Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метдика расс отд видов прест.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
197.12 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

Дәрістер жинағы

ПӘН: «ЖЕКЕ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ»

МАМАНДЫҚ: 050301 - ҚҰҚЫҚТАНУ

Өскемен,2009ж

2- БӨЛІМ. ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Тергеуші-- өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам:

ІІО-ң тергеушісі, ҰҚО-ң тергеушісі, Қаржы полициясы органының тергеушісі.

Сезікті- Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты ҚІЖК белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалаған, не ұстау жүзеге асырылды, не айып тағылғанға дейін жолымен кесу шарасы қолданылған адам сезікті болып табылады.

Айыпталушы- жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам.

Қорғаушы- заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушының құқықтары мен  мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.

Жәбірленуші- қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам жәбірлленуші болып табылады.

Куә- айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін.

Сарапшы- Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам- сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін.

Азаматтардың арыздары- азаматтық қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін.

Беттестіру- егер бұрын жауап алынған екі адамның көрсетпелерінде елеулі қайшылықтар болса, тергеуші осы қайшылықтардың себебін анықтау үшін оларды беттестіреді.

Куәландыру- адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайларын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін, егер бұл үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәға куәландыру жүргізілуі мүмкін.

Тану- бұрын байқалған адммен немесе обектімен ұқсастықты немесе айырманы анықтау мақсатында тергеуші тану үшін куәға, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпталушыға адамды немесе затты көрсете алады.

Тінту- тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіледі.

Алу- алу іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда және кімде екені анық болғанда, оларды алып қою мақсатымен жүргізіледі.

Тергеу  эксперименті- тергеу иэксперименті іс үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай-жапсарын, мән-жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізіледі.

 

1 Тақырып криминалистикалық әдістеменің түсінігі, мақсаты және әдістеме жүйесі

Мақсаты: Криминалистикалық әдістеменің түсінігі, криминалистикалық әдістеменің мақсаты, криминалистикалық әдістеменің бастаулары және қағидаларын анықтау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Крминалистиканың түсінігі

2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезистер):

Криминалистикалық әдістеме дегеніміз- ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстық жекеленген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Крминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яығни криминалистік техника және тактиканың ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекеленген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсыныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.

Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды.

Криминалдситік әдістеменің мақсаттары:

а) Жалпы мақсаты – құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу;

ә) Арнайы мақсаттары:

- қылмыстың ерекшелігін оныфң бөлік түрін криминалситикалық аспектіде үйрену;

- әр қылмыстарды жедел тергеу, және алдын алуды жалпылау және үйрену;

Қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау.

Криминалистік әдістеменің бастаулары:

- Құқық (заң)-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері (олардың қылмыс кұрамына белгілерін, қылмыстык істер бойынша дәлелдеу пәнін және шегін бекітетін нормалары және т.б.);

- Ғылым-криминалистиканың өзі, қылмыстық құкык, қылмыстық іс жургізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т.б. ғылымдар;

- Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі. Криминалистік әдістеме кағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін, негізгі жалпы талаптар мынадай:

- қылмыстарды тергеудің зандылығын қамтамасыз ету; әдістемелік ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты;

- жеке криминалистік әдістеме ұрылымында сатылардың болуы (тергеу сатыларына сәйкес);

тергеуді жүргізудің түрлі мән-жайлары туралы арнайы ескертулер әдістемелік нұсқаулар;

- жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдык бірлігі (анықталған түрлерге, категорияларға қатысты);

- кылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа түлғалардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

- ұқсас кылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір қылмыс түріне криминалистік әдістемелер кұру.

Криминалистік әдістеме жүйесі. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:

а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері;

ә) қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері (жеке криминалистік әдістеме).

Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері - ол осы белімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады.

Олар мынадай элементтерден тұрады:

  • криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің үғымы, мазмұны және жүйесі;

  • криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;

  • жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.

Бақылау сұрақтары:

1. Крминалистиканың түсінігі

2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

    1. Тақырып КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ

Мақсаты: Кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғау, кісі өлтірудің криминалистикалық сипаттамын анықтау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезистер):

Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру кылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.

Кісі өлтіру Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабында қарастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана келтірілген өлім болып табылады.

Кісі өлтіру туралы қылмыстык. іс қозғау негіздері мыналар:

а) Кісі өлтіру белгілері бар мәйіттің (немесе оның беліктерінің) табылуы;

ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы;

Мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылған жағдайында іс козғау туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды.

Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының кай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, оның өзінің жақындарына қайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондықтан адам жоғалуына байланысты іс козғар алдынан тексеру жүрізіледі, -оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы зорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау.

Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінін солакай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманын, маңызды бөлігін құрайды. Оларды зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды ашуға көмектеседі. Көптеген адамдар қылмыс жасағандарына дейін жүйелі түрде қоғамдық тәртіпті бұзып, күш көрсетумен айналысатындығын байқатқан.

Болжамдар жасау негіздері:

зорлықшыл өлім сипаты және оның тікелей себептері; жәбірленушінің жеке түлғасы; қылмыс жасалған орын; сезіктінің ену және кету жолы; кылмыскерлердің болжамды саны; жәрбірленушінің жеке байланыстары; қылмыскер өзімен бірге алып кеткен заттар; қылмыскерге жататын заттар; мәйіттің жатқан қалпы; мәйіттегі жараның сипаттамалары; өлтіру құрал-саймандары; жедел мәліметтер мазмұны.

Қылмыстың бұл түріне қылмыс іздерін жасыру бойынша шараларды кең тарату тиімді. Бұл екі жағдаймен ескертіледі:

а) ауыр қылмысты жасағандығы үшін жауапкершіліктен бас тарту (зорлаған, құрбандықпен өлтіру);

б) құрбандықпен байланысы бар (туысқандық, таныстық, қарым-қатынастық);

Арасында сезіктілер болатын типтік тұлғалар тобына мыналар жатады:

а) сондай кылмыстармен бұзақылықтар үшін бұрын сотталғандар — 37 пайыз.

ә) жақындары мен таныстары.

б) жүйке ауруымен ауыратындар.

в) қоғамға қарсы тәртіппен көрінген кәмелетке толмағандар топтары.

Мәйітті бөлшектеу арқылы өлтірудің біразын жәбірленушінің туыстары немесе жақын таныстары жасайды, бұлар «тұрмыстық өлтірушілср» деп аталатындар: Әйелдер адам өлтірерде колдарына балға, балта, үтік, асхана пышағы т.б. алады.

Қылмыс жасауда құралдар пайдаланудың түрлерін есептеп криминалистік әдістемеде өлтірудің мынадай тәсілдерін бөліп қарайды:

Мылтықты пайдалану.

Қара күшті пайдалану (тұншыктыру, суға батыру).

Тұрмыс заттарын пайдалану.

Улы және уландыратын заттарды пайдалану.

Өтпейтін құралдармен салынған жаралар біркелкі емес, көбінесе жыртылған болады, жара шеңберінде зақым зонасы (көгерген, езілген) көрінеді.

Тұншықтыру, суга батыруды көрсететін белгілер. Түншык,тыру: ілмекпен немесе қолмен, өзінің белгілері бойынша асы-ып өлуді еске түсіреді, бірақ оның өзіне тән белгілері бар:

ілмек-тұзақ салған жердегі жоғарғы терінің көгергені;бет терісінде, әсіресе қасында көптеген қан тамырлары қиылғандығы көрінеді;тілі салбырап тістерінің арасынан шығып тұрады;странгуляциялық тілім көлденең бағытга болады және ілмек жанынан үзілісі болмайды.

Суға батыру — егер сұйықта адамның басы ғана көрініп тұрса, онда ол суға батырылған деп есептелінеді.

Өзендер мен шағын көлдерде суға кеткен адам денесі су түбіне түседі және қатты ағыс болмаса бір орында калады. Шіри бастағанда мәйіт су бетіне қалқып шығады (жазда 2—3 күн, қыста 10-20 күн ішінде).

Мәйіттің суда қанша жатқандығын тері түсінің өзгеруіне карап шамалауға болады: 2-6 сағаттан кейін саусақ ұштарының терісі аздап ісініп, ағарады; 2—5 тәуліктен кейін алақан терісінің барлық беті ісінген, әжімденген сияқты болады, ақ түске енеді; 7—15 күннен соң қолдың сыртқы терісі түсе бастайды, 30—40 күн өткен соң тырнақтарымен бірге мәйіт дақтары білінеді. Бүл процестер су температурасына байланысты етеді. Судан мәйітті шығарғаннан кейін өлім туралы соңғы пікір сот-медициналық зерттеу нәтижесінде айтылады.

Улану әр түрлі химиялық заттар арқылы болады және әр түрлі сипаттамалармен қоса өтеді.

Кісі өлтіруді тергеудің алгашқы кезеңі. Қаралып отырған кылмысты тергеудің бастапқы сатысы екі негізгі жағдаймен айқындалады:

а) Қылмыс белгілерін көрсететін материалдық іздердің бар болуы (мәйіттің табылуы, оның бөліктері, қан іздері, өлтіру

құралдары);

ә) Адамнын жоғалып кетуі немесе қылмыстың ізі болмаса да, қылмыс болды деген хабар түскен.

Тексерудін алғашқы сатысында шешілетін анықталуға бағытталған негізгі мәселелер: а) кылмыс жасалған орын; б) зорлап өлтіру немесе өлімнің басқа да себептерден болуы; в) егер зорлықпен өлтіру болса, оны жасаудың тәсілі; г) құрбандықты, өлтірушіні, сыбайластарды анықтау; д) өлтірудің ниетін анықтау.

Оқиға болған жерді қарау — бұл тергеуші немесе сол орында анықтама ізін жүргізуші қылмыстық іс жүргізуші заң тәртібімен тағайындалған рет бойынша жағдайды және басқа да болған оқиға жайларын анықтау мақсатымен атқарылатын іс-әрекет, іс үшін маңызы бар қылмыс іздерін анықтау, оларды алу мен басқа да заттық айғақтарды анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Қараудың негізгі міндеттері:

а) қылмыс іздерін табу;

ә) басқа да заттай дәлелдерін табу;

б) болған оқиға жағдайын анықтау;

в) іс үшін маңызы бар баска да жағдайларды аныктау;

г) тергеушінің барлық іс-әрекетін және барлық табылғандарды сол күйінде, сол қалпында, сол ретпен қарау мезгілінде қалай болғанын қағазға түсіру;

д) карау кезіндегі барлық алынған заттарды тізімдеу;

е) қарау процесіндегі алынған заттар мен құжаттарды сақтауға шаралар қабылдау.

Оқиға болған жерді қарағанда жіберілетін типтік қателер мыналар:

Криминалистік мәселелерді әлсіз шешкенде: іздеу жұмыстары жапа шегеді, үстіңгі жағында жатқан нәрсе ғана жазылып-түсіндіріледі.

Қараудың жүйесіздігі.

Алғашқы сатының жиі қайталанатын типтік кемшіліктері:

Оқиға болған жерді қарауда ат үсті жүргізілуі;

Хаттамаға криминалистік акпаратты дәл түсіндіріп жазбау;

Анықтаудың фотографиялык әдістерін сапасыз пайдалану;

Микрообъектілер анықталмайды, зерттелмейді, жазылып-хатталмайды: ластар, киім мен аяқкиімдегі, қолдағы және дененің басқа бөліктеріндегі;

Теріс жағдайлар анықталып талданбайды.

Жәбірленушіден жауап алу. Жәбірленушіден өз уақытында жауап алу, істің жағдайлары туралы толық та шын көрсетпелер алуға, кінә мен олардың жақындарына жәбірленушіге әсер етпеуге жағдай жасайды.

Уақыт өте оның көрсетпелері өзгеріске түсуі мүмкін, ол бір нәрселерді ұмытады, басқа біреудің ырқына көнуі де мүмкін болатын жағдайда, т.б.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасау нәтижесінде ол қатты қозу үстінде болса, одан жауап алуға болмайды.

Аса ауыр жүйке-психикалық жағдайды түсіру үшін тергеуші тыныштық, сенімділік жағдайын, қылмысты тез ашу мен кінәліні жазалаудың тез болатындығына сендіру керек.

Егер жәбірленуші оқиға болған жерде толық және дәл керсетпелер бере алатын мүмкіндігі болса, онда жауап алуды сол арада өткізген жөн.

Тек мүдделі болғандықтан, жөбірленушінің көрсетпелеріне сын көзімен карауды қажет етеді. Оған шабуыл жасаудын сылтау, әдепсіздік, дөрекілік, біреуді соғу істерін оның жасыру мүмкіншілігі де жокка шығарылмауы керек.

Куәлер және көзімен көргендерден жауап алу. Окиға болған жерді қараумен бір мезгілде тергеуші немесе оның тапсырмасы бойынша қылмысты іздеу қызметкері куәларды анықтап, олардан жауап алады.

Ең бірінші кезекте жауап алатындар:

Қылмысты көзімен көргендер, мәйітті тапкан адамдар, қылмыс жасалып жатқанда онымен болғандар, туысқандары, таныстары, жәбірленушінің өмірін жақсы білетіндер.

Куәларды анықтау мақсатында окиға болған жерде сұрау жүргізіледі, жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарымен, ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлерімен әңгіме жүргізіледі, басқа ішкі істер органдарына сұрау салынады, автобус, трамвай, троллейбус, электропоезд, автовокзал жүргіншілеріне хабарланады, жергілікті баспасөз, радио, теледидарға хабарлама беріледі,егер қылмыс көлікпен жасалса, онда автошаруашылық, техстанция, жөндеу орындарына, жедел-іздестіру шаралары қабылданады.

Куәлар есебінде жәбірленушіге медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қарағанда, жәбірленушілер жиі жағдайда ашық болады.

Куәгерден жауап алу барысында мыналар анықталады:

Қылмыс кайда? Қашан жасалды? Бастаушы кім? Қандай құралмен денеге жаракат салынды немесе өлтірілді? Қылмыс құралы қайда болуы мүмкін?

Мәйітті кім, қашан және қандай жағдайда тауып алды? Мәйіт жанындағы нәрселер не? Қаза тапқан кім?Қашан, оны кіммен бірге соңғы рет көрді? Ол не істегісі келген еді? Қай жақка бара жатты? Өзін қалай ұстады? Не айтып еді? Жәбірленушіні үйінен кім шақырды? Қайда? Неге кетті? Өзімен бірге нәрсе, акша алды ма?

Тергеуші куәгерден жеке жауап алады, егер аз уақыт ішінде бірнеше тергеу әрекеттерін жасау керек бола, онда жеке куәгерден жауап алуды анықтау органына жүктейді.

Сезіктіден жауап алу. Мұндай жауап алуы жоспарлау мен оны өткізудің тәсілін тандап алуды тергеушінің қылмыстардын жағдайларынан шыға отыра жүзеге асырылады: дәлелдемелер жинау, жауап алынушынын. жеке басы туралы мәліметтер.

Ашық өлтірілгеннен кейін, қылмыскер көбінесе өз кінәсін жасырмайды. Мұндайда жауап алудың негізгі мақсаты жасалған жағдайлардын барлық мәнісін ашу мен өлтірудің сылтауын анықтау болып табылады.

Анық емес жағдайларда жасалған өлім туралы істер бойынша сезіктілер жауап беру кезінде күту ұстанымын жиі ұстанады, тергеуші кандай дәлелдемелермен оның өлтіру ісіне катысты екендігін дәлелдейтіндігін білуге тырысады, сонан кейін ез кінәсін мойындау жолына түседі. Өз кінәсіы000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000н мойындамаған сезікті жауап беруде жалған алиби ұсынады, қылмысты баскалар жасады деп немесе жәбірленуші езін-өзі өлтірген, не болмаса жазатайым жағдай болған деп мәлімдейді.

Мәйіті табылмаған кісі өлтірушілікті тергегенде сезіктілер жоғалған кісі тірі, әр түрлі себептермен тығылып жүр деген жорамал да ұсынады. Жауап алу барысында сезіктілерден дүрыс мәліметтер алу тергеушінің алынған акпаратты шеберлікпен қолдана білуіне байланысты: өз қолындағы дәлелдемелерді дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ жауап алуда айла тәсілдер қолданудың үлкен маңызы бар: жауап берушінің логикалық ой-пікір қорытындысын айтуға қозғау салу, оның дәлелдемелерін зерттеуге қатынасуға шақыру, тергеуде анықталған фактілердің мәнін түсіндіру.

Сезікті өзінің тұрған жерінде жиі ұсталынады. Тұрғын жайға ену үшін сезікті дауысын танитын адамдардың көмегіне сүйену керек. Бірақ қарулы қарсылықтың болатынын ескеріп, бұл адамдардың қауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру кажет. Ұсталған сәттен бастап-ақ жеке тінту ісін жүргізіп, қылмыс құралын немесе баска затгар мен құжаттарды тауып алу керек.

Куәландыру. Егер жәбірленушінің, сезіктінің, айыптаушының денесінде қылмыстық іздері бар деген мәліметтер болса, онда сот-медициналық сараптамасы немесе куәландыру өткізіледі.

Сезіктінің денесінде оған жәбірленуші қарсылық көрсеткенде салынған қарсыласу іздері болуы мүмкін ( тырнау, дененің көгеруі,т.б.)

Куәландырылушының денесінде окиға болған жердегі заттардың бөлшектері қалуы мүмкін: (бояу, техникалық майларт.б) қан ізі де болады.

Ұсталған адамның тырнағының астында қан, мата талшықтары, басқа да дүниелер болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу үшін алынады.

Куәландыруда ерекше белгі-таңбаларды анықтау мақсатында да жүргізеді: татуировкалар, біткен жаралар мен таңбалар, көп өскен түк-шаштар, денедегі ақаулар тағы басқалар.

Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу ерекшіліктері.

Жоғалып кету туралы мәліметтер бойынша қозғалған істерді тергеу ерекшіліктері.

Мұндай жағдайларда көбінесе мына жорамалдар тексеріледі:

Жоғалған адам тірі, бірақ бір себептерге байланысты өзі туралы білдіре алмайды, ауруға байланысты жоғалған адам кенеттен қайтыс болған немесе жазатайым оқиғаға ілініп қаза тапты не баска да қылмыс текті емес жағдайларда опат болды.

Алғашқы екі жорамалды тексеру мақсатында не анықтау керек:

Жоғалған адам не оның мәйіті ауруханаға, мәйітханаға басқа да медициналық мекемелерге түскен жоқ па?Сотталғандар мен тұтқындалғандар арасында жоқ па?

Жоғалған адамның тұратын орны қаралады: тұрғын үй-жай, қора-қопсылары мен оған тиісті жер орындары;

Жақында болған жөндеу іздеріне ерекше көңіл аударылады: бөлмелердін. орналасуының өзгеруі, жердің жаңа қазылған учаскелері.

Егер кісі өлтіру мен мәйітті бөлшектеу түрғын жай ішінде болса, онда қылмыскерлердің ізі, олар қанша әрекеттенсе де қалып қояды. Паркет плиткалары, не тақтайлар арасындағы саңылаулардағы нәрселерді зерттеу үшін алу кджет; кейде жеке тақтайларды көтеру керек, паркет плиткасын, онын астында қан ізі бар-жоғын анықтау үшін алу керек.

Үй іші тұтыну заттарында саусақ іздері қалмаған ба? Соны білу үшін тексеру кажет. Жоғалған жәбірленушінің жұмыс, тұрғын орнын тінту барысында мәйіт, қылмысты жасау кұралы, киімдері басқа да нәрселері, оның құжаттары, хаттары ізделінеді.

Мысалы: жоғалған азамат Амановтың әйелінің айтуына қарағанда, ол оны баска қаладағы қарындасын іздеп кеткеннен бері көрген жоқ. Қарындасы Амановтың келгендігін, үйіне сыйлықтар әкеткендігін және оны қайтадан жолға шығарып салғандығын айтты.

Амановтың үйге қайту жолында жоғалуы жайында тексеру ешқандай мәліметтер анықтай алмайды. Кейін Амановтың үйіне тінту жүргізілгенде, оньң соңғы сапарында ұлына деп сатып алған пальтосы табылды. Бұдан шығатын болжам: Аманов үйіне келгеннен кейін ғана өлтірілуі мүмкін, өлтірілушіні осыдан іздеу керек. Көрсетілген бағыттағы тексеру қанағаттанарлық нәтижелер берді. Әйелі күйеуінің кайтып келген бетінде өлтірілгендігін және оның мәйітін жасырын түрде жерлегенін мойнына алды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы

Тақырыпқа қатысты нормативтік көздер:

1. «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы №1 нормативтік қаулысы.

2. «Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы №4 нормативтік қаулысы.

3. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №875/1 бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережелері (5-10 тараулар).

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі