Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
42
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
23.34 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. Түрлі аурулар мен бақытсыздықтан сақтайтын қасиеті бар деген сеніммен денеге тағып жүретін ғажайып күші бар зат:

A) Алқа.

B) Бойтұмар.

C) Білезік.

D) Таспиық.

E) Сурет.

2. Ұқсастықтарына қарай ежелгі грек авторлары кімдерді «Азиялық скифтер» деп атаған?

A) Наймандарды.

B) Қимақтарды.

C) Қыпшақтарды.

D) Сақтарды.

E) Арабтарды.

3. Отырар билеушісі Қайырдың монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі:

A) Өзі жақтастарының сатқындығы.

B) Қамалдың нашарлығы.

C) Халықтың көтеріліске шықпауы.

D) Әскери күшінің нашарлығы.

E) Қорғаныстың нашар болуы.

4. 1916 жылѓа кµтерілістіњ ірі орталыѓы

A) Ќызылордада

B) Верныйда

C) Семейде

D) Торѓайда

E) Т‰ркістанда

5. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ ұшқышы:

A) Тоқтар Әубәкіров.

B) Талғат Бигелдинов.

C) Төлеген Тоқтаров.

D) Талғат Мұсабаев.

E) Нұркен Әбдіров.

6. Киіз үйдің ежелгі шығу тарихы қандай баспаналар негізінде пайда болған?

A) Шалаш.

B) Күймелі арба.

C) Андроновтық дөңгелек баспана.

D) Сібірлік күрке.

E) Бәдәуилер шатыры.

7. 751 ж. Атлах қаласының жанында кімдер арасында үлкен шайқас болды?

A) Соғдылықтар мен қытайлар.

B) Арабтар мен қытайлар.

C) Арабтар мен түркештер.

D) Түркештер мен қытайлар.

E) Соғдылықтар мен арабтар.

8. Ерте ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың діні:

A) Исусқа табыну.

B) Буддаға табыну.

C) Тәңірге табыну.

D) Аллаға табыну.

E) Маниге табыну.

9. Ақ орда және Моғолстан мемлекеттері қандай оқиға нәтижесінде әлсіреді?

A) Экономикалық дағдарыс.

B) Алтын Орда шапқыншылығы.

C) Әмір Темір шапқыншылығы.

D) Жоңғар шапқыншылығы.

E) Экологиялық жағдай.

10. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі:

A) Анимизм.

B) Ислам.

C) Тәңірлік.

D) Буддизм.

E) Христиан.

11. Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы Анна Иоанновнаның грамотаға қол қоюы қай жыл?

A) 19 ақпан 1731 ж.

B) 19 ақпан 1759 ж.

C) 19 ақпан 1932 ж.

D) 19 ақпан 1728 ж.

E) 19 ақпан 1730 ж.

12. Ырғыз даласында қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастырған қайраткер:

A) А. Байтұрсынов.

B) А. Құнанбаев.

C) С. Көбеев.

D) Ы. Алтынсарин.

E) С. Торайғыров.

13. Аралас орыс-қазақ мектептерінің ашылуына негіз салған, ағарту ісін дамыту туралы Ереже қашан қабылданды?

A) 1914 жылы.

B) 1911 жылы.

C) 1902 жылы.

D) 1906 жылы.

E) 1910 жылы.

14. Президент Н. Назарбаевтың құзыретін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту шешімін қабылдаған:

A) Парламент депутаттарының дауыс беру нәтижесі.

B) Конституциялық кеңес.

C) Жоғары Сот.

D) Республикалық референдум нәтижесі.

E) Жоғары Кеңес.

15. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың ортасында қаңлылармен соғысқан тайпалық одақ:

A) Қыпшақтар.

B) Аландар.

C) Ғұндар.

D) Сарматтар.

E) Үйсіндер.

16. 1870 жылы қазақ шаруаларының азаттық күресі болған өлке:

A) Ақтөбе.

B) Маңғыстау.

C) Ақтау.

D) Орал.

E) Торғай.

17. Дала генерал губернаторлығының орталығы болған қала.

A) Омбы.

B) Ақмола.

C) Семей.

D) Орынбор.

E) Орал.

18. Ш.Уәлихановтың шыққан тегі.

A) Малшы.

B) Жұмысшы отбасы.

C) Жатақ.

D) Ақсүйек Шыңғыс тұқымы.

E) Қожа.

19. XIX ғ. 60-жылдарындағы Польша азаттық күресінің өкілі, Абайдың досы болған С.С. Гросстың «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» атты зерттеуінің мағынасы:

A) Қазақтардағы әдет-ғұрып, билер соты туралы.

B) Қазақ өлкесіндегі бақсылық жайлы.

C) Қазақ халқының айтыс өнерінің ерекшелігі хақында.

D) Қазақтың салт-дәстүрі жайлы.

E) Күй өнері жөніндегі ой-пікірі.

20. Черкасск қорғанысына көмектесу кезінде қаза болған, Жетісу майданының қолбасшысы.

A) И.Вацетис.

B) Я.Ушанов.

C) Н.Ирченко.

D) М.Фрунзе.

E) Л.Емелев.

21. Азамат соғысынан кейін өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі қашан аяқталды?

A) 1923-1924жж.

B) 1929-1930жж.

C) 1924-1925жж.

D) 1926-1927жж.

E) 1927-1928жж.

22. Ұжымдастыруға қарсы «Көтеріліс бандалары» аталған қылмыстық істерді қараған орган:

A) Республикалық жоғары соты.

B) Трибунал.

C) Соттан тыс “үштіктер.”

D) Жергілікті соттар.

E) Би және қазылар соты.

23. “Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні”, “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” атты бағалы жинақтар жазған өнер зерттеушісі:

A) Е.Брусиловский.

B) А.Жұбанов.

C) А.Затаевич.

D) М.Төлебаев.

E) Л.Хамиди.

24. ХХ ғ. 80 ж. соңында шығармашылық мұралары ақталған қайраткер:

A) С. Мұқанов.

B) М. Жұмабаев.

C) С. Сейфуллин.

D) Б. Майлин.

E) М. Әуезов.

25. Оңтүстік Қазақстаннан тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан археолог.

A) К.М. Байпақов.

B) Қ. Ақышев.

C) Е.Б. Бекмаханов.

D) Ә.Х. Марғұлан.

E) .Х.А. Алпысбаев.

26. Зороастра дінінің айшықты ескерткіштері қай өңірдің қалаларынан табылды?

A) Талас.

B) Шу.

C) Іле.

D) Каспий.

E) Сырдария.

27. Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан ұйғыр көпесі.

A) М.Ниязов.

B) Мехти Рафаилов.

C) Башыр Айтов.

D) С.Мауатов.

E) Вали Ахун Юлдашев.

28. Соғыстан кейін бейбіт тұрмыс өнімдерін шығаруға көшкен ең алғашқы зауыттың бірі:

A) Семей цемент зауыты.

B) Теміртау металлургия зауыты.

C) Ақтөбе рентген аппаратураларын жасайтын зауыт.

D) Шымкент гидролиз зауыты.

E) Өскемен машина жасау зауыты.

29. Жалаңашкөлдегі кеңес-қытай әскери-қарулы қақтығысы болған жыл.

A) 1969 жыл.

B) 1970 жыл.

C) 1961 жыл.

D) 1979 жыл.

E) 1975 жыл.

30. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның толық мүшесі болды

A) 1992ж. 2 наурызда.

B) 1993ж. 28қаңтарда.

C) 1993ж. 15қарашада.

D) 1991ж. 16 желтоқсанда.

E) 1990ж. 25қазанда.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

B

D

A

D

B

C

B

C

C

B

A

D

D

D

E

B

A

D

A

E

E

C

C

B

E

E

E

C

A

A

Соседние файлы в папке каз тарихы