Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

хак

.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
46.33 Кб
Скачать

Анық емес жағдайларда жасалған өлім туралы істер бойынша сезіктілер жауап беру кезінде күту ұстанымын жиі ұстанады, тергеуші кандай дәлелдемелермен оның өлтіру ісіне катысты екендігін дәлелдейтіндігін білуге тырысады, сонан кейін ез кінәсін мойындау жолына түседі. Өз кінәсіын мойындамаған сезікті жауап беруде жалған алиби ұсынады, қылмысты баскалар жасады деп немесе жәбірленуші езін-өзі өлтірген, не болмаса жазатайым жағдай болған деп мәлімдейді.

Мәйіті табылмаған кісі өлтірушілікті тергегенде сезіктілер жоғалған кісі тірі, әр түрлі себептермен тығылып жүр деген жорамал да ұсынады. Жауап алу барысында сезіктілерден дүрыс мәліметтер алу тергеушінің алынған акпаратты шеберлікпен қолдана білуіне байланысты: өз қолындағы дәлелдемелерді дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ жауап алуда айла тәсілдер қолданудың үлкен маңызы бар: жауап берушінің логикалық ой-пікір қорытындысын айтуға қозғау салу, оның дәлелдемелерін зерттеуге қатынасуға шақыру, тергеуде анықталған фактілердің мәнін түсіндіру.

Сезікті өзінің тұрған жерінде жиі ұсталынады. Тұрғын жайға ену үшін сезікті дауысын танитын адамдардың көмегіне сүйену керек. Бірақ қарулы қарсылықтың болатынын ескеріп, бұл адамдардың қауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру кажет. Ұсталған сәттен бастап-ақ жеке тінту ісін жүргізіп, қылмыс құралын немесе баска затгар мен құжаттарды тауып алу керек.

Куәландыру. Егер жәбірленушінің, сезіктінің, айыптаушының денесінде қылмыстық іздері бар деген мәліметтер болса, онда сот-медициналық сараптамасы немесе куәландыру өткізіледі.

Сезіктінің денесінде оған жәбірленуші қарсылық көрсеткенде салынған қарсыласу іздері болуы мүмкін ( тырнау, дененің көгеруі,т.б.)

Куәландырылушының денесінде окиға болған жердегі заттардың бөлшектері қалуы мүмкін: (бояу, техникалық майларт.б) қан ізі де болады.

Ұсталған адамның тырнағының астында қан, мата талшықтары, басқа да дүниелер болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу үшін алынады.

Куәландыруда ерекше белгі-таңбаларды анықтау мақсатында да жүргізеді: татуировкалар, біткен жаралар мен таңбалар, көп өскен түк-шаштар, денедегі ақаулар тағы басқалар.

Хаттамада мыналар көрсетіледі: кім куәландырылды, сезіктінің. денесінде кандай жарақаттары (тырналған, қанталаған) олардың саны, түрі (ашық жара) тыртық, тырнақ ізі, дененің қай бөлігінде, мөлшері, жағдайы, нысаны, түсі, зақымдалған түстағы тері қабатының жайы.

Қан ізі болған жағдайда оның формасы мен орналасуы көрсетіледі.

Тінту. Окиға болған жерді қарағаннан кейін бірден тінту жүргізуге болады егер іс үшін маңызы бар заттары, іске мүдделі адамдар тығып қойды деген негіз туса және қылмыскер пәтерде, үйде, қора-қопсыларда тығылып жатыр деген жағдай туса.

Іс үшін маңызы бар заттар туралы мәліметтер оқиға болған жерді, мәйітті қарағанда, куәлардан жауап алғанда, басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізгенде алынады.

Тінту қылмыс жасау құралдарын іздегенде киім мен аяқкиімді (оны сезікті қылмыс жасағанда киген) заттардың, оның бөліктерін, сол арадан тапқанда жүргізеді.

Тінту жүргізе отырып, тергеуші қылмыс кұралы болып табылатын заттарды да көңіл қоя карауы керек. Заттарды алғанда хаттамада олардың қайдан табылғандығын, сыртқы пішінін, түрін, мөлшерін ерекше белгілерін, жағдайын, іздін бар-жоғын көрсетуі кажет.

Мәйітті не оның беліктерін іздегенде. Оларды жасыру мен көмудің барлық мүмкін болатын орындарын ұқыпты тексеру керек: мұражайды, құдық ішін, үй шатырын, қазылған шұңқырларды.

Мамандар мәйіт іздейтін және басқа да іздеуші құрал-жабдықтарымен көмектеседі.

Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу ерекшіліктері.

Жоғалып кету туралы мәліметтер бойынша қозғалған істерді тергеу ерекшіліктері.

Мұндай жағдайларда көбінесе мына жорамалдар тексеріледі:

Жоғалған адам тірі, бірақ бір себептерге байланысты өзі туралы білдіре алмайды, ауруға байланысты жоғалған адам кенеттен қайтыс болған немесе жазатайым оқиғаға ілініп қаза тапты не баска да қылмыс текті емес жағдайларда опат болды.

Алғашқы екі жорамалды тексеру мақсатында не анықтау керек:

Жоғалған адам не оның мәйіті ауруханаға, мәйітханаға басқа да медициналық мекемелерге түскен жоқ па?

Сотталғандар мен тұтқындалғандар арасында жоқ па?

Ізденуші адамның мәйіті, танылмаған мәйіттер ішінде емес пе?

Жоғалған адам туралы төлқұжат пен әскери есеп мәліметтерінде жоқ па?

Іздеуші адам өзінің бұрынғы мекенінде, туған жерінде, туыстарының тұрған жерінде тұрмай ма?

Жоғалған адам тергеу және сот орындарынан қашып жүрген жоқ па?

Немесе тұратын орнын тұрмыс жағдайына байланысты өзкерткен (отбасынан кетіп қалу, қарыздарын өтеуден қашу, тағы басқалар) жоқ па?

Егер кісі өлтірушілікке негіз бар деп ұйғарылса, онда ең бірінші кезекте мәлімдеушіден жауап алынады: содан жоғалушыньң туысқандарынан, дос-жарандарынан, қызметтес адамдардан жауап алынады.

Жоғалғанға дейінгі жағдайларды анықтау процесінде мына мәселелер анықталады: бұл кісіні соңғы рет қашан керді? Алдағы жоспарлары қандай еді? Оның тәртібімен көңіл-күйінде ерекшеліктері байқалмады ма? Ол соңғы кезде біреулермен жанжалдасқан жоқ па? Егер олай болса оған себеп не? Оның туыстарының, көршілерінің, қызметтестерінің және таныстарының ішінде оның өлімін тілеушілер бар ма? Жоғалушы қалай киінген еді, оның өзінде қандай заттар, киімдер, құнды заттар бар еді.

Жоғалған адамның тұратын орны қаралады: тұрғын үй-жай, қора-қопсылары мен оған тиісті жер орындары;

Жақында болған жөндеу іздеріне ерекше көңіл аударылады: бөлмелердін. орналасуының өзгеруі, жердің жаңа қазылған учаскелері.

Егер кісі өлтіру мен мәйітті бөлшектеу түрғын жай ішінде болса, онда қылмыскерлердің ізі, олар қанша әрекеттенсе де қалып қояды. Паркет плиткалары, не тақтайлар арасындағы саңылаулардағы нәрселерді зерттеу үшін алу кджет; кейде жеке тақтайларды көтеру керек, паркет плиткасын, онын астында қан ізі бар-жоғын анықтау үшін алу керек.

Үй іші тұтыну заттарында саусақ іздері қалмаған ба? Соны білу үшін тексеру кажет. Жоғалған жәбірленушінің жұмыс, тұрғын орнын тінту барысында мәйіт, қылмысты жасау кұралы, киімдері басқа да нәрселері, оның құжаттары, хаттары ізделінеді.

Мысалы: жоғалған азамат Амановтың әйелінің айтуына қарағанда, ол оны баска қаладағы қарындасын іздеп кеткеннен бері көрген жоқ. Қарындасы Амановтың келгендігін, үйіне сыйлықтар әкеткендігін және оны қайтадан жолға шығарып салғандығын айтты.

Амановтың үйге қайту жолында жоғалуы жайында тексеру ешқандай мәліметтер анықтай алмайды. Кейін Амановтың үйіне тінту жүргізілгенде, оньң соңғы сапарында ұлына деп сатып алған пальтосы табылды. Бұдан шығатын болжам: Аманов үйіне келгеннен кейін ғана өлтірілуі мүмкін, өлтірілушіні осыдан іздеу керек. Көрсетілген бағыттағы тексеру қанағаттанарлық нәтижелер берді. Әйелі күйеуінің кайтып келген бетінде өлтірілгендігін және оның мәйітін жасырын түрде жерлегенін мойнына алды.

Мәйіттің бөлшектенуіне байланысты кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Кісі өтірушілікті тергеуде өлтірілген кім екендігі туралы мәселе көп қиыншылықтар туғызбайды. Өлтірілген адамның ата-тегі, қызметі, түрған орны туралы тергеушіге қылмысты көзбен көргендер, не мәйітті алғаш көрген таныстары айтып береді.

Кейде мәйітте жеке құжаттар, тегі мен мекенжайы бар хаттар, поштаға хат-хабарлар салғаны туралы квитанциялар болады.

Бірақ қандай талассыз жағдайда болса да қате танудын, мүмкіндігі бар екендігін ешқашан естен шығармау керек.

Бұл туралы Вершинскийдің өлімі туралы істі айтуға болады. Өлген адамнан табылған құжаттарға да сене беруге болмайды.

Жәбірленушіде баска адамның қағаздары болуы да мүмкін, не қылмыскердің тергеушіні адастыру үшін әдейі қалдырған кұжаттары да болады.

Жәбірленушінің жеке басын анықтаудағы қате тергеуді жалған жолға салуы мүмкін. Өлтірілген адамның жеке тұлғасы бұл мәселе бойынша бірнеше іздеу көздерінен түскен мәліметтерді тексерістен өткізгеннен кейін ғана толық анықталады деп есептеледі (бірнеше адамның оны жеке тануы, құжаттар арқылы тану).

Мәйіттің бөлшектері табылған жағдайда тергеу алдындағы бірінші міндет келтірілген адамның жеке тұлғасын анықтау, кісі өлтіру болған орынды іздеп, мәйіттің бөлшектелген жерін табу.

Мәйіттің жетпейтін бөлігін іздеу ісі кең аумақта мәйіттің бөліктері немесе бөлігі табылған жерлерден ізделінеді. Мүнымен қатар қолында қол сөмкесі, корзинкасы бар, яғни мәйіт бөлігін ораған орамаға ұқсас заттар ұсталған кісіні жергілікті тұрғындардан кездестіргендері бар ма, сол сұрак анықталады.

Сот-медициналық сараптамасы алдына мына мәселелерді қоюға болады: зерттеуге мәйітгің қандай бөлігі әкелінген, ол адамдікі ме, жануардікі ме; адам денесінің бөлігі бір мәйітікке ме, болмаса бірнешеуінікі ме; мәйіттің денесін бүзуға қандай құралдар пайдаланылған; өлген адам хирургиялық операциядан әткен бе; ол қашан болған; мәйіттің ерекше таңбасы жок па; бөлшектеген кісінің анатомия саласына білімі жоқ па; мәйіт бөлігінде қандай жарақаттар бар; олардын қайсысы тірі уақытында, кайсысы елгеннен кейін салынған; қандай құралмен өлтірілген; бөлшектеу осы кұралмен жасалған емес пе (егер кұрал болса).

Қылмыскер қалдырылған іздерді, көлік құралдарының іздерін анықтау үшін, мәйіт бөлігі табылған жерді ұкыпты қарау керек.

Өлтірілген адамның жеке басына немесе өлім болған жерге мәліметтер алғаннан кейін тергеуші қылмысқа, мәйітке катысты заттай дәлелдемелердің немесе қылмыс іздері сақталып қалуы мүмкін болған жерлердің бәріне тінту жүргізеді. Кісі өлтірушілік және мәйітті бөлшектеу болуы мүмкін деген тұрғын жайларды тінткенде басты көңілді қаннын ізіне аудару қажет.

Киімдерді, шүберектерді, арқандарды және мәйіт бөлшектерін құнтақтау үшін пайдаланылады деп таныткан басқа да зат-тарды қолға түсірудің маңызы да аз болмайды.

Өзін-өзі өлтіру, жазатайым жагдай немесе табиги әлім сияқтандырып жасырылган кісі әлімін тергеудің ерекшіліктері. Кейде қылмыскерлер өздері жасаған кісі өліміне жазатайым жағдай, өзін-өзі өлтірген деген түр беруге тырысады. Кісі өліміне жазатайым жағдай кейпін беру үшін қылмыскерлер өлтірілген кісінің мәйітін темір жол рельсіне, поезд алдына апарып тастайды, мәйіт жатқан үйді өртейді.

Өзін-өзі асу, өзін-өзі өлтірудің кең тараған түрі. Сондықтан да қылмыскерлер осы тәсілді жалған түрде қолданады. Мұндай жалғаншылықты сот-медициналык сарапшының көмегімен странгуляциялык тілімді зерттеу тәсілмен, оқиға болған жердің, мәйітті, іздерді қарау, заттық дәлелдемелерді зерттеумен анықтауға болады.

Мәйіт ілулі түрған жерді қарап, жағдайды зерттеп мына сұраққа жауап іздеу керек: жәбірленуші ілмекті езі байлаған ба, оған басын өзі сұққан ба, әлде баска адамдардың әрекет іздері қалған ба?

Мәйіт жанында бөтен заттардың болуы, болмауын да анықтаған жөн, оларды өзін-езі өлтіруші аяғының астына қоюы мүмкін.

Өлгеннен кейін странгуляциялық тілімнің бар екендігін анықтау, қылмыскердің кісі өлтіруді жасағаннан кейін оны өзін-өзі өлтірген етіп, іліп қойғанын дәлелдейді.

Қолмен тұншықтырғанда мәйіт мойнында саусақ, тырнақ іздері қалады. Арқан бекіткен жерде де қол саусақтарының ізі болуы мүмкін. Ондагы саусақтардың іздерін мәйіт саусақтарының іздерімен салыстыру керек.

Өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін аныктау үшін тергеуші сот-медицина сарапшысының алдына мына сұрақтарды қояды: жәбірленуші денесіндегі жарақаттарды тірі кезінде өзі салмады ма екен; бұдан кейін ол арнайы әрекеттер жасады ма; осы жарақатпен ол қанша уақыт өмір кешуге тиіс еді.

Жәбірленушінің өзін-өзі физикалық жағынан соққы бере алмайтын дене жарақатының болуы, жасырылған кісі өлімі болған деген жорамалға келуге болады.

Мәйітті сот-медициналық зерттеу тірі және өлгеннен кейінгі жарақаттардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Егер өлер алдында қалдырған жазу болса, оның жәбірленушінің жазғандығы және қашан жазылғандығын анықтау қажет. Тергеуші жазуды криминалистік сараптамаға жіберіп, оның не жалған еместігін анықтатады. Жақындары мен таныстарынан жауап алу, хаттарды зерттеу, күнделіктерді оқу арқылы өлген адамның өзін-өзі өлтіруге себебі болып па еді, соны анықтайды.

Күшпен емес өлтіруді жалған көрсету кісі өлтіруді жасырудың тәсілі ретінде кәрі кісілер мен сырқат адамдарды өлтіруде жиі қолданылады.

Улап өлтіру мүмкіншілігі бар болғандықтан қараған кездегі ұнтақтарды, таблеткаларды, ампулаларды алу қажет. Жәбірленуші пайдаланған және мәйттің тікелей жанында тұрған барлық ыдыс-аяқтарды және асхана құралдарын карау және алу керек. Дәрігер анықтамалары мен ішірткілер, медициналық әдістемелерден алынады.

Жуынатын бөлмеде, дәретханада құсык, зәр қалдықтары, қан, түкірік тағы басқалар табылуы мүмкін.

Мәйітттің ішкі ағзаларын химиялық зерттеулермен сот-медициналық сараптама еткізу, емдеуші дәрігерден жауап алуда алынған, ауру тарихындағы, баска да мәліметтер жасырылған өлімді анықтауға, өлімнің шын себебін айқындауға көмектеседі.

Балаларды өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Балаларды өлтіру туралы қылмысты істердің жиі козғалуы:

зорлап өлтіру белгісі бар сәбидің мәйітін табуға байланысты;

жеке азаматтар, патронаждық бикелер, АХАЖ органдарының босанған әйелдің не босанатын әйелдің баласы жоқ, не ол болып, жоғалып кетті деп берілген анықтама-арыздары негізінде;

медицина мекемелерінен үй жағдайындағы туып-өлген баланың мәйітін сот-медицина зерттегенде зорлап өлтіру белгілері байқалғандығын, оның кісі өлтіруге негіз екендігі жөніндегі мәліметтердің түсуі, медицина мекемелерінен көмек сұраған әйелде жақында бала туу белгісі болғандығы, бірақ оны ол мойындамауы.

Бала өлтіру туралы әрбір іс бойынша, зорлықпен өлтіру белгісі бар мәйіт табылуына байланысты, тергеуші мынаны анықтауы тиіс: баланың жасы және оның өлімі туғаннан кейін болмады ма екен; Сәбидің әмір сүру кабілеті болды ма? Қанша тұрды? Өлімнің себептері кандай? Егер бала өлтірілсе, қандай тәсілмен?

Сот-медициналык сарапшының қатысуымен қарау болғанда: мәйіт жағдайы, жарақаттары мен қанжындар, баланың белгілері, бойы, салмағы, терісінің сыртқы түрі және онын, қасиеттері, белгілері, қылмыстық тәсілі мен құралдарын куәландырушылар зерттеледі.

Заттар қаралады және ресми хатталады (кәрпелер, каптар, сөмкелер, мәйітті ораған ак жаймалар, т.б.)

Киімдерде сәбилер үйінің биркасы (таңбасы) болуы мүмкін.

Өлім қашан болды, туғаннан кейін бала қанша уақыт өмір сүрді? Осы сұраққа жауап алғанан кейін тергеуші баланың туу мерзімін, екіқабат әйелдің шама-жасын анықтап, солардың арасынан өлген сәбидің анасын табуға мүмкіндік алады.

Аудандық денсаулық бөлімі, патронаждық бикелер және әйелдер консультациясынан олардың бөлімшелерінде, мекемелерінде екіқабат әйелдер, бала туғандары бар ма, жоқ па, соны анықтау керек.

Көше комитеттері, қоғамдық орындар арқылы осы араға қысқа уақытқа екіқабат әйелдер келген-келмегендігі анықталады.

Дәрімен атылатын қүралдарды қолданып жасалган кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Окиға болған жерді қарағанда сол жердегі каралуға тиісті объектілер мен із іздеу және басқа да заттай дәлелдемелерді, дәрімен атылатын құралдарды қолданумен байланысты, негізгі көңіл соған бөлінеді.

Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайға байланысты болжам мүмкіншіліктерін тексеру мақсатында, дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалады.

Кінәліні іздеу жөніндегі шараларды жоспарлауда тіркеу органдарынын, (оқ-гильза, техника, ойықты дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистика мәліметтері есепке алынған.

Сезіктіні ұстаған жағдайда оның денесі мен киімінде атыс өнімдерін анықтау үшін куәландыру жүргізіледі.

Қарау мен куәландыру нәтижелері бойынша сот-химиялык сараптамасы тағайындалады. Тұрғын үй мен жүмыста мылтық құралын табу үшін сезіктіні тінтеді.

Жарылатын заттарды қолданып жасалатын кісі өлтіруді тергеудің ерекшеліктері. Бұл категориядағы істер бойынша болған жерді қарау үстінде тергеуші ынта-жігері жарылыс эпицентрін, оның өнімдерін, жарылғыш құралдардың бөліктерін анықтауға бағытталады.

Қылмыскер пайдаланған жарылғыш заттардың түрін анықтау үшін жарылғыш құқығы моделін қайта жасауа сот-химиялық пиротехникалык сараптама тағайындалады.

Жарылғыш заттарды немесе олардың компоненттерін, жазбалар мен созбаларын табу мақсатында сезіктіге тінту жасалады.

Жарылғыш заттардың пайда болуы және оны сезіктінің иелегендігін анықтау үшін, тергеу элементтері мен жедел-іздестіру шаралары пайдаланып отырылуға тиісті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

Орындаған: Сабанбай Х.

Тексерген: Қылмыстық құқық және

Қылмыстық іс жүргізу кафедрасының

аға оқытушысы Садыканова Ж.Е.

Өскемен, 2013 жыл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]