Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
37
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
23.1 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. Тасқа салынған суреттердің ғылыми атауы:

A) Алфавит.

B) Петроглиф.

C) Иероглиф.

D) Кескіндеу.

E) Андронов.

2. Сақтар кезінде соғыста қолға түскен тұтқындар қайда жұмыс істеді?

A) Үй шаруашылығында.

B) Кеніште.

C) Әскерде қызмет атқарды.

D) Мал шаруашылығында.

E) Егін шаруашылығында.

3. Үйсіндерде малдың қай түрінің саны басым болды?

A) Қой, түйе.

B) Жылқы, түйе.

C) Жылқы, ірі қара.

D) Қой, ірі қара.

E) Қой, жылқы.

4. 1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісте орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі:

A) Д.Федосов.

B) И.Долматов.

C) С.Вербицкая.

D) Е.Курев.

E) П.Аркадьев.

5. Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер:

A) Талғат Мұсабаев.

B) Тоқтар Әбдікәрімов.

C) Төлеген Тоқтаров.

D) Талғат Бигелдинов.

E) Тоқтар Әубәкіров.

6. Оғыздардың билеушісі Шахмәлік қай жылы Хорезмді жаулап алды?

A) 1020 ж.

B) 1060 ж.

C) 1055 ж.

D) 1031 ж.

E) 1041 ж.

7. Мамайдың Куликово даласындағы жеңілісін пайдаланған қай хан Алтын Ордадағы билікті тартып алды?

A) Жошы хан.

B) Тоқтамыс хан.

C) Өзбек хан.

D) Мөңке хан.

E) Берке хан.

8. Ноғай ордасының аумағы:

A) Еділ мен Жайық аралығы.

B) Шу және Талас алқабы.

C) Сырдария мен Іле аралығы.

D) Сырдария мен Амудария аралығы.

E) Жайық пен Ертіс аралығы.

9. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай жерден Моғолстанға көшті?

A) Ақ Ордадан.

B) Сібір хандығынан.

C) Әбілқайыр хандығынан.

D) Ноғай ордасынан.

E) Темір ұрпақтары мемлекетінен.

10. Cібір қазақтарының Ережесі бойынша ауыл старшындары неше жылға сайланып отырды?

A) 4 жыл.

B) 1 жыл.

C) 2 жыл.

D) Өмір бойына.

E) 3 жыл.

11. Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған қазақ ұлы ақыны.

A) С.Сейфуллин.

B) Шөже ақын.

C) Шәкәрім.

D) Ж.Жабаев.

E) Абай.

12. Абайдың ең жақын досы.

A) Е. Михаэлис.

B) Н. Долгополов.

C) А. Леонтьев.

D) Ф. Достоевский.

E) С.Гросс.

13. Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров соғыс кезінде әскери міндетін кім болып атқарды?

A) Жаяу әскер.

B) Артиллерист.

C) Мерген.

D) Ұшқыш.

E) Танкист.

14. Ұлы Отан соғысы жылдары жұмысшылардың жетіспеушілігінен шығу үшін қандай жағдайға көшті?

A) Студент жастардың еңбегін пайдаланды.

B) Кәсіпорындарға жұмыс істеуге шаруаларды күшпен тартты.

C) Еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылады.

D) Кәсіпорындарға жұмысшыларға инвестицияны тартты

E) Шетел жұмысшылары шақырылды.

15. 1886 жылы ’’Түркістан өлкесін басқаруы’’ туралы ережеге байланысты оның құрамына енген облыстар:

A) Шымкент, Орал.

B) Жетісу, Қапал, Черняев.

C) Сырдария, Ферғана, Самарқант.

D) Манкент, Ташкент.

E) Верный, Перовск.

16. 1867-68 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буынын атаңыз.

A) Уездік соты.

B) Аудандық сот.

C) Облыстық сот.

D) Билер мен қазылар соты.

E) Әскери сот.

17. XIX ғ. 60-80 ж. Қазақстанға қоныс аударушылардың басты легі қаптаған аймақ.

A) Орал, Торғай облыстары.

B) Жетісу өлкесі.

C) Сырдария облысы.

D) Ақмола облысы.

E) Семей облысының территориясы.

18. Қазақстанның Қытаймен Іле су жолы арқылы қатынасы қашан басталды?

A) 1885 жылы.

B) 1870 жылы.

C) 1884 жылы.

D) 1883 жылы.

E) 1881 жылы.

19. Құрманғазының би күйі.

A) «Қызыл қайың».

B) «Адай».

C) «Ақбай».

D) «Сарыарқа».

E) «Кішкентай».

20. XX ғ. басында Қазақстанда өнеркәсіптің қай түрі жақсы дамыды?

A) Түсті металлургия.

B) Кен өндірісі.

C) Машина жасау.

D) Химия өнеркәсібі.

E) Жеңіл өнеркәсіп.

21. Алашорданы жою туралы шешім қашан қабылданды?

A) 1919 ж. 9 қантарда.

B) 1918 ж. 9 ақпанда.

C) 1921 ж. 9 сәуірде.

D) 1917 ж. 9 мамырда.

E) 1920 ж. 9 наурызда.

22. Өкіметтің жергілікті органдарына көмек көрсету мақсатында, үгіттеу және насихаттау экспедициялары ұйымдастырылды. Ол -

A) “Қызыл агитбригадалар”.

B) “Қызыл керуен”.

C) “Қызыл ту”.

D) “Қызыл киіз үй”.

E) “Қызыл пролетарий”.

23. 1931 жылы Алматыда ашылған жоғарғы оқу орны:

A) Зоотехникалық малдәрігерлік институты.

B) Педагогика институты

C) Медицина институты.

D) Тау-кен институты.

E) Ауылшаруашылық институты.

24. Қазір қолданып жүрген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған жыл:

A) 1992ж. маусымда.

B) 1991ж. желтоқсанда.

C) 1992ж. қаңтарда.

D) 1995ж. тамызда.

E) 1997ж. қазанда.

25. Қарақұдық тұрағы қай дәуірге жатады?

A) Орта палеолитке.

B) Неолитке.

C) Қола дәуіріне.

D) Ерте палеолитке.

E) Кейінгі палеолитке.

26. Андроновтықтардың басты археологиялық белгісіне тән сипаттама.

A) Жерлеу дәстүрі.

B) Соғыс өнерінің жоғары деңгейі.

C) Саяси ұйымы – әскери демократия.

D) “Халықтардың ұлы көші”.

E) Негізгі шаруашылығы – егіншілікті мал шаруашылығымен ұштастыра жүргізу.

27. 1737 ж. Орыс үкіметі Кіші жүздің жасақтарын қандай көтерілісті басып тастауға жұмсады?

A) Маңғыстаудағы көтерілісті.

B) Енисей бойындағы қырғыздардың көтерілісін.

C) Башкириядағы көтерілісті.

D) Орта жүздегі көтерілісті.

E) Қалмақтардың көтерілісін.

28. ХХ ғ. 60 ж. ғылыми техникалық прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі:

A) Шымкент гидролиз зауыты.

B) Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты.

C) Ақтөбе трикотаж фабрикасы.

D) Өскемен конденсатор зауыты.

E) Шымкент қорғасын зауыты.

29. Қандай оқиға бұрын болды?

A) О.Сүлейменовтың “Аз и Я” кітабының жарыққа шығуы.

B) Жалаңашкөлдегі шекаралық қақтығыс.

C) Ю.Гагариннің космосқа ұшуы.

D) Целиноградтағы оқиға.

E) Қазақстан республикасының Жаңа Конституциясының қабылдануы.

30. 1985 ж. сәуір айында болған КОКП ОК-нің пленумы:

A) Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағытын жариялады.

B) КСРО-ны төніп келе жатқан дағдарыстан құтқару жолдарын талқылады.

C) Жеделдету бағытын қолдап, дамытты.

D) Жаңару бағытын бастап жүре алатын күш – партия деп жариялады.

E) КОКП ОК-нің басшысын сайлады.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

B

A

E

D

E

E

B

A

C

E

E

A

D

C

C

D

B

D

A

B

E

B

C

D

B

A

C

D

C

A

Соседние файлы в папке каз тарихы