Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Капиталды шоырлануы.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
28.82 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

  1. Капиталдың алғашқы қорлануы

  2. Капитал қорлануының факторлары

2.1 Капиталдың шоғырлануы

2.2 Капиталдың орталықтануы

3. Капиталдың алғашқы қорлануы

3.1 Капиталды шетке шығару дегеніміз

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Марстік теорияда өндіріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.

Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсіп келеді. Қазіргі таңда өзінің өсу қарқыны бойынша капитал экспорты тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдердің ішкі жиынтық өнімі өсуінің қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.

Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз – капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама – қарсы қозғалыс. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушыда, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама – қарсы инвестициялар.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең манызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік. Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріңце зерттелген. Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікген шеттету процесі. Ол бір жактан, тікелей өндірушілердің тек ғана жұмыскерге —идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге кажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Бұл жағдай Еуропада 16 - 18 ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдын алғашкы корлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге өкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.

Капитал қорлануының факторлары:

— қосымша күнның нормасы;

— қызмет атқаратын капитал мөлшері;

— еңбек өнімділігінің артуы;

— қосымша күн бөлігінің корлану және түтыну

Осы аталған факторлардың барлығыда бір мезгілде жүзеге асады.

Капиталдың корлану процесі екі түрде жүзеге асады: