Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

Прокурорлық қадағалау пәні бойынша

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Оқытушы: Ускембаев к.Н.

Өскемен, 2007

1-тарау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ

ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІҢДЕТТЕРІ.

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ

ҚАДАҒАЛАУ" ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ

1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Зандылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңцармен белгіленген тәртіп пен шекте қьшмыстық қудалауды жүзеге асырады".

Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосіеиг деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.

ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.

ҚР Конституциясының 4-белімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау кағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.

Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік қүрылымдағы прокуратураның мүндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың езгешелігі туады.

Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бүл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге үйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, қүқық бүзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің езіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген қүралдардың көмегімен анықталған қүқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмүнымен анықталады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана қүрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бүл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бүзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше қүзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, үйымдардың заң бүзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бүзушылыктарды жою бойынша шаралар

крлданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бүзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.

ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі түрған прокурорларды жоғары түрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе қүрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекеттік саты болып табылады.

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және белу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық үйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді.

Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық оргаңцарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы қүқық рөлімен анықталады.

Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет етеді.

Прокурорлар жоғары аталған субъектілердің зандарды бірыңғай орындауын бақылауға және білінген заң бүзушылықтарды жоюға тиіс.

Занда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға міндетті.

Прокурорлық қадағалаудың мәні, сондай-ақ біздің қоғамдағы қүқықтың рөлімен анықталады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан-2030, Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-аухатын жақсарту Қазақстан халқына жолдаған жолдауында "Қазақстандағы мемлекеттік қүрылыстың болашағы тікелей қазіргі кезеңде шешілетін әлеуметтік-экономикалық міндеттерге тікелей байланысты"' деп көрсетілген.

Сонымен, прокурорлық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауында іске асырылады, жергілікті органдардан тәуелсіз, Қазақстан Респутбликасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және ведомостволарға, оларға бағынышты мекемелер мен кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, қоғамдық үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қатысты әрекет етеді.

Осы әлеуметтік рөлді орындаудың қүқығы көп жағдайда заңның дәл орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың қолданылуына және оны бүзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң қадағалауды іске асыруға байланысты. Осыған орай, прокуратуратәрізді орган қүру қоғам мен мемлекетті дамытудағы қүқық пен заңдылықтың әлеуметтік рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.

Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау - бүл, тек кез келген қол сүғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ қүқықты қамтамасыз ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Қүқықты мемлекет қүрудағы ең маңызды прокурорлық қадағалау зандарды қолданудағы жоғары қадағалау болып табылады.