Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции тандап алан спорт туріндегі дайын.комп.doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
295.94 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

«Спорттың бұқаралық түрлері және тәрбиесі» кафедрасы

«Тандап алған спорт түріндегі дайындық компоненттері» пәні бойынша

5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына арналған дәрістік кешен

20 __ ж. « ___ » _________ № _____

хаттамамен кафедра отырысында қарастырылды

Кафедра меңгерушісі_____________Ж.А.Үсина

Павлодар

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесімен ұсынылды

Таңдап алған спорт түрінің негіздері: оқу құралы- Павлодар қ., ПМПИ, 2008ж- бет

Рецензенттер: п.ғ.к., профессор В.А. Бородихин

ҚР еңбегі сінген жаттықтырушы К.А. Шакиров

«Таңдап алған спорт түрінің негіздері» оқу құралында оқытушылар, жаттықтырушылар, студенттер, спортшылар үшін физикалық, функционалды, технико- тактикалық, психикалық, теорялық дайындықтың мәселелері қарастырылады.

ISBN 9965-63-1

Усин Ж.А., 2008

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2008

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................3

1.Спорттағы бағдарлау мен іріктеу.............................................................4

2.Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары........................................6

3.Спорттық жаттығулардың қағидалары....................................................8

4.Спорт жаттықтыруларының әдістері.......................................................10

5.Спорт жаттықтыруларының негізгі бөлімдері........................................11

А) Дене қуаты дайындығы

Б)Функционалды дайындығы

В)Техникалық дайындығы

Г)Тактикалық дайындығы

Д) Психологиялық дайындығы

Е) Теориялық дайындығы

6.Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау...............................................16

7.Спорттық жаттықтыру кезеңдері..............................................................17

8.Жаттықтыру үрдісін жоспарлау...............................................................20

9.Арнайы жаттықтыру үрдісін жоспарлау..................................................24

10.Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері.................................27

Таңдап алған спорт түрінің негіздері

пәні бойынша емтихан сұрақтары............................................................ 29

Терминологиялық сөздік.............................................................................31

Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 35

Кіріспе

Оқу құралы «Таңдап алған спорт түрінің негіздері» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жоғары дене мәдениеті оқу орындары мен педагогикалық жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі факультеттерінің студенттері үшін жазылды.

Педагогикалық білім қоржының толтыру үшін қажетті жағдайдың тағы бірі- өте салмақты адасудың бетін ашу қажеттілігімен байланысты. Көп адамдар әлі күнге дейін егер дене жаттығуларымен және спортпен айналысса, өзімнің дене мүмкіндіктерімді арттырам деп санайды. Ал Н.А. Бернштейн адамға тән дене қасиеттері (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және икемділік) ең жоғарғы көрінісіне психиканың, оның ішінде мақсаткерліктің, еріктің, мотивацияның (қызығушылы- ниеті) және т.с.с. қол жеткізеді деген еді. Сондықтан да ол бұл қабілеттерді жай ғана дене- күш қабілеттері емес, психикалық дене- күшін деп атауды ұсынған. Спортты әрі қарай тереңірек зерттеу оның адамды интеллектуалдық жағынан да жетілдіретінін көрсетті. Бұл әсіресе тәсілді игерген кезде көрінеді. Осыған байланысты, спорт адамның психикалық дене- күшін және интеллектуалдық мүмкіндіктерін жетілдіреді және ашады деп санаған дұрыс.

Бұл оқу құралының негізгі мақсаты студенттерге дене тәрбиесі мен спорттың терең ілімдік негіздерін беру, сонымен бірге алған білімін білім беру мекемелері мен спорттық ұйымдарда, яғни дене мәдениеті жоғары оқу орындары мен педагогикалық жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі факультеттерін бітірушілердің болашақ кәсіби қызмет орындарында оның негізгі ережелерін іс тәжірибеде жүзеге асыруына бағыт беріп үйрету болып табылады.