все файлы 2 / / 8v
.docДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
1. Ежелгі суретшілердің бейнелеген негізгі көріністері. A) Аң аулау сәті. B) Спорттық жарыстар. C) Адамдардың соғыстары. D) Үй салу сәті. E) Серуендеу сәті. |
2. Ежелгі Грецияда эллин өнерінің ең шарықтаған кезі: A) Б.з.д. IV-III ғасыр. B) Б.з.д. V-IV ғасыр. C) Б.з.д.I ғасыр. D) Б.з.д. II-I ғасыр. E) Б.з.д. III-II ғасыр. |
3. ХVІ ғасырдағы теңіз шайқасында испандық «Жеңілмейтін армаданың» ағылшын флотынан жеңілген жылы. A) 1204ж. B) 1492ж. C) 1453ж. D) 1588ж. E) 1380ж. |
4. Біріккен ±лттар ±йымы құрылған жыл: A) 1943 B) 1942 C) 1941 D) 1944 E) 1945 |
5. “Жариялылық” ұғымын М.С.Горбачевтің алғаш рет қолдануы. A) ХVІ съезде. B) ХV съезде. C) 1961 ж. КОКП-нан ХХІІ съезінде. D) 1964 ж. КОКП-ның қараша айындағы Пленумында. E) ХХVІІ съезде. |
6. Хеопс перғауынының пирамидасының биіктігі. A) 160 м B) 120 м C) 150 м D) 170 м E) 100 м |
7. Папа III Иннокентийдің XIII ғасырдың басында оңтүстік Франциядағы еретиктермен күресінің созылған уақыты: A) 20 жыл. B) 10 жыл. C) 7 жыл. D) 15 жыл. E) 31 жыл. |
8. XIV ғасырдың басында Мәскеу князьдығына басты қарсы болған князьдық: A) Новгород. B) Тверь. C) Нижний Новгород. D) Ярославль. E) Владимир. |
9. АҚШ-тың бірінші президенті: A) Гамильтон. B) Вашингтон. C) Франклин. D) Джефферсон. E) Линкольн. |
10. 1807 ж. тұңғыш бу кемесі жасалған ел: A) Италия. B) Ресей. C) АҚШ. D) Франция. E) Германия. |
11. Иран мемлекетінің 1935 жылға дейінгі атауы: A) Парфия. B) Иран сұлтанаты. C) Иран Республикасы. D) Иран. E) Персия. |
12. Париждегі “Қанды апта“ кезеңін көрсетіңіз: A) 1871 жыл 2 – 9 сәуір. B) 1871 жыл 9 – 16 сәуір. C) 1871 жыл 20 – 27 сәуір. D) 1871 жыл 20 – 27 мамыр. E) 1871 жыл 21 – 28 мамыр. |
13. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияның премьер-министрі болған: A) Н.Чемберлен. B) Т.Рузвельт. C) Р.Макдональд. D) У.Черчилль. E) Б.Муссолини. |
14. Оңтүстік Кореяның ұлттық және экономикалық дамуының моделі: A) КСРО B) Қытай. C) АҚШ D) Батыс Европа. E) Жапония. |
15. Ұлы Қытай қорғаны қандай көшпелі тайпалардан қорғану үшін салынды? A) Сарматтардан. B) Ғұндардан. C) Сақтардан. D) Скифтерден. E) Монғолдардан. |
16. Спартак бастаған көтеріліске қатысып қолға түскен құлдарға римдіктердің қолданған жазасы: A) Дарға асу. B) Түрмеге қамау. C) Бастарын кесу. D) Ағашқа керу. E) Садақпен ату. |
17. Славян әрпі пайда болды: A) XI ғасырда. B) XІІ ғасырда. C) IX ғасырда. D) VIII ғасырда. E) X ғасырда. |
18. Орта ғасырларда Еуропада алғашқы банкирлер шыққан әлеуметтік топ: A) Дворяндар. B) Қолөнершілер. C) Саудагерлер. D) Өсімқорлар, айырбастаушылар. E) Шаруалар. |
19. Ватикан шіркеуінің бөлмелерін 4 жыл әшекейлеген аса көрнекті суретші: A) Леонардо да Винчи. B) Альбрехт Дюрер. C) Диего Веласкес. D) Рафаэль Санти. E) Микеланджело Буанарроти. |
20. 1789-1791 жж. Орыс-түрік соғысында Ресей жағында соғысқан: A) Англия. B) Швеция. C) Австрия. D) Франция. E) Речь Посполита. |
21. Д. И. Менделеев қай жылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады? A) 1869. B) 1875. C) 1884. D) 1871. E) 1879. |
22. АҚШ тарихында төрт рет қатар президенттік сайлауда жеңген президент. A) Т.Рузвельт. B) Г.Гувер. C) Ф.Рузвельт. D) Г.Поллит. E) Г.Трумэн. |
23. 1982 жылы КОКП ОК бірінші хатшысы болған: A) Ю.В. Андропов. B) М.С. Горбачев. C) Л.И. Брежнев. D) К.У. Черненко. E) Н.С. Хрущев. |
24. XXғ. II жартысында Қытай-конфуциалық блокқа кірмеген ел: A) Үнді. B) Тайвань. C) Сингапур. D) Вьетнам. E) Жапония. |
25. Шешенстан мен Таулы Дағыстандағы патша үкіметіне қарсы көтерілісті 1834 жылдан бастап басқарған адам: A) Ермак. B) Шәміл. C) Е. Пугачев. D) С. Юлаев. E) М. Юлаев. |
26. Әлемдік тартылыс заңын ашқан: A) И. Ньютон. B) Г. Лейбниц. C) Э. Резерфорд. D) П. Лаплас. E) Д. Джоуль. |
27. XIX ғасырдың аяғындағы Жапонияның XVII ғасырдан бастап өмір сүріп келе жатқан ірі сауда - өнеркәсіп бірлестігін атаңыз: A) Тойота. B) Сони. C) Ниссан. D) Мицуи. E) Мицубиси. |
28. XIX ғасырдың 90-жылдары бірнеше жүз мың армяндарды өлтіруді ұйымдастырған Осман империясының «қанқұмар сұлтаны»: A) Ахмет. B) Сүлеймен. C) Мехмед. D) II Әбділ-Хамит. E) Селим. |
29. 1960 жылдары әскери-саяси блоктарға қосылмау қозғалысы елдері үкімет басшыларының бірінші конференциясы өткен қала: A) Каир. B) Белград. C) Дели. D) Нью-Йорк E) Москва. |
30. Мини-процессорды шығарған фирма: A) Майкрософт. B) Самсунг. C) Интел. D) Сони. E) Антелл.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
1A 2B 3D 4E 5E 6C 7A 8B 9B 10C 11E 12E 13D 14E 15B 16D 17C 18D 19E 20C 21A 22C 23A 24A 25B 26A 27D 28D 29B 30C