Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_8.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
68.61 Кб
Скачать

Тақырыбы: Фонетико – фонематикалық толық дамымаған балалардың логоритмикалық түзету жолдары.

(2 сағ.)

Жоспар:

1. Логопедиялық ритмиканың мазмұны мен құрылысы.

2. Тілдік кемістік басқа процестері.

3. Шығармашылыққа деген қабілеттілік.

1.Логопедиялық ритмиканың мазмұны мен құрылысы.

Логопедиялық ритмика оқу дисциплинасы мен әдістемелер жиынтығына әсер ететін белсенді терапияның бір түрі болып табылады.

Логопедиялық ритмиканың алғашқы түсініктемесі әуенді, сөзді, қозғалысты түсіну кезінде қалыптасқан.

Ал екінші бір түсінігі оның өз бойына дамуында аномалиялық кемшілігі бар және тілдің кемістігі бар адамдарды емдеу, оқыту және тәрбиелеу әдістерінің кез келген түрін меңгеруімен байланысты.

Логопедиялық ритмиканың объектісі болып тілдің кемістіктің құрылысы, тілдің емес психикалық функциялар және тілдің патологиясы бар адамдардың тілдің бұзылуы, табылады.

Пәні болып – музыканың және сөзбен байланысқан қозғалыс жүйесімен сенсорлық психомоторлық функциялардың көптеген бұзылулары табылады.

Мақсаты – тілдің және тілдік емес функциялардағы тілдік кемістіктерді дамыту және координация арқылы жою, сонымен қатар адамдағы ішкі және сыртқы орта жағдайларына бейімдеу.

Логопедиялық ритмиканың міндеттері сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу және коррекциялық болып бөлінеді.

Тілдің кемістігі бар адамдарда сауықтыру міндеттерін шешу кезінде сүйек бұлшықеттері қатаяды, тыныс алу, моторлық сенсорлық функциялар дамиды, тепе – тендік сақтауға, дұрыс мүсінді болуға тәрбиеленеді.

Білім беру міндеттерін іске асыруда қозғалыс дағдысын қалыптасуына көңіл бөлінеді. Тәрбиелік міндеттерін шешу төмендегілерді қамтиды:

1. Ритмдік сезімнің дамуы.

2. Әуенді тыңдау арқылы ритмді, мәнерлі түрде қозғала алу қабілеттері дамиды.

3. Жеке тұлғаның жағымды жақтарын тәрбиелеу.

4.Сабақтардың коррекциялық жағы тілдің кемістіктің құрылымын және механизмін есепке алу және жинақталған кезеңді логопедиялық жұмыспен тығыз байланысты болады. Логопед пациенттің жас және жеке ерекшеліктерімен қатар оның қозғалыс функциясының жағдайларын, гнозисін, праксисін кеңістікте бағдарлай алу қабілетін есепке алады.

2. Тілдік кемістік басқа процестері.

Логопедиялық ритмика дидактикалық және спецификалық принциптерден құралады. Олар өзара байланыса келіп тілдік бұзылуы бар адамдардың функционалдық жүйесін тәрбиелеу, дамыту, коррекциялаумен анықталады.

Жалпы дидактикалық принциптер.

Жүйелік принціпі. Барлық логоритмикалық курс материалының мазмұны мен теориялық жаттығу тәжірибелікке ауысуымен, курс барысында өткен тақырыптар мен материалдардың анықтауымен түсіндіріледі.

Танымдық белсендік принципі. Тілдің кемшілігі бар адамдарды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу процесінде балалардың танымдық, белсенділік қатынасына, ал үлкендердің әрекеттеріне көңіл бөлген жөн. Балалардың өз бетінше белсенді әрекеті оны қабылдануына мақсатын түсініп орындауына байланысты берілген тапсырмаға деген қызығушылықтан тууы мүмкін.

Көрнекілік принципі. Барлық анализаторлардың кең әрекеті нәтижесі мен анықталады.

Жекелік және қол жетімділік принципі. Тілдің кемістігі бар баланың жас ерекшеліктерін қарастырады. Ол ересектер мен баланың түрлі физиологиялық және биомеханикалық дамуына байланысты.

Қол жетімділікті оптималды жағы тілдің кемшіліктердің жас және қозғалыс мүмкіндіктерімен кемістіктің тұлғаға әсерімен, тапсырманың қиындығымен анықталады.

Міндеттердің уақытымен өсу принципі. Қозғалыс әуендік сөздік жаттығу қиындау тапсырмаларымен айналысуымен анықталады. Оларды орындау кезінде қозғалып дағдыларымен көлемін артады . Тілдің моторикасы іске асады, берілген әуендік темпке және ритмге байланысты тілдің темпімен ритмі қалыптасады.

Спецификалық принциптер. Даму принципі көптеген параметрлерді есепке алады, тілдің кемістігі бар балалардың жеке тұлғасының, патологиялық тілдік емес және тілдік процестер, функцияналды жүйенің және ағзада қозғалыс ортасында және тілдің кемістігі бар балалардың тілінде болатын өзгерістердің дамуы. Даму принципі қозғалыс әрекеті процесіндегі ақыл – ой, мінез – құлық, эстетикалық және сенсорлық тәрбиенің іске асуымен анықталады.

Жан – жақты әсер ету принципі ағзаға түгелдей әсер етеді. Ритмикалық және логоритмикалық құрылыстар ағзаның жалпы дамуын көтереді, ағзаның функционалды жүйесімен байланыстыра отырып нернорефлекторлық механизмдерді іске асырады.

Этиопатогенетикалық принципі. Тілдің кемшіліктің патогенді мен себептеріне байланысты логоритмикалық сабақтың дифференциялық құрылымымен түсіндіріледі.

Симптоматиканы есептеу принципі. Тілдің патологиясы бар баланың функциялық мүмкіндіктерімен, кекеш баланың күрт төмендеп мүгедек болып қалумен анықталады.

Жиындық принципі. Логоритмикамен дәрігерлік психолого – педогогикалық әсерлер арасын байланыстырады.

Логопедиялық ритмиканың әдістері. Логопедиялық ритмикада педагогикалық зерттеулер мен эксперименттердің әдеби бөлімдерінің мазмұнымен талдау әдістері қолданады.

Әдеби берілімдердің мазмұны мен талдау әдісі.

Зерттеу библиографиямен танысудан басталады. Әдеби берілімдерді мазмұндау және талдау теориялық және эксперименталдық жоспарда жүзеге асады.

Көптеген түсініктемелерді мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыскерлері жасаған құжаттардан алынады.

Балалардың тілдік дамуының психомоторлық фактілері анкета сауалнамаларды , әңгімелерді қолдануға болады.

Педагогикалық зерттеу әдістемелері. Педагогикалық бақылау арнайы ұйымдастырылады және өзіндік тапсырмасы, бақылау пәні, факторлар фиксациясының жүйесі болады. Объектілер шынайы жағдайларда оқытылады. Алынған түсніктемелерді өндеу кезінде күтпеген фактілер есепке алынып, заңдылықтар шығады және қорытынды талдаулар жасалынады.

Ашық бақылаулар қызықты құбылыстарды жан – жақты тексеруге мүмкіндік береді.

Жабық бақылаулар соңғы сезімінен арылтып қосымша түсініктемелер береді.

Интервью және анкетаны тек қосымша бақылаудан кейін құрылады. Интервью және анкетамен байланысты болады.

Сауалнама процесінде зерттеушіні қызықтыратын жағдайды түрлі сұрақтар қою арқылы білуге болады.

Әсер етуді талдаудың көмегімен тілдің кемістігі бар зерттеліп отырған адамның қозғалыс потенциалын тәртібін қабілетін, мүмкіндігін ұйымға және индевитке деген көзқарасын білуге болады.

Бағалаудың рейтингтік әдісі бақылап отырған адамның түрлі бағасынан тұрады.

Тексеру – тест, сынақ, зерттеу.

Логоритмикада тестерді, қозғалыс, тілдік қозғалыс тапсырмасын тілдік патологиясы бар адамдардың белгілі бір уақытта орындалу қорытындысын салыстыруда қолданады.

Ерте кезеңдегі балалардың мінез – құлық және эстетикалық тәрбиесіндегі музыканың маңызын В.М. Бехтерев көрсеткен.

Ол ерте кезеңдегі тәрбиенің өте қажет екенін, дамып келе жатқан жеке тұлғаның алғашқы қадамы қиын да қажетті екенін ашып айтқан.

Ерте жастан қалыптасқан дағды көпке дейін тұрақты болады. В.М.Бехтеревтің ойынша балада әуенге деген құштарлықты дамыту естуіне әсер ететін музыкалық пьесаларды тыңдатудан бастау керек. Өсе келе бала дауыстың, тембрдің жоғарылығын ести бастайды. Баланың есту қабілетін дамытуда әуеннің маңызы зор. Балалар ерте кезден ән мотивін ыңылдап айта бастайды.

Әуеге құштарлықтың белгілері болып :

1. Әуендік құбылысты тыңдап, салыстырып, бағалай алу қабілеті. Бұл зейінділікті қажет ететін қарапайым әуендік есту құрылысын талап етеді.

2. Шығармашылыққа деген қабілеттілік. Балаларда жүріп бара жатқан адамдардың жүрісін келтіру үшін қажетті қозғалысты іздейді. Әуен ақыл – ой қабілетін белсендендіретін құбылыс болып табылады. Балалар әуенді тыңдайды, оны салыстырады. Әуен баланың моральдік дамуына септігін тигізеді. Ол қозғалыспен тығыз байланысты болады. Ал бұл қозғалыс дағдыларын дамытудың, ритмикалық дайындықтың негізі болып табылады. Тілдік патологиясы бар балалар әуендік мәдениет пен қозғалыста әуен түрін бере алу қабілетіне жақын келеді.

Логоритмикалық сабақтарда көрсету немесе түсіндіруден кейін олар әуен

арқылы тез немесе жай жүре алады, яғни олар өз денесін толық меңгере алмау,

қозғалысты қате беру кездесіп жатады.

3. Тілдік патологиясы бар адамдардың қозғалысына әуеннің берер пайдасы мол.

Ритмге – заңдылық , ұйымдастырушылық , кезеңдік тән.

Толығымен алсақ адамның тілдік және қозғалыс жүйесі қалыптасқан. Тілдік патологиясы бар адамдар жүйелер рефлекске тән патология жағдайында функцияланады.

Балалардың, жас өспірімдердің әуендік ритмикалық логоритмикалық тәрбиесінің міндеттері.

Сауықтыру міндеттерін шешу тілдің бұзылуының тууына себеп болып табылатын факторлармен байланысты болып келеді.

Білімдік міндеттер баланың басты әрекетін есепке алу және бала бақшадағы тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Ол біздің жас ерекшеліктеріне байланысты құрылады, себебі үш жастағы баламен жеті жастағы баланың әуенді қабылдауы әртүрлі болып келеді.

Тәрбиелік міңдеттерді шешу өзіндік көмек сезімімен, тапсырманы орындауға деген жауапкершілікке байланысты болады. Сабақтарда баланың бірлескен іс - әрекетке жетістікке жетулерін кеңейте түсу қажет. Тілдік кемістігі бар балаларды ұйымшылдыққа, ұжымға жетелеу көп көмегін тигізеді.

Логоритмдік сабақтардағы коррекциялық тапсырмалар баланың жеке тұлғасы мен тәртібіне байланысты шешіледі. Бала психологиясын білмей балаға дұрыс тәрбие беру мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]