Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

222

.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
158.21 Кб
Скачать

Азаматтардың ұсыныстары, арыздары және шағындары бойынша прокурордың қызметі прокуратура органдарында азаматтардың арыздары мен хабарламалары қаралады.Сондықтан арыздар мен хабарламалардан өтініш пен сауаланмалардың айырмашылығын ажырату қажет.Өтініш-заңды тұлғалардың немесе олардың тиісті уәкілеттелген өкілінің дербес немесе жазбаша,ауызша нысандағы ұжымдық немесе электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысандағы ұсынысы,арызы,шағымы,пікірі,сауалдары.Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар,қылмытсық іс өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне берілетін шағымдар қылмыстық іс заңында көзделген тәртіпте қаралады. ҚР Бас Прокуратурасына келіп түсетін өтініштердің бәрі алдымен ҚР Бас Прокуроры Аппаратының Азаматтырадың өтінішетрін қарау және іс жүргізу заңдардың қолданылуын қадағалау басқармасында,ал төмен тұрған прокуратураларда-тиісті бөлімшелерде тіркеліп,бар материалдары мен қадағалау өндірістері зерделенеіп,алдын ала қаралад.Келіп түскен өтініштер мен сауалдардың рәсімделуі мен мазмұнына байланысты оларды қарау Бас Прокурордың орынбасарларымен,Бас прокурор Аппаратының азаматтардың өтініштерін қарау және іс жүргізу заңдарының қолданылуын қадағалау басқармасымен,Бас әскери прокурор,облыс және оларға теңестірілген прокурорлармен жүзеге асырылады.Әрбір өтініш бойынша проуратура органдарында мына шешімдерінің бірін қабылдауға тиіс:1.өз өндірісіне қабылдау туралы,2.шешу үшін төмен тұрған прокуратураларға жолдау туралы,3.тиістілігіне қарай басқа органдарға жолдау туралы,4.бар материалдарға тіркеу туралы.Өтініштерді шешу кезінде прокурор онда келтірілген дәлелдерді жан жақты және обьективті тексеруге,өтінішке қатысты нақты жағдайлрды анықтауға және зерттеуге,қажет болған жағдайда әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған лауазымды және өзге адамдардан түсініктеме алуға,қажетті материалдарды талап етуге және зерттегуге,өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қолдануға жататын заңдардың нормаларын дұрыс айқындауға және қолдануға міндетті.Қажет болған жағдайда прокурорлар тексеруге мамандарды тартуға,басқа ққо на тапсырма беруге құқылы.Заңбұзушыдық анықталған жағдайда прокурор өз өкілеттілігі шегінде құқық бұзушылықты жою,оған жол бермеу,алдын алу жөнінде,жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде кідіріссіз,толық шаралар қолдануға міндетті.

Алдын ала тергеү, анықтама және жедел-іздестірү қызметінің заңдылығына қадағалаудың түсінігі мен міндеттері Дұрыс ұйымдастырылған алдын ала тергеу мен анықта және олардың заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру қылмыстарды дереу және толық ашуға, оның объективті және жан – жақты тергелуіне, ең соңында – соттың заңды, негізді және әділ шешім қабылдануына елеулі кепілдіктерінің бірін береді.Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бір бірімен байланысқан және өзара келісілген екі мақсаттан тұрады: бірінші, қылмыс жасаған кінәлі адамдарды жазаланбай қалмауын қамтамасыз ету, екінші, бір де бір азамат негіссіз қылмыстық жауапкершілікке тартылуына немесе құқықтарының шектелуіне жол берілмеу керек.Тергеу және анықтау заңдылығын жүргізу кезінде Конституция және өзге де заңдармен кепілденген жеке бостандық, хат алысу құпиялылығының сақталуы, еркін жүріп – тұру және азаматтардың т.б. көптеген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады, ал кейде елеулі түрде шектеледі. Прокурор қылмыстардың тергелуін реттейтін заң нормаларының бұзылмауын, тергеу кезінде барлық мән – жайлардың жан – жақты, толық және объективті зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуын, заңсыз тергеу әдістерін қолданылмауын қадағалауға міндетті. Прокурор заң бұзушылықтарды алдын – алуға, ал заң бұзушылықтар анықталған жағдайда – оларды жоюға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірілуіне, моральдық және материалдық залалдардың өтелуіне, сондай – ақ заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануы тиіс.Тергеу және анықтау заңдылығын жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалаудың аталған міндеттері оның мәнімен тығыз байлансты болады. Қазақстан республикасының Президентінің «азақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заңының 37- бабына сәйкес қадағалаудың мазмұны мен мәні адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, жасалған қылмыстар және тергеу жүргізу туралы өтініштер мен хабарларды шешудің заңдарда белгіленген тәртібінің сақталуы, сондай – ақ осы органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығын сақталуы болып табылады.Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы құқық қорғау органдары азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, меншікке қылмыстық қол сұғудан сақтау жөніндегі міндеттерін кейде тиісті түрде орындамайды. Сондай ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыра отырып, осы саладағы заң талаптарынан жалтаруға жол беріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.Шұғыл қызметтер тапсырмаларын орындау маңыздылығын, олардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескерсек, ол үнемі прокурорлық қадағалауды талап етеді. Бірақ жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың қажеттілігі теорияда дұрыс негізделгеніне қарамастан, көптеген жылдар бойы жеке прокурорлар тәжірибеде осы қызметті жүргізу барысында заңдардың орындалуын тексерген. Бұл жағдай прокурорлардың қадағалау жұмыстарын жүзеге асыруға құқықтық негіздердің болмауымен түсіндірілген.Жедел іздестіру қызметі заңдармен емес, партиялар мен үкіметтің директивтік актлермен, жабық сипаттағы заңға сәйкес номативтік актлермен реттелген және оларға сәйкес тек белгілі бір жағдайларда ғана облыс деңгейінен төмен тұрмайтын прокурор ғана араласатын болған.1992 жылдан бастап тәртіп өзгерген. 1992 жылы қабылданған ҚР Проркуратурасы туралы Заңы прокуратура органдары қызметінің басқа бағыттары ішінен жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды атаған.Прокуратура туралы заңда жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды прокуратураның құқық қорғау міндетін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарының бірі деп негіздеуінің себебі, бұл органдар қылмыстылықпен күресті жүзеге асырады.Жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде азаматтардың Конституциясымен және өзге де заңдармен жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің құпиялылығы сақталуы, ерін жүріп тұрулары кепілденген құқықтары мен заңды мүдделері кейде елеулі түрде шектеледі.Құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып, прокурор бірде бір қылмыстың ашылмай немесе бірде бір кінәлі адамның заңда көзделген жауапкертшілікке тартылмай қалмауын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға міндетті. Прокурор жедел іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтауды реттейтін заң нормаларын ешкімнің бұзбауын қадағалауға, ал заң бұзушылықты анықтағанда оларды жоюға шұғыл шаралар қолдануға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, заң бұзушылықты ескертуге мңндетті. Қылмыстармен күрес оларды дереу және толық ашылуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына жол бермеу кезеңінде ғана нәтижелі болады.Жедел іздестіру қызметі саласындағы прокурорлық қадағалаудың бұл міндеттері оның мәнімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қадағалаудың мәні ҚР прокуратурасы туралы заңына сәйкес: бірінші, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; екінші, жасалған немесе дайындалып жатған өылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың белгіленген тәртіптерін сақтау, жедел іздестіру шараларын орындау; үшінші, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығы болып табылады.Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлар Конституция және өзге заңдармен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негіздері мен тәртіптеріне назар аударуға тиіс.

Алдын ала тергеү, анықтама және жедел-іздестірү органдарының заңдылығына қадағалау жүргізүдегі прокурордың өкілеттігі мен прокурорлық шаралардың нысандары ҚР Прок туралы Заңының 38-бабы бойынша анықтама мен тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып,прокурор:1) анықтама мен тергеу органдарынан тексерiс үшiн қылмыстық iстердi, жасалған қылмыстар, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаманың, тергеудiң барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәлiметтердi алады;2) жасалған немесе әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды қабылдағанда, тiркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексередi3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция бередi;4) қажет болған жағдайларда қылмыстық iс қозғайды, қылмысты iстерге тергеу жүргiзу жөнiнде жазбаша нұсқаулар бередi;5) тергеушiлер мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларының күшiн жояды; 6) егер анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудiң заңсыз әдiстерiне жол берiлсе, кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қояды;7) тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың бұзылуына жол берiлгенi белгiлi болған жағдайларда, қылмыстық iстердi қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемiнде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады8) анықтама мен тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстердi түптеп қарау үшiн сотқа жiбередi;9) қажет болған жағдайларда тергеу бөлiмшелерi мен анықтама органдары басшыларынан оларға бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексерiс жүргiзудi талап етедi;10) анықтама жүргiзушi адамның, тергеушiнiң анықтама мен тергеу органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды; 11) бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуға шешiм жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбi мен шартының сақталуын тексередi;11-1) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi;12) заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.2. Прокурордың өз құзыретi шегiндегi нұсқаулары жазбаша нысанда берiледi және ол анықтама мен тергеу жүргiзетiн адам үшiн мiндеттi.

Алдынала тергеу барысында қолданатын мәжбірлеу шараларының заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру Қадағалаудың мiндеттерi:1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету; 2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады.Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылатын iс жүргiзулiк мәжбүрлеу шарасы. Нақты ұстау сәтiнен бастап үш сағаттан аспайтын мерзiмде тергеушi немесе анықтаушы ұстаудың негiзi мен дәлелдерi, жерi мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тiнтудiң нәтижелерi, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетiлетiн хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және сезiк келтiрiлген адамның құқықтары, соның iшiнде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығы түсiндiрiлiп, бұлар хаттамада көрсетiледi. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Жүргiзiлген ұстау туралы анықтаушы мен тергеушi ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екi сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi. Егер ұсталған кезден бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде ұсталушыны ұстау орнының бастығына айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы сот қаулысы келiп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзiнiң қаулысымен бiрден босатады және ол туралы iс жүргiзiп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды. Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға бұлтартпау шараларының бiрiн қолданады. Бұлтартпау шаралары мыналар болып табылады: 1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; 2) жеке кепiлдiк беру; 3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру; 4) кәмелетке толмағанды қарауға беру; 5) кепiл болу; 6) үйде қамауда ұстау 7) қамау. Кепiл сезiктiнiң, айыпталушының өзi не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитiне сезiктi, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөніндегі мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге енгiзетiн ақшадан тұрады. Кепiл ретiнде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi. Кепiлдiң сомасын айыптаудың ауырлығын, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басын, кепiл берушiнiң мүлiктiк жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгiлейдi. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепiл қабылданбайды. Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана қабылданады. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат: Күш қолданумен немесе оны қолдану қаупін төндірумен байланысты қылмыс жасалған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган жәбірленушінің жазбаша өтініші бойынша күдіктіге, айыпталушыға жәбірленушіні іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салу туралы жазбаша түрде ескертеді.

Апелляциялық сатыдағы прокурорлық қадағалау Үкімге, қаулыға апелляциялық шағымдану құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жеке айыптаушыға), олардың өкілдері мен заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімнің азаматтық талап қоюға қатысты бөлігіне шағымдануға құқылы. Сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық енгізуі мүмкін. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім (қаулы) жарияланған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкімнің (қаулының) көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап нақ сондай мерзiмде бере алады. Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті. Егер: үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса; заң бойынша қорғаушының немесе жәбірленушінің өкілі қатысуы мiндеттi болғанда, сотта iс олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей жолмен бұзылса; сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тiлiн немесе өздері білетін тiлдi не аудармашының қызметiн пайдалану құқығы бұзылса; сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе; сотталушыға соңғы сөз берiлмесе; үкім шығару құпиясы бұзылса; үкiмге судья қол қоймаса; iсте сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің (қаулының) күшi жойылуға тиіс.       Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы; 2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы; 3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.

Арнайы прокуратуралар /әскери, көліктік/ Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе көліктерінде), табиғатты қорғау және ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің (колония және түрме) түзету мекемелерінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады. Әскери, көлік және табиғатты қорғау прокуратуралары аудандық және облыстық прокуратуралардың төменгі звеносы тиісті жоғарғы прокуратуралардың бағыныштылығында болады. ҚР прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралар құқығында: Оңтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтық көлік прокуратуралары жұмыс істейді. Әскери прокуратура құрамын Бас әскери прокуратура, әскери округтік прокуратуралары, гарнизондар прокуратуралары, қала және аудан прокуратураларына теңестірілген біріккен және қосылған әскерлер жатады. Әскери прокуратура органдарын ҚР Бас прокурорының орынбасары-Бас әскери прокурор басқарады. Оны ҚР Бас прокурорының ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқа қалған әскери прокурорларды Бас әскери прокурордың ұсынуы бойынша ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды. ҚР Бас прокуроры ғана оларды қызметтен босатады. Әскери прокуратура өз өкілеттіліктерін ҚР Қорғаныс министрліктерінің бөлімшелерінде ҚР заңдарына сәйкес құрылған қалыптасуларда және басқа әскерлерде іске асырылады. Көлік прокуратуралары теміржол басқармасының құрылымына және көліктер жүйесіне сәйкес, сондай-ақ көліктегі (желілі бөлімшелер, бөлімдер мен басқармалар) ішкі істер құрылымы есебінен ұйымдастырылады. ҚР Бас прокурордың бұйрығымен көліктік прокурорларға Көлік және коммуникациялар министрлігінің бөлімшелерінде, «Темір жол» РМК», «Қазақстан әуе жолы» (автожол қызметтерін қопағанда), өзен флотының қызметінде және оған жататын мемлекеттік кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ ҚР Кеден комитеті оның және органдарында заңдардың орындалуына қадағалау жүктелген. Табиғатты қорғау рокуратуралары экологиялық заңдылықтардың орындалуын қадағалауды күшейту мақсатында құрылған. Облыста прокуратура құығында бір ғана –Каспий табиғатты қорғау прокуратурасы бар. Оның құрамына ауданаралық құқықтардағы әрбіреуі Каспий бассейнінің белгілі учаскелерінде экологиялық заңдардың орындалуын қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау прокуратуралары жатады. Дегенменде, бұл прокуратура таратылды. Аймақтардың қатарында тиісті облыс прокурорларына бағынышты ауданаралық құқықтардағы табиғатты қорғау прокуратуралары құрылған. Әскери бөлімдер прокуратуралары жабық әкімшілік-аумақтық білім және аса режимді обьектілерінде іс-қимыл жасайды. Олар әскери прокуратура құрамына кірмейді. ҚР Бас прокурордың бұйрығымен әскери бөлімдердің прокуратуралары (атаулары бірнеше шартты). Өзін-өзі басқару органдарында, кәсіпорындарда, ұйымдарда, жабық әкімшілік-аумақтық білім мекемелерінде, аса маңызды және аса режимді обьектілерде, әскери басқару органдарында, әскери мамандандырылған қалыптасуларда, сондай-ақ тиісті министліктер мен ведомстволарды басқаруда немесе аумақтық органдарда заңдардың орындалуын қадағалауды іске асырады.Әскери бөлімдердің прокурорлары режимді обьектілер мен аумақтарда өз функцияларын іске асыратын ІІМ органдарының және ҰҚК бөлімшелерінің заңдардың орындалуларына қадағалауды іске асырады. Әскери бөлім прокуратуралары ҚҰР прокуратурасы жүйесінің төменгі буынына жатады, қалалық және аудандық прокуратуралар құқығында әрекет етеді. Сонымен қатар, әскери бөлімінің прокурорларына ҚР Бас прокурор арқылы заңдардың орындалуына қадағалауды іске асыруға байланысты тікелей тиісті министрліктер мен ведомстволарға өтініш жасау құқығы берілген. Әскери бөлімнің прокурорлары тікелей ҚР Бас прокурорына бағынады. Оларды әскери бөлім прокуратуралар қызметін бақылау және ұйымдасқан басшылықты іске асыратын Бас прокуратураның ішкі әкімшілік департаментіне басшылық жасау және режимді обьектілері жөніндегі Бас прокурордың аға көмекшісінің ұсынымы бойынша ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.

Заңсыз және негізсіз адамдарды ұстау әрекеттеріне прокурорлық шаралардың тәсілі Ұстау тек мына шектелген жағдайларда ғана қолданылуы кездейсоқ емес: ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда; көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамдарды тура көрсетсе немесе оның жеке өзін ұстау жолымен осы адамды ұстауға өз құқықтарын жүзеге асырса; ол адамды немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде; жедел – іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындалып жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде ( жасалған қылмыстар үшін 5 жыл бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар). Бұл тізім толық емес. Бұдан басқа да, жоғарыда көрсетілгеннегіздер бар болған кезде, адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады. Азаматты ұстауды іске асырушы органның тергеушісі мен анықтаушысы әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде ұстаудың негізі мен дәлелдері, жері мен тура уақыты көрсетілетін хаттама жасауға міндетті. Ұстау мерзімі 72 сағаттан аспауға тиіс. Анықтаушы немесе тергеуші 12 сағаттың ішінде прокурорға, сондай – ақ сезікті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, немесе басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезіктінің ұсталғандығы туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін сезіктінің өзіне беруге міндетті. Егер ұсталған адам шет ел мемлекетінің азаматы болып табылса, онда 12 сағаттың ішінде ол мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігіне хабардар етілуге тиіс. ҚР ҚІЖК – нің 136 – бабына сәйкес мыналар сезіктіні босатудың процессуалдық негіздері болып табылады: қылмыс жасады деген сезік расталмаса; сезіктіні қамауға алу негіздері болмаса; ұстау белгіленген тәртіпті өрескел бұзумен жүргізілсе; ұсталу кезінен бастап 72 сағат өтіп кетсе. Қылмыстық кодекстің 346 – бабына сәйкес, көрінеу заңсыз ұстау (1б.) 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды; көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау ( 2б.) – 4 жылға дейін, егер көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау ауыр зардаптарға әкеп соқса – 3 жылдан 8 жылға дейін көздейді. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жiберуге құқылы. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi. Лауазымды адамдар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша прокурордық қадағалау Қадағалаудың мiндеттерi:1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету; 2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс. Ересектермен бiрге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты iс алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуде бөлiнедi. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн - хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиiс. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi. Егер кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi адвокатпен келісім жасаспаса, тергеушi, прокурор, сот iс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуi тиiс. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуында мешеулiк белгiлерi бар кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының қатысуымен iс жүргiзу әрекетiн жүргiзу кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағандарға бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкiн. Кәмелетке толған сезiктiге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде әрбiр жағдайда кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны кiсi қарауына беру тәрiздi таңдау мүмкiндiгi талқылануы тиiс. Кәмелетке толмағанды алдын ала тексеру сатысында қамауда ұстаудың мерзiмi алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар бөлек ұсталады. Тұтқындау, қамау немесе қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да заңды өкiлдерi, ал олар болмаған жағдайда - жақын туыстары дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмағанға үкiм шығару кезiнде сот бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселенi талқылауға мiндеттi. Бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттік органға хабарлайды және оған сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi.

ҚР Бас прокуратурасы, облыс прокуратурасы, қалалық және аудандық прокуратуралар Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Қазақстан Республикасының прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада төрағасы ҚР Бас прокуроры және мүшелері: бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымына қарай), ҚР Бас прокуроры тағайындаған басқа прокурорлық қызметкерлер болып табылатын құрамда Алқалар ұйымдастырылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да көмекшілері болады. Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлардың лауазымдары көзделген. Әрбір бөлімшелерде прокурорлық қадағалау бағыттарының анықталған заңдары есебімен прокурорлық жүйенің функцияларынан шығатын міндеттерді шешеді және орындайды. Бас басқару құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді. Республиканың Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерді, кеңесшілерді, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілерді, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 12 б. 5-тармағына сәйкес Бас прокуратура: 1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамыз етеді; 2) Республикада Заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды; 3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындауын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды; 5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріпотырады; 6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді; 7) норма шығарушылық қызметіне қатысады; 8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді. Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылымдар мен аумақтық бөлінулерге сәйкес құрылған. Әрбір облыста атауы көбінесе облыс атауымен аталатын прокуратуралар бар. Бұдан басқа, облыс прокуратуралары құқығындағы Астана қаласы мен Алматы қаласы прокуратурлары мамандандырылған прокуратураларжұмыс істейді. Обылыс прокуратурасы мен оған теңестірілген прокураларды ҚР Президентінің келісіммен ҚР Бас прокуроры тағайындаған прокурор басқарады. Облыс прокурорларының ҚР Бас прокуроры тағайындаған бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары мен оған теңестірілген прокуратуралардың өз құрылымдарында мекемелердің, ұйымдардың, өз деңгейіндегі (яғни, республикалық, облыстық және т.б.) лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды және қалалардың, аудандардың және ҚР әкімшілік-аумақтық өзге де бірліктердің қызметтерін бақылауды іске асыратын басқармалары мен бөлімдері болады. Облыс прокуратурасында прокурор басқаратын алқа болады. Алқа мүшелері болып прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелер бастықтары табылады. Аумақтық прокуратуралардың төменгі звенолары қалалық және аудандық прокуратуралар болып табылады. Аймақтық прокуратуралардың қатарында құзыреті екі ауданға немесе аудан және облысқа бағынышты қала прокуратураларына тарайтын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді. Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынымдары бойынша 5 жыл мерзімге ҚР Бас прокуроры тағайындайды. Аудандар мен қалалар прокуратураларындағы жұмыстары аса көп көлемді прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Аудандық және қалалық прокуратураларды, оларға теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. ҚР Бас прокуроры оларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Олар ҚР Бас прокурорына және жоғарғы прокурорларға бағынышты және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағынышты көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, олардың барлық бағыттарын қадағалауды іске асыру және қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарауда қатысу жатады. Аудандық бөлінудегі қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметтеріне басшылық жасайды, жоғарғы тұрған прокурорға өз аппараттарымен бағынышты прокуратуралардың штаттық құрамын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныстар енгізеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]