарысқа келгендер ... бөлініп күш сынасты. B) үш-үштен

11. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

.... – қазаққа тән ерекше өнер. А) айтыс

12. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Егер бұл туралы «Хабар» арнасынан айтпаса,... Е) онда халық дұрыс түсінбей қалады

13. Асты сызылған сөзді мәндес сөздермен алмастырыңыз.

Ауыл әкімі ауданға ақпаратты факспен жіберді. Е) факс арқылы

14. Сөйлемді аяқтаңыз.

Туристер тарихи ескерткіштерді.... А) аралап келе жатыр

15. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Апта соңында «Жеті күннің» басты жаңалықтарымен ... ғаламтордағы жаңалықтарымен де танысамын. С) қоса

16. Сөйлемді аяқтаңыз.

Елімізде қарапайым халықтың тұрмысы түзеліп, жағдайы .... А) оңалып келе жатыр

17. Елтану мағынасындағы мысалды табыңыз. А) Қазақ халқы үшін қымыздың орны ерекше.

18. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны тандаңыз

A) Мемлекетімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей дамып келеді.

Туризм – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік – қоғамдық өмірінде ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай – ақ, сыртқы сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Халқымыздың әл – ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.

Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Тедедидар жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. Ол достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған «Саяхатшы» туристік фирмасының бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. «Саяхатшы» туристік фирмасы Абай даңғылының бойында орналысқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен ғимараттар өте көп. Солардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр. Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен. Ерсін көп қиналмастан «Саяхатшы» фирмасының кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. «Саяхатшы» туристік фирмасы да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімет берді. Туристік фирмалардың жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға баруына болады.

Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді. Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл – атына заты сай жер. Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы ормандары көрген адамды таңдандырады. Көкшетаудың солтүстік батысында «Алтын тоғай» атты туристік база бар. «Бурабайға» баратын жол орманның арасынан өтеді. Жлдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы ормандар, күміс күлкісімен сылдырап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын алады. «Бурабай» - минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ. Көкшетаудың әсем табиғаты - барша қазақстандықтардың мақтанышы. Оның жұпар ауасы – дертке дауа.

Ерсін отбасы мүшелеріне, әсіресе, ұлы мен қызына отанымыздың көрікті аймағы Көкшені көрсеткісі келді. Өйткені ол балаларының өз елінің нағыз патриоты болып өскенін қалайды.

Туристік сапарларға ұшақпен барған тиімді. Ерсін отбасымен Бурабайға ұшақпен баратын болды.

19. Қимылды басқаға орындатқан іс-әрекетті көрсетіңіз. В) Қызметкер сапарға заттарын дайындатқызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]