Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

рефлекс догасы

.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
63.6 Кб
Скачать

Рефлекс (латынша «reflexus» – жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.

 Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жұйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінен қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауѓа болады.

 Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толыққызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).

Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: 1) жүйке ұштары – рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» – қабылдаймын, қабылдаушы); 2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 3)жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 4) қозғалтқыш нейрондар; 5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

 ОЖЖ-сі өз қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің өр түрлі ішкі немесе сыртқы өсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс догасы, дейді.

Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің нақтылы рефлекс тудыратын айма-ғын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі, деп атайды.

Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала отырып жіктеуге болады.

І.Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жы-ныстық, үрпақ қорғау, бағдарлау т.б. болып бөлінеді.

2.Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып жіктеледі.

З.Нейроңдардың орналасуына қарай рефлекстер жүлындық, бул-барлық, межэнцефальдық, диэнцефальдық және қыртыстық бо-лып жіктеледі. Рефлекстің бүл негізде жіктелуі көп жағдайда шарт-ты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-нің өр түрлі қүры-лымдары арасында тығыз морфояогиялық және функционалдық байланыс болады.

4.Эфференттік болімнің сипатьша қарай рефлекстер түлғалық (тән рефлекстері) және вегетативтік болып болінеді. Тән рефлекстерінің эффекторлары дене еттері болса, вегетативтік рефлекстер әр түрлі ішкі ағзалар мен қан тамырлары қызметінің өзгеруімен байқалады.

5.Жауап — реакцияның сипатына қарай рефлекстер қимьш-өре-кет, сөл бөлу т.б. болып болінеді.

б.Эффекторға әсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш жөне тежеуші болып жіктеледі.

7.Қалыптасу табиғатына қарай рефлекстер шартсыз және шартты больш жіктеледі. Шартсыз рефлекстер туа бітеді, үрпақ қуалайды. Шарт-ты рефлекстер тіршілік үстінде жүре пайда болады, үрпақ қуаламайды.

Рефлекстердің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық қүры-лымдар Ъіщестігаі рефлекс догасы (жолы) дейді. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функционалдық негізі болып табылады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогенді аймақ дейді.

Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды, жалғыз синапсты жөне күрделі, көп нейронды, бірнеше синапсты болып бөлінеді.

 45- сурет.

Рефлекс доғасы және оның сақиналық сипаты.

1-рецепторлар, 2-сезімтал нерв, 3-аралық нейрон, 4-қозғағыш /эферентгік/ нерв, 5-атқарушы орган /эффектор/, 6-проприорецепторлар, 7-қайтарымды байланыс жолы.

Нұсқамалар-тітіркешстердің таралу бағытын көрсетеді.

пайым доға бес буыннан түрады (45-сурет). Олар: рецепторлар, ор-талыққа тепкіш жүйке тамыр, жүйке орталыгы, орталықтан тепкіш жүйке тамыр жөне атқарушы қүрылым, немесе эффектор. Демек, орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рецепторлар мен эффек-торлар арасын шапшаң өрі тиімді байланыстыру, сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімді қалыптас-тыру. Рефлекс атқарылу үшін рефлекс доғасының түтастығы қажет. Рефлекс доғасының түтастығы бүзьглса, рефлекс туыңдамайды.

Кейінгі жыддары жеке функциялардьщ рефлекс түрінде реттелуін қамтамасыз ететін рефлекс доғасы жайлы түсінік айтарлықтай то-лықтырылды. Кез келген рефлекс атқарушы қүрылымның тітіркеніске қайырған жауабымен аяқталмайды. Тітіркенуге жауап берілгеннен соң эффектордан (атқарушы мүшеден) ОЖЖ-не афференттік сиг-налдар-қайтарымды импульстер жіберіледі. Осы импульстер арқылы ОЖЖ-сі эффектор қьізметінің тітіркеніс сипатына сәйкестігін анықтап, оның әрекетін бақылап, қажет болса қосымша импульстер жіберіп, түзетулер енгізіп отырады. Осыдан рефлекске сақиналық сипат тән деген түжырым пайда болып, рефлекс доғасы деген үғым рефлекс сақинасы деген үғыммен алмастырьглды. Рефлекс сақинасы рефлекс доғасынан қосымша буындардың болуымен ерекшеленеді. Сақина қосымша афференттік жолмен аралық нейрон арқьглы түйықталады. Бүл қүрылымдар арқылы тітіркеніс мүшенің озіңдегі рецепторлар-дан қозғағыш нейрон орталығына қайта оралуын қамтамасыз етеді.

Кез келген рефлекстің туындауына түрткі болатын бастапқы тітіркендіргіш әсерін рецепторлар арқылы қабьглдап, тітіркеністі ор-талыққа тепкіш жолмен ОЖЖ-не жеткізу процесін тікелей, немесе бастапқы, афферентация дейді. Бастапқы афферентация салдарынан туындаған рефлекс нәтижесін ОЖЖ-не кері хабарлауды қамтамасыз ететін процесті кері афферентация деп атайды.