Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

stilistika_test_s_1201_ra_1179_tar

.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
55.3 Кб
Скачать

«Ақ бидай – алтын астық дәнім аты, Ақ бидай – бүгін шырқар әннің аты (Н.Ш.)” – стильдік қолданыстағы стилистикалық фигура қалай аталады?Анафора;

«Ал қимылда!» десіп, бірін-бірі қуып, сайын далада салды аударыспақты» үзіндісінде стильдік мәнде жұмсалған синтаксистік амал қалай аталады?Инверсия;

«Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар-намысымды қашырман. Бұлтқа жетпей шарт сынбан» - (Махамбет) экспрессивті білдірудің синтаксистік тәсілі қандай жолмен жасалған?І жақтық жіктік жалғауы арқылы

«Әжесі Қартқожадан көзін айырмайды, жасы телегей-теңіз болып ағады” дегенде бейнелілік қандай тілдік құралмен жасалған?Гипербола;

«Бақа – көлінде патша, Балық – суында патша, Жігіт – елінде патша» қолданысында қандай стильдік фигура бар?Параллелизм;

«Бұ жақтың сұқсырлары қандай сақ! Қаршығаны көш жерден көре қояды екен, - дегенде: Қаршығаларымыз қыран да, - деп күлімдеген» – үзіндідегі метафора Қаршығаларымыз;

«Бізге деген жұт «жеті ағайынды» болса, Рамазанмен сегіз ағайынды, Жанғалимен тоғыз ағайынды, Исахметпен он ағайынды, Молдашпен он бір ағайынды, Сағатпен он екі ағайынды” (Ғ.М.) - стильдік қолданыстағы стилистикалық фигура қалай аталады?Градация;

«Көркем шығармада халықтың тілдік құралдары аса мұқият қолданудың нәтижесінде жаңа категория – эстетикалық категория – жасалады» деген кім?В.Виноградов;

«Ойбай-ау, мен саған қызық айтайын ба? - деді ол отыруға да мұршасы келмей. Қай стильге тән?Ауызекі сөйлеу стилі.

«Өсімдік құрылымы, инверсия, шарықтау шегі, көркем әдебиет.» сөздері қай стильге тән?Ғылыми стиль.

«Публицистика» қай тілден енген сөз Латын;

«Сөйтіп, бүйтіп, әйтіп, боп, ап» тәрізді қысқарымдар қай стиль түрінде жұмсалады?Ауыз екі сөйлеу тілі;

«Стилистика негіздері»(Астана: Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ, 2006)оқулығының авторы:М.Серғалиев;

«Төменде қол қоюшылар, сенім білдіремін, келісемін»сынды қолданыстар қай стильге тән?Ресми стиль;

«Тілінің ащысын ш-ш-шіріктің!» сөйлемінде кейіпкердің эмоциясын айқындауға жұмсалған тәсіл:Дыбыс созылыңқылығы;

«Уа,кімсіз? – Ыбыраймыз. – Жаймысыз?»сөйлемінде сөйлеу ерекшелігі қай стильге тән?Сөйлеу стилі;

Адамдар мен олардың қақтығысын, мінезін сипаттауды мақсат ететін,тіл байлығын барынша пайдалану амалы қай стильге тән?Көркем әдебиет стилі;

Акт деген - ...бірнеше адамның әлдебір фактіні не оқиғаны дәлелдейтін құжаты;

Ақбөкен – сахараның ботакөзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып (С.С.).Асты сызылған сөз қай троп түрі?Метафора;

Антонимдер арқылы жасалған стильдік фигура түрі:Оксюморон

Анықтама дегеніміз - ...әлдебір фактіні сипаттайтын немесе әлдекімнің қызмет орнын айқындайтын құжат;

Ауызекі сөйлеу стилі іштей неше шағын стильге жіктеледі? 2

Ауызекі сөйлеу стилінің шағын стиль түрлері:Бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі, ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі

Ауызекі сөйлеу стилінің экстралингвистикалық белгілеріБарлығы дұрыс;

Ауызекі сөйлеу стильдің белгілері:Қарым-қатынастың еркіндігі,оказионализмдердің болуы;

Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдердің үш түрге бөлінуі қайсы?Қарапайым фразеологизмдер, тұрпайы фразеологизмдер, жергілікті ерекшелік сипатындағы

Әдебиет пен тілдің ара жігінде туып, әдебиетке де, тілге де бірдей қызмет ететін стилистиканы қазіргі ғылымда қандай салаларға ажыратады?Тіл стилистикасы, тілдік қолданыс стилистикасы, көркем сөз стилистикасы, көркем әдебиет стилистикасы;

Әкімшілік-кеңселік шағын ресми стиліне жататын қатар:өкім, бұйрық, іс қағаздары: өтініш, өмірбаян, сенімхат, қолхат т.б.;

Бай – дәулетті – ауқатты - әулетті деген сын есімдер қандай тәсілмен жасалған?Лексикалық;

Бұқаралық ақпарат құралдары қандай түрлерге бөлінеді?Визуалдық, аудиолық, аудиовизуалдық;

В.П.Мурат көрсеткен стилдер тобы:Әдеби стиль, поэтикалық, саяси, ресми іс қағаздар, ғылыми, қарапайым сөйлеу стилі;

Ғалым Ф.Оразбаева сын есім сөздердің синоним болуының неше тәсілін көрсетті:Үш;

Ғылыми стиль ерекшелігі:Дәлелді,тура мәнді, логикалық

Ғылыми стильдің негізгі ерекшелігі:Ой күрделі баяндалып, анықтама,дәлелдеме және формулаларға негізделуінде;

Дайын тіркестер (штамп, трафрарет) қай стильде пайдаланылады?Ресми, іс қағаздар;

Елшілік қатынастан басқа орында аз қолданылатын не қолданылмайтын лексика:Халықаралық сыпайылықты білдіретін сөздер;

Ереже, шешім, хаттама, анықтама, ұсыныс – қай стиль түрі?Іс қағаздар стилі;

Жағымсыз бейне тудыратын экспрессивті фразеологизм:Көк соққан;

Жеке адамның жеке адамға немесе ұжымның жеке адамға не жеке адамның ұжымға, қоғамға қатынасын танытатын құжаттар:Іс қағаздары;

Келісім-шарт дегеніміз - …әлдебір қатынастың айқындалып, соны реттеуге жасалған әр тараптың құжаты;

Контекссіз-ақ экспрессивті мағына білдіріп тұрған сөз: Жауыз

Көркем әдебиет тілінің стильдік ерекшелігі:Бейнелілік, поэтикалық;

Көркем бейнелеуде тілдік құралдардың берілу жолдарын, орналасуын шығарманы тұтас күйінде алып талдайтын немесе автор бейнесі мен кейіпкерлердің жүйесін т.б. көркемдік ерекшеліктерін зерттейтін стилистика:Көркем әдебиет стилистикасы;

Қазақ әдеби тілі қандай түрде қызмет етеді?Жазбаша және ауызша түрде

Қазақ стилистикасын зерттеген ғалымдар:М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев;

Қазақ тіліндегі сын есімнің стильдік қырына байланысты теорияны қозғаған ғалым:Ф.Оразбаева;

Қай стильде одағай, қыстырма сөздер жиі жұмсалады?Ауызекі сөйлеу стилі

Қайталайтын сөз сөйлемнің аяғында келсе ол құбылыс қалай аталады?Эпифора;

Қоғамдық-публицистикалық стиль қай кезде пайда болды?ХІХ ғасырдың ІІ жартысында;

Латын тілінде кейіннен стиль сөзі қандай мағынада қолданылған?Жазу мәнері;

Лингвистикалық стилистиканың басты түрлері:Тіл ресурстарының стилистикасы және функциональды стилистика;

Мағынасы қарама-қарсы, антоним сөздер өз ара тіркесіп, бір ұғымды білдіретін құбылыс қалай аталады?Оксюморон;

Мәдени, тарихи және ғылыми деректерді жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отыратын қызмет қалай аталады?Танымдық-ағартушылық;

Метафораның ең көп қолданылатын жері:Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі;

Монография, мақала, баяндама, рецензия, очерк, реферат, автореферат, баяндама мен хабарлама тезисі, ғылыми-зерттеу жұмысы есебі, диссертация қай стильге тән?Ғылыми стиль.

Ойдың қысқа сөйлеммен берілуі, өзге сөйлем мүшелерінің түсіріліп айтылуы қай стильдегі синтаксистік амал?Ауызекі сөйлеу;

Орфоэпия мәселелерімен ұзақ жылдар айналысып жүрген ғалым Қ.Ниеталиева

Поэтикалық метафораның образдылығы қай тіркестерден байқалады?Көздің жасын иіп

Публицистика қай тілден енген сөз:Латын;

Публицистикалық стиль жанрлары:Бас мақала, пікір, мәлімет;

Публицистикалық стиль, баспасөз стилі, ғылыми әдебиет стилі, шешендік стиль, телеграф стилі, радиохабар стилі,ауызша ресми қатынас стилі, почта стилі деп топтастырған ғалымЭ.Ризельде;

Публицистикалық стильге тән сипат:Үгіт-насихат;

Публицистикалық стильдің жіктелісі:Үгіттік публицистикалық шағын стиль,саяси-идеологиялық публицистикалық шағын

Ресми стиль ерекшелігі:Автордың жазу-сөйлеу өзгешелігін дәлелдейтін стильдік даралық байқалмау керек;

Ресми стильдің лингвистикалық белгісі:Тілдік құралдарды қысқа қолдану;

Ресми стильдің негізгі тілдік ерекшеліктері:Барлығы дұрыс;

Ресми стильдің негізгі тілдік ерекшеліктері:Тілдік құралдарды қысқа қолдану;

Ресми іс қағаздарының стиліне тән белгі:Дайын тіркестер, құрылымдар;

Ресми іс-қағаздарының стильдік нормаларына тән белгі:Дайын тіркестер, құрылымдар;

Семасиологиялық стилистиканың міндеті – Сөздер мен сөз тіркестерінің экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану қағидасын зерттеу

Семасиологиялық стилистиканың міндеті:Тіліміздегі бейнелегіш құралдардың стильдік қызметін,қолданылу заңдылықтарын көрсету;

Синтаксистік синонимдердің стильдік мәселелері жайлы зерттеу еңбек жазған автор:М.Серғалиев;

Сөзді не сөйлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды қалай айтады?Анафора;

Стилистика – стильдер жүйесін, тілдік құралдардың қолданылуын, әдеби стиль түрлеріне сай жұмсалуын сөз етеді;

Стилистика нысанасы – лексикология, семасиология, грамматика, фонетикада қаралатын тілдік бірліктер

Стилистикадағы түр (форма) - ... Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;

Стилистикалық фигура қатары?Анафора, эпифора, шендестіру, оксюморон, градация, инверсия;

Стилистиканың нысанасы – лексикология, семасиология, грамматика және фонетикада қаралатын тілдік бірліктер;

Стилистиканың тіл білімінің қай саласын арттыруда маңызы зор?Тіл мәдениеті;

Стиль – тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдердің қолданылуы;

Стиль дегеніміз - тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылуы;

Стильдік бояуы жағынан тұспалдап айтылатын сөздер қалай аталады?Табу, эвфемизмдер

Табиғат, адам, қоғам туралы нақты, дәл хабар беруді мақсат ететін функциональдық стиль түрі:Ғылыми стиль;

Таза шағын заңдық ресми стиліне тән қатарды көрсетіңіз:Заң, жарлық, азаматтық және қылмыстық істер актілері, жарғылар;

Хабар, репортаж, сұхбат, фельетон – қай стиль?Публицистикалық стиль;

Халықаралық келісім, мемлекеттік акт, заң, қаулы-нұсқаулар, іс қағаздары стилі –ресми стиль;

Халықаралық келісімдердің, мемлекеттік заң, қаулылардың тілі қай стиль түріне жатады?Ресми стиль;

Шығармада кейіпкерді бейнелеуде тілдік құралдардың берілу жолдарын, орналасуын, көркемдік ерекшеліктерін зерттейтін стилистика:Көркем әдебиет стилистикасы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]