Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 3. Тақырыбы:Ирандағы Сасанидтер мемлекеті.

Жоспар:

1.Хасров 1 Аношорван реформалары,сыртқы саясаты.

2.Арабтардың басып кіру, Санидтер мемлекетінің құлауы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Хасров I Анашорван реформалары,сыртқы саясаты.

Маздакиттер қозғалысын басқаннан кейін және әкесінің өлімінен кейін Хасров I Анашорван (531-579 жж) билікке кеді.ол елде бірқатар реформалар жүргізді.

  • Жер-салық жүйесін түгелдей байта құрды.

  • Сауданың дамуына жадай жасады.

  • Құрылыс жұмыстарына баса назар аударды.

  • Білім мен ғылымның дамуына жадай жасады.

Сыртқы саясатында көрші халықтармен кескілескен күрес жүргізді.532 жылы Византия императоры I Юстианмен “мәңгілік келісім” жасаған болатын.Бірақ Византияның күшейіп кетуінен қорқып, келісімді бұзады.540 жылы сирияға шабуыл жасап, Антиохияны тонап, өртеудің нәтижесінде орнында тек күлі ғана қалады.соғыс одан әрі Закавказьке мен Месопотамияда жалғасты, үзілістермен 562 жылға дейін созылып, келісіммен аяқталды.570 жылы Хасров I Анашорван

Иеменді жаулап алды.Бұд Византия мен Иран арасындағы 20 жылдық соғыстың басталуына әкеліп соқыт.Бұл соғыс тек Хасров өлісінен соң, оның балалары тұсында аяқталды.Шығысында Хасров Орта Азиядағы Қосөзен аралығындағы көшпелі торік тайпаларымен күрес жүргізді.

Арабтардың басып Кіру,Сасанидтер мемлекетінің құлауы.

Хасров I Анашорван билігінен кейін Сасанидтер билігі құлдырай бастады.Феодалдармен ақсүйектер орталыққа бағынудан бас тартып, көтерілістерге шыға бастады.Ең ірі феодалдық көтеріліс 590 жылғы Бахрам Бобин көтерілісі.Шах Хасров II (590-628 жж) Византия императорынан көмек сұрауға мәжбүр болды.591 жылы Иран мен Византия арасындағы келісім бойынша:Византияға Закавказьенің шегаралық бөлігі берілді.VI ғасыр аяғы мен VII ғасыр басында иран халқының жағдайы әбден нашарлады.Сасанидтер ішкі қарама-қайшалықтардың жауабын сыртқы жаулап алу жорықтарынан іздеді. 602 жылы Византиямен соғыс басталып, алғашқы Хасров II маңызды табыстарға жетті.613-620жылдары ол Сирияны,Палестинаны,Египетті жаулап алды.623 жылы Византия императорының өзі келеді.628 жылы византиялықтар Ктесифон Жанна келіп, Сасанидтер астанасына қауіп төндірді.Бұны пайдаланған ақсүйектер қастандық ұйымдастырды.Хасров II баласт ақсүйектер қолдауымен әкесіне қарсы шығып, он тұтқындап,өлтіруге бұйрық береді.Византиямен келісім жасалды: византиялықтар бұрынғы барлық иеліктерін қайтарып алды.

Византиямен соғыстан әбден әлсіреген және ішкі феодалдық бытыраңқылықты басынан өткізіп жатқан Иран VII ғасыр ортасында өте әлсіз болды.Соңғы сасанид шахы Изергед (632-652 жж)елде ешқандай абыройға ие болмады.Осы уақытта араб тар кошті әскери мемлекетке бірігіп, Иранға жабуыл жасап, 642 жылы қиындықсыз басып алды,Иран шахы иездгерд шығыс облыстарға қашып кетті,мертве торік князі қолынан 652 жылы қайтыс болды.