Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 10. Тақырыбы:III-XI ғасырлардағы Қытай.

1.III-VI ғғ Қытайдың қоғамдық құрылысы.

2.Суй және Тань империясы кезіндегі Қытай.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Вей мемлекеті (220-265 жж) –Солтүстік Қытайдың алкен бөлігі батысында Дуньхуаннан шығысында Ляодунға дейін ,оңтүстігінде Хуанхе мен Янцзы өзендері аралығында ;

Шу мемлекеті (221-263 жж) –Сыйчуань, Гансу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары; Юньнани мен Гуйчжоу алкен бөлігі және Гуансидың батысы

У мемлекеті (222-280 жж)-бұрынғы Хань империясының оңтүстік-батысында өмір сүрді.

Вей патшалығының орнында 265 жылы Цзинь империясы құрылды да Шу патшалығын қосып алды, ал 280 жылы У мемлекетін бағындырды.Цзинь мемлекетінің негізін салушы Сыма Янь елде реформалар жүргізді.

IV ғасыр басында солтүстік тайпалар бірінен соң бірі Солтүстік Қытайға шабуыл жасаудың нәтижесінде Цзинь мемлекеті құлап, оның орнына Қытайда оңтүстік және солтүстік патшалықтар құрылды.

2. III – VIII ғасырлардағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму,қоғамдық құрылысы.

IV ғасырдан бастап Қытай территориясына солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы жиіледі.Көшпелі монғол-түрік тайпалары Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті.Бұл Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті.Бұл шабуылдар Қытай шаруашылығына үлкен зиян әкелді.Суғару құрылымдары қирап ,түгелдей деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап қалды.ең алғашқы шабуыл жасағандар ғұндар болды.Олар 311 жылы Лоянды,316 жылы Чананьды алды да Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып, мемлкеттің аты да Шығыс Цзинь (317-420 жж) деп аталды.Ғұндардан кейін Қытайға сяньби,цян, цзе, ди тағы басқа тайпаларышабуыл жасады.Шабуылдар нәтижесінде Қытай әбден әлсіреп көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. IV ғасырдың соңы солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби тайпаларының көсемі Тоба Гуй Хуанхэ бассейнінің территориясында Солтүстік Вей (386-534 жж) мемлекетінің негізін қалады.Тоба әулетінің өкілдері барлық қарсыластарын жеңіп, күшті ішкі-сыртқы саясат жүргізе бастады.Ішкі саясатта қытайландыру саясатын жүргізді. IV -V ғасыр басында астаналық әкімшілікте 2 пайыз қытайлықтар болса, 423-452 жылдары оның саны 25 пайызға өсті. Императордың өзі фамилиясын Тобадан Юанға өткіздітек қытайша киінуді ,тек қытайша сөйлесуді енгізді. VIII VII VIII VIII IX X

Лекция 11. Тақырыбы : 3-10 ғасырлардағы Корея.

Жоспар:

1.Үш мемлекет кезіндегі Корея.

2.Корей мемлекеттері арасындағы күрес және олардың қытаймен ,Жапониямен қарым-қатынасы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

1.Үш мемлекет кезіндегі Корея.

Корей түбегінің географиялық жағдайы, құнарлы топырағы, өсімдіктер дүниесімен жануарлар әлемінің байлығы ертеден-ақ Азия құрлығы мен Тынық мұхит аралдарының тұрғындарның назарын өзіне аударды.сондықтан корей халқының этникалық түр-тұлғасының қалыптасуында тунгус-манчжур және полинезиялық элементтерінің ықпалы басым болды.Сонау неолит кезінен-а корей халқының ата-бабалары корей түбегі оған жапсарлас жатқан Оңтүстік Маньчжурия (қазіргі Солтүстік-шығыс Қытайдың оңтүстік аудандары) аудандарын қоныстана бастады.Кореядағы алғашқы мемлекеттің пайда болуы өндіргіш күштердің дамуының прогресімен байланысты болды.Кореядағы алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы, таптық қоғамның қалыптасуы, өндіргіш күштердің дамуы прогресімен байланысты болды.кореядағы алғашқы мемлекеттің пайда болуы кезеңі және оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы мәселе тарих ғылымында талас тудыратын мәселе.Деректерде корей түбегінің территориясын әр-түрлі тайпалар одағы қоныстанғандығы айтылады.Солтүстікте когуре, емэк, окчо тайпалары, оңтүстігін-(Ханган өзенінен оңтүстікке қарай)хан тайпалары мекендеді.Хан тайпалары үшке бөлінді: махан, чинхан, пенхан.Түбектің тұрғындары үй жануарларын өсірді,аң шаруашылығымен ,балық шаруашылығымен айналысты.Ал, негізгі шаруашылығы егіншілік болды.Өндіргіш күштердің дамуы феодалдық қатынастардың дамуына жағдай жасады,бірақ бұл процесс біркелкі жүрген жоқ ,таптық бөліну Амноккан өзені бассейінін мекендеуші солтүстіктегі когуре тайпаларында тезірек дамыды.Тайпа арасынан тайпа билігін бағындырған бай ақсүйектер бөлініп шыға бастады.олар өз орталықтарфнан әскери көсемді таңдап,ол жиналыста қылмыстық істерді талқылап ,тайпа мүшелерін көршілерге қарсы тонаушылық соғыстарда басқарды.

Окчо ,емэк тайпалары когурэ тайпаларына тәуелді болып, алым-салық төлеп, құл беріп отырған.оңтүстікте таптық қоғамның қалыптасу процесі кеш беріп отырды.Оңтүстікте таптық қоғамның қалыптасу процесі кеш жүрді.Хан тайпаралары 78 ру-тайпалық қауымнан тұрып,қытай деректерінде оларды промемлекеттер деп атады.

Когурэ тайпаларында мемлекетті басқару ертеректен пайда болды.Бұрынғы әскери-көсем ван атымен (король) ұйымдастырған мемлекеттің басына отырды,ру аристократиясы әскери-чиновниктік ақсүйектерге айналды.корей жазбаларында жеке меншікті қорғауға арналған заңдар жинағы туралы айтылады.Сол заңға :ұрлқ үшін ұрланған нәрсенің 12 есесн ,ал біреудің малына зиян келтірсе,кінәлі құлға айналдырғане жағдай да болды.

Когуре мемлекетінің құрылған кезі туралы зерттеушілердің пікірі әр-түрлі.Бірақ 4 ғасырдың соңы мен 5 ғасырда Когуре түгел Корей түбегі мен көрші Ляодун түбегін қамтыған күшті мемлекет болды.Корей түбегінің оңтүстігінде мемлекеттің құрылуын анағұрлым дамыған күшті тайпалардың ұсақ тайпаларды бағындыруы нәтижелерерінде жүрді.

Пэкче тайпалары 3-4 ғасырларда алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде түбектің оңтүстік-шығысындағы тайпаларда Силла мемлекеті құрылды.Бұл мемлекеттің негізін Саро қауымы құрады, ол біртіндеп Нактонган өзені бассейініндегі тайпаларға өз билігін жүргізілді.

Сонымен 4 ғасыда Корей түбегінде Когуре,Пэкче және Силла мемлекеттері өмір сүрді және олардың арасында билік үшін аяусыз күрес басталды.Бұл мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар ұзақ уақыт корей тарихнамасында талас-тартыс тудырып келеді.кейін корей тарихшылары бұл 3 мемлекетті құлиеленуші құрылыстың белгілеріне қарамастан негізінен феодалдық меншіктігін орнатып,жериеленуші феодалдардың тәуелді шаруаларды қанауына жағдай жасады.Шаруалар қауымы түгелдей жаулап алушы мемлекеттердің меншігі ретінде салық төлеуге ,міндеткерлік өтеуге мемлекеттердің меншігі ретінде салық төлеуге ,міндеткерлік өтеуге мәжбүр болды.Құлдар өндірісте баста рөл атқарған жоқ.Осы кезеңде құлдардың құқықтық жағдайы згерді.Мысалы, 6 ғасырдың басында силла мемлекетінде ванның (корольдің) көму рәсімінде 10 қлды өлтіру салты жойылды.858 жылы Силла әскербасы Садахам көрші тайпаларды бағындырғаны үшін 200 тұтқын сыйға алды, бірақ құлға айналдырмай егіншілер ретінде бостандыққа жіберді.Өздерінің билігін нығайту үшін ақсүйектер Қытайдан тек мемлекетті ұйымдастыруда ғана емес, идеологияны да енгізді.Корей мемлекетінің билеушілері Қытайдан конфуцишылдықты енгізді.Чиновниктерді мемлекеттік қызметке даярлау мемлекеттің арнайы конфуцилік оқу орындарында жүргізілді.

Қытайдан корей мемлекетіне феодалдық құрылыстың орнауына үлкен ықпал еткен буддизм еді.Когуреге алғаш будда монахтары 372 жылы келді.Пхеньяннің королінің ұсынысымен оның астанасы Оңтүстік Қытайдан будда монахтары келді.Силла мемлекетіне буддиза Когуреден 6 ғасырдың 1-жартысынан бастап ене бастады.силланың астанасы –Кымсан (қазіргі Кендсу) рі қалаға айналды.