Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_kurs_marketing / Программа Произ.Практики ко.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
139.78 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРВИС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ

«МАРКЕТИНГ» КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

ХС және М колледжінің директоры

___________Тулеугожина А.А.

«___»____________2013 ж.

«Маркетинг» кафедрасының мәжілісінде мақұлданды

кафедра меңгерушісі Беркутбаева О.Ж.

№1 хаттама от 25.08.2013

_____________________________

«Маркетинг» мамандығы оқушыларының

өндірістік тәжірибие бойынша

бағдарламасы

Алматы 2013 ж

1. Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту, мақсаттарды шешу және адамдардың өмір деңгейін көтеру үшін, қаржы мамандарын дайындау процесінің өте жоғары талаптар қойылады. Бүгінгі күнде көптеген өндірістік компаниялар мен коммерциялық фирмалар, отандық нарықта тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін қаржы бөлімдерін құрып немесе қаржылық қызмет көрсету, ұйымдар мен тығыз жұмыс жасайды. Жоғары дәрежедегі қаржы мамандарын дайындау үшін, терең теориялық білімдер мен экономиканың барлық саласында, меншіктік әртүрлі компанияларда қаржы және коммерциялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жөнінде тәжірибелік дағдыны қалыптастыру қажет. Сондықтан, оқушылардың диплом алдындағы тәжірибені сапалы түрде ұйымдастыру, қаржы мамандарын дайындау процессінің өте қажетті және жауапты бөлігі болып саналады.

Тәжірибенің мақсаты оқушылардың жалпы экономикалық және арнаулы маманданған цикл пәндерінің теориялық бөлімдерін тереңдету мен оларды нақты компанияларда қолдану тәртібі мен практикалық дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсаттарға сәйкес, тәжірибенің міндеттеріне жататын, оқушылар нақты компанияның шаруашылық, коммерциялық, қаржылық іс-әрекеттеріне талдау жасау, баға беру, кемшіліктерін анықтап, оларды жою жолдарын тағайындау, яғни:

  • ұйымның құрылымын талдау;

  • ұйымның өндіріс түріне сипаттама беру;

  • қаржы-экономикалық іс-әрекеттерін талдау;

  • кәсіпорын қызметіне әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторларын талдау

және оған ереже дайындау; ішкі, сыртқы орта субъектілерін жолдарын анықтау т.б. Оқу және диплом алдындағы тәжірибе объектілеріне өндірістік, коммерциялық сауда-саттық делдал компаниялар мен қызмет көрсету ұйымдар жатады.

2. Тәжірибенің жалпы ережесі.

Тәжірибені ұйымдастыру, өткізу, әдістемелік басқару іс-әрекеттері мен жауапкершілігі, маркетинг кафедрасына жүктеледі. Кафедра оқу әдістемелік дайындықпен, оқушылардың жиналысын өткізеді және қажетті құжаттар мен қамтамасыз етеді, яғни бағдарлама, күнделік, тәжірибеге нұсқау қағазы. Оқу жоспары бойынша тәжірибенің мерзімі 8 апта. Әр бір оқушыға тәжірибе алдында кафедрадан ғылыми жетекші тағайындалады.

Тәжірибе процессінде оқушы компанияның барлық іс- әрекетіне қатысу тиіс, ерекше қаржы және бухгалтерлік бөлім қызметтіріне араласып сондай-ақ қаржы есеп негіздерін меңгеруі керек.

Тәжірибе процессінде оқушы барлық қажетті мәліметпен өндірістік, қаржы, маркетингтік іс-әрекеттерінің 2-3 жылдың сандық көрсеткіштерін жинақтау тиіс. Тәжірибенің соңында сол ақпаратқа сүйене отыра, оқушы есеп дайындау тиіс. Оның жоспары мен мазмұнын алдын ала ғылыми жетекші мен келісіп алу тиіс, себебі ол дипломдық жұмысының екінші тарауына сайкес болу тиіс.

Соседние файлы в папке 3_kurs_marketing