Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Отчет по практике 2015

.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
20.13 Кб
Скачать

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Өндірістік тәжірибе есебі

Мамандығы: Халықаралық құқық

Мекеме: Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

Мерзім аралығы: 01-маусым – 05-маусым 2015 жыл

Сапаш Еркебұлан Әлібекұлы

Тәжірибе жетекшісі: Махмадинов Д. М.

Алматы, 2015

Студенттің өндірістік тәжірибесі туралы есебі

Студенттің аты – жөні: Сапаш Еркебұлан Әлібекұлы

Факультет: Халықаралық қатынастар факультеті

Мамандық : Халықаралық құқық

Курс : 3 Топ: 310

Тәжірибе орны: Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

Тәжірибе уақыты: 01.06 – 06.06.2015 ж.

Университеттен тәжірибе жетекшісі: Махмадинов Д.М.

Мен, Сапаш Еркебұлан Әлібекұлы, 01.06 – 06.06. 2015 ж. аралығында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өндірістік тәжірибесінен өттім. Өндірістік тәжірибесінің жетекшісі судья Қазымбетова Г.Н. болды.

Осы уақыттың аралығында мен:

  1. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберілдім. Осы соттың құрамындағы судья Гулшат Науанқызы Қазымбетова Соттың ішкі құрылымы мен қызметкерлерімен таныстым.

  2. Сотта студенттің өндірістік тәжірибе өту шартымен таныстым. Іс қағаздарының құжаттарының тізілімін жасадым, яғни істегі құжаттардың хронологиялық дұрыстығын тексеріп, олардың атауларын ретімен тізіп жазу. Кейін бұл істерді мұқабаға тіктім. Қорытында келе, осы әрекеттер нәтижесінде, азаматтық істердегі құжаттардың мазмұнын түсініп, олардың ара-жігін ажыратуды үйрендім.

  3. Сотқа шақыру қағаздары мен ілеспе хаттарды заңды түрде дұрыс құрып, телефон арқылы сот тыңдалу күні мен уақытын тараптарға хабарлап телефонограмма толтырдып, осы хаттар мен қағаздарды хронологияға сәйкес іске тіктім. Судьяның қабылдау бөліміндегі телефонның кіріс хабарларына тәртіп бойынша жауап бердім.

  4. Белгіленген график бойынша әр тараптарды уақытқа сәйкес сот мәжілісі залына дейін жетектеп, азаматтық істерді қарауға қатысып, сот отырысының хатшысына істерді дайындауға көмектестім.

  5. Хатшының тапсырысы бойынша қаралған азаматтық істерді мұрағатқа жіберуге дайындап, реттеп, істің құжаттарының тізілімін толықтырып, судьяға тексеруге және қол қоюға бердім. Жаңадан кеп түскен талап арыздар дан азаматтық істерді жаңа мұқабаға тігіп, оның негізгі бетіне істің нөмірін, кіріс нөмірін, тараптарды толық атауымен және азаматтық істің мәнін жазу міндетті екенін ескердім.

  6. Өндірістік тәжірибенің соңғы күні алтағы аптаға, яғни 2015 жылдың Маусымының сегізінен он екісі аралығындағы күндерге сот отырыстарының уақытының графигін электронды нұсқада құрдым.

Сот тарихы

Алматыдағы эксперименталды мамандандырылған экономикалық сот 2001 жылы құрылды. Ол республиканың үлкен тәжірибелі және жұмыс өтілі көп, барынша білімді және білікті судьяларынан қалыптастырылды. Экономикалық сотта судьялар қоғамның элитасы жиналды деп айтуға болады.  

Экономикалық сот барынша күрделі және көкейтесті азаматтық істерді қарастырады. Олар қарастыратын даулар қоғамның экономикалық өмірінің барлық салаларын қамтиды. Статистика сотқа түсетін шағымдардың үнемі өсіп келе жатқанын көрсетеді.  2006 жылы сотқа 4900 шағым түсті, 2007 жылы 5200 шағым, 2008 жылы 6000 нан астам шағым. Орташа алғанда, әрбір судья жылына 400 істі қарайды.  

Алматы  қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы  (24.12.2014 жыл) Бекжанов Жанат Сақыбайұлы.

Осы өндірістік тәжірибемнің мақсаты- ауданаралық деңгейдегі соттың қызметімен танысу. Бұл тәжірибе оқу орнында алған білімді қолдану мақсатында жүзеге асырылды.

Азаматтық сот өндірісінің негізгі тапсырмасы азаматтық істерді, заңды тұлғалрдың заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, уақытылы және заңи дұрыстығын қадағалай отырып қарау және шешу болып табылады..

Азаматтық сот өндірісін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ол Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Заңдылық

      1. Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.        2. Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.       3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.      

4. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.        5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.        6. Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

Соттың төрелігін тек соттың жүзеге асыруы.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың билік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көрсетілген жауаптылыққа әкеліп соғады. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес .

Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күшін жоюға тиіс.

Яғни, мен өндірістік тәжірибе өткен сот мамандандырылған ауданаралық экономикалық болғандықтан, онда тек өз қарауына жататын,заңда көрсетілген іс бойынша ғана азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырады.

Мен, тәжірибеден өткен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот болғандықтан, онда  барынша күрделі және көкейтесті азаматтық істерді қарастырады. Ол қарастыратын даулар қоғамның экономикалық өмірінің барлық салаларын қамтиды. Менің байқауым бойынша МАЭС-та көбінесе заңды тұлғалардың арасындағы, және олардың келісімшарттарының ережелерін орындамауынан туған дауларды қарастырады.

Сотқа келушілір үшін бекітілген жадынама азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.

Қорытында келе, Мен осы тәжірибе барысында оқу орнында алған теориялық білімімді практикада жүзеге асыра отырып күшейтіп, Қазақстан Республикасының сот жүйесінің кұрылымын, онда судьялардың мәртебесі туралы ережемен таныстым. Теориялық түрде камтыған нормативтік құқықтық актілердің іс жүзінде қолданылуын меңгеру, жадыды қалатындай әсерін тигізді. Және келесі бұл тәжірибе келесі курста кәсіби пәндерді тиімді түсінуге ықпалын тигізеді дегенге еш күмән туғызбайды. Жалпы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына статистика бойынша орташа алғанда әрбір судья жылына 400 істі қарайды екен. Әрі бұл көрсеткіш жыл сайын санын көбейтуде. Бұнымен келешекте азаматтық сот өндірісі саласында білікті де білімді мамандардың қажеттілігіне әкеліп соғады деген ойдамын. Бұл өндірістік тәжірибеде мемлекеттік структурада өз болашақ мамандығымның жалпы көрінісін ойыма түйдім. Осы арқылы алдағы курста мен мамандығым бойынша өз білімімді одан ары арттыруға, күшейтуге өзіме-өзім ат салысамын.