Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

/ !!!!!!!!!!!!!

.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағамПалау жасау үшін:

1-кг сары сәбіз

2-3 бас пияз

1-кг күріш

Пісте майы шамалап

250-300 гр қой еті

Тұз

Зіре дәм беруші

Бояу

Алдымен қазанға май құйып қыздырып, етті турап саламыз. Жақсылап қуырып болған соң, үстіне пияз саламыз. Оны да жақсылап қуырып, ендң сәбізді салып қуырамыз. Біраздан кейін үстіне су құямыз. Орташа отта бұрқылдатып қайнатамыз. Күрішімізді жуып, суға салып жібітіп қоямыз. Қазанға тұзымызды салып, дәміне қараймыз. Күрішімізді салып бетіне зіре бояуымызды саламыз да суы тартылған соң, демдеуге көшеміз. Демдер кезде аздап су құямыз. От орташа болуы тиіс. 15-20 минутта асымыз дайын болады.

Міне, бұл нағыз өзбек палауының пісірілуі. Ескерту: пісте май көп болса палау майлы әрі дәмді болады. Асыңыз дәмді болсын!

Тағы да палауға қатысты рецептерді мына сілтемеден көруге болады: http://szh.kz/33647

Манты жасау

admin жариялады · 26.11.2013

Құрамы:

Салмасына:

  • 300г қой еті

  • 30г қой майы

  • 7-8 дана пияз

  • Қара бұрыш, қызыл бұрыш, тұз

Қамырына:

  • 1 жұмыртқа

  • 1 стакан ұн

  • 0,5 ст су

  • 1 шәй қасық тұз

Манты дайындау рецепт: Қой еті мен майын еттартқыштан өткізіп аламыз. Пиязымызды майдалап турап етке қосып тұз, бұрыштарды сеуіп, жақсылап араластырып қоямыз. ЕНнді қамырымызды дайындап алайық. Жұмыртқаны ыдысқа жарып, оған су , тұз ұнды салып, жақсылап қамыр илейміз. Мантаваркамыздың астынғы табағына су құйып пешке қоямыз. Енді қамырымызды жайып, формасын келтіріп кесіп, дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесуге де болады. Дайын қамырларымызға салмасын салып мантымызды бүгеміз. Манты табаларын малап мантыларымызды нығыздап саламыз да бетін майлауды ұмытпаңыз. Мантымызды отқа қоямыз. Мантымыз жартты сағаттан соң дайын болады. Дайын мантымызды алып , тарелкаға салып аскөкпен сәндеп дастарханға қоямыз.

Шелпек - қазақ дастарханының дәстүрлі, ертеден келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Қазақ үстеліне алғаш осы шелпектер қойылады, оны кез келген мейрамдар мен қаралы күндері де жасайды. Жұма күні пісірілетін "жеті шелпек" те баршамызға таныс.  Назарларыңызда оларды дайындаудың оңай әдісі.

Жиі жағдайда заманауи келіншектер шелпек пен бауырсақтарды бір қамырдан илеп жасайды. Шелпектерді әрине бұлай жасаған қате емес. Алайда шелпектеріңіз жұқа, бірқалыпты піссін десеңіз, оған басқа қамыр әзірлеген дұрыс.

"Дұрыс" шелпектің қамыры ерекше құрамдас бөліктерді талап етпейді. Дайындалуы да оңай, қамырдың көтерілуі де ұзақ күттірмейді.

Құрамы: 

  • Ұн;

  • сүт - 0,5 литр;

  • ас содасы;

  • тұз, қант;

  • сұйық май - 3 ас қасық қамырға және қуыруға бөлек.

Сүтті жылытып, сұйық май, бір түйір тұз, ас қасық қант қосыңыз. Жарты шай қасық ас содасын сірке суы немесе қайнап тұрған суға ерітіп қосыңыз.

Ұн қосып, нан илей бастаңыз. Қамырды жұмсақ қылып илеп, жылы жерге 20 минутқа бетін жауып қойыңыз.

20 минут өткен соң,  қамырды бір басып, 7 бөлікке бөліңіз (одан көп шығуы мүмкін).

Дөңгелек пішінін беріп жайыңыз.

Шелпектерді қызып тұрған майға қуырыңыз.

Көп күтпей, екінші жағына аударыңыз.

Шелпектер дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

Шабдалы қосылған пирог жасаймыз

admin жариялады · 25.11.2013

Құрамы:

  • Консервіленген шабдалы – 300 г

  • Сары май – 130 г

  • Бал – 100 г

  • Жұмыртқа – 2 дана

  • Қант – 100 г

  • Ұн – 125 г

Пирог дайындау рецепті: Сары майды төртбұрыштап бөлеміз. Майға ұн менқантты қосып жақсылап араластырамыз.Жұмыртқа мен қантты екуин араластырып қамырға құйамыз.Соңынан балды қосып, пирогқа арналған қалыпты алып, майлап қамырды құйып қамыр бетіне шабдплыны қойып шығамыз да , духовкаға салып пісіреміз.Пирог дайын болған соң бетіне қант ұнтағын сеуіп қойуға да болады.

Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Ұйғыр лағманын жасаймыз

admin жариялады · 26.11.2013

Құрамы:

  • Ет – 500 гр

  • Пияз – 3 дана

  • Картоп – 4 дана

  • Сәбіз – 2 дана

  • Редка – 1 дана

  • Қызанақ – 1 дана

  • Томат

Қамырына:

  • Су -1 кесе

  • Ұн – 1 кесе

  • Жұмыртқа – 1 дана

  • Тұз

Лағман дайындау рецепт.

Брлық қоспаларды майдалап турап алыамыз. Қазанға майды құйып етті қуырамыз артынан сәбіз, пияз, қызанақ редка картоп, барлығын шетінен салып жақсылап қуырамыз да томат қосып , су құйып отты бәсеңдетіп қоямыз. Тұз салуды ұмытпаңыз.

Енді кеспемізді дайындап аламыз. Жұмыртқаны тұз , су, ұн қосып жақсылап қамыр илейміз. Қамырды 20 минутқа бетін жауып қойып қоямыз.

Тұрған қамырымызды алып пышақпен бірнеше бөліктерге боліп, май жағып қамырды сөзамыз.

Бірнеше рет созғаннан кейін, қамырды дастарханға ұру керек. Дайын кеспамізді қайнап тұрған тұз салынған суға салып пісіріп алыңыз. Кесемізге кеспені салып үстінен дайын сорпасын құямыз. Бетінен аскөк сеуіп беруіңізге де болады. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Бізге қажет болады:

— сиыр еті — тұз — қара бұрыш — пияз — 1 қасық ұн — жарты стакан қаймақ — 2 қасық томат

Етті жұқалап ұзынынан тұраңыз. Тұз, қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пиязды жіңішкелеп тұрап, майға қуырыңыз. Етті қосып, енді бірге қуырыңыз ет жұмсарып піскенге дейін томат қосыңыз. Ұн қосып бәрін бірге қуырыңыз. Қаймақ қосып, сәл қайнатасыз. Дайын болды. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Сорпа — ежелгі тағам түрі. Біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген тайпалар ең алғаш сорпаны бегемот еті немесе кез келген басқа мақұлықтың сүйегін қайнату арқылы жасаған екен. Тек қайнатуды білетін олар үшін сорпа тез дайындалатын тағам мәзіріне кірген. Ал бізге соноу француз елі арқылы танымал. Бүгінгі мәзірге қойдың етінен жасалынған сорпа — дерке дауа! ))  Бізге керек өнімдер: 1. Қой омыртқасы; 2. 6-7 орташа картоп; 3. 3 бас пияз; 4. Сәбіз 1 дана; 5. 2 қызанақ; 6. дәміне қарай тұз; 7. аскөк;   Еттін тазалап жуып алып, кастрюлдегі суық суға салыңыз. Бетін жауып отқа қойыңыз. Кез-келген етті қайнатарда міндетті түрде суық суға салыңыз, ыстық суға салынған еттің дәмі өз бойында қалып, сорпаға шықпай қалады:   Етті қатты қайнатуға жеткізбей, астын пәсейтіңіз. Сәлден кейін бетінде пайда болған көбіктерін сүзіп алып тастаңыз: Картоп, сәбіз, пиязды аршып, тазартыңыз. Пиязды ет бетіндегі көбіктерін сүзіп алғаннанк кейін-ақ турамастан, бүтіндей саласыз. Ал қалған көкөністерді ет пісуге айналғанда саласыз (35 мин):  Көкөністер піскенше бетін жауып жәй бүлкілмен қайнатамыз:  Бүтін салған пияздарды алып тастаймыз:  Енді қызанақтарды майдалап турап саласыз да, 5-10 минут шамасында бұқтырып қоясыз. Дәміне қарай тұздаймыз:  Аскөктермен сәндеп, дастарханға ыстықтай ұсыныңыз:  Асыңыз дәмді болсын! 

Тауық сорпаны білмейтін, татып көрмеген адам кем де кем шығар. Сәл суық тиіп, шамалдап қалсаңыз аналарыңыз, әжелеріңіз «айналайындап» ұсынатын кәнігі тауық сорпа бұл.))  Мәзірге керек өнімдер: Тауық (әлде қораз?) еті, пияз — 2 дана, сәбіз — 3 дана, картоп — 5 дана, тұз, аскөк. Дайындау жолы: Тауық етін кастрюлге салып, үстінен суық су құйыңыз, отқа қойыңыз. Міндетті түрде суық су құйған дұрыс, жылы немесе ыстық су құйсаңыз еттің дәмі өзінде қалып қояды да сорпаға шықпайды. Қатты қайнауға жеткізбей, бетіндегі көбігін сүзіп ала отырып, жәй бүлкілге салып, тұз қосып 20-25 минут шамасында қайнатыңыз:  Осы аралықта картоп пен сәбізді аршып, тазартып, тураңыз: Пиязды аршып, бүтіндей сорпаға салу керек, дәмі шығуы үшін: 5-10 минуттан кейін сәбіз бен картопты саламыз: 10-15 минуттан кейін тауық етін сүзіп аламыз: Және оны тураймыз: Пиязды сүзіп алып тастау керек: Етті қайта салып 5 минуттай қайнатамыз: Тауық сорпамыз дайын: Аскөк салып, пиязды майда етіп турап, ыстықтай ішіп алсаңыз дертіңізге дауа:  Ас болсын! 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]