Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
17
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
58.88 Кб
Скачать

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

1. Алғашқы аңшылар аң аулауға шығар алдында…

A) Аңшы иттерін дайындаған.

B) Аттарын дайындаған.

C) Тау басына шығып тәңірге жалбарынған.

D) Жуынған.

E) Аңдардың суретін салып «сиқырлаған».

2. Ежелгі грек сенімі бойынша Сатирлар кімдер:

A) Орман құдайы.

B) Жаңбыр құдайы.

C) Өсімдік құдайы.

D) Су құдайы.

E) Жер құдайы.

3. 1600 жылы шіркеу соты Джордано Бруноны.

A) Дарға асты.

B) Отқа өртеді.

C) Жер аударды.

D) Кешірім жасады.

E) Ақтады.

4. Қызыл Армия Қиыр Шығыста жапон Әскерін:

A) 1 айда талқандады

B) 24 күнде талқандады

C) 4 айда талқандады

D) 43 күнде талқандады

E) 3 айда талқандады

5. Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитеті (ТЖМК) қандай мақсатпен құрылды?

A) Мемлекеттік төңкеріс жасау үшін.

B) Ауғанстандағы соғысқа байланысты.

C) АҚШ пен Бәсекелестікке төтеп беру үшін.

D) Табиғат апаттарының зардаптарын жою үшін.

E) КСРО-да реформа жүргізу үшін.

6. Қосөзенде жазу үшін пайдаланған материал:

A) Қағаз.

B) Папирус.

C) Саз тақтайшасы.

D) Жібек.

E) Дайындалған тері.

7. Дәрігер ретінде “Ғалымдардың атасы” аталған ұлы ғалым:

A) Фирдоуси.

B) Омар Хайам.

C) Евклид.

D) Ибн Сина.

E) Әл Фараби.

8. Ағылшындардың Жанна д’Аркті отқа өртеген жылы :

A) 1444 жыл.

B) 1431 жыл.

C) 1429 жыл.

D) 1420 жыл.

E) 1451 жыл.

9. XVIII ғ. тәуелсіздік үшін Англияға қарсы күрескен АҚШ армиясының бас қолбасшысы:

A) Гамильтон.

B) Лафайет.

C) Джефферсон.

D) Вашингтон.

E) Франклин.

10. 1790 ж.түрік бекінісі Измаилды алған орыс қолбасшысы.

A) Г.Потемкин.

B) Ф.Ф.Ушаков.

C) А.В.Суворов.

D) А.К.Разумовский.

E) П.А.Румянцев.

11. XIX ғасырдың 50-ші жылдарында фермерлердің құлдыққа қарсы қозғалысы басталған штатты көрсетіңіз:

A) Мэриленд.

B) Канзас.

C) Техас.

D) Монтана.

E) Калифорния.

12. XX ғасырдың басындағы Түркиядағы антиимпериалистік ұлт-азаттық революцияны басқарған адам:

A) Мұстафа Кемал.

B) II Әбділ Хамит.

C) Әбділ Мажит.

D) Сулеймен Омар.

E) Решид паша.

13. I Интернационал таратылды:

A) 1881 жылы.

B) 1889 жылы.

C) 1876 жылы.

D) 1893 жылы.

E) 1872 жылы.

14. Өз атымен аталатын станоктық пулеметті ойлап тапқан американдық инженер:

A) Г.Форд.

B) Г.Маркони.

C) Т.А.Эдисон.

D) Х.Максим.

E) А.Г.Белл.

15. Б.э.д. 3000 жылдай шамасында Египет тарихында болған оқиға:

A) ІІІ Тутмостың Алдыңғы Азияға аттануы.

B) Нілдің қатты тасуы.

C) Египетке Ассириялықтардың басып кіруі.

D) Құлдардың ірі көтерілісі.

E) Египеттің қуатты мемлекет болуы.

16. VІ ғ. Византияға шапқыншылық жасаған тайпалар:

A) Готтар.

B) Вестготтар.

C) Славяндар.

D) Түркілер.

E) Вандалдар.

17. XV ғ. аяғында XVІ ғ. басында Германия қандай ел болды?

A) Бытыраңқы.

B) Жартылай тәуелді.

C) Қуатты.

D) Орталықтанған.

E) Тәуелді.

18. Еуропалықтардың XV ғасырдың аяғына дейін білмеген дүние бөлігі.

A) Азия.

B) Оңтүстік Африка.

C) Оңтүстік Азия.

D) Америка.

E) Орталық Африка.

19. 1867 ж. Ұлыбританиядан өзін-өзі басқаратын доминиондық құқық алған ел.

A) Австралия.

B) Жаңа Зеландия.

C) Канада.

D) Пәкістан.

E) Үндістан.

20. ’’Фауcт’’ шығармасының авторы

A) Д.П. Байрон.

B) Г. Гейне.

C) Ф. Шиллер.

D) В. Гюго.

E) В. Гете.

21. Потсдам конференциясы болған жыл:

A) 1947 жылы қыркүйек.

B) 1948 жылы маусым.

C) 1945 жылы ақпан.

D) 1946 жылы қаңтар.

E) 1945 жылы шілде-тамыз.

22. 1941 жылдың жазында гитлерліктердің бірінші соққыларын өзіне қабылдаған:

A) Тула шекарашылары.

B) Смоленск шекарашылары.

C) Брест шекарашылары.

D) Орел шекарашылары.

E) Киев шекарашылары.

23. ’’Ленинград ісін’’ ұйымдастырушылар.

A) А.А.Жданов, Г.М.Маленков.

B) Родионов, Серов.

C) Молотов, Булганин.

D) В.С.Абакумов, Н.А.Кузнецов.

E) В.С.Абакумов, Г.М.Маленков.

24. 1979 жылы Никарагуада жойылған билік.

A) Д.Ортего билігі.

B) А.Самостың билігі.

C) Че.Геваре билігі.

D) А.Сандино билігі,

E) Х.Перон билігі.

25. Орта ғасырлар тарихы қамтитын кезеңдер:

A) ІІ-VІІ ғ.ғ.

B) І-V ғ.ғ.

C) ІV-XІІ ғ.ғ.

D) ІІІ-X ғ.ғ.

E) V-XVІІ ғ.ғ.

26. Ағылшын парламентінің палаталары:

A) Сенат және конгресс.

B) Қауымдар және лордтар.

C) Жоғарғы және халықтық.

D) Бундестаг және рейхстаг.

E) Кортес және сенат.

27. Европалық әдебиеттегі сыншыл реализмнің бағыты қалыптасқан кезең:

A) XVIII ғасырдың 50 жылдары.

B) XVIII ғасырдың 70 жылдары.

C) XIX ғасырдың 50 жылдары.

D) XIX ғасырдың 30 жылдары.

E) XIX ғасырдың аяғы.

28. Оңтүстік-батыс Африкада 1904 жылы гереро тайпасының көтерілісі кімдерге қарсы бағытталды?

A) Португал отаршыларына.

B) Бельгия отаршыларына.

C) Ағылшын отаршыларына.

D) Германия отаршыларына.

E) Француз отаршыларына.

29. XX ғасырдың II жартысындағы Азия-Африка мәдени өркениеті неше топқа бөлінеді?

A) 4

B) 2

C) 3

D) 1

E) 5

30. 1991 ж. Еуропалық Одақ елдерінің валюта-экономикалық және саяси одағы жасалған қала:

A) Маастрихт.

B) Берлин.

C) Рим.

D) Брюссель.

E) Париж.

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

1E 2A 3B 4B 5A 6C 7D 8B 9D 10C 11B 12A 13C 14D 15E 16C 17A 18D 19C 20E 21E 22C 23E 24B 25E 26B 27D 28D 29A 30A

Соседние файлы в папке …’ „†„