Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инвестициялы институттар.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
28.48 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

  1. Инвестициялық институттар

  2. Институционалды инвесторлар инвестициялары және оның топтары

  3. Дүниежүзілік ірі инвестициялық институттар Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатын жоғары бағалайды - «J.P.Morgan Europa»

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 – 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында.

Инвестициялық институттар – бос қаржы ресурстарының қорланымы мен өндіріске салынған инвестиция арасында қор рыногінің тетігін іске қосатын байланыстырушы мамандандырылған арнаулы институттар.

Инвестициялық институттартар міндеттері:

бос ақшалай қаражатты тартып, шоғырландыру; осы қаражатты инвестицияға айналдыру;

инвестиция қоржынын тиімді басқару және оны оңтайландыру;

ақшалай ресурстарды қайта бөлу.

Инвестицияны құнды қағаздарға әртараптандырумен, саудамен немесе тәуекелдік және болжалды табыстың деңгейін бағалаумен, яғни жалпы алғанда, капиталды басқарумен айналысатын арнаулы инвестициялық институттарға деген қажеттілік ұсақ акционерлердің пайда болуына, капиталдар рыногінің дамуына, инвестициялық ресурстардың жалпы көлемінің ұлғаюына байланысты туындады. Инвестициялық институттар ұсақ инвесторлар мен капиталдың ірі корпорациялық қарызгерлері арасындағы делдалдардың рөлін атқарады, яғни бос ақшалай қаражатты капиталға айналдырады. Қор рыногі дамыған елдерде институттық инвесторлардың делдалдығымен ақшалай қаражаттың 30%-ына дейінгісі қайта бөлінеді. Дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, қаржы жүйесі оңайлатылған – негізгі рөл банк секторына жүктелген. Мамандандырылған инвестициялық институттар Қазақстан мен Ресейде нарықтық өзгерістердің бастапқы кезеңінде сенімгерлік компаниялар нысанында дамыды (“МММ”, “Тибет”, “Русский дом селенге”, “Финансовый центр”, “Смағұлов және К”, т.б.), мұның өзі қор рыногі мүлдем жоқ жағдайда “пирамида” қағидатына негізделген қаржылық айла-шарғы болды. Қазақстанда құнды қағаздар рыногінің институттық инвесторлары, негізінен, купондық жекешелендіру барысында құрылған инвестициялық жекешелендіру қорлары (ИЖҚ) болды. Халықтың купондарын шоғырландыру және кәсіпорындардың акцияларын сатып алу мақсатымен осындай 169 қор құрылды. Олар өз рөлін атқарып та үлгерді: купондық жекешелендіру кезінде жалпы атаулы құны 3138 млн. теңгелік акция сатылды, 1127 млн. купон жұмсалды. “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан

Республикасының Заңына (1997) сәйкес елде инвестициялық қорлардың екі тұрпатын жасақтау көзделді. Олар:

1) өзара қарыз қоры – өздері шығарған акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті ашық инвестициялық қор;

2) өздері шығарған акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті емес жабық инвестициялық қор.

1998 ж. “НСБК-групп” ұлттық инвестициялық-қаржы акционерлік компаниясы құрылды, оның жарғылық капиталына мемлекет 100% көлемде қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің оны құру туралы Жарлығына сәйкес “НСБК-групптің” сенімгерлікпен басқаруына Халықтық банк, Қазақстанның Экспорт-импорт банкі (Эксимбанк), сондай-ақ, шетелдік сақтандыру жөніндегі мемл. компания – “Казахинстрах” акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді. Яғни республикада іс жүзінде тұңғыш рет құнды қағаздар қоржындарын басқарушы мемлекеттік компания әкімшілік жолмен құрылды. Сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы қорлары сияқты инвестициялық құрылымдар жұмыс істейді. 2001 ж. аяғында 16 жинақтаушы зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды.

Институционалды инвесторлар инвестицияларын — зейнетақы активтерді немесе инвестициялық қоржынды басқару қызметін жүзеге асыру лицензияларына ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметі арқылы жүзеге асырады.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды олардың нарыққа араласуына және нарықтағы позициясына қарай шартты түрде бес топқа бөлуге болады:

Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халықтың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, сенімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды «көк түбірлі» («голубые корешки») деп атайды.

Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы — несие институттары. Олар:

- коммерциялық және инвестициялық банктер;

- сақтандыру қорлары;

- зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.

Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияны бақылау бумасын иемденуге немесе қаржысынан айырылып қалу қаупінен құтылу үшін өз капиталын әртүрлі шаруашылық салаларына жұмсауға ұмтылады.

Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпті. Статистика деректері дәлелдегендей олардың 3/4 бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындар табысты қызмет көрсетіп, өздерінің болашағы бар екенін дәлелдеді. Мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын шағын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кәсіпорындар экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануда (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдерді, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықтың бірсыпыра тобы тәуекелге белбуып, жоғары дивидендтерден үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.

Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының делдалдары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздармен операция жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында өз капиталы болғасын көптеген операция жүргізеді. Дағды бойынша, дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық (делдалдарға

қойылатын талаптар және олардың қызметі туралы төменде кеңінен баяндалады).

Бесінші топ, бағалы кағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттік заң актілерінде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Мысалы, экономиканың дағдарысы кезінде заңдар мен ережелер тез өзгеріп отырады.

Дүниежүзілік ірі инвестициялық институттар Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатын жоғары бағалайды - «J.P.Morgan Europa»

АЛМАТЫ. 9-маусым. Kazakhstan Today. Дүниежүзілік ірі инвестициялық институттар Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатын жоғары бағалайды. Бұл туралы «J.P.Morgan Europa» компаниясы төрағасының орынбасары Робин Ренвик

бүгін Алматыда президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 15-жалпы мәжілісінде мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Р.Ренвиктің айтуынша, Қазақстанның “Қазақмыс” компаниясының жуырда Лондон қор биржасына өз акцияларын шығаруы осы елдің ауқымды әлеуетке ие екенін көрсетті. Дүниежүзілік ірі инвестициялық институттар Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатын жоғары бағалайды, деді ол.

“Қазақстандық ірі корпорацияларға республика үкіметі тарапынан ашықтық пен жариялылықты арттыру тұрғысында көрсетіліп отырған қолдауды біз өте жоғары бағалаймыз. Біздіңше, компанияларлың ашық нарыққа шығуы корпоративтік қылмыстармен күрестегі аса ықпалды шара болумен бірге, тиімді басқару тәсілдерін ынталандыруға және қаржыны дамуға бағыттауға септігін тигізеді”.

«J.P.Morgan Europa» компаниясы төрағасының орынбасарының айтуынша, “Қазақстан дамудың айрықша қолайлы кезеңіне көшкен қазіргі сәтте ашық нарықты пайдалана отырып ірі компаниялардың есептілігі мен ашықтығын арттыруға , ауқымды инвестицияларды тартуға мүмкіндігі бар”.

Алайда, Р.Ренвиктің айтуынша, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық мөлшері аса шектеулі. Бұл нарықтағы ликвидтіліктің төмендігіне байланысты. “Жаңа инвесторлар нарыққа шығарылған акциялардың тапшылығын сезінуде. Соның салдарынан ішкі жинақтар бұрынғыдай жылжымайтын мүлік нарығы мен қысқа мерзімді капитал нарығына бағытталуда. Қазақстан қор биржасында айналатын капитал көлемі 33 млрд. долларға бағалануда”,- деді ол. Лондон қор биржасы Қазақстан қор биржасымен арадағы ынтымақтастықты дамытудан, оны дамытуға қолдау көрсетуден мүдделі, деді ол.