Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАНДОС.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
24.45 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҰРЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Орындаған: Даирбеков Ж.М.

Тексерген: Қылмыстық құқық және

Қылмыстық іс жүргізу кафедрасының

аға оқытушысы Садыканова Ж.Е.

Өскемен, 2013 жыл

ЖОСПАР

1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері

3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері

4. Кейінгі тергеу әрекеттері

1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

Ұрлықтар, немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау (алу), ең кең тараған қылмыстарға жатады. Ұрлықтың жиі жасалатын түрлері азаматтардың пәтерлерден, саяжайлардан гараждарынан ұрлық жасау, жеке заттарды вокзалдар мен поездардан ұрлау, базарларда, дүкендерде, кала көліктерінде, сонымен ақша, аудио- бейнетехника, алтын заттар, киім, автокөлік, мотоцикл, велосипед, сирегірек — ыдыс-аяқ, тағам заттары (сая-жайларды тонағанда) қылмыстық әрекеттің тікелей заты болып табылады.

Соңғы уақытта астық ұрлау кең етек жайып келеді, сонымен қатар дүкендерден, қоймалардан және материалдық құндылықтарды сақтап, өткізетін басқа да орындардан да ұрлық жасалады.

Ұрлық жасау тәсілдері әр түрлі. Оларды мынадай тәртіпте жүйеленеді:

1. Түрғын жайлардан ұрлық жасау. Олар бұзу, аркылы есікті, терезені т.б.) және бұзусыз (сәйкес құлыпқа сөйкес кілт табу арқылы) жасалады.

2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау сөмкелерінен зат ұрлау, олардын, ішінде сөмкені, қалтаны кесіп ұрлау; мас адамдарды тонау; чемодандарды, сөмкелерді, басқа да заттарды ұрлау жатады.

3. Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау. Олардың ішінде тұрғын-жайға кіріп, яғни жәбірленуші мүлік тұрғын жайға немесе пәтеріне ұрлықшыны кіргізгенде және жайға кірмей (мәселен, жолаушы өзінің мүлігін күзетуді өзіне таныс емес тұлғаға тапсырғанда) жасалған ұрлықты атауға болады.

4. Көлік ұрлығы.

6. Авткөліктен ұрлау.

Бүл жерде жиі кездесетін ұрлык тәсілдері келтірілген. Қылмыскерлер әдеттен тыс тәсілдерді де жиі қолданады.

Пәтерді иелері үйде болмағанда, яғни күндіз тонайды, ал тұрғын жайға кірмей ұрлык жасау таңертеңгі, кешкі уақытта және күндіз де жасалады. Қалта тонаушылар өз істерін адамдар көп жиналатын жерлерде (қала көлігінде, дүкендер) жасайды.

Ұрлық жасау барысында қалдырған қылмыскерлердің іздері әр түрлі болады және олар ұрлықтың түрі мен оларды жасау тәсілдеріне байланысты болады. Мәселен, жайлар мен автокөліктерден ұрлык жасағанда көбінесе ұрлықтың материалда іздері қалады (бұзу, құралдарының, қолдың, аяқкиімнің іздері). Сенімге кіру арқылы жасалған ұрлықтарда, керісінше, иделды іздер қалады (жәбірленушілер, кейде куәгерлер де қылмыскердің түр-әлпетінің толық сипаттамасын беріп, әдетте оны таниды). Ал жайға кірмей жеке мүлікті ұрлаған кезде (қалта тонау) із калмайды.

Оларды кейде жедел-іздестіру тәсілдері арқылы ғана ашады. Ұрлықтың кебін кәмелетке толмағандар және арақ ішетін, есірткі пайдаланатын адамдар қаражат табу үшін жасайды.

Сенімге кіріп ұрлық жасайтьш кылмыскерлер, әсіресе қалта тонаушылар, әдетте мұқият әзірленген тәсілдерді колданады, сондықтан осы тәсілдер жазасыз қалып ондаған қылмыстарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін қылмыскерлер ұрлықты сол тәсілдермен қайтадан жасайды.

Ұрлықшылардың жартысынан көбінің білімі ортадан төмен болып келеді. Көбі ұрлық үшін ғана емес, басқа да қылмыстар үшін сотталған болады.

Ұрлық, қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; ұрлық жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлық заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат кімдікі; ұрлық жасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); ұрлықты қылмыстық топ жасады ма, егер солай болса — топтың әр мүшесінің кінәлік деңгейі, ұрланған затты өткізу орны уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мөн-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген себептер мен жағдайлар.

2.Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері

Ұрлық туралы қылмыстық істі қозғау сылтаулары: жәбірленушілердің арыздары; мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың лауазымды түлғаларынын, сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерініңосы құрылымдарға тиесілі мүліктің ұрланғаны туралытың белгісі бар фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы. Әдетте ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен мәлімдеушіден қысқаша жауап алу керек. Лезде сезіктілерді іздестіруді ұйымдастыру үшін жауап алуды неғүрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің мәлімдемесінде қайшылықтар болса немесе басқа себептермен күмән тудырса, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орны қарайды.

Ұрлық қылмысын тергеудің бастапқы кезеңіне үш әдетті тергеу жағдайлары тән:

1) қылмыс жасағанда сезікті тұлға ұсталды;

2) қылмыс жасағанға сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ ол туралы белгілі мәліметтер бар;

3) қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметте құкық қорғау органдарында жоқ.

Аталған жағдайлардың тергеушінің немесе анықтау жүргізетін адамның іс-әрекетінің арнайы бағдарламаса бар.

Бірінші тергеу жағдаятының мақсаты ұсталған адамның жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы жалпы дәлелдемелерді жинау (окиғаның нақты мән-жайларын аныктау, ұрланған заттың жатқан орнын табу, т.б.). Бұл жағдайда тергеуші әрекеттерінің келесі бағдарламасы тиімді болады: ұстау, жеке тінту, қажетті жағдайда — сезіктіні куәландыру; оқиға орнын қарау; жәбірленушілерден (немесе материалды жауапты тұлғалардан) және куәгерлерден жауап алу; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғын орнын тінту.

Екінші тергеу жағдаятында тергеудің негізгі бағыты — қылмыстың материалдық шығынын зерттеу, сезікті түлғалар туралы, ұрланған мүлік пен құндылықтар туралы, қылмыстың басқа мән-жайлары туралы дәлелдемелерді жинап, бекіту. Бұл жағдайды бастапқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі тиімдірек болады: жәбірленушілерден немесе материалды жауаптылығы бар тұлғалардан жауап алу; оқиға орнын қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау. Сонымен бірге тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Үшінші тергеу жағдаятына тергеушінің іс-әрекеттері зерттеу-іздестіру бағытында жүргізіледі және ең басты міндет жасалған қылмыс туралы деректерді іс жүргізуден тыс тәсілдер арқылы алу болады. Бұл жағдаятқа"жоғарыда айтылған тергеу әрекеттерінен басқа, қылмыс жасаған тұлға мен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары тән болады. Ол үшін қылмыс жасау тәсілі бойынша, окиға орнында табылған іздер және ұрланған мүліктің белгілері бойынша криминалистік есеп пен басқа шараларды қолданып тексеру жүргізіледі.

Тергеу барысында қалыптасатын жағдаяттарға байланысты жоғарыда аталған бастапқы тергеу әрекеттерінің бағдарламалары өзгеріп отырады және ол өзгерістер тергеушінің міндеттеріне, сонымен қатар нақты жағдайда алынған акпаратқа байланысты болады.