Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Байдаулетова А.Казирги казак тили Морфология.doc
Скачиваний:
99
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Педагогика факультетінің деканы,

_________ф.ғ.к А.Ө.Байдаулетова

«____» _______________» 2012 ж

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫ

пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ҚЫЗЫЛОРДА, 2012ж.

Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

п/п

Атаулар

Беттер

1

Пәндердің типтік оқу бағдарламасы

2

Пәндердің жұмыс оқу бағдарламасы

3

Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі картасы

4

Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

5

Лекция, семинар ( практика) және зертханалық пәндердің жоспары

6

Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруын және кестесінің орындалуы

7

Лекциялық кешен ( лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар; қолданылған әдебиеттердің тізімі)

8

Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы

9

Есептік – графикалық және типтік есептерді орындау үшін әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар

10

Практикалық (семинарлық) сабақтарына әдістемелік нұсқауы

11

Зертханалық жұмыстардың орындалуы бойынша нұсқауы

12

Курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау және безендіру үшін әдістемелік нұсқаулар

13

Білім алушыларға өзіндік жұмыстарды орындау үшін материалдар: үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрінің тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқада үй тапсырмаларымен әдебиеттер

14

Оқу, кәсіптік және дипломға дейінгі практикалардың өтілуі, есеп құжаттарының түрлері жөнінен әдістемелік нұсқаулар

15

Білім алушыларды бақылау және оқу жетістіктерін бағалау туралы мағлұматтар (жазбаша бақылау тапсырмасы; тесттік тапсырмалар; өзін-өзі дайындауға арналған сұрақтар; емтихан билеттері ж.б. )

16

Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланылыстылығы)

17

Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоғарғы кәсіптік білім

Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

Еңбек көлемі - 2 кредит (90 сағат)

Алматы - 2006

А л ғ ы с ө з

1. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша ОӘС-сы баспаға ұсынған.

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

3. «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы» типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім және ғылым Министрлігінің № 289 11.05.2005 ж. бұйрығына сәйкес шықкан бағдарламаның орнына енгізілген.

4. Типтік оқу бағдарламасы 050117 - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

5. Типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультетінің Кеңесі баспаға ұсынған. 2006 ж.

Бұл типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.

ТҮСІНІК ХАТ

«Қазіргі қазақ тілі» Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы факультеттерінде «қазақ тілі мен әдебиеті», «қазақ тілі орыс мектептерінде» , «қазақ-ағылшын тілдері», «қазақ және басқа түрік тілдері» (азербайжан, түрік, араб), «аударма және менеджмент» мамандықтарын дайындайтын бөлімдердің оқу жоспарларына ендірілген ғылыми курс. Бұл курс- фонетика, лексика, грамматика деген бөлімдерден тұратын, өзара тығыз байланыста келетін тіл білімінің салалары. Бұлар адамдардың өмір бойы қолданылатын ең маңызды қатынас құралы - тілге қатысты бір ғылыми курс болғанымен, олардың әрқайсысының өзіндік обьектісі мен ерекшелігі және салалары бар ғылым. Көп жылдардан бері тіл ғылымының бұл салалары жоғары оқу орындарында арнайы жасалынған бағдарламалар мен оқулықтар негізінде жеке-жеке пән ретінде жүргізіліп келеді.

Грамматикалық мағыналар мен олардың берілу және жарыққа шығу жолдары, амал-тәсілдері, грамматикалық категориялар грамматиканың негізгі обьектісі болатын болса, бұл бағдарлама солардың ішінде жеке пән ретінде оқылатын грамматиканың бір саласы морфологияға арналған. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің бағдарламасы қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт-бағдарын ұсынады. Бағдарлама қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.

“Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” пәні төмендегідей міндеттерді қамтиды.:

  1. Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.

  2. Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ,СӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.

  3. Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Жоғары кәсіби білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған “Қазіргі қазақ тілі морфологиясы” пәні бағдарламасының мазмұнына сәйкес студенттерде мынадай білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру көзделеді.

Студенттер мына мәселелерді білуі тиіс:

- сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория);

- сөздің құрамы және морфемалардың түрлері;

- сөз формалары және олардың жасалу тэсілдері, түрлері;

- сөз таптары, олардың жіктелуі;

- зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесі, синтаксистік сипаты;

- сын есім, оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік қызметі;

- сан есім, онын лексика-семантикалық, морфологиялық, семантикалық өзгешелігі, семантика-морфологиялық топтары;

- есімдіктер және олардың мағыналық топтары;

- етістіктің лексика-семантикалык, морфологиялық сипаты, етістік формаларының жүйесі;

- үстеудің морфологиялык белгілері, түрлері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі.

- еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфологиялық, синтаксистік сипаты;

- одағайлардың түрлері, қызметі.

- модаль сөздер, олардың ерекшеліктері.

Пәннің пререквизиттері: