Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

все файлы 2 / ЕНТ каз тили-1 / Ист-каз / Ист-Каз-5кл.-каз

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
48.64 Кб
Скачать

Әдебиет сұрақтары

1. А. Байтұрсынов әдебиетті қалай атаған?

2. Кейіпкер, көркем образ деген не?

3. «Қаламгер» деген не?

4. Фольклор дегеніміз не?

5. Фольклордың түрлерін ата?

6. Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?

7. Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?

8. Тұрмыс – салт жырлары деп нені айтамыз?

9. Тұрмыс – салт жырларының түрлерін ата?

10. Бәдік жырлары деген не?

11. Салт өлеңдеріне не жатады?

12. Төрт түлікке не жатады?

13. Төрт түлік мал жайындағы өлең жырларды ата.

14. «Төрт түлік мал иесі» деген ұғымды қалай түсінесің?

15. Қой малының иесін не деп атайды?

16. Жылқы малының иесін не деп атайды?

17. Сиыр малының иесін не деп атайды?

18. Түйе малының иесін не деп атайды?

19. Ешкі малының иесін не деп атайды?

20. Төрт түлікке байланысты қандай мақал – мәтелдер білесің?

21. Наурыз мерекесі дегенді қалай түсінесің?

22. Наурыз мерекесінің қазақтар үшін аса ардақты екенін айтқан жазушы кім?

23. Наурыз күні айтылатын әңгімелер мен жырларды ата.

24. «түні» деген не ?

25. Наурыз мерекекесінде дайындалатын тағам не деп аталады?

26. Наурыз жырларының бәрінде кездесетін қандай сөздер?

27. Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетке жатқызамыз?

28. « Сөздің көркі – мақал» дегенді қалай түсінесің?

29. Мақал – мәтелдердің тақырыптары қандай?

30. Мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?

31. Отан, туған тжер туралы қандай мақал – мәтелдерді білесің?

32. Еңбек туралы 10 мақал айт.

33. Оқу, білім туралы қандай мақалдарды білесің?

34. «Сабыр түбі – сары алтын» деген мақалды қалай түсінесің?

35. Жұмбақ деген не? Оны қалай түсінесің?

36. « Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді»,- деп айтқан жазушы кім?

37. Ертегілер дегенді қалай түсінесің?

38. Ертегілер неше түрге бөлінеді?

39. «Ер Төстік» ертегісіндегі Ер Төстіктің әкесі кім?

40. « Ер Төстік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

41. Ағалары барын Ер Төстік кімнене естиді?

42. « Ер Төстік» ертегісіндегі перінің қызы кім?

43. «Ер Төстіктің» тұлпарының атын ата.

44. «Ер Төстіктің» жер астындағы өнерпаз достары кімдер?

45. Шойынқұлақ деген қай ертегінің кейіпкері?

46. Сюжет деген не?

47. «Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

48. « Аяз би» ертегісіндегі уәзірлер құстың, шөптің, адамның, жаманның қандай белгілеріне қарап таңдады?

49. «Аяз би» ертегісіндегі Меңді сұлу Жамалды не себептен басқалардан артық санады?

50. «Аяз би» ертегісіндегі хан Жамалды қайда жұмсайды?

51. «Аяз би» ертегісіндегі Зәрлі хан деген кім?

52. «Аяз би» ертегісінде хан Жамалды қай елге көшірді?

53. «Аяз би» ертегісінде қандай мақал – мәтелдер айтылған?

54. «Аяз би» ертегісіндегі Жамалға хан қандай атау береді?

55. Ертегі неге « Аяз патша» емес «Аяз би» деп аталған?

56. Қазанғап қай ертегінің кейіпкері?

57. Торсық деген не?

58. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

59. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Мергенбай деген кім?

60. Кейіпкер деп нені айтамыз?

61. «Ер төстік» ертегісі мен « Керқұла атты Кендебай» ертегісінің ұқсас жақтары қандай?

62. . «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде қандай мақал – мәтелдер айтылған?

63. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

64. «Қырық өтірік» ертегісіндегі ханның халқына жар шақыруы не еді?

65. «Қырық өтірік» ертегісіндегі ханның жарлығын орындаған кім.?

66. «Қырық өтірік» ертегісінің басқа ертегілерден қандай айырмашылығы бар?

67. « Мен қоянның майының құр тастасақ да, мен сен құр тастамаймын» даган үзінді қай ертегіден алынған?

68. «Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады?

69. Тазша баланың басқа адамдарға қарағанда қандай ерекшелігі бар?

70. «Қырық өтірік» ертегісінде Тазша бала өз етігін қайдан тауып алады?

71. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?

72. Асанқайғы деген кім?

73. Асан Сәбитұлы өмірде болған ба?

74. «Жерұйық» сөзін қалай түсінесің?

75. Асанқайғы Маңғыстау жері туралы не айтады?

76. Асанқайғы Баянауылды өзіне неге жайлау еткен?

77. Асанқайғы Әулиеатаның қадірі неде дейді?

78. Асанқайғының Қарсақбай жұртына айтқаны.

79. Асанқайғы мінген төрт түліктің түрін ата.

80. Шыңғырлау өзені туралы Асанқайғының айтқаны не еді?

81. Асан атына «қайғы» сөзі неге қосарланған?

82. Асанқайғының Жерұйықты іздеудегі мақсаты не?

83. Асанқайғыша өз туған жеріңе қандай баға берер еді?

84. Жошы хан кім? Қай кезде өмір сүрген.

85. «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызының ерекшелігі неде?

86. Жиренше мен Қарашаш кімдер?

87. Жиренше Қарашашқа не үшін үйленген?

88. Қарашаштың ақылдылығы қай жерде көрінеді?

89. Хан бұйрығына сәйкес Жиренше жолмен де емес, жолсызбен де емес күйде хан сарайына қалай келеді?

90. Жиреншеге хан неге қиын тапсырмалар берді деп ойлайсың?

91. Жиреншенің алдында хан өзінің жеңілгенін мойындай ма?

92. Аңыздан қандай тәрбиелік өнеге алуға болады?

93. Жиреншені хан не үшін бағалап қасына ертіп жүреді?

94. Қаңбақтың адамша сөйлеуі шындық па, әлде ауыз әдебиетіне тән белгі ме?

95. Жиренше қаңбақ айтты деп ханды ондырмай жеңгеніне қарап, Жиреншеге қандай мінездеме берер едің?

96. Жиренше ханнан не себепті қорықпайды?Бұл жерде халқымыздың қандай асыл қасиеті байқалады?

97. «Сұраған сен ақымақ па, сұратқан хан ақымақ па?» деген сөзге хан неге ашуланбады?

98. Жиреншенің бойындағы қасиеттер ұнай ма?

99. Өз бойында ондай қасиеттер бар ма?

100. Жиреншеге қандай мінездеме берер едің?

101. Жиренше әрқашан әділдікті, шындықты неге айтады деп ойлайсың?

102. Сөзді дәл тауып айту Жиреншенің қандай қасиетін көрсетеді?

103. Шешендік өнер дегенді қалай түсінесің?

104. Аңыцз әңгімелердің басты – басты белгілері не?

105. Халық арасында тарап кеткен қандай аңыздарды білесің?

106. ХV- ХVІ ғасырда Жиренше мен Қарашаш қай ханның тұсында өмір сүрген?

107. Аңыз әңгімелердің ертегілерден қандай айырмашылығы бар?

108. Шешен деп қандай адамды айтуға болады?

109. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихта болған адамдар ма?

110. Қазақ аңыздары сені қызықтыра ма?

111. Салт – дәстүр мен әдет – ғұрыпқа байланысты туған қандай жырларды айтуға болады?

112. Тұсаукесер жыры қай кезде айтылатын жыр?

113. Бата, тілек өлеңдері ше?

114. Тойбастар өлеңі қазіргі кезде айтыла ма?

115. Жоқтау өлең деген гне?

116. Бесік жырын қандай жырға жатқызуға болады?

117. «Сәйгел» , «Оқыра» деген сөздер қай түлікке байланысты қолданылады?

118. Аруана деген қандай түлікке жатады?

109. Төрт түлік мал иесіне нелер жатады?

110. Қамбаратаға қандай тілектер айтылады?

111. Төрт түліктің адам үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың?

112. «Малдың баласын сүюі» өлеңінде жылқы төлін қалай атайды?

113. «Малдың баласын сүюі» өлеңінде қой мен ешкі төлін қалай атайды?

114. «Малдың баласын сүюі» өлеңінде сиыр төлін қалай атайды?

115. «Малдың баласын сүюі» өлеңінде түйе төлін қалай атайды?

116. Төрт түлікке байланысты қандай қандай мақал – мәтелдерді білесің?

117. «Шағаладай», « желіні бар қазандай» деген сөздер әсерлі сөздерді әдебиетте не дейді?

118.Наурыз мерекесі қай күні тойланады?

119. Наурыз жыры қандай жырға жатады?

120. Наурыз мерекесінде ертеректе қандай өлең айтылған?

121. «Ұлыс» сөзі қай мерекеге байланысты айтылған?

122. Наурыз көжеге қосылатын тағам түрлерін білесің бе?

123. Қазақтың ұлттық тағамдарына не жатады?

124. Әдебиетті «асыл сөз» деп атаған кім?

125. Әдебиет өмір шыңдығы ма, әлде көркемдік шындық па?

126. Жазба әдебиеті мен аңыз әдебиетінің қандай айырмашылығы бар?

127. Ауыз әдебиетіне тән белгілерді ата

128. « Жатқан жері даладай,

Екі өркеші баладай( - деген үзіндіде көркемдегіш құралды көрсет.

129. «Наурыз мерекесі өткен замандарға неге ардақты болған?

130. Қазіргі кезде наурыз мерекесі қандай өзгерістерге ұшыраған?

131.Зейнет сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

132.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас. Деген мақалды қалай түсінесің?

133.Мағынасы жағымсыз мақал – мәтел білесің бе? 134Үнемшілдік туралы мақал – мәтелді ата- анаңнан естіп көрдің бе?.

135.Төрт түлік малға байланысты қандай мақал – мәтелдер білесің?

136. «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» деген мақал ма, мәтел ме?

137. Жұмбақ дегенді қалай тиүсінесің?

138. Жұмбақ құрастыра білесің бе?

139.Қиял – ғажайып ертегілерінде кездесетін жағымсыз кейіпкерлерді ата.

140. Ертегілер үнемі қалай аяқталады?

141. Желаяқ, Таусоғар,Саққұлақ қай ертегінің кейіпкерлері?

142. «Ер Төстік» ертегісінде салт – дәстүрдің қандай түрлері айтылады?

143. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?

144. «Ер Төстік» ертегісі туралы фильм түсіриге бола ма?

145. « Ер Төстік» ертегісіндегі мыстан кемпірге қандай жаза қолданар едің?

146. Компазиция деген не?

147. Шыншыл ертегілерге жататын қандай ертегілерді білесің бе?

148. Эпиграф деген не?

149. «Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады деп ойлайсың?

150. «Қырық өтірік» ертегісінің басталуы мен аяқталуында өзің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастығы бар ма?

Соседние файлы в папке Ист-каз