Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 8. Тақырыбы:Жапонияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы

1.7 –10 ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік – эканомикалық дамуы сыртқы саясаты

2.3-4 ғ.ғ. Жапоияның әлеуметтік эканомикалық дамуы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

VII –X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы,сыртқы саясаты.

Белсенді сыртқы саясат қарастырып отырған кезеңнің тек бас кезінде ғана жүгізілді.663 жылы Кореяның ішкі істеріне араласу жеңіліспен аяқталды.Аралға Қытай шапқыншылығының қаупі төніп, жапондар жағалауда бекіністер сала бастады.Астана 667 жылы Нанива портынан елдің ішкі Оми ауданына көшірілді.653,654,659,665 жылдары Қытайға арнайы елшілер жіберілді.668 жылы імператор тэндзи (бұрынғы принц Наканоэ) тұсындағы алғашқы заң кодексі “Омире” кодексінің жарық көрумен және 670 жылы алғашқы бүкіл ел көлемінде тұрғындардың санағының жүргізілгенінен орталықтанған мемлекеттің негіді қаланды.

Ерте ортағасырдағы Жапониядағы жер иелену екі формада мемлекеттік үлестік жүйеде және ірі жеке феодалдық вотчина (Ірі жер иелеріне рулық мұра есебінде берілген иелік) негізінде (сеэн) берілді.Үлестік жүйені ресми түрде енгізу VIII ғасырға жатады.осы кезде 702 жылғы “Тайхоре” кодекс інде ерте феодалдық аграрлық құрылымдардың негізгі принцптері заң жүзінде бекітілді.Әрбір шаруа жерді отбасы мүшелерінің санына қарай 6 жастан асқан баланың есебіне қарай алды.Ер адамның үлесінің мөлшері 2 тан (1 тан –0,12 га )болды.Ал әйелдерге 2/3 берілді.Әр 6 жыл сайын отбасы мүшелерінің өзгеруіне байланысты жер байта бөлініп отырды.Үлестік жері бар шаруалар мемлекетке дән салығын және қолөнер бұйымдарының салығын төлеуге мәжбүр болды.азық-түлік рентасынан бөлек шаруалар барщиналық міндеткерлік өтеді.Шарулардың үлестік жерден кетуі немесе одан бас тартуға тыйым салынды.үлестік шаруалар “Тайхере”кодексі бойынша “қайырымды адамдар” деп. аталды,ал құлдар “төменгі адамдар” деп. аталды.Сонымен ерте феодалдық заң бойынша құлдық сақталып қалды.Құл иелену қосымша жер иеленуге мүмкіндік берді,мемлекеттік құлдарға азат адамға берілетін жер үлесімен бірдей үлес берілсе ,ал жеке тұлғалардың құлдарына азат шаруа үлесінің 1/3бөлігі берілді.Ақсүйектердің құлдары өте көп болды да ,ол құлдар есебінен көп жерге ие болды.Билеуші топтар өздерінің құлдарын көбейтуге тырысты.Құлдарды негізінен жаулап алған жерлерінен әкелді десек бұл кезде жаулап Алу соғыстарының болмауына байланысты құлға айналдырудың басқа жолдарын қарастыра бастады.ақсүйектер шаруаларды ұрлауға,күшпен әкетуге ,әсіресе кішкене балаларды әкесінен сатып алуға көшті.салық төлемеген және қылмыс істеген шаруалар құлдарға айналып отырды.VII ғасырда бүкіл халық саны 6 миллион болды, оның 10-15 % құлдар құрады.Құлдар еңбегі негізінен құрылыс істерінде қолданылды.Нира қаласын негізінен құлдар салды. IX ғасырдан құл еңбегі сирек қолданылып, кейін мүлде жойылды.

Елді билеушінің абыройын көтеру мақсатында оған імператор (тэнно,сөзбе-сөз”аспан ұлы”) титулы беріліп, оның шығуы жөнінде құдаймен байланыстырған аңыз қалыптасты.Імператор жанындағы жоғарғы мемлекеттік орган Мемлекеттік кеңес болды.орталық үкімет құрамына 8 ведомоства кірді.Олар: Діни істер, қамба және қаржы,жалпы мемлекеттік істер, азаматтық істер, әкімшілік істер, қоғамдық істер ведмоствасы.Ел провинцияларға,провинциялар уездерге бөлінді.

Ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы әуімшілік-саяси ,қолөнер,сауда, Діни орталықтардың құрылуына жадай жасады.320 жылы корей-қытай қонысаударушылары Нанива қаласының негізін қалады.(қазіргі Нанива қаласы) .593 жылы Асука қаласы салынды.Бұл қалаға солтүстік Корей мәдениетінің ықпалы кошті болды. VIIIғасырдан қалалардың салынуында Қытай ықпалы күшейді.710-787жылдары және 792-1192 жылдары мемлекеттің астанасы Нара,Хайан қалаларының салыну жоспары Қытайдың Чанань қаласының үлгісімен салынды.Нара ,Хасан қалалары Ірі сауда және қолөнер орталығы болып онда жоғарғы сапалы сән салтанатты қолөнер бұйымдары,металл, т.б. бұйымдар мен тауарлар қала рыногана шығарылды.