Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 14. Тақырыбы:X-XV ғасырлардағы Жапония.

1.Сегунаттық жүйе.

2.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Астана ретінде Камакура қаласы таңдап алынды. Миноиото Еримото ерекше титул се гун (яғни әскери басшы) деген ат алды.Ол басқарумен бақылаудың өзіндік жеке аппаратын құрды.Дзито-жер иеліктерін басқарушы, Сюго –провинциялардың әскери губернаторларын тағайындайды.Бұл әскери-әкімшілік жүйені импетатор сарай із-жүзінде тек 1185 жылы мойындалды.

Дзитоның қызметі:

  • сеэн иелігі үшін салық жинады.

  • Қылмысты соттауға және жазалауға құқығы болды.

  • Иеліктің әкімшілігін басқарды және чиновниктерді тағайындауға құқығы болды.

  • Сеэндегі барлық жұмыстарға жауапты болды.

Сегонның қызметтері:

  • Қарулық қызметі үшін әскер жинау және әскери қимылдар кезінде әскер жинау.

  • Првинциялардағы тәртіпті сақтау ,қажет жағдайда қылмыскерді тұтқындау.

Алғашқы сегундар автократиялық саясат ұстанды.алғашқы се гун Минимото Еримото өлімінен соң және оның мұрагерлері Еринэ мен Санэтомодан соң би лікті олардың туысқаны Ходзе әулеті тартып алды. Олар “сиккен” титулымен ел басқарды.Сиккен тұсында жергілікті феодал дар арасында қарама-қайшылықтар болғанымен ,билеушінің диктатурасы айқын көрінді,жоғарғы вассалдардың кеңесі пайда болды, вассалдарды гокэнин деп. атады,Камакур сегунаты 1333 жылға дейін өмір сүрді.

3.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы.

Жапония тарихында 1336-1573 жылдары Асикага сегунаты өмір сүрді.Жапониядағы биліктің Асикага әулетіне өтісімен елде өзара соғыс басталды.Биліктен үміткер император Гадаймо тауға қашып барып, Псино деген жерде оңтүстік сарайдың негізін салды.Ал Асикага әулеті Киотодағы імператор тағына Комені отырғызып, Солтүстік сарайды басқарды.Екі патшалық екі әулет бір орталыққа Киоттаға біріккенге 1392 жылға дейін сақталды.

Асикага сегунаты кезінде орталық мемлекеттік аппарат өмір сүргенімен,үкімет Сиба, Хосокава , Хатакэяма және тағы басқа ірі феодалдардың бақылауында болды.

Лекция 15.

Тақырыбы:Монғолдар мен монғол шапқыншылықтары.

1.Монғол тайпаларының тұрмысы мен әлеуметтік құрылысы.

2.Шыңғыс ханның монғол татар тайпаларын біріктіруі және жаулап алу жорықтары.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Ежелгі монғолдар Монғолдардың шығу тегі жөніндегі әңгіме адамзаттық түпкі ортақ бастаудан басталып, ал саралануы олардың өз алдына жеке халық бо¬лып танылуынан өріс тартпақ. Бірақ, өкініш¬ке қарай, жазба дерекке жадыланған арғы-бер¬гі зерттеушілер бұл халықтың көне тарихына қатысты зерттеу аясын тек орта ғасырмен шектеп, олардың оған дейінгі ғасырлар бойы өздерінің жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келген ежелгі төл шежіре-тарихының дерегіне лайықты мән бермей, назардан тыс қалдырып келді. Соның салдарынан болар, мұңғұлдардың ежелгі тарихы тек кешегі ХІІІ ғасырдағы Моңғол империясының тарихы негізінде ғана қарастырылып жүр. Соған байланысты деректік мәліметі Шыңғыс ханның ата тегінің жаратылуынан басталып, кейінгі Моңғол империясына қатысты мағлұматтармен шектелетін “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Алтан тобчи”, “Ердэнийн тобчи”, “Шара туджи”, “Цаган түүхэ” сияқты шығар¬ма¬лар мен шетелдік миссионерлердің, саяхат¬шы¬лардың, елшілердің, саудагерлердің әр кезеңде қалдырған жазбалары халықтың шығу тегі жөніндегі бірден-бір негізгі дереккөз ретінде қабылданып, түйінді тұжырым солар арқылы ғана жасалынды. Алайда мұндай деректерді негіз ету арқылы мұңғұлдардың шығу тегін анықтау, тіпті, мүмкін емес-тін. Өйткені аталған жазбалардың бірде-біреуінде ежелгі мұңғұлдар жөнінде, олардың шығу тегі жөнінде нақты айтылған ешқандай дерек жоқ болатын. Ал бұған, керісінше, мұңғұлдар¬дың шығу тегіне қатысты өз мүмкіндігіне қа¬рай азды-көпті мағлұмат беретін еңбектердің де¬ректері ескерусіз қалдырылып, олардың тек кейін¬гі моңғол халықтары жөніндегі мәлімет¬тері ғана ғылыми айналымға түсіп, жан-жақты зерттелінді. Мысалы, сондай еңбектердің бірі және бірегейі — Рашид ад-Диннің (1247-1318 ж.ж.) әйгілі “Жылнамалар жинағының” (“Жами` ат-тауарихтың”) моңғол халықтары жө¬ніндегі деректерінің құндылығы ғылыми ортада аса жоғары бағаланғанымен, оның мұң¬ғұлдардың шығу тегіне қатысты дерегі ғылыми тұрғыдан талданбай, ескерусіз қалдырылды. Дұрысында, бұл ауызша тарихтың құнды дерегін хатқа түсіріп, бір жүйеге келтірген теңдесі жоқ, әлемдегі алғашқы еңбек болатын. Жылнаманың авторы Рашид ад-Дин Фазлул¬лах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моң¬ғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің автор¬лы¬ғы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, “Жылнамалар жинағы” (1300-1310 ж.ж.) – ұжым¬дық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан бөгде жұртты жаулап алып, со¬ған билік жүргізіп тұр¬ғанымен, өздерінің соларға сіңісіп, жұтылып бара жатқанын көріп, тілінен, дінінен, ата-ба¬баның салт-дәстүрінен айы¬рылып, парсылана бастаған мұңғұлдың кейінгі ұрпағы өздерінің шыққан тегін таймай танып, төл тарихын барынша біліп өссін деген игі ниетпен ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдесі жоқ даңғайыр шежірешісі Болат-чансан бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған. Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне қатысты: “Все монголы, племена тюрков и все кочев¬ники (букв.; обитатели степей) происходить от его (Абулджа-хана. Қ.С.) рода” (Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.І. Кн.І. М.-Л. 1952. стр. 80),– деп, ақ қағазға қара сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы “Абулджа-хан” деп отырғаны бүкіл түрк халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы Йафет. Даланың ауызша тарихының хатқа түскен осы дерегін бүгінгі жазба тарих¬тың дерек беру стиліне көшірсек, онда бұл “барлық моңғолдардың да, түрік тайпаларының да және барлық дала тұрғындарының да шыққан тегі бір, бәрі бір халық – түріктер” дегенді білдіреді. Осылай деп және өзге емес, бастау тегіне бүгін¬гі¬лерден әлдеқайда жақын тұрған моңғолдардың өздері бұдан жеті ғасыр, яғни 700 жыл бұрын жазып, қалдырып отыр. Бұл деректі және олар¬дың көктен алмағаны, ойдан шығармағаны, ата-бабаларының жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген шежіре-тарихтың дерегіне сүйеніп айтып отырғаны хақ. Сондықтан бұған әдет¬тегідей “ауызша тарих” деп мұрын шүйі¬ру¬дің еш реті жоқ. Оның үстіне далалықтардың басқаны жаңылыстырса да, өздерінің шыққан тегін еш¬қашан шатастырмайтыны тағы шындық. Мұның солай екенін ежелгі мұңғұл тайпаларының шығу тегінің проблемалары мен этностық тарихын ұзақ жылдар бойы зерттеген орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторованың: “Для монголов того времени было характерно стремление сохранить в памяти потомков деяния предков, заботливое отношение к родовым связям и традициям. Знатоки генеологий, как известно, досконально изу¬чившие все родственные связи своих фа¬милий и их ответвлений на многие поколения, бережно передавали эти знания детям. Именно поэтому родословные книги имеют значение первоисточника” (Викторова Л.Л. Монголы: проис¬хождение народа и истоки культуры. М. 1980. стр. 11), – деп, әділ көрсетуі де құптай түседі.