Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

жас маман есеп

.docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
16.13 Кб
Скачать

15.01.2016ж күні №56 мектеп-лицейінде қалалық жас мамандар отырысы болып өтті. Білім Басқармасының әдіскері жас мамандардың жетекшісі Х.Ө.Нұртаева қатысып, жас мамандардың жұмыстарына шығармашылық табыстар тіледі.

Жас мамандарға тиімді оқыту ортасын құра білуде әдістемелік көмек ретінде №56 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі А.Т.Томантаева «Жағымды оқу ортасын құра білуде мұғалім қандай болуы керек...» тақырыбында коучинг өткізді.Мақсаты: Өзін-өзі реттей білу дағдыларын қалыптастыру арқылы, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануға, жаңадан-жаңаны таба білуге үйрету.

Жоспар: 1.Ұйымдастыру, топқа бөлу

2.Топтық жұмыс: Кері байланыс дегеніміз не?

3.Топтық жұмыс: Рефлексивті мұғалім,

рефлексивті емес мұғалім

4.Топтық жұмыс : Сабақ барысы...

5. Қорытындылау.

Коучинг барысында жас мамандар сабақ барысында өздерінің қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, бүгінгі күнгі мұғалім қандай болу керек деген сұраққа жауап іздеп, оқушыны сыни ойлауға бағыттау қажеттілігін түсініп шықты.