Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
20.45 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Екі буыннан қ±ралѓан сµзді анықтањыз.

A) Бояушы.

B) Оқушы.

C) Кіріспе.

D) Қаламгер.

E) Б‰гін.

2. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

A) Шоқпардай.

B) Түнгі.

C) Малды.

D) Үлкенірек.

E) Көтеріңкі.

3. Дара сан есiмді анықтаңыз.

A) Тоғыз.

B) Бiр-бiрден.

C) Үш-төрт.

D) Он бес.

E) Бiр жүз отыз.

4. “Анау” сөзi қай сөз табы екенін белгілеңіз.

A) Зат есiм.

B) Үстеу.

C) Етiстiк.

D) Есiмдiк.

E) Сын есiм.

5. Табыс септіктегі сµзді қажет ететін етістікті тaбыңыз.

A) Сабақты.

B) Салт.

C) Болымды.

D) Болымсыз.

E) Дара.

6. Математика ғылымының термин сөзін табыңыз.

A) Абсолюттік шама.

B) Қос нүкте.

C) Депутат.

D) Циклон.

E) Департамент.

7. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын дауыстыны көрсетіңіз.

A) И.

B) Э.

C) Ю.

D) А.

E) Ы.

8. Дефиссіз бөлек жазылатын шылауларды көрсетіңіз.

A) Ақ, ай, кейін.

B) Үшін, себепті, жуық.

C) Екеш, не, ғой, ды.

D) Бұрын, себепті, мыс.

E) Ау, арқылы.

9. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз.

A) Атадан.

B) Егін.

C) Ауыл.

D) Ойыншық.

E) Бұрғы.

10. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Жиырма.

B) Кітап оқу.

C) Уәлихан.

D) Елеуіш.

E) Күркешік.

11. Жалқы есімді табыңыз.

A) Бұлақ.

B) Темір .

C) Өзен.

D) Астана.

E) Қамшы.

12. Есім сөз бен көмекші етістіктен жасалған тіркесті табыңыз.

A) Үй сайын.

B) Ауылдан екен.

C) Кеше жолықты.

D) Оқып бара жатыр.

E) Есін шығару.

13. Шақыру одағайын көрсетіңіз.

A) Ең әуелі.

B) Қысқасы.

C) Шөре-шөре.

D) Әрең-әрең.

E) Япырым-ау.

14. Үлкендер жиналысқа жиналды, балалар ше?

Сұрақ белгісінің қойылу себебін табыңыз.

A) Зат есім жұрнағы келгендіктен.

B) Сын есім жұрнағы келгендіктен.

C) Болымсыздық жұрнақ келгендіктен.

D) Шылау келгендіктен.

E) Етістік жұрнағы келгендіктен.

15. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Тастай қатты.

B) Айжан.

C) Сағындық.

D) Қырманнан қайтты.

E) Бейсенбай.

16. Табыс жалғаулы сөздер көбінесе қай сөйлем мүшесі бола алады, табыңыз.

A) Жанама толықтауыш.

B) Қосарлы айқындауыш.

C) Анықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Тура толықтауыш.

17. Қай сөйлемде "ма" бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

A) Ережені тез оқы(ма).

B) Ертеден кешке дейін далада ойна(ма).

C) Біреудің бермесін қиылып сұра(ма).

D) Кітапты шала оқы(ма).

E) Бүгін театрда қойылым бола(ма).

18. Бастауыш қай сөз табынан, көрсетіңіз.

Кейбіреулері сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

A) Зат есім.

B) Етістік.

C) Есімдік.

D) Сын есім.

E) Одағай.

19. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Жусан, изен, бұйырғын, көкпек - бәрі малға пайдалы.

B) Мақтаныш етеді, бекер.

C) Құнанбай қайсар жауапты естіді де, үндемей қалды.

D) Төзімділік пен сабырлылық - жақсы қасиет.

E) Төрт бөлмелі тас үй салқын да, жайлы.

20. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Таңертеңгі асты тастама.

A) Жалпылама жақты

B) Жақты

C) Толымды

D) Атаулы

E) Жақсыз

21. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

B) Күн жылынып, қар еріді.

C) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын нұсқаған тұсқа барды.

D) Әкем арбасын жөндеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті.

E) Жақыпбек шәкірттерге тамашалай қараса, Бану Жақыпбекке тамашалай қарайды.

22. ²Ең әуелі², ²үшінші², ²қысқасы² - қыстырма сөздерінің білдіретін мағынасын анықтаңыз.

A) Сенушілікті білдіреді.

B) Аяушылықты білдіреді.

C) Ой тәртібін білдіреді.

D) Сенбестікті білдіреді.

E) Алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын білдіреді.

23. Диалогқа тән тыныс белгісі қандай, белгілеңіз.

A) Үтір.

B) Қос нүкте.

C) Дефис.

D) Нүкте.

E) Сызықша.

24. Жақша қойылуға тиіс сөйлемді анықтаңыз.

A) Адам әсем болу керек.

B) Зипа асығыс кіріп Жомарт, а Жомарт! Мұнда кел!

C) Күткен қонағын қуанып қарсы алды.

D) Спортты сүйетін жастар көп.

E) Еңбекке баланы аз-аздап үйрету керек.

25. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Шәугімдегі судың қалғанын төкті.

B) Домбырадан күй төкті.

C) Қадиша күл төкті.

D) Етегіңдегіні төк.

E) Қалған ас итке төгілді.

26. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Надан, ықылас.

B) Көп, ұшан-теңіз.

C) Ақыл, асыл.

D) Жайлау, көкпар.

E) Егжей-тегжей.

27. Үстеудің қызметін анықтаңыз.

Жата-жастана қонуымызды өтінеді.

A) Анықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Баяндауыш.

28. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Бала түйілген бір нәрсені Бөрібайға ұсынды.

B) Мен көрген-білгенімді, түйгенімді айтып бердім.

C) Дүйсенбай қабағын түйді.

D) Ол киімдерін шүберекке түйіп алды.

E) Атасы-ағаштан түйін түйген адам.

29. Жаман дос - көлеңке

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың;

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

Қандай тыныс белгісі қойылмағанын табыңыз.

A) Қос нүкте.

B) Сызықша.

C) Көп нүкте.

D) Үтір.

E) Нүктелі үтір.

30. «Конспект» - қай елдің сөзі, табыңыз.

A) Араб.

B) Иран.

C) Латын.

D) Орыс.

E) Қазақ.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

E

D

A

D

A

A

B

B

C

C

D

B

C

D

E

E

E

C

A

A

D

C

E

B

B

B

D

E

A

C

Соседние файлы в папке Казак тили