Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
62
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
22.06 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. Діни жораларды жүргізумен қатар ежелгі дәстүрлер мен білімдерді сақтаушы топ:

A) Шешендер.

B) Ақындар.

C) Билер.

D) Батырлар.

E) Абыздар.

2. Жетісу жерінде қазір қандай облыс орналасқан?

A) Ақмола.

B) Алматы.

C) Атырау.

D) Қарағанды.

E) Қостанай.

3. Алтын Орданы қай хан билеген тұста ісләм діні үстемдік алды?

A) Өзбекелі хан.

B) Отырар хан.

C) Өтірік хан.

D) Өзбек хан.

E) Орыс хан.

4. Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Ә.Майкөтов, С.Меңдешев сияқты халықтың төменгі тобынан шыққан зиялылар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қандай көзқараста болды?

A) Көтерілісті қолдамады.

B) Көтерілістің нәтижесіз екенін түсінді.

C) Қарсыласпай патша өкіметімен ымыраластыққа келу.

D) Көтерілісті толық қолдады.

E) Жартылай әскер беру мәселесін көтерді.

5. Қаз. КСР Президентінің алғаш рет бүкілхалықтық сайлауы өткен уақыт:

A) 1991 жыл 16 желтоқсан.

B) 1991 жыл 2 қазан.

C) 1991 жыл 1 желтоқсан.

D) 1991 жыл 1 қыркүйек.

E) 1991 жылы 23 тамыз.

6. Ежелгі адам іздері туралы негізгі ақпарды археологиялық материалдардың қайсысы берді?

A) Қыш құмыра бұйымдар.

B) Сүйектен жасалған бұйымдар.

C) Қару-жарақтар.

D) Жануарлар қалдығы.

E) Тас құралдар.

7. Қарлұқ мемлекетінің құлаған жылы

A) 603 ж.

B) 760 ж.

C) 990 ж.

D) 940 ж.

E) 850 ж.

8. Моғолстанның қай билеушісі ойраттармен ұзақ соғыс жүргізді?

A) Жәнібек.

B) Тоғылық-Темір.

C) Уәйс хан.

D) Есенбұға.

E) Орыс хан.

9. Бай адамдардың малын кедейлерге бағу үшін беру:

A) Асар.

B) Мардикар.

C) Жамаға.

D) Қаналға.

E) Сауын.

10. Орыс патшасы І Павелдің бұйрығымен Ішкі Орда қай жылы құрылды?

A) 1801 ж.

B) 1803 ж.

C) 1797 ж.

D) 1798 ж.

E) 1796 ж.

11. Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы.

A) Г.Потанин.

B) М. Лермонтов.

C) Ф. Достоевский.

D) М.Горький.

E) Л. Толстой.

12. 1879 ж. Ы. Алтынсарин тағайындалған қызмет.

A) Орынбор мектебінде оқытушылық.

B) Торғай мектебінің директоры.

C) Торғай облысы мектептеріне инспектор.

D) Ақмола қаласының коменданты.

E) Балғожа бидің хатшысы.

13. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны:

A) 25

B) 18

C) 30

D) 15

E) 20

14. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.

A) Қ.Сәтпаев.

B) С.Вавилов.

C) А.Марғұлан.

D) Ж.Меңдешов.

E) Д.Қонаев.

15. Дарий бастаған парсы әскерін шөл далада адастырған сақ малшысы:

A) Исмаил.

B) Спаргапис.

C) Рүстем.

D) Ширақ.

E) Бақтияр.

16. 1847-57 ж.ж. Қазақстанда айдауда болған украин ақыны:

A) Гетман.

B) Шевченко.

C) Ковпак.

D) Василенко.

E) Овчаренко.

17. 1967-68 ж.ж. Реформа бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны.

A) Болыс.

B) Округ.

C) Аудан.

D) Уезд.

E) Ауыл.

18. Құрманғазы күйі арқылы туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас күшін сипаттайтын қандай шығармасы?

A) “Ақсақ киік”.

B) “Сарыарқа”.

C) “Кішкентай”.

D) “Адай”.

E) “Ақбой”.

19. Ұлы Абаймен дос болған, «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» деген тақырыпта құнды зерттеу жариялаған:

A) С.С. Гросс.

B) П. Орлов.

C) Н.И. Долгополов.

D) А. Леонтьев.

E) А. Бяловский

20. 1905 жылы Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымы қалай деп аталды?

A) ’’Бірлік’’ одағы.

B) Социал демократиялық ұйым.

C) Орыс-қырғыз жұмысшыларының одағы.

D) Тау-кен жұмысшыларының одағы.

E) Өнеркәсіп жұмысшыларының одағы.

21. 1918 жылы Ә.Жангелдиннің экспедициясы көмек көрсеткен майдан.

A) Орал майданы.

B) Шығыс майданы.

C) Жетісу майданы.

D) Ақтөбе майданы.

E) Түркістан майданы.

22. ХХ ғ. 20 ж. түсті металлургияның негізгі ауданы:

A) Кенді Алтай.

B) Қарғалы.

C) Ембі.

D) Қарағанды.

E) Екібастұз.

23. 1928-1929 жж. астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны:

A) 27 мың.

B) 29 мың.

C) 33 мың.

D) 25 мың.

E) 31 мың.

24. Қазақстан рубльдік зонадан шықты:

A) 1993ж. қарашада.

B) 1991ж. желтоқсанда.

C) 1992ж. қаңтарда.

D) 1995ж. желтоқсанда.

E) 1992ж. наурызда.

25. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі:

A) Ыдыс-аяқтың пайда болуы.

B) Садақ пен жебені ойлап табу.

C) Өнімді еңбектің пайда болуы.

D) Бумерангті ойлап табу.

E) Тас өңдеудің жаңа әдісінің пайда болуы.

26. XVI-XVII ғғ. тұрғын үйлердегі лас суларды тазартуға арналған қондырғы.

A) Ташнау.

B) Тандыр.

C) Суфа.

D) Кереге.

E) Кутарме.

27. 1891ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық.

A) Шығыс-Сібір генерал-губернаторлығы.

B) Түркістан генерал-губернаторлығы.

C) Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы.

D) Орынбор генерал-губернаторлығы.

E) Дала генерал-губернаторлығы.

28. 1942 ж. 23-қазанда Қазақ радиосы қай қаланы қорғаушыларға арнаулы радиохабар ұйымдастырды?

A) Ленинград.

B) Сталинград.

C) Одесса.

D) Севастополь.

E) Мәскеу.

29. 1970 жылы Республиканың халық шаруашылығының жалпы одақтық маңызы болған салалар:

A) Ағаш өңдеу.

B) Мұнай өңдеу және химия.

C) Жеңіл және тамақ.

D) Ет-сүт.

E) Машина жасау және металлургия.

30. 1990 ж. тамыз айында дүниеге келген «Единство» ұлтаралық қозғалысы:

A) Әр түрлі саяси партия өкілдерінен тұрды.

B) Одақтық мәні бар кәсіпорындардың ғылыми-техникалық интеллегенция өкілдерінен тұрды.

C) 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары үшін жауапқа тартылғандардан тұрды.

D) Кәсіподақ,ардагерлер,жастар, т.б. ұйымдарды біріктірді.

E) Діни ұйымдар өкілдерін біріктірді.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

E

B

D

D

C

E

D

C

E

A

C

C

E

A

D

B

D

B

A

C

D

A

E

A

C

A

E

B

B

B

Соседние файлы в папке каз тарихы