Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 20. Тақырыбы: X-XV ғасырлардағы Үндістан.

1.Дели сұлтандығының құлдырауы.

2.Виджаянгар мен Бахмани.

Дели сұлатандығы өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқанда ,Деканда екі мемлекет пайда болды.Бірі Деканның солтүстік бөлігінде мұсылман әулетінің билеушісінің атымен аталған Бахмани мемлекеті болса, екіншісі Тунгабхадр өзенінің қасындағы астанасының атымен аталған -Виджаянгар мемлекеті болды.Бұл індус билеушісінің билігінде болды.Бахмани мемлекетін М.Тоғалаққа қарсы көтерілген Дели сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды.Мемлекет басына Ірі жергілікті иктадар-Алау-ад-дин Бахманиді шах титутылымен отырғызды.Феодалдық тәртіп бұрынғы Дели сұлтандығындай жүйеде қалыптасты.Бахмани шахтары өз феодалдарына алкен билігі болды.мұндай би лікті Дели сұлтандары ең гүлденген кезде де ие болмаған еді.Бахмани мемлекетінде 1489-1492 жылдары орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл болып, олардың өмір сүру үрдісі туралы көп деректер қалдырды.Мұхаммед шах (1463-1482жж) тұсында оның кошті бас уәзірі Махмуд Гаван декандық феодалдардың кірісінің бір бөлігін Альп қояды.Ол облыстарды тарафдарлармен (бұрынғы наместниктер) тартып алды, өз жақтастарына бөліп берді.Гаван тарафдарлардан кірістің бір бөлігін қазынаға беруін, әскер ұстауын талап етті, Виджаянагарға шабуыл жасап, бай Гоа портын тартып алды.Гаван феодалдардың талабымен шахтың келісімімен өлім жазасына кесілді.Махмуд Гаван өлімінен соң мемлекет тез ыдырай бастады.

Лекция 21. Тақырыбы: XI-XV ғасырлардағы Туркия.

1.Осман бейлігінің құрылуы.

2.Осман-түріктердің Балкан түбегін жаулап алуы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

1.Туркияның орта ғасырлық тарихын селжұқтық және османдық деп. екі кезеңге бөлуге болады.Ал бұл екі кезеңді жалғасытырып тұрған кезең “бейлік кезең” / XIII ғасырдың екінші жартысымен XV ғасырдың басы/ деп. аталады.”Бейлік дәуірінде” монгол гапқыншылығы және анатолияға түріктердің II қоныс аударуына байланысты маңызды саяси және этникалық өзгерістер болды.1243 жылы Кіші Азиялық селжұқтардың монғолдардан жеңілуі,олардың мемлекетінің екіге бөлінкіне әкеп соқты.

Анатолия территориясы Қызыл-Ирмак өзенінен шығысқа қарай Хулагидтер мемлекетіне қосылды.Кіші Азиялық селжұқтар монгол хандарына вассалдық тәуелділігін мойындай отырып, ресми түрде Анатолияның батысы мен Орталық Азияның алкен бөлігіне өз билі гін сақтап қалды.Шын мәнінде олардың иеліктері монғолдықтарға да Кони билеушілеріне де тәуелсіз бірқатар әмірліктерге бөліне бастады.Жаңа саяси бірлестіктердің қалыптасу процесі негізінен көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар қоныстанған Кіші Азияның шекаралық аудандарында жерді.

XIII ғасырдың жартысымен XIV ғасырдың I –жартысында Батыс және Орталық Анатолияда 20-жуық княздіктер пайда болды.Солардың бірі Вифинияда /Кіші Азияның солтүстік-батысында/орналасқан және алғашқы тәуелсіз билеушісі Осман бейдің XIII ғасырдың бір інші жартысында Османның әкесі Эртогрул негіздеген шекарасындағы Эскишехир ауданында ұйымдастырылды.1300 жылдан бастап ,Осман селжуктар билігінен түбегейлі босап шығып, өз иелігін кеңейтуді мақса етіп қойды.

Осман Бейлісі басқа княздіктерден территориясы жағынан да әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі жағынан да төмен болды.Көрші княздіктер алғашқыда осандықтардың табыстарына баса назар аудармады. Осман княздігінің өсуіне маңызды фактор Византиямен көршілігі болды.Осан билеушілері Кіші Азиядағы әлсіреген Византия иеліктеріне шабуыл жасап, шекарасын маңызды мөшерде кеңейтті.Еі Ірі Бруса бекінісі Османның баласт Орхон тұсында /1324-1362 жж/жаулап алынып, Осман бейлігінің астанасына айналды.одан соң византиялық келесі Ірі қалалар Никея және Никомедия тартып алынды.

2.1354 жылы Османдық түріктер Балкан түбегін жаулап алуға Крісті .Европада алғаш рет Галлиополь қаласын басып алды.бұл кезде Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді.Орхоннан кейін I Мұрат /1359-1389жж/ сұлтан деп. танылды.Ол Баланда Адриинопольді, Фракияны,Филиппольді ,Марица өзенінің алқабын басып Альп, тез қарқынмен батысқа жылжи берді.Оман түріктердің астанасын I Мұрат сұлтан Адрианопольге ауыстырып, ол қаланы Эдерне деп. атай бастады.1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасады.Шешуші шайқас Косова маңында өтіп, 20 мың серб әскері 30 мыңдық торік әскерінен жеңіліс табады. Милош Облич деген серб жауынгері сұлтанның шатырына кіріп, I Мұратты қапыда өлтіреді.Енді Европаға қауіп төне бастады.Рим папасының көмегімен түріктерге қарсы бірнеше крест жорықтары ұйымдатырылды, бірақ барлығы сәтсіз аяқталды. I Мұраттың баласт Баязид сұлтан /1389-1402жж/ Болгарияны, Македонияны бағындырды.Енді Фессалоникиді Альп,Константинопольдің берілуін талап ете бастады