Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
29
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
22.58 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. Ежелгі андроновтық дөңгелеқ баспаналар негізінде пайда болған үй:

A) Шатыр үй.

B) Тас үй.

C) Ағаш үй.

D) Кірпіш үй.

E) Киіз үй.

2. Персепольдағы Ксеркс сарайының қабырғаларында қай сақ тайпаларының суреті кездеседі?

A) Шошақ бөрікті сақтардың.

B) Теңіздің ар жағындағы сақтардың.

C) Массагеттердің.

D) Аримаспалардың.

E) Хаома сусынын дайындайтын сақтардың.

3. 1916 көтерілістің негізгі қозғаушы күші:

A) Қазақ байлары.

B) Қазақ интеллигенциясы.

C) Қазақ шаруалары мен қолөнершілері.

D) Қазақ сұлтандары.

E) Қазақ болыстары.

4. Соғыс кезінде елде өндірілген әрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасын берген кеніш:

A) Балқаш.

B) Шығыс Қоңырат.

C) Жезқазған.

D) Қарсақпай.

E) Найзатас.

5. Қазақстанның жаңа Конституциясы қай жылы қабылданған?

A) 1994 ж.

B) 1992 ж.

C) 1995 ж.

D) 1993 ж.

E) 1991 ж.

6. Ежелгі тас дәуірі:

A) Неолит.

B) Энеолит.

C) Мустьер.

D) Палеолит.

E) Мезолит.

7. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі.

A) Б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар.

B) Б.з.д. 140-40 мыңжылдықтар.

C) Б.з.д. 30-10 мыңжылдықтар.

D) Б.з.д. 80-40 мыңжылдықтар.

E) Б.з.д. 200-140 мыңжылдықтар.

8. Х ғ. соңында оғыздар кімдермен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ бұлғарларын талқандады?

A) Половецтермен.

B) Қарлұқтармен.

C) Печенегтермен.

D) Қимақтармен.

E) Киев Русімен.

9. Түрік тайпаларында руды айқындайтын жазба белгі:

A) Тұмар.

B) Медальон.

C) Таңба.

D) Стела.

E) Аңыз.

10. Сыр бойы қалаларының қайсысы монғолдарға тегеуірінді қарсылық көрсетті?

A) Женд.

B) Құлан.

C) Сығанақ.

D) Баршакент.

E) Өзгент.

11. Ноғай ордасында саны жағынан ең көп тайпа.

A) Маңғыттар.

B) Наймандар.

C) Арғындар.

D) Дулаттар.

E) Қыпшақтар.

12. Ұшыр, баж және харадж түріндегі алым-салықты төлеп тұруға кімдер міндетті болды?

A) Әскери тап өкілдері.

B) Көшпелі ақсүйек өкілдері.

C) Дінбасылары өкілдері.

D) Малшылар.

E) Егіншілер мен қолөнершілер.

13. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған қазақ батыры:

A) Амангелді.

B) Бөгенбай.

C) Жоламан.

D) Сырым.

E) Исатай.

14. Қай жылдары Шоқан Уәлиханов Сібір Кадет корпусында білім алды?

A) 1847-1851 ж.ж.

B) 1847-1849 ж.ж.

C) 1847-1852 ж.ж.

D) 1847-1853 ж.ж.

E) 1848-1850 ж.ж.

15. Сақтарда тұмар мен бойтұмар ролін атқарған заттар.

A) Қалқандар.

B) Пұттар.

C) Ай бейнесі бар заттар.

D) Аң бейнелері бар заттар.

E) Күн бейнесі бар заттар.

16. 1867-68 жж. «Реформадан» кейін өсірілген міндетті салық түрі.

A) Ұшыра.

B) Зекет.

C) Сойырғал.

D) Шаңырақ салығы.

E) Земство салығы.

17. 1883 жылы Орынбор губерниясының Орск қаласында тұңғыш ашылған оқу орны:

A) Мұғалімдер институты.

B) Қазақ мұғалімдік мектебі.

C) Приход мектептер класы.

D) Орыс-қазақ аралас мектептер.

E) Сегіз класты ер балалар гимназиясы.

18. Ы.Алтынсарин өмір сүрген жылдар

A) 1845-1895 жж.

B) 1839-1887 жж.

C) 1851-1899жж.

D) 1843-1892 жж.

E) 1841-1889 жж.

19. Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірген Омбыдағы ереуіл қашан өтті?

A) 1905 ж. 20 қазан.

B) 1907 ж. 27 қазан.

C) 1906 ж. 25 қазан.

D) 1905 ж. 25 қазан.

E) 1907 ж. 29 қазан.

20. Ұжымдастыруға қарсы болғандардың ісін қараған орган:

A) Прокуратура.

B) Халық билері.

C) Саяси басқарма үштігі.

D) Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

E) Сот.

21. 1925 ж. Парижде, 1927 ж. Германиядағы шығармашылық концерттерде өнер көрсеткен қазақтың атақты әншісі:

A) Ш.Жиенқұлова.

B) Ә.Қашаубаев.

C) К.Байсейітова.

D) Р.Бағланова.

E) М.Ержанов.

22. Тың және тыңайған жерлерді игеру кімнің идеясы?

A) Шетелдік ғалымдардың.

B) Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы ғалымдарының.

C) КСРО Ғылым Академиясы ғалымдарының.

D) Жергілікті жерлердегі ауылшаруашылық мамандарының.

E) Өкімет билігінің жоғарғы деңгейіндегілердің.

23. 1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды?

A) Келесі жылға арналған мемлекеттік бюджет қаралды.

B) Мал шаруашылығының жағдайы жайлы.

C) Республика басшылары ауысты.

D) Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы жайында.

E) Білім мен денсаулыққа қосымша қаржы бөлу жайлы.

24. Конституцияға сәйкес жергілікті атқару билік органын атаңыз.

A) Сенат.

B) Әкімшілік.

C) Мәжіліс.

D) Маслихат.

E) Департамент.

25. Қазақ даласы арқылы өтетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты Ресей үкіметі 1803 ж. мамырда не нәрсеге рұқсат етті?

A) Көпестерге қаруланған отрядтарды ұстауға рұқсат етті.

B) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

C) Ішімдіктерді сатуға рұқсат етті.

D) Бағалы металдардың әкелуін шектеу.

E) Сауданың дамуына жағдай жасады.

26. Қазақ өлкесін басқару жобасына өзгерістер енгізуді қарастырған комиссияны кім басқарды?

A) А.Гирс - ішкі істер Министрлер Кеңесінің мүшесі.

B) Генерал-губернатор А.Безак.

C) Әскери Министр Милютин.

D) Капитан А.Прощенко.

E) Бас штаб полковнигі А.Гейнс.

27. Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл.

A) 1860 ж.

B) 1855 ж.

C) 1870 ж.

D) 1845 ж.

E) 1840 ж.

28. Колчактың тылында күрес жүргізген Қостанай партизандарының басшысы.

A) С.Шарипов.

B) К.Саркин.

C) А.Әйтиев.

D) А.Майкөтов.

E) О.Ибраев.

29. 1922 ж. 4-ші тамыздағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесі комитетінің қаулысы бойынша Қазақ АКСР 25 млн сомды қайда бөлді?

A) Ашаршылықтан зардап шеккендерге несие беруге.

B) Ауылшаруашылық машина және құралдар сатып алуға.

C) Халыққа тұрғын үй салуға несие беру.

D) Астық тұқымын сатып алуға.

E) Мал сатып алуға.

30. Қазақстан КП ОК-ң 1947 ж. 21 қаңтардағы қаулысы бойынша тиым салынған мәселе:

A) XIX ғ-дың рухани мұрасын зерттеуге.

B) Тарихты зерттеуге.

C) Ғылыми ойлау бостандығына.

D) Қоғамдық ғылымдарды қадағалауға.

E) Тарихты ғылыми тұрғыдан байытуға.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

E

A

C

B

C

D

A

E

C

C

A

E

B

D

D

D

B

E

D

C

B

E

C

B

A

A

D

E

B

A

Соседние файлы в папке каз тарихы