Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_Лекционный комплекс.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
661.5 Кб
Скачать

1 ТАРАУ: Орта мектепте Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемелерінің жалпы мәселелері

Глоссарий (анықтама, сөздік);

Оқу пәнінің әдістемесі - дербес дидактика, белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы.

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемелері- орта мектеп (лицей, гимназия) оқушысына информатиканы оқытудың мазмұны, әдістері, құралдары және формалары жайлы сұрақтармен айналысады.

Мемлекеттік бағдарлама - ҚР Білім және ғылым министірлігімен әзірленіп, бекітіледі.

Авторлық бағдарлама - авторлар тобымен (немесе бір адаммен) әзірленеді және жоғарғы обылыстық білім беру инстанциясының деңгейінде бекітіледі.

Жеке бағдарлама- өз негізінде нақты бір мектептегі белгілі бір материалдық базамен оқыту үрдісін жүргізудің ерекшеліктеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаның өзгертулермен қолдануын білдіреді.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны- оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы- «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат.

«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) - «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. БББ мазмұны мемлекеттік стандарт пен анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы - бұл мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушыларды «Информатика» пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат.

Оқыту формасы- педагогпен қатысушылар арасындағы ақпараттық байланыс жүйесінің сыртқы, айқын көрінісі.

Жаңа педагогикалық технология- оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба.

Бақылау - оқыту үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның мәні келесідей: оқытудың міндетті түрдегі минимумына сәйкес келетін, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау.

Тест - бақылаушы, бағалаушы тетік қана емес, ол арқылы материалдың берілуінін дұрыстығын да аңғаруға болады.

Бағалау - жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.

Дәріс -1.

Дәріс тақырыбы: Орта мектепте информатиканы оқыту теориясы мен әдістемелерінің мәселелері.

Дәрістің мақсаты: Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемелері пәні туралы түсінік беру, тарихына шолу жасау.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Әдістеме нені зерттейді?

2. «Не үшін оқыту қажет?» сұрағының тарихы

3. ИОӘ пәнінің даму тарихы.

4. «Информатика» пәнін оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері.

Дәрістің тезисі: Информатиканы оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО барлық типтегі орта мектептеріне 1985 жылдың 1 – қыркүйегінен бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталады. Жалпы білім беру мектебінде бұл пән екі жоғарғы сыныпта (ол уақытта IX және X сыныптар) оқытылды. Информатика саласынан жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарына біртіндеп енуі бұрынырақ басталып, бұл үрдіс оқушыларды бағдарламалау және кибернетика элементтеріне оқыту тәжірибелерінен бастама алған еді.

ЭЕМ және бағдарламалауды орта мектепке енгізунің негізгі кезеңдері:

- XX ғасырдың 50 – жж. басындағы алғашқы ЭЕМ пайда болуы;

-Математиканы тереңдетіп оқитын мектептерді бағдарламалау бойынша мамандандыру;

- Оқушыларды кибернетика элементтеріне оқыту;

- Арнаулы факультативті курстар енгізу;

- Оқу - өндірістік комбинаттар (ОӨК) базасында мамандандыру;

- Жалпы білім беру тұрғысын дамыту;

- Көпшіліктің қолданылуына арналған ЭЕМ пайда болуы.

Алғашқы электронды есептеуші машиналары (ЭЕМ) біздің елде XX ғасырдың 50-жылдың басында пайда болды. Олармен қатар адам қызметінің жаңа саласы – ЭЕМ үшін бағдарламалау қарқынды дами бастады. Осылайша, алғашқы ЭЕМ ғылыми – зерттеу мекемелері мен ірі ЖОО-ның орталықтарында пайда болғаннан кейін, аса қызығушылық танытқан мамандар мен оқушылар ЭЕМ арналған бағдарламалаудың бастамаларын оқуға ниеттенген шәкірттер тобын құрды. Мысалы, алғашқы мектептік информатиканы енгізуді ұйымдастырушы, КСРО Ғылым Академиясының академигі А.П. Ершов (1931–1988) Академиялық қалашыққа тиісті есептеуіш техникасының базасында Новосибирскінің бір қатар мектептерінде осындай топтарға жетекшілік етті.

Орта мектеп оқушыларға бағытталған бағдарламалау курсы бойынша алғашқы ресми оқу бағдарламаларын жасауға 1960 жылдың басындағы орта білім беру базасындағы есептеуіш – бағдарламалаушылардың кәсіптік даярлығын қарастыратын математикалық мамандандырылған мектептердің ашылуы себепші болды. Мысалы: Мәскеудегі Первомай ауданының №425 мектебінің есептеуіш – бағдарламалаушы сыныптары, мұнда кешендік автоматизациялаудың ғылыми – зерттеу орталық институты бірлесіп жетекші кәсіпорын ролін атқарады. Мамандандырылған мектеп желілердің дамуы бағдарламалау саласына игі әсерін тигізді – оқушыларға бағдарламалауды оқыту мәселелеріне арналған мақалалар мен әдістемелік әзірлемелері жарияланды. Бұл жылдары А.Л. Брудно, С.И. Шварцбурдтің математикалық мамандандырылған мектептерге арналған арнаулы оқулықтар, материалдар жоғарғы әдістемелік деңгейде жазылып, кеңінен таратылды.

Мектептік информатиканың негіздерінің келешегі зор мазмұнды - әдістемелік саласы оқушыларды кибернетика элементтеріне оқыту бойынша тәжірибелер жүргізуге байланысты 1960 жылдың басынан бастап дамыды. Бұл зерттеу бағытын 1961 жылы В.С. Леднев көтерді. Кейін кибернетика негіздерін орта мектеп курсына енгізу бойынша жаңа ғылыми - әдістемелік зерттеулер бағытына В.С. Леднев шәкірті А.А. Кузнецов та белсенді араласып, орта білім берудегі кибернетика негіздерінің политехникалық маңызы туралы жүйелі аргументтер келтірілді.

1966 жылдан бастап оқушылардың жан–жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту және білімдерін тереңдету мақсатында оқу жұмысының жаңа формасы ретінде «Бағдарламалау», «Есептеуіш математика» және «Векторлық кеңістіктер және сызықты бағдарламалау» факультативтік курстары бір қатар орта білім беру мектептеріне енгізілді. Мұндай арнаулы факультативтік курстар аясында ЭЕМ және кибернетикаға арналған бағдарламалау элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістерін әзірлеумен байланысты негізгі әдістемелік мәселелер И.Н. Антипов, В.М. Моназов, В.С. Леднев, А.А. Кузнецов, В.Н. Касаткин және М.П. Лапчиктің еңбектерінен өз шешімін тапты.

1970 жылдың басында мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелерінің дамуы аясында мектептің жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстарында оқыту қолға алынып, аз уақыт ішінде бүкіл елде қалалық, аудандық мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелердегі есептеуіш техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстары ашыла бастады.

1960 – 1970 жылдар микропроцессорларды өндіру игерілгенен кейін ЭЕМ парк құрылымын түпкілікті өзгеріске әкелді. Отандық есептеуіш техника дамуының жаңа кезеңі мектепке ЭЕМ және бағдарламалау негіздерін енгізу мәселесі бойынша көптеген зерттеулердің жүргізілуіне себепкер болды.

1) Әдістеме нені зерттейді?

Оқу пәннің әдістемесі - дербес дидактика, белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы. Оқу пәнінің әдістемесі оқытушыға оқытудың белгілі бір жүйелерін әзірлейді және ұсынады. Бұл жүйелер бағдарламалар мен оқулықтарда қарастырылатын білім беру мәніне айналады; оқыту әдістері, құралдары және ұйымдастырушылық формалаларында жүзеге асырылады. Оқу пәнінің әдістемесі дидактикамен тығыз байланысты және оның жалпы ережелеріне сүйенеді. Тәрбиелеу ұстанымдарын негізге ала отырып, әдістеме пәнді оқыту мақсаттарын, оқушының тұлғалық дамуы үшін оның маңызын анықтайды.

Оқу пәнінің әдістемесі педагогикалық әсер етудің тиімді жүйесін әзірлеу үшін педагогикалық психология, жоғарғы жүйке қызметінің физиологиясы, логика, кибернетиканың (әсіресе бағдарламалық оқытудың элементтерін әзірлеу барысында) мәліметтеріне сүйенеді. Мектеп курсының жүйесін негіздеу барысында логика және ғылымның тарихы, ғылымға кіріспе бойынша білімдер қолданылады.

1980-жылдар соңындағы отандық білім беру жүйелері оқу пәнінің әдістемесінің алдына келесі мәселелерді қойды: оның «рецептуралық» сипатын өзгерту, тәжірибенің рөлін арттыру, оқу қызметіндегі оқушының өз бетімен жұмыс істеуі мен шығармашылық белсенділігін қалыптастыру жолдарын анықтау, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру. Оқу пәнінің әдістемесінің өзекті мәселесі оқушының артық жүктелуін болдырмау болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларының дамуы, оқытудың компьютерлендірудің жүзеге асырлуы ЭЕМ, бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, әрбір оқу пәніндегі компьютердің орны мен оқытушының ролін анықтай отырып, компьютерлік және өзге де оқыту түрлерінің қатынасын анықтау арқылы оқу бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған зерттеулердің қажеттілігін тудырады.

Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) орта мектеп (лицей, гимназия) оқушысына информатиканы оқытудың мазмұны, әдістері, құралдары және формалары жайлы сұрақтармен айналысады.

Әдістеме жалпы және дербес болып екі түрге бөлінеді:

Жалпы әдістеме - пәннің мазмұны бойынша түсіндірудің негізгі формаларын әзірлеу және жіктеу, білімді бекіту және бақылау сұрақтары арқылы мәселелерді (мақсаты, міндеті) жалпылайды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жекелеген педагогикалық әдістерді қолданудың тиімділік сұрақтарын шешеді.

Дербес әдістемеге төмендегілер жатады:

- Жеке тақырыпқа бір бүтін тұрғысынан қарау;

- Бүкіл мектеп курсындағы берілген тақырып бойынша білімін анықтау;

-Оқушылардың берілген тақырып бойынша білім, білік және дағдысына қойылатын талаптарды әзірлеу;

- Берілген тақырыптың мазмұнын анықтау;

- Әрбір нақты тақырыптың ұғымын енгізу әдістемесі;

- Тақырыпты оқып – білу барысында оқушылардың жіберген негізгі штаттық қателіктердің сипаттамасы және алдын – алу;

- Қателіктермен жұмыс істеу әдістемесі;

- Берілген тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылау жүйесін әзірлеу;

- Берілген тақырыптың қолданбалы бағыты және пәнаралық байланыстары.

Әдістеме өз саласындағы әзірлемелерді, педагогикалық жаңашылдықтар мен психологиялық ұсыныстарды ескереді.

2) «Не үшін оқыту қажет?» сұрағының тарихы

Информатика курсын оқып – білу барысында басты роль төмендегі сұрақтарға қатысты:

- Не үшін оқыту қажет?

- Неге оқу керек?

- Қалай оқыту қажет?

Қоғам мектеп бітірушілердің әлеуметтік маңыздылығына талаптар қоя отырып, «Не үшін оқыту қажет?» сұрағын қояды. Қоғамдық үрдістер, технологиялардың қарқынды дамуы, ақпаратқа уақытында ие болу қажеттілігі, ақпаратты талдай және жіктей білу – бұл «Не үшін оқыту қажет?» сұрағының қазіргі заманғы негізін қалыптастырады.

«Не үшін оқыту қажет?» сұрағының маңыздылығы «Неге оқыту қажет?» (білім берудің мазмұны) сұрағының негізін құрайтындығымен анықталды – бұл мектеп бағдарламасын, оқытудың мақсаты мен міндеттерін, оқылатын материалды, оқушылардың білім, білік және дағдысына қойылатын талаптарына рұқсат беретін Білім және ғылым министірлігінің прерогативі. Пәндік аймақтың мазмұнының өзгерісі ҚР Білім және ғылым министірлігінің бұйрықтары, қаулылары, әдістемелік хаттары түрінде ресімделеді. Бұйрықтар мен қаулылар міндетті құжаттар, ал әдістемелк хаттар – ұсыныс құжаттары болып табылады.

«Қалай оқыту қажет?» сұрағы – мұғалімнің қызметі. Ол бағдарламаны таңдайды (мемлекеттік, авторлық, жеке):

- Мемлекеттік бағдарламаҚР Білім және ғылым министірлігімен әзірленіп, бекітіледі;

- Авторлық бағдарламаавторлар тобымен (немесе бір адаммен) әзірленеді және жоғарғы облыстық білім беру институтының деңгейінде бекітіледі;

- Жеке бағдарламаөз негізінде нақты бір мектептегі белгілі бір материалдық базамен оқыту үрдісін жүргізудің ерекшеліктеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаның өзгертулермен қолдануын білдіреді.

«Қалай оқыту қажет?» сұрағымен мұғалім әр сабаққа дайындалу барысында, сабақ формасын, түсіндіру, бекіту және бақылау тәсілін анықтау кезінде айналысады.

3) ИОӘ пәнінің даму тарихы

60 – 70 жж.

Информатика кәсіптік даярлықпен байланысты арнаулы оқу орындарында оқытылады.

70 – жж. соңы – 80–жж. басы

Мектептің оқу үрдісінде информатиканы енгізу бойынша жекелеген тәжірбиелер (Москва, Санкт петербург, Новосибирск, Прибалитка).

1984ж.

ЦК КПСС пленумы «Мектептегі білім реформасы». Информатиканы мектепте міндетті түрде оқытылуы туралы сұрақ қойылды.

1985ж. қыркүйегі

Информатиканы мектептің оқу үрдісіне енгізу. Бұл кезеңде «Бағдарламалау – екінші сауаттылық» ұраны жарияланды.

1992ж. шілдесі

«Компьютерлік сауаттылық - әрқайсысына» ұраны жарияланды.

1996 ж. бастап 2000 ж. дейін

Информатика пәндік аймағының технологизациясы.

2001 ж. бастап

12 жылдық білім беруге көшу кезеңі басталады. Информатиканы оқытудың үш кезеңі қарастырылуда:

- пропедевтикалық;

- негізгі;

- кәсіптік алдындағы (дифференциалданған).

Қазіргі уақытта нформатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы бағдармалық құралдар, офистік бағдармалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.

4) Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:

- ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;

- ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

- информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;

- әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың рөлі;

- оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

- мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.

Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:

- ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми-әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);

- оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау ұстанымдары, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).

«Информатика» пәнін оқытудың басты мақсаттары:

- оқушылардағылыми дүниетанымдық негіз қалыптастыру;

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (дербес жағдайда алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);

- оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;

- оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау.

«Информатика» пәнін оқытудың басты міндеттері:

- Ғылымның негізін құрайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;

- Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістері, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

- Қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;

- Оқушылардың теориялық шығармашылық ой қабілеттерін арттыру;

- Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;

- Ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту;

- Формальдау, модельдеу, компьютерлік тәжірибе және т.б ғылыми танымның жаңа әдістерімен қаруландыру;

- Оқушыларды еңбекке, кәсіби қызметке және т.б даярлау.

Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Информатиканың пәнаралық байланысы

  2. Қазақстанда информатиканың оқытылу тарихы.

  3. Информатиканы 12 жылдыққа оқыту жүйесі.

Негізгі әдебиеттер /1-2,4/,

Қосымша әдебиеттер/5,6/.

Дәріс -2.

Дәріс тақырыбы: «Информатика» мектеп пәні бойынша мемлекеттік стандарты.

Дәрістің мақсаты: Информатика пәнінің оқытылуындағы қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламаларын қарастыру, оқыту кезеңдерін көрсету.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламаларының түрлері;

2. Мектептегі информатика пәнінің кезеңдері;

3. «Информатика» пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында қарастырылатын бөлімдер.

Дәрістің тезисі: Ғалымдардың пікірінше, қазіргі мектепте информатика курсының оқытылуы дүниежүзілік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс деуге болады. Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап, оның жалпы білім берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше онжылдықтар өтеді - бұл уақыт ішінде ғылыми аппараты тұрақтанып, пәннің методологиясы мен жалпы әдістемелік тәсілдері қалыптасады. Ал информатиканың пән есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі. Қазіргі өскелең өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілетін білім сапасын жетілдіруді талап еткен.

Лабораторияда информатика пәнінің мектепте оқытылуы жөніндегі мәселелер жүйелі түрде төмендегі қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілді:

- “Жалпы орта білім мазмұнын жаңартудың ғылыми - әдістемелік негіздері” (1992-1996ж.);

- “Білім мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын жүзеге асыру” (1997-1999 ж.);

- “Қазақстан Республикасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми - әдістемелік негіздері”(2000-2002ж.)

Лабораторияда 1990 - жылдардан бастап жоғарыда аталған бағдарламаларға сәйкес информатика пәнін ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселесімен Ж. Қараев. С. Рах,К. Халықова, Ж. Ешеева, М. Кенжебаева, М. Құрманбаев, Қ. Аганина т.б.мамандар айналысты.

ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалған стандарт «Информатика» пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Стандарт ережелері:

- Қазақсан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз «Информатика» пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;

- Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында қабылдау емтихандарының материалдарын сақтау кезінде;

- Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезінде;

- Жоғары оқу орындарында «Информатика» пәні бойынша педагог-кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;

- Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында;

- Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтта «Информатика» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;

- Білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Информатика» пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.

Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін. «Информатика» пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу бағдарламаларымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы. «Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы - «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат.

«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) - «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. БББ мазмұны мемлекеттік стандарт пен анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы - бұл мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушыларды «Информатика» пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік және (немесе) арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Оны мектеп дайындайды және білім саласындағы жергілікті атқару ұйымдары бекітіледі.

«Информатика» жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі (7-9-сыныптар) және жоғарғы (10-11 сыныптар) сатысында оқытылатын оқу пәні ретінде қарастырылады.

«Информатика» оқу пәні көлемінде мынадай бағдарламалар жүзеге асырылады:

Білім берудің негізгі бағдарламасы – информатиканың базалық курсы (7-9 сыныптар) – 3 жыл.

Бағдарлы білім беру бағдарламасы – қоғамдық–гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы (10-11 сыныптар) – 2 жыл. Қосымша білім беру бағдарламасы – бұл стандарт көлемінен тыс, информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған факультативтік және (немесе) арнайы курс – 2 және одан да көп жыл.

«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім бағдарламаларына сәйкес құрылады:

1. Негізгі сатыда (7,8,9 сыныптар) – аптасына 1 сағат, оқу жылына әрбір сыныпта 34 сағаттан, барлығы 102 сағат;

2. Оқыту бағдарламаларына қарай жоғарғы сатыда:

а) қоғамдық – гуманитарлық бағыт (10-11- сыныптар) - әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат;

ә) жаратылыстану –математикалық бағыт (10-11 – сыныптар ) - әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат.

Қазіргі таңда мектептерде профессор Ж. Қараевтың басшылығымен, авторлар тобы дайындаған информатикадан жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдары кеңінен пайдаланылуда.

Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнінің бірнеше кезеңге бөлініп оқытылғаны жөн екені дәлелденіп отыр.

Бірінші кезең - пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар бағдармаларын қолдану арқылы оларда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.

Екінші кезең - базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылар дайындығының жалпы білім денгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық технология құралдары мен әдістерін менгеріп, компьютерді қолдана білу біліктілігі қалыптасады.

Үшінші кезең - информатика саласы бойынша көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағдарламалары бойынша, қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін білімдерін жалғастырады.

Базистік оқу жоспарына сәйкес информатика пәні орта мектептің 7 - 11 сыныптарында ғана оқытылатын міндетті оқу пәні ретінде беріледі, ал пропедевтикалық курс факультативтік сабақтарда, қажетіне қарай ұйымдастыру негізінде оқытылады.

“Информатика” пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұны теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика бөлімдерін қамтиды.

Білім мазмұны оқушылардың қолданушы есебінде біліктілігімен қоса, бағдармалау біліктілігін арттыруға бағытталған материалмен толықтырылған. Біліміге қойылатын талаптар осы мазмұндық желілерге, бағдарлама бағытына сәйкес білуі, үйренуі тиіс бөлімдерінде жүйеленіп берілген.

Информатиканың даму болашағы туралы мәліметтер жалпы алғаш рет осы стандартта беріліп отыр. Бұл ғылымның дамуына байланысты қай мәселеге, қай денгейде көбірек көңіл бөлінуі қажет екенін алдын ала білуге көмектеседі. Бұл атқарылған жұмыстардың бәрі оқушылардың білім сапасының жоғары болуының кепілі десек қателеспейміз. Информатиканы мектепте оқыту сапасын жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі информатика оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылап, осы оқу құралдарды даярлауда пайдалану. Бұл жұмыста информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі. Информатикадан білім сапасын жетілдірудің тағы бір бағыты есебінде, бағдарлы бағдарлама бойынша арнайы курстар өткізуге болады. “Бағдармалау” курсы оқушыларды кәсіптік бағдармалауға және бағдармалау тілдері, сандық әдістер, құрылымдық бағдармалау элементтері, компьютерлік модельдеу, компьютерлік желілер, ақпараттық деректер базасы сияқты бағдарлы пәндермен байланысты жоғары оқу орындарында негізделген. “Іс қағаздарын жүргізуші және компьютер” курсы бітірушілер ауыл шаруашылығында және қоғамдық өндірістің кез келген саласында кәсіптік қызмет етуге дайындайды. Оқу мекемесінің бағдарына байланысты информатикадан басқа профильдік курстар дайындап, өз мүмкіндіктеріне қарай пайдалануға болады.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың рөлі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту ерекшеліктері.

  2. Негізгі курсында информатиканы оқыту бағдарламалары.

  3. Профильдік бағытқа арналған оқу бағдарламалары.

Негізгі әдебиеттер /2,4/,

Қосымша әдебиеттер/5, 6, 11/.

Дәріс -3.

Дәріс тақырыбы: Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдар.

Дәрістің мақсаты: Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдарды қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдардың ерекшелігі.

  2. Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын талаптар.

  3. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.

Дәрістің тезисі: Қазіргі мектептегі информатика курсының оқытылуы - әлемдік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс.

Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.

Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.

Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғалымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрманәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.

Оқулыққа қойылатын талаптар:

- Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;

- Бағдарламаға сәйкестігі;

- Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;

- Әлеуметтік-мәдени құндылығы;

- Ұсынылған материалдың тарихилығы;

- Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;

- Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;

- Сабақтастық принципінің сақталуы;

- Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;

- Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;

- Компьютерлік оқытушы бағдарламалар пайдалануының ескерілуі;

- Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;

- Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;

- Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.

Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Өзіндік бақылау және тестік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұны мен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралдарының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалға енетін өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуга арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесу және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.

Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Информатика хрестоматиясында информатикадан стандарт материалдарынан тыс оқушылардың білімін тереңдетуге, жан-жақты дамытуға негізделеді, әрбір материалдың тарихи аспектілеріне, информатика саласын дамытуға мол еңбек сіңірген ғалымдар туралы, оқу бағдарламаларының жаңа түрлерінен, ақпаратты қорғау жөнінде мәлімет береді.

Құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар дидактикалық негізделген жаңа буын оқулықтарының әдістемелік кешендерін дайындаудың қажетті алғы шарты болып табылады.

Информатикадан дайындалған жаңа буын оқулықтары стандартқа және информатикадан ОӘК- қойылатын талаптарға сәйкес өңделіп, жаңа оқу жылында мектептерге пайдалануға ұсынылды.

Информатика пәнінің ОӘК-не қойылатын дидактикалық талаптардың анықталуы бұл пән бойынша дайындалатын оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыруға үлкен көмегін тигізетіні байқалады.

Информатиканы оқыту үрдісінде пайдаланатын мультимедиалық үйрету бағдарламаларының, электрондық оқулықтарының өскелең оқу талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болуы керек.

Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық нұсқаға аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келдi.  Бұл бағдарламалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

SIN kaz «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы»-на талдау. «Sin kaz» Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрінің 2006 жылғы «04» тамыздағы № 427 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы «03» тамызда №317-ө және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы «09» тамыздағы № 02-01-02/112 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы» болып саналады. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулықта кездесетін жаңа термин сөздердің қазақша-орысша сөздігі (оқу-әдістемелік құралдың терминологиялық негізі ретінде Microsoft корпорациясы ұсынуымен Windows амалдық жүйесінің және Microsoft Office бағдарламалар дестесінің қазақ тіліндегі тілдесуінде қолданылған және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминологиялық сөздік алынды)

Бұл курстың өзінің мақсаты, сипаттамасы, мазмұны болады.   

Курстың мақсаты - Курс қажетті «Компьютерлік сауаттылықтан» басқа, пайдаланушыны компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тартады. Тыңдаушыны Интернеттің әлемдік желісіндегі тиімді және қауіпсіздік жұмысын үйретеді. Алынған білімдер ғылымдық жұмыстарды (баяндамалар, рефераттар...) құруға, сондай-ақ басқа қалалар мен елдердегі әріптестермен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Курс қызметкерлерге түгелдей пайдалы ақпарат береді.

Бұл курс 12 модульден тұрады. Барлық модульдерге бөлінген сағат саны -40.

Кесте 1. Курста қарастырылған мәселелер

1-модуль Кіріспе және дербес компьютермен алғашқы танысу

  1. Компьютер деген не?

  2. Компьютер қалай  жұмыс істейді және қайда пайдаланылады?

  3. Күтім ережесі және техникалық қауіпсіздік

  4. Ақпараттың өлшем бірлігі

  5. Компьютер құрамындағының негізгі құрылымдары

  6. Клавиатура мен тышқанмен танысу

  7. Қандай компьютерсатып алу керек?

  8. Компьютерді өзің құрастыру үшін нені үйрену керек?

  9. Компьютерді қалай дұрыс қосу және сөндіру керек?

2-модульWindows-ты меңгеру

  1. Операциондық жүйе деген не және ол ДК қалай басқарады?

  2. Операциондық жүйелерге қысқаша шолу

  3. Жұмыс столы және оның құрылымы

  4. Windows терезесінің құрылымы

  5. Терезелерді қалай басқару керек

  6. Стандарттық  бағдарламаларды іске қосу

  7. Windows  жүйесінің анықтамалығы 

3-модуль. Папкалармен жәнефайлдармен тиімді жұмыстар. Объектілерді орналастыру және көшіру

  1. Файлдар мен папкалар деген не?

  2. Файлдардың атауы

  3. Каталогтардың бұтағы

  4. "Жетектегіш"бағдарламасы

  5. Папкалар мен файлдарды  құру

  6. Папкалар мен файлдардың атын өзгерту

  7. Папкалар мен файлдарды жою

  8. Қалтадағы жойылған папкалар менфайлдарды орнына келтіру

  9. Алмастыру буфері мен тышқанның көмегімен папкалар мен  файлдарды көшіру және орналастыру

  10. Дискетаға тез көшіру

  11. Өз компьютеріңдегі немесе жергілікті желідегі папкалар мен файлдарды іздеу

4-модуль. Деректерді мұрағаттау

  1. Мұрағаттау деген не және олар не үшін керек?

  2. WinZIP,WinRAR мұрағаттарымен практикалық жұмыс

  3. Мұрағатты құру

  4. Мұрағаттан шығару

5-модуль.Жергілікті желі.Жергілікті желідегі электрондық поштамен тиімді жұмыс

  1. Негізгі ұғымдар

  2. Жергілікті желінің ресурстарын қарау

  3. Жергілікті желідегі өз компьютеріңнің ресурстарға қол жеткізуді қалай ұйымдастыру керек?

  4. Жергілікті желідегі электрондық пошта

6-модуль.  Word-тағы жұмыс.Құжаттарды жасау және әдемілеп рәсімдеу

  1. Word терезесін шолу

  2. Құжаттарды құру тәсілдері

  3. Мәтіндік фрагменттерді бөлу ережесі

  4. Жазу ережесін тексеру

  5. Құжаттарды форматтау(шрифт, колонтитулы,бөлімдер, стилдер, абзац,тізбелер, колонкалар)

  6. Шетін және құюды рәсімдеу

7-модуль.Суреттерді қою.Мәтіндік кестелерді тез құру және рәсімдеу

Құжаттарды қағазға басып шығару

  1. Суреттерді қою

  2. «Суреттемені реттеу» құралдарының панелі

  3. Автобейнелерді және WordArt объектілерін қою

  4. «Суреттерді салу» құралдарының панелі

  5. Кестелерді жасау және рәсімдеу

  6. «Кестелер және оның шегі» құралдарының панелі

  7. Құжаттарды қағазға шығаруға дайындау

8-модуль. Excel-дегі жұмыс. Электрондық кестелерді жасау

  1. Excel терезесін шолу

  2. Кестелердің құрылымы (бағандары, жолдары,ұяшықтар)

  3. Деректерді енгізу

  4. Бірыңғай деректермен кестені қалай автоматтауға болады?Автотолықтыру

  5. Ұяшықтарды форматтау

9-модуль. Диаграммаларды есептеу және құру

  1. Формулалар мен жәй есептеулерді пайдалану

  2. Автоқосынды

  3. Деректерді іріктеу

  4. Диаграммаларды құру

  5. Диаграммаларды әдемі рәсімдеу

10-модуль.  PowerPointтегі жұмыс.Әдемі презентацияны құру.

  1. Презентацияны құрудың тиімді тәсілдері

  2. Конструктор меншаблондарды пайдалану

  3. Слайдтарды рәсімдеу

  4. Анимацияны реттеу

  5. Презентацияның демонстрациясы

  6. Қорытынды жұмыс

11 модуль. Интернет бойынша кіріспе және алғашқы саяхат

Интернетке қалай қосылуға болады?Интернет мүмкіндігі.

  1. Интернет деген не және ол не үшін керек?

  2. Үйде Интернетжелісіне қалай қосылуға болады?

  3. E-mail, ftp, www, ip-телефониясының мүмкіндігіне қысқаша шолу

  4. Internet Explorer браузерімен жұмфыс сітеу негіздері

  5. Google,Yandex,Rambler ақпараттық-іздеу порталы

  6. Е-үкімет(қажетті ақпаратты іздеу,формулярды қағазға басып шығару)

  7. Интернет-қызмет (қонақ үйлерінде брондау, туристік сапарға тапсырыс, мәтіндерді аудару және т.с.с.)

  8. Интернет-банкингі

  9. Интернет-дүкендер

  10. Чаттар, форумдар

  11. Интернет арқылы шығу, Итнтернет арқылы ұялы телефондарға хабарлама жіберу

  12. Ip-телефониясы (skipe бағдарламасы)

  13. Қашықтықтан оқыту

12 модуль. Электрондық поштамен жұмыс. Outlook Express бағдарламасымен тиімді жұмыс. Web-пошта

  1. Электрондықпошта қалай жұмыс істейді?

  2. Үйде поштаның жүйесін реттеу

  3. Хаттарды құру, жіберу және қабылдау

  4. Хаттарды жазу кезіндегі тонының жақсы ережесі

  5. Хабарламаға жауап және оны жіберу

  6. Әдемі хаттарды құру

  7. Хаттарға файлдарды бекіту

  8. Жеке ақысыз пошталық адресті алу

  9. Web-поштамен жұмыс

Осы курс кез келген компьютерлік бағдарламаларды одан әрі үйренуге негіз болып табылады.

Сондай-ақ курс бағдарлама көлемінде білімі бар, бірақ оларды жүйелендіргісі келетіндерге пайдалы, сондай-ақ жұмыстардың жаңа тәсілдері мен әдістері есебінен өзінің тиімділігін арттырады.

Қазіргі кезде “ақпараттандыру”, “білім беруді ақпараттандыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдіс.

Білім берудің кез-келген саласында “Электрондық курстарды” пайдалану студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Мектеп информатика курсындағы оқулықтар.

  2. Орта мектептің 7-8 сыныптың информатика пәні бойынша дидактикалық материалдардың ерекшілігі.

3. Орта мектептегі қолданыстағы электрондық оқулықтар.

Негізгі әдебиеттер /4, 12/,

Қосымша әдебиеттер/3, 13-19/.

Дәріс – 4.

Дәріс тақырыбы: Информатика пәні бойынша дайындық жасау және сабақ жүргізу.

Дәрістің мақсаты: Информатика сабақ конспектісін жазуды қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатика сабақ конспектісінің құрылымы;

2. Информатика сабақ жоспарының кезеңдері.

Дәрістің тезисі: Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе өткен кездегі ескеретін жағдайлары – тақырыптық жоспарларды құра білуі, сабақтарды конспектілеуі, сабақтарды жүргізе және талдау жасай білу. Әрбір пән мұғалімі өзінің күнделікті жұмысында білім беру, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін шешеді. Кеңейтілген түрде бұл тапсырмалардың барлығы да нақты бір пән үшін алдын ала жасалынған оқу бағдарламасында белгіленеді. Пән мұғалімінің жұмысы оның нақты анықталған оқу–тәрбиелік жоспарының негізінде құрылады. Студенттер информатика пәнінің мұғалімінің жылдық және тақырыптық жоспарларымен, сабақтарының конспектілерінің жоспарларымен танысуы керек. Содан кейін мұғалім пайдаланатын оқу және әдістемелік құралдармен, қосымша әдебиеттермен, бағдарламалық қамту құрылғыларымен танысу қажет. Осыдан кейін, мұғалім немесе әдіскермен бірге өзінің жеке тақырыптық жоспары құрылуы керек, онда тақырып аты, әрбір сабақтың тақырыптары бойынша дидактикалық нұсқаулар, сабақ аты, түрі, оқыту нұсқаулары, құрылғылары, мұғалімге және оқушыға керекті ақпарат көздері көрсетілуі тиіс және сабақтың конспектілерінде төмендегілер көрсетілуі керек:

  • Сабақ реті;

  • Сабақтың мақсаты (білім беру, дамытушылық және тәрбиелік);

  • Сабақ түрі (жаңа материалмен танысу сабағы, оқылған материалды бекіту, білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы, оқылған материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы);

  • Сабақтың негізгі этаптарын уақыт бойынша бөлу;

  • Мазмұны;

  • Негізгі түсініктерді қалыптастыру этапы (түсінікті енгізу; осы түсінік негізінде мысал келтіру; түсініктің нақты және нақты емес белгілерін анықтау; нақты белгіге негізделген түсінікті анықтау);

  • Оқыту әдістері: ауызша (жекелей, жаппай) немесе жазбаша (өздік, бақылау жұмыстары, информатика бойынша диктант), сұрақ – жауап; дәріс, түсіндіру, әңгімелесу, мәселелік түсіндіру, сөйлесу элементері бар әңгіме, ақпарат көздерімен өз бетімен жұмыс жасау, есептер, рольдік ойындар, жаттығулар мен тапсырмаларды ойын түрінде немесе әдеттегідей орындау және т.б.;

  • жұмыстарды қабылдау: сызба сызу, кестемен жұмыс, оқулық мәтіндерімен жұмыс, түсініктеме жазу және т. б.

Өткен сабақтардың барлығына демонстрациялық және дидактикалық электронды материалдар дайындау қажет.

Мұғалімнің жаңа сабаққа дайындалу уақыты 2 сағаттан 3 сағатқа дейін болады, егер оған бағдарламалық қамсыздандыруды меңгеру қажет болса, уақыты одан да көпке созылуы мүмкін. Ал студентке сабаққа дайындалуға одан да көп уақытын бөлуге тура келеді. Сабақ сапалы болуы үшін, бұл уақытты алдын ала жоспарлап қою қажет.

Сабақтың жоспарларын жасар алдында мынаны ескеру қажет: жекелеген сабақтардың жоспарланған тапсырмалары информатика пәнінің жалпы тапсырмаларының құрамдас бөлігі ретінде болу керек. Әр сабақтың нақты тапсырмалары басқаларымен өзара байланыста қарастырылуы керек.

Сабақ жоспарын оқушыларға тек белгілі бір білімді беруге, біліктілікті қалыптастыруға ғана емес, олардың беріктілігін қамтамасыз ететіндей, кейбір біліктіліктерді дағдыға айналдыруға мүмкіндік беретіндей етіп құру қажет.

Жекелеген сабақ конспектісінің жоспарын құрғанда мынаны есте сақтау қажет: материалмен танысу барысында оқушы бірмезгілде берілген материалды тереңірек түсінуге көмектесетін нақты бір тапсырманы орындаса, ойлау қызметінің белсенділігі артады. Сонымен қатар келесі шарттар орындалуы керек:

1) қойылған мәселе оқушының күшін нақты бір ойлау тәсілдерін пайдалануға бағыттайды;

2) оқушылар осы тапсырмаларды орындау үшін және аталған тәсілді қолдану дағдыларына қажет білімді игереді;

3) бұл әдіс материалға сәйкес келеді, ол қаншалықты сәйкес келсе, ойлау қабілеті соншалықты белсенді болады.

Сабақта оқушылардың ойлау қабілеттерін дидактикалық принциптерді пайдаланып та арттыруға болады. Бұл принцип бойынша мұғалім алдымен оқушылар материалмен алғаш танысқан кезде орындайтын нақты тапсырмалар ұсынады, тек осыдан соң ғана оларға кітап оқуға және мұғалімнің түсініктемелерін тыңдауға рұқсат етіледі.

Сабаққа тапсырма таңдағанда олардың оқушылардың барлығының шамаларына сай болуы керектігін ескеру қажет, әйтпегенде олардың сенімділігі жоғалады және ынтасы төмендейді. Барлық оқушылардың тапсырманы орындау үшін білімдері, біліктері мен дағдылары болуы керек, ондай болмаса сыныптың жартысы жұмысқа араласпай қояды. Барлық оқушылар тапсырманы орындай алатындарына сенімді болуы шарт.

Егер оқыту әдістемелерін мұғалім мен оқушы арасындағы білім беру мен тәрбиелеуге бағытталған реттелген байланыс деп білсек, онда әрбір оқыту әдістемелері мыналарды қамту керек: 1) оқытушы мұғалімнің қабілеті; 2) оқушының қабілеті (танымдық); 3) олардың арасындағы байланыс немесе әдістер, мұғалімнің қабілеті кез келген оқушының танымдық қабілетін басқара алуы қажет.

Мұндай тәсілді оқушы назарын аударуға бағытталған жекелеген сабақтарды жоспарлағанда қолдану қажет.

Жекелеген сабақтардың жоспарларын құрғанда, төмендегі құрылымдық бірліктерді пайдалануға болады:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

  2. Бар білімдерін, біліктерін және дағдыларын көрсету.

  3. Өтіп жатқан материалмен жұмыс.

– Жаңа материалмен танысу.

– Жоспарланған білім деңгейін көрсету (қайталау,жетілдіру және білім мен білікті пайдалану).

  1. Білімді жүйелеу және қорытындылау.

  2. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

Сабақтың «Бар білімдерін, біліктері мен дағдыларын көрсету» сатысының дидактикалық мақсаты – оқушылардың білімдеріне, біліктері мен дағдыларына талдау жасау.

Сабақтың «Өтіп жатқан материалмен жұмыс» сатысының мақсаты – оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа ақпараттарды жеткізу, бар білімді тереңдету, дамыту. Бұл мәселелердің шешімін табу үшін, жаңа оқыту әдістемелерін ойлап табу және оқушылардың қабілеттерін жетілдірудің түрлі амалдарын анықтау қажет.

Сабақтың «Жоспарланған білім деңгейін көрсету» сатысының дидактикалық мақсаты – білімді меңгеру, білімді қолдана білу, өмірде және ғылымда оқыған білімді практика жүзінде пайдалана білу.

«Білімді жүйелеу және қорытындылау» сатысының дидактикалық мақсаты – ең негізгіні көрсету, оқылып жатқан және оқып кеткен материал арасындағы негізгі байланысты орнату. Негізгі функциялары – бағалық – нақтылық, оқыту, бақылау – тексерушілік. Бұл сатыда оқушының жұмыстары қорытындыланады, оқылған материалдан негізгісі анықталады, жекелеген сұрақтарға жауаптар арасындағы байланыс беріледі, басқа пәндер бойынша берілген материалдар мен жаңа пән арасындағы байланыс тексеріледі, білімді практика жүзінде өмірде, техникада, ғылымда пайдалану талқыланады.

Сабақ жоспарларын жасаған кезде, олардың оқыту сапасына оң әсер етуін және курстың барлық бағдарламаларын қамтуын қадағалау керек. Ол үшін олар төмендегі шарттарды қанағаттандыруы қажет: нақты, шынайы және ашық болу, яғни оқушы өзіне қандай талап қойылғанын және оны орындау керектігін білу керек.

Информатика сабағының жоспарланған практикалық сабақтары екі академиялық сағатқа дейін созылуы мүмкін. Әр түрлі компьютерлік сабақтарды оқып, үйрену сабақты әр жастағы балалар тобына қарай жіктеуге болатындығын көрсетті. 11 – 14 жас аралығындағы оқушылар үшін сабақтың бір бөлігі (мысалы, 10 – 15 минут) оқушылардың алгоритм жазуға, ал 5 – 10 минуты сабақты қорытындылауға бағытталса, онда компьютерлік сағат ұзақтығы 60 минутқа, ал рұқсат етілетіні – 90 минут, екі еселенген практикалық сабақтар рұқсат етілген.

Сабақ жоспарларын құрғанда мыналарды бөліп қарастыру керек: «Сабақтың құрылымдық элементтері», «Мұғалім қабілеті», «Оқушы қабілеті».

Әр сабақтың жоспар конспектісі дұрыс құрылуы керек, сонымен қоса дидактикалық материалдар дайындалуы қажет. Әр сабақтың конспектісінде оқытудың формасы мен әдістерін, бақылау түрлері мен құралдарын, оқытушы мен оқушының жауапкершіліктерін көрсету керек.

Мұғалімнің жауапкершілігі – оқушылар алдына мақсат қоя алу, оларға бағыт бағдар беру.

Педагог пен оқушы арасындағы байланыс:

а) жалпы дидактикалық оқыту әдістемелер – түсіндірмелі немесе ақпараттық, мәселелік мазмұндама және дәріс;

б) ұйымдастырылған оқыту формалары – сабақ практикалық сабақтар, үй тапсырмаларын ұйымдастыру, бақылау және қосымша сабақтар;

в) жалпы ұйымдастырылған оқыту формалары – жаппай, жекелей, топтық, дифференциалданған.

Білімді тексеру және педагогикалық диагностика, бұл – оқыту үрдісін қорытындылайтын элемент. Олар жаңа оқыту әдістемелерін енгізуге, артта қалғандарын тартуға ықпалын тигізеді. Тексеру нысандары ретінде келесі тексеру тапсырмаларын алуға болады: компьютердегі жаттығу, фронтальды сұрақ – жауап, тест тапсырмалары, өздік және практикалық сабақтар және т. б. Тапсырма мазмұнына, сұрақтарға және тапсырмаларды беру формаларына аса көңіл бөлу керек. Оқушыларға нақтыланған, қысқа және нұсқа, сонымен қоса ауызша сұрақтар берілуі қажет.

Материалды оқымас бұрын тексеру, оны толығымен меңгеріп алуға тірек бола алады. Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі қайталау мұғалім мен оқушы арасындағы маңызды роль атқаратын «кері байланыс» болып табылады. Оқушының назарын негізгі сұрақтарға аудару үшін, оларға осы бағытта сұрақтар қойылады.

Білімді, білікті және дағдыны қайталап, бекіткен кезде тексеру тек қана ретке келтіруші, көрсетуші роль ғана атқармайды, сонымен қатар, білімді одан әрі дамытуға ықпал етеді. Практикалық және өздік жұмыстары, бақылаулар оқушылардың алған білімдерінің нәтижелерін көрсетуі керек.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Сабақтың түрлерімен типтері.

  2. Қазіргі заманға сай сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптар.

  3. Дәстүрлі сабақтың ерекшіліктерімен артылықшылықтары.

Негізгі әдебиеттер /5,6/,

Қосымша әдебиеттер/4,8/.

Дәріс – 5.

Дәріс тақырыбы: Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау.

Дәрістің мақсаты: Орта мектептің 7-9 сыныптардың информатика оқулықтарына талдау жасау

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Орта мектептің 7-сыныптың информатика оқулығына талдау жасау.

2. Орта мектептің 8-сыныптың информатика оқулығына талдау жасау.

3. Орта мектептің 9-сыныптың информатика оқулығына талдау жасау.

Дәрістің тезисі: Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтардың тізімі силлабустан көруге болады. Әрбір сыныпқа арналған информатика оқулықтардың мазмұнына тоқталамыз.

7-сыныпта информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Алгоритмдік мәдениет дегеніміз – алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті.

Оқытудың мазмұны - шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.

Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың операциялық жүйемен, PAINT графикалық редакторымен, WORDPAD мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды, электрондық поштаны іске қосуды меңгерту сияқты және тағы басқа мәселелер қамтылады.

7-сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2007 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықта дәл сол тақырыптар қамтылған. Тек айырмашылығы – ескі оқулықтағы кейбір қазақша нұсқасымен берілген терминдер қайта орысшаға аударылған, кейбір тарауларға деректер қосылса, кейбіріннен, керісінше, материалдар алынып тасталған және суреттер мен кестелер өзгертілген.

1 - бөлім информатиканың теориялық негізгі іргелі ұғымдары – ақпарат, ақпараттық үрдістер ұғымдарына кеңінен түсініктеме беріліп, ақпаратты қабылдау және өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бұл бөлімде “ақпарат” сөзіне “ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы” деген түсініктеме берілген. Адам ақпаратты сақтай алады, жеткізе алады және өңдей алады. Бұл әрекеттер ақпараттық үрдістер деп аталады. Жаңа кітапта ақпараттық үрдістер сызба түрінде кескінделген. Бұл бөлімнің 2-тақырыбы “Ақпаратты кодтау(таңбалау)” деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта кодтау – ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну деп берілсе, 2007 жылы шыққан оқулықта кодтау – ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Бұл үрдісті кодтау деп атайды деп толықтырылған. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код – ASCII, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады. 2007 жылы шыққан оқулықта да оның кодтау кестесі берілген.

2-бөлім ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары – есептеу техникасы, оның даму тарихы, архитектурасы зерттеуге арналған. Бұл тақырып бойынша «Дидактикалық материал. Практикум» құралында әр түрлі кестелік және мәтіндік тапсырмалар берілген. Мысалға «ЭЕМ буындары мен олардың сипаттамалары» кестесін келтіруге болады және оның дұрыс жауаптары мұғалімге арналған оқыту әдістемесінде жазылған.

2003 жылғы кітаптың 3-бөлімінде Windows'98, ал жаңа оқулықта Windows ХР оқытылады және мағлұматтар жаңартылған. Оның мәтіні келесідей: Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows-тің кең таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше бағдарламалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады.

PAINT графикалық редакторы 4-бөлімде қарастырылған. Бұл бөлімде бағдарламасын іске қосу, сурет салу кезеңдері, редактордың құралдары жайлы өте жақсы жазылған. Сонымен қатар оқушыларға тапсырмалар берілген.

WORDPAD мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жайлы мағлұмат 5-бөлімде беріледі. Мұнда бағдарламаны іске қосуды, құжат құруды, мәтінді пішімдеу, мәтінге күн мен уақытты кірістіруді және т.б. үйретеді.

6-бөлімде блокнот және калькулятор бағдарламалары ұсынылған. Бұл бөлімде блокнот пен калькулятордың мүмкіндіктері, калькулятордың түрлері мен батырмалары суреттерімен түсінікті етіліп жазылған. Сондай-ақ тақырып соңында практикалық тапсырмалар берілген.

8-бөлім компьютерлік желілер деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта компьютерлік желі – бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы деп беріледі. 2007 жылы шыққан оқулықта қор сөзі ресурс, бағдарлама сөзі бағдарлама деп аударылып жазылған. Сонымен қатар, ақпарат алмасу, желілік ақпараттық технологиялар сызбалары кескінделген. Одан әрі жалпы желі, электрондық пошта ұғымдары кең көлемде ашылып жазылған.

Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2007 жылы шыққан оқулықтың 2003 жылы шыққан оқулыққа қарағандағы жетістігі – көптеген тақырыптарға жаңа деректер қосылып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған. Ал кемшілігі – қазақша терминдер орысша нұсқада берілген. Сондықтан қайсы оқулықпен оқыту керек екендігін таңдау өз қалауларыңызда.

8 сыныптаоқытудың негізгі мақсаты – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Оқытудың мазмұны – шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.

8 сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2008 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықтың негізгі мазмұны 2004 жылғы басылыммен ұқсас. Айырмашылығы алдыңғы оқулықтағы ұзақ мазмұндар қысқартылып, кейбір екі бөлім біріктіріліп, оқушы практика жүзінде орындайтын ұғымдар көбірек қарастырылған. 2004 жылғы басылымда 13 бөлім болса, 2008 жылғы басылымда 9 бөлімге қысқартылып жазылған.

1-бөлім «Ақпарат және информатика». 2004 жылғы басылымында 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. 1-тақырыпта «ақпарат» туралы түсінік берілген. 2-тақырыпта ақпарат және оны басқару туралы жазылған. 3-тақырыпта «Информатика» туралы түсінік берілген. Ал 2008 жылғы басылымында бір тақырып, яғни «Информатиканың негізгі түсініктері» деген атпен ақпарат және информатикаға қысқаша жалпы түсініктеме берілген.

2-бөлім «Компьютердің арифметикалық негіздері». 2004 жылғы басылымында 3 тақырыпқа бөлініп түсініндірілген. 1-тақырып «Санау жүйелері» делініп, санау жүйесі дегеніміз – сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағы деп анықтама берілген. Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері туралы жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 1-тақырыбы «Сандардың тарихы және санау жүйелері». Онда сандардың шығу тарихы жазылған және санау жүйесі дегеніміз – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері деп түсіндірілген. Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері туралы қысқаша анықтама берілген. 2004 жылғы басылымның 2-тақырыбы «Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру» делініп, бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелері мысалмен түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Сандарды позициялық санау жүйесіне көшіру» делініп, онда бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелері қысқаша түсіндірілген. 3-тақырып 2004 жылғы басылымда «Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар» деген атпен беріліп, қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары және ережелері мысалмен түсіндірілген. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар» деген атпен беріліп, қосу және азайту амалы мен ережелері мысалмен түсіндіріп, көбейту, бөлу амалы қысқартылып қалған.

3-бөлім «Компьютердің логикалық негіздері». 2004 жылғы басылымның 1-тақырыбы «Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері» болып, логиканың анықтамасы, түрлері және пікірдің анықтамасы түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Логиканың негізгі түсініктері» деген атпен беріліп, пікір және логикаға анықтама беріледі және ойлау, пайымдау әдістері туралы ілімнің пайда болуы мен оған үлес қосқан ғалымдар, логиканың түрлері жазылған. 2-тақырып 2004 жылғы басылымда «Логикалық операциялар» делініп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген. Сонымен бірге компьютердің логикалық элементтері: және, немесе, емес схемалары, триггер, қосындылауыш, ақиқаттық кестені құру, логикалық есептер деген бірнеше тақырыпшалар қосымша жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Логикалық амалдар» деп беріліп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген, қосымша тақырыптар жазылмаған.

2004 жылғы басылымның 4-бөлімі «Дербес компьютерлер» 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Онда дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, оның құрауыштары, дербес компьютерлерді жіктеу жазылған. 5- бөлімі «Компютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері» делініп, онда бір ғана тақырыппен дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл 2 бөлім біріктіріліп 4-бөлім «Компьютер және бағдарламалық қамтамасыз ету» деп берілген. Онда қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері жүйелі түрде суретпен түсіндірілген 2-тақырып және компьютердің негізгі компонентерінің өзара әрекеттесуі - магистраль делініп онда дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері жазылған.

2004 жылғы басылымның 6-бөлімі «Операциялық жүйе» 7 тақырыпқа бөлініп жазылған. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелерді жіктеу, Windows тиіпті операциялық жүйелер, Windows-ті баптау, файлдар мен қапшықтарды іздеу, копмьютерлік ақпаратты қорғау, Архивтеу бағдарламалары деген тақырыптар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 5-бөлімі «Операциялық жүйе» 6 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелер топтамасы, операциялық жүйелерді баптау, файлдар мен бумаларды іздеу, компьютерлік вирустардан қорғау, файлдарды архивтеу деген тақырыпта алдыңғы оқулықпен ұқсас мазмұнда жазылған.

2004 жылғы басылымның 7-бөлімі «Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы». Бұл бөлім 2 тақырыпқа бөлініп түсіндіріледі. 1-тақырып «Мәтіндік дәне дыбыстық ақпараттарды ұсыныу», мұнда мәтіндік ақпаратты кодтау және компьютерге дыбыс енгізу жолдары жазылған. 2-тақырып «Графикалық ақпарат туралы түсінік» деп аталып графика және оның түрлері жазылған, сонымен қатар графикалық обьектілермен орындалатын операциялар, түс және палитра, компьютерлік графиканың қолдану салалары деген тақырыпшалар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда мәтіндік және дыбыстық ақпараттардың ұсынылуы қысқартылып, тек графикалық ақпарат туралы жазылған, яғни 6-бөлім «Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясы» деп аталады. Мұнда 2 тақырып жазылған. 1-тақырып «Компьютерлік графика» да компьютерлік графика және оның түрлері жазылған. 2-тақырып «Графикалық редакторлар», мұнда графикалық редактордың анықтамасы, растрлық графикалық редакторлардың бірнеше түрі мен олардың құрылымы туралы қысқаша жазылған.

2004 жылғы басылымның 8-бөлімі «Мәтіндік ақпаратты өңдеу». Бұл бөлім 4 тақырыпқа бөлініп жазылған. Мұнда мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері және мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы тақырыптары жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл мазмұн қысқартылған.

2004 жылғы басылымның 9-бөлімі «WORD мәтіндік процессоры». Бұл 6 тақырыпқа бөлініп жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 7-бөлімі «Microsoft Word мәтіндік процессоры» 8 тақырыпқа бөлініп жазылған. Алдыңғы басылымда негізгі түсініктер мен әрекеттер, мәтіндік құжатты пішімдеу, мәтіннің орынын ауыстыру және көшірмелеу, мәтіндік құжатты баспаға шығару, WORD-тың графикалық мүмкіндіктері деген тақырыптар жазылған. Соңғы басылымның негізгі мазмұны алдыңғы басылыммен ұқсас тек тақырыпты кеңейтіп жазған, оған мына тақырыптар кіреді: MS Word-пен танысу, MS Word-қа кіріспе, мәтіндік құжатты редакциялау, мәтіндік құжатты форматтау, мәтін абзацын форматтау, құжат беттерін рәсімдеу, кестелермен жұмыс, суреттермен жұмыс істеу.

2004 жылғы басылымның 10-бөлімі «Компьютердегі кестелік есептеулер». Бұл бөлім 2 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып «Деректерді кестелік түрде ұсыну». Мұнда кесте, оның құрылымы және электрондық кесте туралы ұғымдар жазылған. 2-тақырып «Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу». Мұнда деректердің типтері, формула жазу ережелері, кестелік есептеуді компьютерлік өңдеу технологиясы туралы ұғымдар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл мазмұн қысқартылған.

2004 жылғы басылымның 11-бөлімі «EХCEL кестелік процессоры». Бұл 3 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып «Негізгі түсініктер мен амалдар», 2-тақырып «EХCEL-дегі деректермен жұмыс», 3-тақырып «EХCEL-дің графикалық мүмкіндіктері». Мұнда негізгі анықтамалар және жұмыс істеу принциптері жазылған. 2008 жылғы басылымның 8-бөлімі «Microsoft Excel Кестелік процессор». Мұндағы негізгі мазмұн алдыңғы басылыммен ұқсас тек өзгешелік тақырып кеңейтіліп, нақтыланып жазылған. Мұндағы тақырыптар: MS Excel-мен танысу, MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау, формуланы енгізу және көшіру, берілгендерді форматтау, диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау, құжат беттерін рәсімдеу және басу.

2004 жылғы басылымның 12-бөлімі «Деректер базасы». Бұл 2 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Мұнда деректер базасы ұғымы, оны басқару жүйесі және деректер базасымен орындалатын амалдар жазылған. 13-бөлім «Excel кестелік процессорында дерек базаларымен жұмыс істеу». Бұл 2 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген, мұнда MS Excel-дегі деректер базасы ұғымы және өңдеу туралы ұғымдар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл екі бөлім біріктіріліп жазылған. 9-бөлім «Мәліметтер базасының жүйесін басқару». Бұл 3 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып «MS Excel-дегі мәліметтер базасы», мұнда мәліметтер базасы ұғымы және MS Excel-дегі мәліметтер базасы ұғымы жазылған. 2-тақырып мәліметтерді реттеу мен 3-тақырып мәліметтерді сүзгілеу 2004 жылғы оқулық мазмұнымен ұқсас жазылған.

Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне мазмұндық жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2008 жылғы басылымның 2004 жылғы басылымға қарағандағы жетістігі – көптеген ұқсас тақырыптар біріктіріліп, тақырып жағынан да, мазмұн жағынан да қысқарып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған, бұл оқуға жеңілдік тудырады.

9-сыныпоқулығында мектеп информатика курсындағы ең маңызды тақырыптар қарастырылады: алгоритмдеу мен бағдарламалау және модельдеу. 2005 жылы шыққан төл оқулығымызға дейінгі оқулықтарда Basic бағдарламалау тілін қарастырылған болатын. Қазіргі уақыттағы қажеттілікке байланысты Pascal бағдарламалау тілін оқыту орта мектептің негізгі курсының мазмұнына кірді және ерекше орын алады.

9-сынып информатика оқулығының мазмұнына тоқталсақ: Алгоритм түсінігі; алгоритмнің түрлері және қасиеттері; Pascal бағдарламалау тілі, меншіктеу операторы, сандық функциялар; сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмде бағдарламалау; графиктік режим, графиктік объектіні бағдарламалау; символдармен жұмыс істеу операторлары; массивтің (жиым) мәні және ол туралы түсінік, бір және көп өлшемді массивтермен жұмыс; модельдеу, модель түсінігі, модельдеу тәсілдері; интернет, интернетте әртүрлі ақпаратты іздеу, электрондық пошта (соңғы тақырып 7-сыныпта алғашқы ұғымдар қарастырылған).

Бұл оқулық жаңартылып 2009 жылы шықты. Мазмұнына тоқталатын болсақ, оқулық 4-бөлімнен тұрады: 1-бөлім бағдарламалау негіздері, 2-бөлім модельдеу, 3-бөлім компьютерлік желілер және интернет, 4-бөлім компьютер және қоғам.

2005 жылғы кітап 9 бөлімнен тұрады, екі кітаптың ерекшелігі бұл кітапта алгоритм, паскаль тақырыптары жеке - жеке қарастырылған. Ал жаңа кітапта барлығы бір бөлімде қамтылған, яғни барлық материал біріктіріліп жазылған.

1-бөлім бағдарламалау негіздері. Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Бұл бөлімде 20 тақырып қарастырылған. Бөлімде алгоритм ұғымына анықтама беріліп, оның қасиеттері, алгоритмдерді кескіндеу тәсілдері, алгоритм түрлері, модульдер, жазба, жиын, файлдар, бағдарламалау жүйесі қарастырылған. Алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеу кезінде 2009 жылғы кітапта қосымша деректер қосылған. Мысалы, алгоритм блоктарының кескінделуі кестесінде 2004 жылғымен салыстырғанда файлды дискіге жазу кескіні көрсетіліп, керісінше құжат, түсініктеме алынып тасталынған. 2005 жылғы кітапта блоктар мен блок сызықтары деген ұғымдарға анықтама берілген, блок-схема құрудың ережелері жазылған, ал 2009 жылғыда ол қарастырылмаған. Және де 2005 жылғы кітапта бағдарламалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш програмалар туралы мәлімет бар, яғни олар интерпретатор, компилятор, ассемблер. Бағдарламаны орындау кезеңдері схема түрінде келтіріліп, алгоритм командалары мен алгоритм құрылымы қарастырылып жазылған. Келесі тақырып алгоритмдерді Pascal бағдарламалау тілінде кескіндеу. Бұл тақырыпта қарастырылған- Pascal тілінің алфавиті, Pascal бағдарламалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символы. Ол оқушыларға түсінікті болуы үшін кесте түрінде берілген. Ал 2005 жылғы кітапта Паскаль бағдарламалау тілі жеке бөлім ретінде қарастырылған. Және де мұнда Паскаль тілінің тарихы жазылған, ал жаңа кітапта ондай мәліметтер жоқ. 2009 жылғы кітапта көптеген мәліметтер алынып тасталынған, мысалы, Паскаль тілінің негізгі элементтері, операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер, тіл ерекшелігіне қарай символдардың тобы, пунктуация белгілерінің атқаратын қызметтері, паскаль тілінің дербес компьютерлерге арналған нұсқасының қордағы сөздері, бағдарламалау тілінің синтаксистік диаграммалары, тілдің қарапайым объектілері.

2009 жылғы кітаптың келесі тақырыбы бағдарламаны компьютерде орындау. Мұнда Turbo Pascal бағдарламасымен қалай жұмыс істеу керек екендігі жайлы жазылған, бас менюдің негізгі позициялары кесте түрінде келтірілген, бағдарламаның мәтінін енгізу және редакциялау үшін қандай пернелер комбинациясын қолдану туралы мәлімет бар және де бірнеше мысал келтірілген. Шамалармен жұмыс істеу алгоритмдері тақырыбында алгоритм мен Pascal бағдарламалау тіліндегі шамалардың типтері кестеде көрсетіліп, олардың сипаттамалары да келтірілген. Ал 2005 жылғы кітапта бұл тақырып жақсы ашылған, мәлімет типтерінің жіктелуі, типтерді сипаттау, анықтау диаграммалары схема түрінде келтіріліп, әрбір типке қысқаша мәлімет жазылған.

2- бөлім Модельдеу. Екі тақырып қарастырылған. 1- Модельдер түсінігі және түрлері, 2- Модельдеу кезеңдері. Ал 2005 жылғы кітапта Модельдеу 9- шы бөлім ретінде қарастырылған. Бұл бөлімде 4 тақырып жазылған. 2009 жылғы кітапта Модель ұғымына мынандай анықтама берілген, яғни модель дегеніміз- объектінің, әлем процестерінің нақты немесе ойдан шығарылған бейнесі. Ал 2009 жылғы кітапта модель дегеніміз- нақты объектіні, құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету деп жазылған. Және де модель түрлері әртүрлі берілген. Мысалы, 2009 жылғы кітапта модель түрлерін- графикалық, сөзбен сипаттау, ақпараттық- логикалық, математикалық, натурал деп бөлсе, 2005 жылғы кітапта модельді қасиеттеріне байланысты, яғни қолданылу аймағына, модельде уақыт факторын есептеуге, білім саласына қарай топтауға, модельді көрсету тәсіліне қарай деп бөлген. Бұлардың барлығына анықтама берілген және де олардың өзі ары қарай бөлініп, жеке- жеке қарастырылып, нақты және түсінікті етіп кестемен көрсетіліп жазылған. Келесі тақырып- модельдеу кезеңдері. Бұл тақырыта модельдеу кезеңдері кесте түрінде келтірілген, әрбір кезеңге жеке тоқталып, түсіндірме берілген. Кезеңдері: 1-кезең Модельдеу мақсаттарын анықтау, 2-кезең Бастапқы процесті (объектіні) нобайлау, 3-кезең сипаттаманы іздеу, 4-кезең алгоритм құру және компьютер үшін бағдарлама жазу. Әр кезеңнің ерекшелігін жақсы сипаттап көрсеткен, 4-кезеңге мысалды жақсы келтіріп жазған. Тақырып соңында тапсырмалар берілген. Ал 2005 жылғы кітапта модельдеу кезеңдерін былай көрсеткен: 1-кезең Есептің қойылуы, 2-кезең Модельді құру, 3-кезең Компьютерлік эксперимент, 4-кезең Модельдеу нәтижесін талдау. Және олардың әрбіреуі тағы 3 кезеңге бөлініп қарастырылған. Барлық кезеңдер кесте түрінде келтіріліп жазылған. Айырмашылығы 2009 жылғы кітапта нақты мысалдармен түсіндірілген.

3- бөлім Компьютерлік желілер және интернет. Бұл бөлім үш тақырыпты қамтиды: Компьютерлік желілер және желі түрлері, Ауқымды компьютерлік желі, электрондық пошта. Компьютерлік желілер және желілердің түрлері тақырыбында компьютерлк желі дегеніміз не деген сұраққа жауап бермей, бірден желі түрлері туралы қарастырылып кеткен. Және әрбір желі түрлеріне қысқаша ғана түсінік берілген, яғни толық мәлімет жоқ. Жергілікті желі тақырыбы жақсы жазылған, желі топологиясы схема түрінде түсінікті етіп келтірілген. Келесі ауқымды компьютерлік желі тақырыбы толықтай ашылып жазылған, яғни интернет деген не, интернетте ақпарат іздеу, интернеттің шығу тарихы барлығы қарастырылған. Электрондық пошта тақырыбында электрондық пошта сөзіне нақты анықтама берілмеген. 2005 жылғы кітапта бұл бөлімде 6 тақырып қарастырылған. Компьютерлік желінің түрлері тақырыбында әрбір желі жеке қарастырылған. Бұл бөлімде 2009 жылғы кітапта қарастырылмаған байланыс хаттамалары, желіде жұмыс істеуге арналған ақпараттық технологиялар бар. Және тағы бір ерекшелік 2005 жылғы кітапта практикалық сабақ берілген, яғни желіде қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жазылған. Ауқымды желі тақырыбында мәлімет көп берілген, яғни 2009 жылғы кітапта қарастырылмаған World Wide Web қызметі, Web- парақтардың адресі, WWW-дегі ақпаратты оқу, Web- парақты жүктеу, Web- парақтармен жұмыс істеу, қалып- күй қатары, бастапқы парақ, актив парақты сақтау, Web-парақты басып шығару, автономды режимде жұмыс істеу. Электрондық пошта тақырыптың соңында практикум берілген, яғни бекіту сабағы секілді. Мұнда адрестік кітаппен жұмыс істеуді, хабарламаға адрес енгізуді, адрестік кітапқа жазба қосуды қамтып жазған.

Соңғы 4-бөлім Компьютер және қоғам. Бұл 2005 жылғы кітапта қарастырылмаған, яғни бұл бөлім жаңадан қосылған. Ол екі тақырыты қамтиды. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің жаңа рөлдері, Әлемдік ақпараттық қоғам. Бұл бөлімде интернеттің мүмкіндіктері, яғни интернет қай салада қолданылып келетіні жазылған. Әлемдік ақпараттық қоғам тақырыбында информатикалау деп аталатын жаңа енгізу процесі қарастырылған. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы тек өндіріс саласының ғана емес, адам өмірінің барлық құрылысының, оның құндылықтар жүйесінің өзгеруіне әкеледі.

2005 жылғы кітаптың бір ерекшелігі кітаптың соңында Turbo Pascal 7.0 жүйесінің біріктірілен бағдарламалау ортасы туралы мәлімет берілген. Және де түсініксіз сөздерге анықтама берілген, функционалдық пернелердің атқаратын қызметі, Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған нұсқасының сөз қоры, ASCII кодтар кесте түрінде келтірілген.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Ресей информатика оқулықтарына талдау.

  2. КСРО кезінде оқытылған информатика оқулықтары .

  3. 1992-2002 жылдары шыққан информатика оқулықтары.

  4. Қазіргі информатика оқулықтары.

Негізгі әдебиеттер /4-6/,

Қосымша әдебиеттер/3,14-19/.

Дәріс – 6.

Дәріс тақырыбы: Информатиканы оқытудың түрлері және формалары.

Дәрістің мақсаты: Информатиканы оқытудың түрлері және формаларын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатиканы оқытудың түрлерін қарастыру

2. Информатиканы оқытудың формаларын қарастыру

Дәрістің мазмұны: Информатиканы оқытудың түрлері.

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі – дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін өзіне сіңіріп алады.

Оқыту түрі – бұл оқыту және оқып үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданысдағы оқу құрал жабдықтары, әдістері және формаларының атқаратын міндеттері.

Түсіндірме көрнекілігі: (дәстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынып, шәкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.

Дидактика тарихында оқытудың 3 түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), бағдарламалы (компьютерлік) және проблемалық.

1) Түсіндірмеліиллюстрациялы оқыту.

Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне сіңіріп отырады.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін оқушылар дайын білімді меңгереді, жаңа материалды қайталап бекітеді, түрлі жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация туындамайды.

Бұл жүйедегі оқыту әдіс – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естеріне сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

  • уақытты үнемдейді;

  • мұғалім мен оқушылардың күш-қайратын жетілдіреді;

  • күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

  • оқу үрдісін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

  • оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;

  • шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;

  • дара және бөліп оқыту мүмкіндіктірінің жетімсіздігі.

2) Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.

Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты – оқушының танымдық қабілетін дамытудың, оқу үрдісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі, оқыту үрдісін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудың өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа мазмұнды оқулықтар, оқу құжаттары, үйрету (оқыту) құралдар қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынани кейін педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың негізгі ерекшеліктері:

  • оқу материалы және логикалы бөлшектерге бөлінеді;

  • әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест сұрақтарына жауап береді;

  • дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді;

  • жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың 3 принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайта оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машиналы және машинасыз болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолдануда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.

Оқу бағдарламасы оқыту алгоритіміне негізделген. Алгоритм – дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және іс-әрекеттердің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынды. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

  • оқу материалының бөлшектеленуі;

  • оқушының белсенді өзіндік жұмысы;

  • тұрақты тексеру;

  • оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы;

  • техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

  • бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді;

  • мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

3) Проблемалық оқыту.

Проблемалық оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

Заманауи білім берудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз – жаңаны (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл үрдіс. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдындағы проблемалық сұрақтарды қойып оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог – ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, «Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу керек. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалық бола бермейді. Проблемалық сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана сезімге қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтап, ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» - деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерге дұрыс жауапты тексереді. Алғашқы гипотезамен салыстырылады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс жағдай жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезінде қолданылады. Сонымен, проблемалық оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады;

  • оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

  • оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

  • берік білімге оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

  • оқушының танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

  • мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрі бірге, қатар қолданылады.

Информатиканы оқыту формалары.

Оқыту формасы - педагогпен қатысушылар арасындағы ақпараттық байланыс жүйесінің сыртқы, айқын көрінісі. Оқыту формасы жіктелуінде қызмет етерлік негізгі нышандар: бірігіп атқарар шаралар, қатысушылардың саны, оқу үрдісі, қатысушыларының рөлі (мұғалім, оқушы). Информатикада құрылатын ситуациялардың ең басты мән беретін мәселесі, компьютер оқу бағдармалардың көмегімен қатысушылардың негізгі жұмысын бақылайды. Яғни компьютер жасаушы элемент болып табылады. Нақты оқу тақырыбы қаралған үйлесімді нышандар арқылы есептелген таңдаулы әдістермен оқу мазмұнына жауап беру арқылы құрылады. Кабинеттегі еселенген сабақтармен тәрбие жұмыстары және есептеуіш техниканы қолдану уақытты үнемдеу мақсатымен жүзеге асады. Бұнда әртүрлі оқу формасын саралаған жеңіл.

Нақты ұйымдасқан оқыту формалары дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, жеке практикум, экскурсия, үйірме, факультативтік курс және олимпиада.

1) Дәріс - мұғалім басшылығымен оқыту үрдісінде жүзеге асады. Бұл оқыту формасы көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына қолданылады. Себебі олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және болашақ студентке дайындауда ерекше рөл атқарады. Дәріс сабағында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін толық пайдалануға болады. Ол көрнекі құрал шаралары түрінде компьютер арқылы көрсетіле алады.

2) Семинар - алдыңғы жұмыстан жеке жұмысқа өтпелі форма. Бұл жайлы ұжыммен ойлана жасалған жұмысты қосып алғанда, компьютерде оңтайлы атқарылған жұмыс формасы. Оқушылардың теориялық білім мен сөйлеу мәдениетін арттыруда рөлі зор. Бұл оқыту формасы ұйымдастырғанда қатысушылар алдын-ала біліп отырулары абзал және оқушылармен жекелей немесе топқа бөліп жұмыс жасаған тиімді.

3) Зертханалық жұмыс компьютерлік сыныптардағы негізгі оқу формасы болып есептелінеді. Әдетте тәжірибе жұмыстары құрылған жоспардан басталады. Жоспар құру, құрылған жоспарды тарату (ұқсас болуы да мүмкін). Тарату материалдары шешуші көмек көрсетеді. Жұмыс бастар алдында өткенді қайталап дайындық жүргізу жұмысты дұрыс бастауға көмегін тигізеді. Қатысушылар бірден немесе екіден жұмыс атқара алады.

4) Жеке практикум – зертханалық жұмысына қарағанда өзгеше. Оның жеке сипаттамасы - тапсырманың қиындығына қарай әртүрлілігі, өздік жұмыстың ауқымдылығы, оқулыққа және мәлімет материалдарына үлкен тірек. Бұл оқу формасы сабақтан тыс жұмысқа жатады. Информатиканы оқып қабылдау негізіндегі ең бір түйіп аларлық тенденциялар бұл: а) бір жағынан копьютер жеке оқу формасын жасап шығарса, екіншіден ақпаратты жіберу нәтижесінде фронтальді формалардың қасиеттерін сақтайды: ең майталман оқытушылардан дәріс алуға мүмкіндік береді. Компьютер топтық жұмыс пен жеке жұмыс арасындағы қарама-қайшылықты жояды; ә) қатысушылардың басшылығымен жүргізілген оқу жұмысынан жеке жұмысқа өту кезіндегі алған танымы компьютерлік бағдарма түріндегі және сонымен байланысты гипермәтіндік оқулық.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Түсіндірмеліиллюстрациялы оқыту.

  2. Проблемалық оқыту.

  3. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.

  4. Информатиканы оқыту формаларының экскурсия, үйірме, факультативтік курс түрлері.

Негізгі әдебиеттер /3,5-6/,

Қосымша әдебиеттер/11,20/.

Дәріс – 7.

Дәріс тақырыбы: Жаңа педагогикалық технологияларды информатика пәнінде қолдану. .

Дәрістің мақсаты: Педагогикалық технология туралы түсінік беру, тарихына шолу жасау.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Педагогикалық технология нені зерттейді?

2. Педагогикалық технология тарихы

Дәрістің мазмұны: Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-шы жылдарда шетел зерттеушілері «Педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (В. Беспалько).

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.Коменский айтқан болатын.

«Оқыту технологиясы» терминін алғаш рет АҚШ – та қолдана бастады. Польшаның белгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янкушкевич оқыту технологиясын жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады. Бұл технологиялық үрдіс – білімсіздіктен білімділікке, шорқақтықтан іскерлікке апартын тура жол.

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. Педагогикалық технология - деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз.

Педагогикалық технологияға белгілі ғалым В. Беспалько «практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп анықтама берді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

В. Монахов «педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» деп түсіндірді. Сондай-ақ И.Г.Песталоцийдің де өз заманындағы педагогикадағы маңызды мәселенің бірі «әрбір арнайы даярланған мұғалім кез келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатын білім берудің «тетігін жасауы қажет» деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн.

Педагогикалық технологияларды зертеуші ғалым Ф. Фрадкин пікірінше: «әр технология белгілі бір, яғни тарихи-әлеуметтік, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, т.б. алғы шарттар аясында қызмет етеді, дамиды және озып өзінің даму бағыты кезеңін анықтайтын заңдылықтардың болуы тән құбылыс» дейді.

Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр ұстаздың негізгі міндеті.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдер, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері өте көп, оларды әр сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқушылардың ерекшеліктеріне қарай талғаммен таңдап, мейлінше тиімді пайдалану мұғалімдердің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.

Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы - өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер жасайтын жеке тұлға. Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақта естен шығармайтын нәрсе – оқушының өзіне деген сенімін, білімге деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технология оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Нақтылып айтсақ:

1. Дарындылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. Оқушының оқуға деген ынтасы артады.

3. Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады.

4. Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады.

5. Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, білімін шыңдай түсуге көптеген үлесін қосады.

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі – дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін өзіне сіңіріп алады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Модульдік оқыту технологиясы.

  2. Деңгейлеп оқыту технологиясы.

  3. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

  4. Педагогикалық технологияның білім сапасын көтерудегі ықпалы.

Негізгі әдебиеттер /9-10,13/,

Қосымша әдебиеттер/5-7,9/.

Дәріс – 8.

Дәріс тақырыбы: Информатиканы орта мектепте қосымша оқыту түрлері.

Дәрістің мақсаты: Информатиканы орта мектепте қосымша оқыту түрлерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар

2. Информатиканы қосымша оқыту түрлері.

Дәрістің мазмұны.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар.

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер, т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш, т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.

Сыныптан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді. Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілген жұмыс мысал бола алады.

Сабақтан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарында мұғалімдермен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруға, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.

Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.

Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

1) Балада жағымды «МЕН»- тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:

- өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;

- өзінің белгілі тақырыпты немесе материалды меңгеретініне сенімділігі;

- өзінің маңызды орын алатынын сезіну.

Жағымды «мен» - тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.

2) Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу.

Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.

Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

3) Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.

Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастару мүмкіндігі бар. Бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь, нашақорлық, тәртіп бұзушылық, т.б.) көбеюімен көкейкесті болып тұр.

4) Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылды. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.

5) Танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндетті оқу үрдісіндегі және сабақтан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы, сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі - мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.

6) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.

Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін баланың бос уақытын педагог тиімді ұйымдастыру қажет.

Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектеседі.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.

Информатика пәнінен жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:

- информатиканы және оның қолданылуларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту;

- ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру;

- информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету;

- оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.

Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Бастауыш сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын болуын талап етеді. Ондай іс- шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланған болып келеді, сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.

Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білімін көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алалды. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті - әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып, ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.

Жоғарғы сынып оқушылары – бұлар болашақ жоғарғы және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саласындағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моральдық тұрғыдан жетілген және жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздерін өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.

Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиадалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. Оларға компьютерлік клубтар, жас бағдарламалаушылардың сырттай оқытатын және күндізгі мектептері, мектептен тыс (ақылы курс) жұмыстарымен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады.

Информатиканы қосымша оқыту түрлері.

Информатиканы оқытуда тек дәстүрлі оқыту түрлерін ғана қоймай, сонымен бірге қосымша оқыту түрлерінде қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артып, тереңірек білім алуға септігін тигізеді. Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үйірме, факультативтік курс, олимпиада, апталықтар, оқушылардың ғылыми жоба жарысы және т.б. жатады. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық.

Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.

Экскурсия барысында ең бірінші бақылауға алынар дәйек бұл жұмыс кезінде компьютерді қолданатын адамдардың практикалық жұмысы: 1)Ұйымда ЭЕМ-нің қандай түрі қолданылады және оның техникалық мінездемесі. 2)Ақпараттың қандай түрлері өңделуде және қандай жүйе қолданылады (тағы басқа сондай сұрақтар қойылады). Экскурсия қорытындысы болып нәтижені ұжым ортасында талқылау және сұрақтарға жауап беру, салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

Үйірмеәртүрлі мағынадағы мазмұнмен жұмыс істегенде тиімді жеке форма болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларына мектепке арналған мәліметтер қоры бар жобаны ұсынуға болады. Сыныптан тыс жұмыстың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Оның негізінде еріктілік принципі жатыр.

Үйірме жұмыстарының түрлері: Сөзжұмбақтар құру, сайыстар, белгілі адамдармен кездесулер, клубтық қызметтер, клубтық іс-әрекет, іскерлік ойындар, сынып сағаты, ауызша журнал, мектептегі баспа және көрмелер.

Факультативтік курстаринформатика саласындағы білімді терең сіңіріп қабылдау, педагог маманның оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналған. Информатикадан факультативтік сабақтар негізінен 8-сыныптан басталып жүргізіледі.

Олимпиадамақсаты информатика саласындағы дарынды, білімі дамыған оқушыларды табу. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойылған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыс түрі. Оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.

Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс шараларға қатысады.

Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. «Дарын» орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Сыныптан тыс жұмыс түрлері.

  2. Дарынды оқушыларды анықтау тәсіілдері.

  3. Оқушылардың ғылыми жобалар.

  4. Пәндік үйірмелер.

Негізгі әдебиеттер /4-5/,

Қосымша әдебиеттер/6,11,20/.

Дәріс – 8.

Дәріс тақырыбы: Оқыту нәтижесін бақылау, бағалау және тексеру.

Дәрістің мақсаты: Оқыту нәтижесін бақылау, бағалау және тексеруді ұйымдастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Бақылау функциясы, түрлері және әдістері.

2. Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу.

Дәрістің мазмұны.

Бақылау функциясы, түрлері және әдістері.

Бақылау - оқыту үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның мәні келесідей: оқытудың міндетті түрдегі минимумына сәйкес келетін, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау.

Бақылаудың функциялары:

-тәрбиелік;

-дамытушылық;

-білім берушілік;

-тексерушілік.

Бақылау түрлері:

1) Ағымдық бақылау - бұл оқушылар білімін әр сабақта жүйелі түрде тексеру, бұл сабақтың құраушы бөлігі ретінде оқытудың нақты сабақта бағалануы болып табылады.

2) Периодты түрдегі бақылау - бағдарламаның үлкен тарауларынан кейін немесе оқыту ұзақ уақыт жалғасқаннан соң іске асырылады.

3) Қорытынды бақылау немесе нәтижелік бақылау - келесі сыныпқа ауысу кезінде жүреді. Оның міндеті: ары карайғы оқуын қамтамасыз ететін, дайындықтың сол қажетті минимумын белгілеу.

Жалпы бақылау функциясының мақсаты білім алудың барлық сатысында білім меңгеру деңгейін белгілеу, оқыту үрдісі мен үлгерімнің әзірлігін тексеру.

Бақылау әдістері:

1) Ауызша бақылау - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын фронтальды немесе комбинирленген жекеше түрде жүріледі. Емтихан - тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.

2) Жазбаша бақылау - бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың терең және жан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.

3) Практикалық жұмыстар - тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет.

Практикалық жұмыстың мазмұнына келесілер кіруі керек:

1) Жұмыстың мақсаты;

2) Тапсырмалар;

3) Қондырғыларды қолдану (сипаттамалары бар ЭЕМ сияқты);

4)Тапсырманын физикалық, математикалық немесе ақпараттық үлгілерінің мазмұны;

5) Есепті шығару алгоритмі;

6) Бағдарлама;

7) Шығарылатын немесе бастапқы мәліметтер;

8) Кесте түріндегі алынатын нәтижелер;

9) Қорытындыларды тұжырымдау;

10) Тесттер (компьютерлік, бланктік).

Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижелерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасы мен деңгейін салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай-ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтатын болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптардың әр элементтік талдауын қолдануында жатыр.

Бақылаудың барлық түрлеріндегі сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән. Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу үрдісінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынандай міндеттері бөлініп алынған: Бейімділік, диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық және басқалар. Кез-келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір-екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді. Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері - оның оқу үрдісіндегі рөлін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер оның маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

1) Бақылаудың есептеу міндеті: ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін, оқыту жұмыстарындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.

2) Бақылау - түзетушілік және диагностикалык міндеттері: бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың білім деңгейіндегі кемшіліктерден туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу, оқыту әдістемесіне өзгертулер енгізу үшін "мұғалім-оқушы" орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайларын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктері мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ. Дәл қазіргі кезде информатиканы оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге осы пән мен оны оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.

3) Бақылаудың оқытушылық міндеті: ағымдық бақылау оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстың маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің деңгейін тексеру үрдісі арқылы көрініс табады. Сынақ тапсырмаларын орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін-өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.

4) Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті: ол оқушыны одан әрі оқу жұмысына, өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Мұғалім оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің деңгейін анықтап қана қоймай, оқушыны жеке жұмыс істеуге бағыттап, қосымша мүмкіндіктер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады. Ағымдық бақылау оқу үрдісіне тікелей негізделіп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап оны жоюға бағыттайды, оқушының білімін тексеру мен дамытуға әр сабақта жүзеге асырылады. Ағымдық бақылау нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.

Ағымдық тексерудің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпті болуға, сынып және үй тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға, жүйелі еңбекке үйретуге, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым-қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлануына, өз еңбегін өзі және дұрыс бағалау тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктіліктерді қалыптастыру мен дамыту, оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей: Ағымдық бақылау үрдісі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту - оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.

Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар.

Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тестіні пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тесттік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тесттің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.

Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.

Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады (3-5 жауап), яғни кез – келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз.

Тест тапсырмалары және олардың түрлері. Тесттің нақты, біріңғай қабылданған анықтамасы жоқ. Тест - ерекше формалы, бірте-бірте күрделеніп отыратын тапсырмалар жүйесі. Тест белгілі бір стандартқа сәйкес жасалынатын, үйренуші білімін анықтаудың сенімді құралы болып табылады. Құрастырушы адам тест мазмұнын оқу бағдарламасына сәйкес жасайды. Тесттің басты ерекшелігі оның көпфункционалдығында. Тест бақылаушы, бағалаушы тетік қана емес, ол арқылы материалдың берілуінін дұрыстығын да аңғаруға болады.

Тестілеу - білім деңгейін бағалау әдісі. Бұл әдістің пайда болып, дамуына әсер еткен себептер:

  1. оқушының бағасының субъективтілігі;

  2. оқушының психикасының емтихан тапсыру кезіндегі кұлдырауы.

Тестілеудің артықшылықтары:

  1. студенттің, оқушының жетістіктерінің объективті бағалануы;

  2. студенттің, окушының білімінің бағасының дәлдігі, сенімділігі;

  3. студенттің, оқушының негізгі білімін тексеруге ыңғайлылығы;

  4. студенттің, окушының білімінің бағалануы жедел түрде өткізілуі (компьютер арқылы).

Тестілеудің жақсы қасиеттерімен қатар кемшіліктерін де атап өтейік:

  1. білім дәрежесін, тереңдігін, толықтығын тексеруге мүмкіндігігің жеткілікті болмауы;

  2. жақсы тестілік сұрақтарын құрастырудың қиындылығы;

  3. тестілеудің ұйымдастыру қиындықтары:

  4. дұрыс жауаптың кездейсоқтығы .

Тест сұрақтары төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет.

  1. Әрбір тесттің мақсаты болуы керек. Тапсырма түрлері сол мақсатқа сай кұрылады.

  2. Тест тапсырмаларында нақты бір қиындық болуы қажет.

  3. Тестте біржақты шешілетін тапсырма беріледі. Екіұштылық, анықсыздық болмауы керек.

  4. Тест тапсырмалары үйренушіге таныс, оқу бағдарламасында берілген мәселелерді қамтуы тиіс.

  5. Тест тапсырмалары айқын және қысқа берілгені дұрыс.

  6. Тест сұрақтарын бағалауда да айқындылық, бірізділік болуы қажет.

  7. Тест тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп отырады.

Осыған қосымша тест құрастырушылар мына талаптарды да ескерген жөн:

  1. Тексерілген дағды түрінің мазмұнын дәл анықтау керек;

  2. Тест сұрақтары оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұнына сәйкес келуі тиіс;

  3. Тест тапсырмасы бір ғана сұраққа жауап беруді талап етуі тиіс;

  4. Жауаптарда бірін-бірі қайталайтын түрлері болмауы керек;

  5. Тест жүргізу оқыту үрдісінің жалғасы болуы қажет.

Тест, оның түрлері туралы АҚШ, Англия, Голлландия, Дания, Жапония, Францияда көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, диссертациялар жазылды.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу.

Оқыту үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бақылау өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалымен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпаратты алумен қамтамасыз етеді.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабаққа тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар игеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесінде бағалау арқылы көрсетіледі.

Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады. Үлгерімді бағалаудың нәтижесінде жақсы білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбекқорлық, қайырымдылық, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.

Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

а) оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу; баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылыққа салынуға болмайды;

ә) әрбір баға – бұл тек білімге есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.

Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:

«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

«4» бағасы – материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

«2» бағасы – оқушы жауабынан оқу қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;

«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білім жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.

Есеп беру – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:

Оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек; әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру; оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Дидактикада бұл (үрдіс) алған білімді меңгеру деңгейін оқыту бағдарламасында жазылған этолондық деңгейлерді салыстыру үрдісі.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Бастауыш мектепте АКТ-ны қолданып бақылау.

  2. Шетелдерде бағалау түрлері.

  3. Тестіні оқу үрдісінде тиімді қолдану.

Негізгі әдебиеттер /4-6,11/,

Қосымша әдебиеттер/12,20/.

2 Тарау: Информатика курсының негізгі тарауларын оқыту әдістемесі

Глоссарий (анықтама, сөздік);

Сабақ- бұл логикалық түрде аяқталған, біртұтас, белгіленген уақытпен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің бөлігі.

Информатика кабинеті- көтеріңкі деңгейдегі шумы бар үй-жайлардан (компьютер залы, гимнастика залы, шеберхана) оқшауланған болуы керек.

Мұғалімнің жұмыс орны - үстелмен және принтер мен мультипроекторға арналған екі тумбамен жабдықталады.

Педагогикалық бағдарламалық құрал– курстың белгілі бір тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу бағдарламасына көрсетілген практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Мультимедиалық технология- бұл әр түрлі табиғаты бар (мәтін, дыбыстық, графикалық, анимация, видео) құру әдістерінің және ақпаратты тиімді қолданудың жиынтығы.

Дидактика принциптері– сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары.

Ақпараттық мәдениет – информатикадағы қысқа, түсінікті, қызықты, тез, әмбебап алгоритмді көре білу, бағалай білу және құра білу, қорытындыны (қағаз және экран бетінде) әдемі безендіріп, графикалар және түстерді тиімді қолдана білу.

Оқытудың компьютерлік технологиясы- оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.

Раіnt графикалық редакторы - графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама.

Еxсel бағдарламасы - кесте ішіндегі есептеу жұмыстарын шешуге, оларға әр түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтерді сұрыптауға, математикалық операцияларды орындауға, сандық эксперименттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Microsoft ACCESS - кез-келген мәліметтерді қолдануға ыңғайлы мәліметтер қорын құруға, алуан түрлі операцияларды, командаларды орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Power Point бағдарламасы- оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.

MS Front Page бағдарламасы- қазіргі кезде Web-сайт жасау үшін жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі.

PageМaker- столдық баспа жүйесі мәтіндік ақпарат орын алатын газеттерді, журналдарды, кітаптарды және басқа баспа өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.

Телекоммуникациялар- (грек тілінінен аударғанда tele–алыс, шалғын, communicatio–араласу) деп аталуда.

Дәріс -9.

Дәріс тақырыбы: Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау. Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуы.

Дәрістің мақсаты: Сабақты ұйымдастыру шарттарымен информатика кабинетіне қойылатын талаптарды қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Сабақты ұйымдастыру шарттары.

2. Информатика кабинетіне қойылатын талаптар.

Дәрістің тезисі: Сабақ - бұл логикалық түрде аяқталған, біртұтас, белгіленген уақытпен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің бөлігі. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:

  • білім міндеттерін бүтіндей және оның құрамдас элементтерін нақты тұжырымдау, олардың дамыту және тәрбие беру мақсаттарымен байланысы.

  • сабақтардың оқу жүйесіндегі орнын анықтау;

  • оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсаттарына сәйкес сабақтың негізгі мазмұнын оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып анықтау;

  • оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін, біліктілігі мен дағдыларының сабақта және оның арнайы кезеңдерінде ұйымдастырылуын болжау;

  • анағұрлым тиімді әдістер мен тәсілдерді сабақта дұрыс таңдау.

  • танымдық белсенділікті, сабақта ұжымдық және жеке жұмыстардың әр түрлі формаларының үйлесімділігін және оқуда оқушылардың жеке жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді іске асыру;

  • оқушылардың ойдағыдай білім алуларына жағдай жасау.

Сабақты ұйымдастыру шарттары: әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-дидактикалық.

Әлеуметтік-педагогикалық шарттарға мыналар жатады:

  • мамандандырылған, шығармашылық түрде жұмыс істейтін, жақсы дидактикалық және әдістемелік дайындықтағы шарттың болуы;

  • дұрыс қалыптасқан құндылықты бағыт-бағдары бар оқушылардың біріккен, тату ұжымының бар болуы;

  • оқулықтың, оқу және көрнекілік құралдарының, сәйкес түрде жабдықталған сынып бөлмесінің бар болуы;

  • қолайлы психологиялық климаттың, өзара сыйластық пен педагогтың балаларға деген махаббатына негізделген мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынастың бар болуы.

Психологиялық-дидактикалық шарттарғамыналар жатады:

  • оқытудың нақты уақытқа, кезеңіне сай оқушылардың білімділігінің жоғарғы деңгейі;

  • мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен танымдық қызметке қызығушылығын қамтамасыз ететін білім мен еңбек мотивтерінің қалыптасуының жеткілікті деңгейінің бар болуы;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дидактикалық принциптері мен ережелерін сақтау.

Сабақты ұйымдастырудың ережелеріне мыналар жатады:

  • мақсатты анықтау (неге қол жеткізу керек);

  • оқу материалының мазмұнын дайындау, яғни алға қойылған мақсат пен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оның көлемі мен күрделілігін анықтау;өмірмен, тәжірибемен, бұрында меңгерілген материалмен байланыс орнату;оқу тапсырмалары мен өздік жұмыстарының жүйесін анықтау;сабақтың құрал-жабдықтарын, сонымен қатар ақпараттың негізгі және қосымша көздерін орнату;

  • барлық мақсаттарға қол жеткізетін сабақтың дидактикалық тапсырмаларын анықтау;

  • алға қойған мақсаттарға, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың білімділік деңгейі мен дидактикалық тапсырмаларға сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерінің анағұрлым тиімдісін таңдау;

  • оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне сәйкес келетін сабақтың құрылымын анықтау;

  • барлық дидактикалық тапсырмалар үй жұмысына қалдырылмай сол сабақта шешімін табу керек.

Сабақта оқу үрдісін құрудың дидактикалық негіздері. Сабақтың тиімділігі құрылымдық құрауыштарды дұрыс анықтауға және олардың үйлесімділігіне тәуелді болады.

  1. Ынталық-мақсатты құрауыш. Мұғалімнің оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсатына жетуі, сабақтың міндеттерінің орындалуы.

  2. Мазмұнды құрауыш. Сабақ мақсаттарына сәйкес келу. Ғылымилық. Қол жетімділік. Логикалық және бірізділік. Практикалық бағыт алу.Тәрбиелеушіпотенциал.Дамытатын мүмкіндіктер.

  3. Операциялық-әрекетшілдік құрауыш.

  1. Оқытудың тәсілдері:

Алған білім көздері бойынша: ауызша, көрнекілік, практикалық.

Танымдық әрекетті ұйымдастыру тәсілі бойынша: суретпен сипаттау-түсіндіру, репродуктивті, жартылай іздестіру, мәселелік, зерттеушілік.

Оқытудың әдістері сабақ үстінде келесілерге сәйкес келу керек:

  • сабақ тапсырмаларына;

  • оқу материалының өзгешелігі мен мазмұнына;

  • оқушылардың білім деңгейіне, біліктілігіне, дағдыларына;

  • сабақтың материалдық қамтамасыз етілуіне;

  • мұғалімнің жеке басының қасиеттеріне, оның дайындығына және әдістемелік шеберлігінің деңгейіне;

  • оқушылардың жеке басының ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне және дайындықтарына;

  • уақыт тәуелділігіне.

  1. Тәрбиелеудің әдістері: Жұмысты ұйымдастыру, көзқарасты қалыптастыру, жұмыс істеуге жағдай жасау, бақылауды, өзара бақылауды, өзін-өзі тексеруді іске асыру.

  2. Оқыту түрлері: жеке, топтық, ұжымдық.

  1. Бағалау-нәтижелік құрауыш: жедел бақылау жүргізу, қатені түзету, қол жеткізген нәтижелерге бірлесе отырып баға беру.

Сабақты жоспарлаудың құрылымы.

I. Тақырып.

  1. Сабақтың мақсаты: білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық;

  2. Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру сабағы, меңгерілген білімді жалпылау және жүйелеу сабағы, білімді, біліктілікті бақылау және түзету сабағы, білімді, біліктілікті тәжірибеде қолдану сабағы.

  3. Оқытудың әдістері ( жоғарыда көрсетілген).

  4. Оқыту түрлері.

  5. Техникалық құрал жабдықтар.

II. Өзектілігі.

а) сүйемелдейтін білімдер; б) қызығушылықты қалыптастыру тәсілдері;

в) бақылаудың түрлері.

III. Әрекеттердің жаңа түсініктері мен тәсілдерін қалыптастыру.

а) жаңа түсініктер көрсетіледі; б) білімдегі дағдылар қалыптасады; в) өз бетімен жұмыс жасаудың түрі анықталады.

IV. Қолдану.

а) қандай біліктер мен дағдылар қалыптасады; б) кері байланысты алудың тәсілдері анықталады.

V. Үй тапсырмасы.

Қазіргі заман сабағының негізгі буындары:

- Оқушылардың сабаққа сыртқы және ішкі (психологиялық) дайындығымен сипатталатын ұйымдастыру кезеңі;

- Үй тапсырмасын тексеру;

- Жаңа тақырыпқа дайындық ретінде оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін тексеру;

- Оқушылар алдында сабақтың мақсатын қою.

- Жаңа ақпаратты қабылдау және ұғынуды ұйымдастыру, яғни негізгі білімді меңгеру;

- Алғашқы түсінікті тексеру;

- Білімді шығармашылық түрде қолдану және іздеп табу, бұрынырақта меңгерілген білім мен біліктілік негізінде тапсырмаларды шешу тәсілін меңгеру;

- Келесі сабаққа үй тапсырмасын беру;

- Сабақты қорытындылау.

Информатика кабинетіне қойылатын талаптар

Информатика кабинеті көтеріңкі деңгейдегі шумы бар үй-жайлардан (компьютер залы, гимнастика залы, шеберхана) оқшауланған болуы керек.

Информатика кабинетіне кіре берісте оқушылардың портфельдері мен сөмкелеріне арналған шкаф қарастырылуы қажет.

Информатика кабинетінің ауданы 1 жұмыс орнына кемінде 6 шаршы метр есеппен қабылданылуы керек.

Дербес компьютер саны кемінде 10 болатын информатика кабинетінің жанындағы зертханалықтың ауданы кемінде 18 шаршы метр, үй-жайдың биіктігі кемінде 4 метр болуы керек.

Оқушылардың жұмыс орныбір орындық үстелден және 1 немесе 2 орындықтан тұруы тиіс. Дербес компьютерді, оқулықты орналастыру үшін үстел бетінің өлшемі 1300 х 700 мм. болуы керек және оқулықпен жұмыс істеуге арналған орны болуы қажет. Оқушының үстелінде барлық шалғай құрылғыларымен бірге ДК орнатылады. Ені - дәптер қоюға және жауырынның бұлшық етіне күш түсірмеу үшін шынтақты тіреп тұруға арналған пернетақтаның алдын 30 см. орынмен қамтамасыз етуі керек. Мониторды орналастыруға арналған үстелдің беті жазық, ал пернетақта тұратын бет көлбеу (12-15° бұрышқа) болуы керек. Бейнемонитормен жұмыс істеуші жақтағы үстел жиегінің және еден үстіндегі орындықтың биіктігі оқушының бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелге электр қорегі мен жергілікті желілер кабелі тартылады. Информатика кабинеті үшін электр қорегінің жалпы электрлік сызбасы КҚЕТ-ге арналған электр жабдықтарының кешендерімен қойылатын құжаттарға қосылады.

Еденнің беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және тазалауға ыңғайлы антистатикалық қасиеттері бар болуы қажет.

Оқушы бойына жиһаздар биіктігінің сәйкестілігі

Оқушы бойының биіктігі (см)

Еден биіктігі (см), кем өлшеммен алғанда

Үстел

Аяқ қоятын орын

Орындық

145-160

650

530

380

161-175

700

590

420

175 және одан жоғары

760

650

460

Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және принтер мен мультипроекторға арналған екі тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700 мм. Тумбада керек-жарақтарға: магниттік тасымалдағыштарға, ағымдағы сабақ күніне есептелінген транспаранттарға арналған кемінде 350х500х100 мм. өлшемдегі 1-2 жәшік қарастырылуы керек. Үстел ДК-ні орнату және жазу жүргізу үшін пайдаланылады. Онда дәптерге, сынып журналына және т.б. арналған қалташа болуы мүмкін. Сабақ процесінде оқушылардың жұмыс орындарына электр қоректерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізеді.

Информатика кабинетінде жұмыс орнының орналасуы сабақ уақытында оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс орнына емін-еркін өтуін қамтамасыз етуі қажет. Дербес компьютері бар жұмыс орындарының орналасуы үш нұсқада болуы мүмкін:

жағалай (периметриалдық);

қатарлық (1-3 қатар);

орталық.

Оқушылар мен мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және жұмыс кезінде тұрақты жарықтандыру деңгейін жасау тұрғысынан алғанда ДК-і бар жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.

Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру

Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі жабдықтарға жауап беретін, информатика курсын және жалпы білім беретін жекелеген пәндердің тақырыптарын зерделеу процесінде компьютерлік техниканы қолдану бойынша мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.

Кабинет меңгерушісі:

- жабдықтардың сақталуына;

- инвентаризациялық жазу журналын жүргізуге;

- құрылғыларды әрдайым пайдалануға дайын күйінде ұстауға, есептеуіш техникаларға алдын-ала техникалық қызмет көрсетудің уақытылылығына және ұқыптылығына, машиналардың істен шығуын тіркеу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеп отыруға;

- жазатайым уақиғалар кезінде пайдаланылатын өрттен сақтану құралдарының және алғашқы көмек көрсету құралдарының дұрыстығына;

- оқушыларға техника қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе және кезекті нұсқаулардың уақытылы өтілуіне;

- оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;

- әрбір сабақтың басталған және аяқталған уақытын, электр қорегінің қосылғандығын және ажыратылғандығын журналға тіркеуге жауапты.

Оқытушы оқушыларды информатика кабинетімен алғаш таныстырған кезде оқушылардың бойын, есту және көру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оларды жұмыс орны бойынша бөлуге және сол жерді бекітіп беруге, техника және жұмыс қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыруға міндетті. Оқушылар жұмыс орнының және оған орналасқан жабдықтардың жай-күйіне жауапты болады.

Оқушылар нұсқау және сынақ өткен күні, нұсқауды өткізген мұғалімнің тегі, аты-жөні, сынақтан өткен оқушының тегі, аты-жөні және нұсқамалықтың

мазмұны көрсетілген «Техника қауіпсіздігінің ережесі бойынша нұсқауды өткізу мен оны тіркеу журналында» белгіленетін техника қауіпсіздігі және кабинетте жұмыс істеу ережесі бойынша сынақ тапсырулары қажет. Бұл мәліметтер мұғалім қолымен бекітіледі.

Кабинет меңгерушісінің жұмысына зертханашы көмек көрсетуге тиіс.

Зертханашыинформатика кабинеті меңгерушісіне тікелей бағынысты болады және оның алдында оқу жабдықтарының сақталынуы және дұрыс пайдаланылуы үшін есеп береді.

Зертханашы кабинеттегі бүкіл жұмыс жүйесін, оларды күту ережелерін және ондағы компьютерлік техника құралдарының, бағдарламалық құралдар мен көрнекі құралдардың сақталу талаптарын білуге міндетті. Мұғалімнің жоспары және оның басшылығы бойынша зертханашы сабаққа қажетті жабдықтарды дайындайды, есеп жүргізеді, инвентаризациялық тіркеу жасайды.

Зертханашы оқушылардың техника қауіпсіздігі туралы ережелерді сақтауын қамтамасыз етуге көмектеседі, өртке қарсы құралдардың және алғашқы көмек көрсету құралдарынының үнемі дайын болуын қамтамасыз етеді.

Зертханашы журналға сабақтың басталу және аяқталу уақытын тіркеуді қамтамасыз етуі мүмкін, жұмыс уақытында техниканың істен шығуын тіркейді, кабинет меңгерушісінің басшылығымен істен шыққан техникаларға ұсақ жөндеу жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]