Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Са мдениеті

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
162.49 Кб
Скачать

Сақ мәдениеті

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырғанархеологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді.Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті.Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір,Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі.

Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.

Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік,Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты.

Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылыгының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаныңтайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.

Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмүны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсак, айбалта, жүген, айна секідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды. Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бүйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ.

Сарматтар

Сарматтар мен Сақтар 100 б.з.б., тағы да Парфиякөрсетілген.

Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.

Жалпы мәлімет

Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археол. деректері аса зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді.

Археологиялық ескерткіштері

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.

Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.

Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

Шаруашылығы

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.

Зергерлік өнер

3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

Ғұндар мемлекеті

Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) руақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.

Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы

Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи,үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар(герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп,Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.

376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгржерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.

Аттила

Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырдаЕуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.

Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.