Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
21.58 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. «У» дыбысы жуан болып т±рѓан сµзді кµрсетіњіз.

A) Жету.

B) Ж‰ру.

C) Қайту.

D) Секіру.

E) Кету.

2. Негізгі зат есімді табыңыз.

A) Бала.

B) Көрме.

C) Білім.

D) Аялдама.

E) Оқушы.

3. “Тоғызыншы” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.

A) Реттiк.

B) Топтау.

C) Жинақтық

D) Болжалдық.

E) Бөлшектiк.

4. “Қанша? неше?” сөздері есімдіктің қай түріне жататынын анықтаңыз.

A) Жалпылау есімдігі.

B) Өздік есімдігі.

C) Белгісіздік есімдігі.

D) Сілтеу есімдігі.

E) Сұрау есімдігі.

5. Есімшені табыңыз.

A) Отыр.

B) Айтты.

C) Келген.

D) Жат.

E) Ж‰гір.

6. Кірме сөзді табыңыз.

A) Жәшік.

B) Балға.

C) Жақсы.

D) Бес.

E) Қара.

7. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған

жалғауды табыңыз.

A) Лагерьге.

B) Бинокльінен.

C) Артельде.

D) Hольден.

E) Рульді.

8. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Өмірінде.

B) Бас штаб.

C) Жылқының.

D) Қара қой.

E) Ақ үй.

9. "Әлдеқалай" - құрамына қарай қандай сөз, белгілеңіз.

A) Қос сөз.

B) Қысқарған сөз.

C) Біріккен сөз.

D) Дара сөз.

E) Тұрақты тіркес.

10. Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипатталатын сөз атауын белгілеңіз.

A) Зат есім.

B) Етіс.

C) Бейнелеуіш сөздер.

D) Есімше.

E) Дыбыстық еліктеуіш.

11. Есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) Ол оқыды.

B) Жабырқап кетті.

C) Екі алды.

D) Селк етті.

E) Қызық кітап.

12. Жалаң сөйлемді табыңыз.

A) Біркелкі, жақсы өсіпті.

B) Жайлауға шықты.

C) Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды.

D) Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың.

E) Бұлар жүріп кетті.

13. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Уай, шіркін, ән деп осыны айт.

A) Еліктеу.

B) Қыстырма.

C) Одағай.

D) Бірыңғай мүше.

E) Қаратпа.

14. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

A) Байлықтың атасы еңбек , анасы-жер.

B) Байлықтың атасы- еңбек; анасы-жер.

C) Байлықтың атасы, еңбек: анасы, жер.

D) Байлықтың атасы- еңбек, анасы-жер.

E) Байлықтың атасы еңбек- анасы жер.

15. Табыс жалғауын табыңыз.

A) Жалғады.

B) Сөйлейді.

C) Қатысты.

D) Озды.

E) Тыныштығын.

16. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.

A) Сарырақ.

B) Күзгі.

C) Сап-сары.

D) Бозғылт.

E) Кішкене.

17. Мезгіл үстеумен тіркескен есім сөз, табыңыз.

A) Лезде тапты.

B) Үйге кетті.

C) Жаңа киім.

D) Ежелден таныс.

E) Қыруар адам.

18. Демеулік шылауды көрсетіңіз.

A) Кешеден бері.

B) Сол себепті.

C) Сен түгіл.

D) Қызық сияқты.

E) Түспей-ақ қой.

19. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

A) Ішкен ас.

B) Ақырын сөйлеу.

C) Қоғамдық меншік.

D) Басып озу.

E) Көзайым болу.

20. Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр, табыңыз.

A) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

B) Сөйлеу - тек адамға біткен қасиет.

C) Ғайша досына құпия сырды ашты.

D) Жиырма бес адам кеше аттанған еді.

E) Қарлы боран түні бойы тынбады.

21. Дара толықтауышты табыңыз.

A) Ағам үй ішіндегілерге сәлем берді.

B) Бейсен Жомартпен кейін қайтты.

C) Олар су қоймасын аралады.

D) Қырық бесті он беске бөл.

E) Ол еңбек жолын енді бастады.

22. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.

B) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.

C) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.

D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.

E) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.

23. Қаратпа сөзді табыңыз

A) Неге екенін кім білсін, мені ешкім елемеді.

B) Естимісің, әке, ағаш ән сап тұр.

C) Таяқты найза, мылтық қып кезенеді.

D) Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз.

E) - Астапыралда, - деді Итбай.

24. Көркем әдебиет стиліне тән белгіні көрсетіңіз.

A) Образдылық.

B) Бейтараптық.

C) Ғылымилық.

D) Ауызекілік.

E) Ресмилік.

25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

A) Айгүлдің қолын ара шағып алды. Арамен ағаш кесті.

B) Дүкен ашық тұр. Жанар есікті ашты.

C) Түнделетіп жүріп келеміз. Түнгі ауа тамаша.

D) Маған мұражай ұнады. Адамға бірден ұнау қиын.

E) Майра ән салды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.

26. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.

A) От жақпаған үй қорамен тең.

B) Дәмеш отырған орнында қалшиып, сөйлей алмай қалды.

C) Мекен тептім орманнан, даладан да.

D) Есен өздері өтуге ыңғайлы, қолайлы жер іздеді.

E) Халық үшін қалтықсыз еңбек ет, шаршама.

27. Қате жазылған сөзді табыңыз.

A) Ата мекен.

B) Бейтаныс.

C) Ақсүйек.

D) Ала бұлт.

E) Басараз.

28. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.

A) Алатау.

B) Немесе.

C) Сана.

D) Күзем.

E) Жануарлары.

29. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз

A) «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны-ашық буын.

B) Ұста: ’’Бұны қайдан көрдім?’’-деп ойлады.

C) «Қол ұстату, шаш сипату» деген ырымдар осы.

D) Cен дегенде ойым таза.

E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқыдың ба?

30. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.

A) Сөйледі Жамбыл бәріңе, жасың менен кәріңе.

B) Сөйледі Жамбыл бәріңе: жасың менен кәріңе.

C) Сөйледі Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе .

D) Сөйледі, Жамбыл бәріңе; жасың менен кәріңе.

E) Сөйледі, Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

C

A

A

E

C

A

B

D

C

C

E

E

C

D

E

C

D

E

E

B

B

D

B

A

A

D

A

D

B

B

Соседние файлы в папке Казак тили