Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Lektsia_3

.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
54.78 Кб
Скачать

Тақырыбы: Негізгі логоритмиканың ерекшеліктері(2 сағ.)

Жоспар:

1. Логоритмикалық динамика және оның дамуы.

2. Логоритмикалық жетекшілігінің және дауыс берілуінің рационалды түрлерінің құрылуы.

3. Логоритмикалық дауыстың ырғақтылығының дамуы.

Логоритмикалық жұмыстың алғашқы сатысына үндемеу кезеңі болуы мүмкін (немесе сақауландыру кезеңі). Жұмысты дауысты дыбыстарды жекелеуден бастаймыз.

Логоритмикалық дыбыстарды анық, толық, нақтылап айту сөздің анық айтылуының толық кепілі. Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылмауы келесі техникалардың бұзылуына әкеліп соғады: сөздің темпінің баяулауына; буындық ырғақтың тегістелуіне; дыбыс айтудың толық қолданылуына. Дауысты дыбыстардың арқасында сөздердің интонациясы кіріп, әсіресе, оның айтылуының дұрыс болуы.

Логоритмикалық жұмысты келесі сатылармен жүргізуге болады:

Дайындалушыға ұзақ диафрагмальды терең дем алу мен терең дем шығару ұсынылады, барлық дем шығаруда аш дыбысын ұзақ созу. Дыбыстың орташа айтылуында, дауыс жеңіл және бос болуы керек. Ауызды кең ашу керек, бұл кезде алдыға шығарылады. Кекештенушінің дыбысты айтқан кезінде дем шығарудың соңында айтпауын бақылау керек, яғни дем шығару мен фонация сәйкес келуі керек.

Сонан соң ош дауысты дыбысын созу ұсынылады. Ош дауысты дыбыстың рационалды артикуляциясын түсіндіру үшін ауызда пинг – понгтық шар кейіпін ұсынуға болады.

Уш дауысты дыбысын айтуда еріннің алдыға созылуына көңіл аударамыз, ал иш – ты айтқан кезде ерінді күліп тұрған созу, эш – ты айтқан кезде ауыз жартылай ашық түрде болуы керек.

Кекештердің тілдерін дамыту кезінде дыбыс атакасын және дауыстың регистрін есепке алу керек.

Логоритмикалық атакасы дегенде дыбыстың басталуын, яғни дауыс бұлшық еттерінің жұмыс істеуін айтамыз. Дыбыс атакасы дем шығарудың күші мен дауыстық бұлшық еттердің сығылысуына байланысты.

Дыбыс атакасының үш түрі бар: қатты, жұмсақ және демдік. Дыбыс атакасының демдік түрінде алдымен дем шығарудың жеңіл жуылы естіледі, ал содан соң Х – А- А - А ұқсас дыбыс естіледі. Жұмсақ атака кезінде бұлшық еттердің сығылысуы мен дем шығарудың басы сәйкес келеді. Дыбыс жұмсақ, тондарға бай болып келеді. Ал қатты атака кезінде дауыс бұлшық еттері алдымен сығылысып, содан соң дем шығарылады. Дыбыс қатты, жиі шапшаң болып келеді.

Кекештенушілер дыбыс айтуды үйренуді әр дауыстыларды айтудан, жұмсақ дауыс берілуден немесе атакадан бастайды. Логопед қатты атаканың мысалын береді, яғни дауысты дыбыстың тез айтылуын және жұмсақ атаканың, немесе дыбысқа айналу түрін береді. Содан соң кекештенуші жұмсақ атакаға жаттығады, дауысты дыбыстарды айту және олардың үйлесуін, содан соң сөздердің сөйлемге айналуы, олар дауысты дыбыстан басталуы керек.

Логоритмикалық Сөздік тілде үш регистр бөлінген:

1. кеуделік, немесе төменгі регистр, бұнда кеуделік резонациялануы;

2. аралас немесе ортаңғы регистр;

3.басты немесе жоғарғы регистр, бұнда басты резонациялануы.

Кекештенушімен жұмыс кезінде дауысты қоюда бір регистрдан екінші регистрға жайлап өтуге қол жеткізу керек.

Кекештенушімен жұмыс бастаған кезде алдымен кеуде резонациясын қолданудан бастаймыз, бұл дауыстың бұлшық еттерінің тырысуын азайтатындықтан.

Кеуделік резонаторды қолданар алдында дауысты дыбыстар келесі сатыда болады: А,О,У,И,Э. Бұндай сатылықтың қолданылу себебі А дыбысы өзінде резонацияның жоғары тоны сияқты, төменгі тонынан тұратындықтан; О, У дыбыстары резонацияның төменгі тонынан тұрады, ал И,Э дыбыстары резонацияның жоғарғы тонынан тұрады.

Балаларға дыбысты жоғарғы және төменгі дауыспен айтуды ойын түрде ұсыну керек, ол үшін әр жаттығуларды ойын түрде береміз.

Мысалы:

Үлкен паровоз қалай гуілдейді ( У- У- У дыбысымен), ал кішкентай паровоз ше? және т.б.

Үлкен аю төменгі дауыспен қалай ырылдайды (И – И – И дыбысына), ал кішкентай аю жоғарғы дауыспен қалай ырылдайды?

Ересек адамдар кеуделік резонатрды сезіну үшін А дыбысын төменгі дауыспен айтуды ұсынамыз, сол кезде алақанды кеуде тұсына қойғызамыз да жайлап алақанмен кеудені ұрғылаймыз. Кекештенуші кеуде маңайында жеңіл вибрацияны сезінуі керек. Диафрагмальдық дем алысты қою және дауыстың төменгі резонатрының қойылуы дауысты сүйенішке қойылуына әкеледі. Бұл дауыстық бұлшықеттердің артық жиырылуынан қорғайды, көмей мен жұтқыншақтың қабырғаларының, яғни қысымдары алып тастауына әкеледі.

Кекештенушінің дауысын қою кезінде оларда жұтқыншақтың ашық сезімін тудыру керек, ол дауысты дыбыстарды айтылуын бекітеді.

Диафрагмальды дем алысты қолдану, төменгі резонатрды қолдану, жұтқыншақтың ашықтығы сезімі және төменгі жақтың босаңдығы дауыстың жеңіл және бос кіруіне әсер етеді. Осы этапта дауыстың интонационалды – ырғақтық мінездемесін дамытудың басы болып есептеледі.

Кекештенушілердің алдарына мақсаттар қойылады, олар бірнеше дауысты қолдана отырып, дауыстың жоғарылығын ауыстыру, оған сұрақ интонациясын енгізу, жауап, таң қалу интонацияларын да енгізу; дауысқа әртүрлі қуаныштың, қайғының, және т.б. интонацияларды енгізу. Дауыспен жұмыс автоматизацияланған қатарда жалғасады, сөздерде, сөз тіркестерінде және сөйлемдерде.

Кекештенушілерді дауысты дыбыстарды бір –бірімен қосылған түрде айтуға үйрету керек ( АоуиАоуиАоуиАоуи ), оларды үздіксіз бір сөздік дем шығару кезінде артикуляциялау. Бұндай үздіксіз дыбыстау дауыстың жетекшілігіне әкеп соғады. Ол міндетті түрде дауыстың интонациялық модельдеуімен бірге кездеседі. Бұл әрі синтагманың біріктіріліп айтылуына ауысады.

Логоритмикалық жұмыс міндетті түрде жүйелі, тұрақты, ұзақ және барлық этаптарда түзету жұмыстарына ауысуы керек. Жұмыстың мөлшері және методикалық міндеттері кекештенушінің жасына байланысты. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым дауыспен жұмыс еліктеушілік түрде үлкен дәрежелі болады. Бұл ата – ананың, тәрбиешінің, соның ішінде әсіресе логопедтің дауысының дұрыс болуы шарт.

Логоритмикалық тілді просодикалық жағынан дамыту.

Кекештенушінің тілі қалыпты жағдайдағыдан интонациялық жағынан көп қалып қояды: сөйлемнің артын интонациясыз бітіру, сөйлем ортасындағы дауыс ырғағын дұрыс жеткізбеу, сөйлемнің аяғындағы үзілісті жасамауы. Бір сөзбен айтқанда кекештенушінің тілінің интонацияға жеткіліксіздігі. Тілдің просодикалық жағынан қалыптастыру келесі міндеттерден тұрады:

1. сөйлем мен синтагмдегі интонациялық әдеттерді қалыптастыру, олар интонацияның негізгі төрт түрі ( таң қалу, сұраулы түр, аяқтау және аяқтамау);

2. тіл процессіндегі үзілісті қалыптастыру;

3. логикалық орталықтарда сөйлем мен синтагмнің интонациялық бөлінуі мен байланысын қалыптастыру. Түзету жұмыстарының бірінші этаптарында тілдің бастапқы кезеңдерінде кекештенушілерге интонацияның негізгі түрлерін оқыта бастайды. Оларды қарым – қатынастың вербальды емес түрімен, пантомимиканы қолдана отырып іске асыру керек.

Келесі этапта кекештенушілерге интонацияның кейбір түрлерін дауысты дыбыстар жеткізу (аяқтау интонациясы, аяқтамау, сұрау, таң қалу интонациясы). Жұмыстың бұл кезеңдерінде жесттарды енгізу керек. Олар кекештерге интонацияның кейбір түрлерін түсіндіреді. Жұмысты сұрау интонациясынан бастайды. Дауысты жаттықтырғанда қолдың жеңіл қимылдарымен жүргізу керек, ол дауыстың жоғарыда өзгеруін бақылауға көмектеседі. Сұрау интонациясына жоғары тоны жатады. Қолмен шеңбер тәрізді қимыл жасап және сөйлем бітер кезде дауыстың өтуі жоғарылайды. Таң қалу интонациясы қолдың шапшаң қимылымен қолды жоғары көтеріп сермеп сөйлеумен беріледі, ал аяқталмаған интонация қолдың жай қимылымен қолмен жарты шеңбер жасау арқылы беріледі. Аяқталу интонациясы қолды төмен сермеп жай қимыл арқылы беріледі.

Балаларда бұндай жұмыстар ойын түрде және мысал кейпінде беріледі. Интонациялық оқытудың бір түріне қуаныштың берілуінде ( Ах! Ох! ), қайғырғанда ( о – о), өкінгенде ( ох – ох) т.б. сияқты болып беріледі.

Синтагма дәрежесінде берілген жұмыс сөздің мағынасын оқып үйренуден басталады. Ол дауыс күшімен бөлініп тұруы керек, немесе логикалық мәнмен бөлінуі керек. Синтагманың бөлінуі, үзіліс процесін оқытуды интонациялық – мағыналық оқытумен байланысты болады.

Ауызша тілге де, дауыстап оқу тілі сияқты лингвистикалық үзіліс тән, олар синтагмамен интонациялық түрін немесе байланыстарын бөліп көрсетеді. Кекештенушіні оқытуда интонациялық қалыптастыру кездерінде мыналарға қол жеткізу керек, олар синтагманың интонациялық қалыптастыру кезінде үзіліс болуына. Осылайша кекештенушілерде сөздерді айтуда посинтагматикалық әдет пайда болады.

Үзіліс процесі жұмыстарын тақпақтардан бастаған жөн, ол жерде жолдың соңында тілдік дем шығару және үзілісті қалыптастыру үйлесуі керек. Содан соң диалогтық тіл, оқу, қайталап айтуда және мазмұндама айтуға көшеміз.

Интонациямен жұмысты дауысты модуляциялауды қалыптастырудан бастаймыз. Бұндай жаттығу алғашқы этапта дауысты дыбыстар эталонынан бастайды. Оқыту алғашында логопед берген нұсқаулармен өткізіледі. Бұл кезде дауыстылардың бірнешеуімен аяқтау ұсынылып, оның ішінде дауыстылардың біреуі ерекшеленіп алынады. Мысалы: ( А- о- у – и). Бірнеше дауыстылардың бөлінуі, дауыстылардың интонациялық модульденуімен немесе интонациялық қалыптастырулармен үйлесуі керек. Бұндай жағдайлар дауыстылардың бір эталонынан басталады, кейінірек бірнешеге көбейтіледі ( 4 , 6, 8 – ге дейін). Бұл жауап, сұрақ, аяқтау, аяқталмау интонациясы болуы мүмкін.

Берілген мысал қысқа синтагмаларды қосып айтуға өтеді.

Содан соң жұмыс тақырыпты интонациялық дарлауға көшеді. Мектепке дейінгі бұл жұмысты тақпақ түрде және прозатикалық тақырыптан, олар қысқа фразалардан тұруы керек.

Интонациялық даралау моторлы реализациялау айтып берудің ырғағымен тығыз байланысты.

Тілдің ырғақты интонациялық даралау дем алуды тілдің құрамымен өз кезегінде тығыз байланысты. Осылайша, тілдік дем алыстың дамуы мен айтып берудің ырғақтық интонациялық даралануы артикуляциялық дем алыстың қалыптасу циклінің қалыптасуына әсер етеді, тақырыпты синтагмалық даралау мен үйлесіп тұрады.

Невроз тәрізді кекештерде ұзақ жаттығу керек және синтагималық қалыптасу интонациялық бақылаудың әр түрлеріне, сондай-ақ үзілістің акустикалық аяқталуында да.

Кекештің невротикалық көңіл бекітуін тілдің просодикалық жағында тілдің жайлылығын жақсартады.

Негізгі әдебиеттер :

1. Волкова Г.А. Логопедиялық ритмика.

2. Власова И.А. Физиология қозғалысының очеркі.

3. Волкова Г.А. Балалардың сөйлеуінің бұзылу әдісі.

4. Дзерджинская И.Л. Бастауыш оқушылардың музыкалық тәрбиесі.

Қосымша әдебиеттер:

1. Кольцова М.М. Мидың қозғалыс белсенділігі және функцияның дамуы.

2. Леоньтева Карл Орф.

3. Лукьянова. Хореография демі.

4. Руднева С.Музыкалық қозғалыс.

5. Александрова Н.Г. Ритмикалық тәрбие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]