Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бастауыш сынып малімдеріне арналан тест жмыстары

.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
24.68 Кб
Скачать

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары

Қазақ тілі I-вариант

1.Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады

А) пунктуация

Ә) синтаксис

Б) лексикология

В) стилистика

Г) орфоэпия

2.Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз

А) аягөз

Ә) иірімді

Б) албырт

В) тұжырым

Г) балапан

3.Мәтелді табыңыз

А) әлін білмеген әлек

Ә) аузымен орақ ору..

Б) жер-ырыстың кіндігі.

В) еңбек ер атандырады.

Г) әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

4.«Сөйлем мүшелері» тақырыбы неге сүйеніп оқытылады?

А) сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою, сол арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын таба білу дағдыларына

Ә) сөйлемді көшіріп, ішінен объектіні тапқызу

Б) анықтамасын не ережесін айтуға

В) көрнекілік арқылы

Г) сөздерді сөз таптарына талдауға

5.Әріп дегеніміз не?

А) әріп-дыбыстың таңбасы.

Ә) әріп-дыбыстау мүшелері арқылы шыққан дыбыстардың бір-бірімен қосылысы.

Б) әріп-сөйлеудегі белгі.

В) әріп-барлық таңбаның жиынтығы.

Г) әріп-дыбыстар жүйесі

6.Жалаң сөйлемді тауып белгілеңіз.

А) құлын кісінеді.

Ә) екі бала ойнады.

Б) темір күрек.

В) пышақ қайрады.

Г) бес гүл отырғызды

7.Туынды сын есім қалай жасалады?

А) сын есім тудырушы жұрнақ арқылы жасалады.

Ә) есім сөзден жасалады..

Б) жалғаулар арқылы жасалады.

В) зат есіммен сын есімнің бірігуі арқылы жасалады.

Г) жұрнақ арқылы жасалады

8.Ж.Жабаевтың Ұялы мен бір....

Ортаңда көктеп бойлаған.

Сендерді қоссам жырыма,

Саңқылдап үйіп сайраған,- шумағындағы ұйқас сөзді тап

бәйтерек.

бәйшешек

жеткіншек

келешек

қария

9.Дыбыстар мен сөздерді дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылатын

А) жаңылтпаш

Ә) мақал

Б) мәтел

В) жұмбақ

Г) аңыз

10.Текемет басу кезінде неге қайнаған су құяды

А) біріктіру үшін

Ә) бояу үшін

Б) біріктіру үшін

В) орау үшін

Г) ыдырату үшін

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары

Қазақ тілі II-вариант

1.Омырауына түскен салалы ақ сақалын сипап отырып, бір шумақ өлеңді қағаз бетіне түсірген кім екенін көрсет.

А) Асан Қайғы

Ә) Сырым батыр

Б) Алдар көсе

В) Әбу Насыр әл-Фараби

Г) Қожанасыр

2.Жырды айтушы адамды қалай атайтынын белгіле

А) жыршы

Ә) ақын

Б) термеші

В) жыршы

Г) шежіреші

3.«Көппен көрген ұлы той» дегеніміз халық ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын көрсет

А) мәтел

Ә) мақал

Б) нақыл сөз

В) шешендік сөз

Г) жұмбақ

4.«Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жататынын тап:

А) қиял-ғажайып ертегі

Ә) арманнан туған ертегі

Б) шыншыл ертегі

В) жануарлар жайындағы ертегі

Г) тұрмыс-салт

5.«Жәмиғат» деген сөздің мағыналас сөзін белгіле

А) халық

Ә) ұлт

Б) қыз бала

В) ұл бала

Г) ер адамдар

6.Қаныш Сәтбаев туралы қай әңгімеде берілгенін көрсет:

А) қазына көтерген бала

Ә) алғашқы көмек

Б) жетім

В) қырдың жас түлегі

Г) қамқорлық

7.Алматы облысының Райымбек ауданында өмірге келген ақынды белгіле:

А) Мұқағали Мақатаев

Ә) Мұхтар Әуезов

Б) Мағжан Жұмабаев

В) Қалихан Бекқожин

Г) Қасым Аманжолов

8.Екі адамның немесе бірнеше адамның сөйлесуін не деп атайтынын белгіле

А) диалог

Ә) автор сөзі

Б) эпилог

В) монолог

Г) төл сөз

9.«Маугли» әңгімесін кім жазғанын белгіле

А) Редьярд Киплинг

Ә) Лев Толстой

Б) Шыңғыс Айтматов

В) Эрих Распе

Г) Александр Пушкин

10.«Сәулелі жұлдыз іздеген адам» атты әңгімеде кім туралы айтылғанын тап

А) Шоқан Уәлиханов

Ә) Мұхтар Әуезов

Б) Абай Құнанбаев

В) Ыбырай Алтынсарин

Г) Шыңғыс Айтматов

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары

Математика тілі I-вариант

1. 45+х=170 теңдеулерін тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешу үшін оқушы мына жазулардың қайсысын жазады

А) х=170-45

Ә) 45+х-45 =170-45

Б) 45+х+45=170+45

В) х=170+45

Г) 45+х-170=170-170

2 .Бастауыш мектепте математиканы оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы

А) сабақ

Ә) ойын

Б) үйірме

В) үй тапсырмасы

Г) жаппай жұмыс болып табылады.

3.Көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары

А) 0 және 1-ге байланысты көбейту және бөлу

Ә) 10-ға көбейту

Б) 100-ге көбейту

В) 1000-ға көбейту

Г) 1000000-ға көбейту

4.Килограммның 1/100 бөлігі-бұл

А) 100г

Ә) 1000г

Б) 10г

В) 1г

Г)10000г

5.Математика сабағында дидактикалық ойындар

А) танымдық әрекетті белсендіру

Ә) балаларды ойнату

Б) қатар бойынша жарыс ұйымдастыру

В) материалдың игерілу деңгейін анықтау

Г) тақырыпты жалпылау мақсатында қолданылады.

6.Есеп неше амалмен шығарылады

«Бір дүкенге 24 қап, ал екіншісіне 28 қап картоп әкелінді. Біріншісіне қарағанда екінші дүкенге 160 кг артық әкелінді. Әр дүкенге неше кг картоп әкелінді?»

А) төрт

Ә) үш

Б) бес

В) бір

Г) екі

7.Бастауыш мектепте массаның қай бірлігімен таныстырылмайды

А) миллиграмм

Ә) тонна

Б) центнер

В) грамм

Г) килограмм

8.Жеміс базасында 1550 т картоп бар еді. Бірінші күні дүкендерге барлық картоптың 1/5 бөлігін, екінші күні 2/5 бөлігін алып кетті. Екінші күні дүкеннен қанша картоп алып кеткен

А) 496

Ә) 310

Б) 248

В) 1240

Г) 1550

9.Бастауыш мектепте үй тапсырмасы

А) міндетті түрде тексеріледі

Ә) мүлдем тексерілмейді

Б) кейде тексеріледі

В) кейбір оқушылардың жұмыстары ғана тексеріледі

Г) тексерілмей қалуы мүмкін

10.Неше есе артық?» және «Неше есе кем?» сұрақтарына жауап беретін есеп қай амалмен шығарылады

А) бөлу

Ә) қосу

Б) азайту

В) көбейту

Г) біріктіру

11.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады

А) бір пұт

Ә) екі пұт

Б) жарты пұт

В) ширек пұт

Г) үш пұт

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары

Дүниетану I-вариант

1. Балды көп беретін өсімдікті ата а) тал в) терек с) қайың д) күреңот

2. Жарық сүйгіш өсімдік а) мақта в) қаракөз с) қырлышөп д) жоңышқа

3. Ашық даланы, шөлейт жерлерде тіршілік ететін жүйрік жануар а) ақбөкен в) саршұнақ с) тасбақа д) қасқыр

4. Бақа жататын жануарлар тобы а) сүтқоректілер в) құстар с) бунақденелілер д) қосмекенділер

5. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері а) ағысы в) саласы с) сағасы д) арнасы

6. Терек бір жазда судың буға айналдыруының жуық мөлшері а) 2000 л жуық в) 15000 л жуық с) 18000 л жуық д) 25000 л жуық

7. Жер бетіндегі ауаның жылынуы а) таза ауа арқылы в) адам арқылы с) ауа арқылы д) топырақ арқылы

8. Жердің қорғанышы а) күн мен ай в) ауа қабаты с) аспан д) жұлдыз

9. Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас а) көң в) асбест с) тұз д) фосфорит

10. Картада таулардың түсі а) қоңыр в) жасыл с) қызыл д) көк

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары

Дүниетану II-вариант

1. Жер бетінің биік бөлігі а) тау в) қырат с) дөң д) төбе

2. Қара металдан қорытып алынады а) алтын в) алюминий с) темір д) қорғасын

3. Үй тұрмысында қолданылатын алюминийден жасалған бұйымдар а) кереует, диван, орындық с) қасық, шанышқы, ыдыс - аяқтар в) төсеніштер д) есік, терезе

4. Ас қорыту мүшелері а) өкпе, кеңірдек, ауа тамырлары с) асқазан, ішек, жұтқыншақ в) жүрек, өкпе, кеңірдек д) жүрек, көктамыр, қылтамыр

5. Денені не қаптап тұрады? а) тері в) бұлшық ет с) қаңқа д) дене мүшелері

6. Үсік, күбіртке, күйік ауруларына қатысатын сезім мүшесі а) тері в) құлақ с) қас д) мұрын

7. Қиын жағдайда туыс, жолдас, ауыл - аймақ көрсететін жәрдем а) достық в) бастаңғы с) жақсылық д) асар

8. Атақта күрішші а) Шығанақ Берсиев в) Ыбырай Жақаев с) Әбілхан Қастеев д) Қаныш Сәтбаев

9. Тәуке ханның жасаған заң жүйесі а) жеті жарғы в) ата заң с) қазақ заңы д) дала заңы

10. «Невада - Семей» қозғалысын басқарған кім? а) Тоқтар Әубәкіров с) Талғат Мұсабаев в) Олжас Сүлейменов д) Мұхтар Шаханов